Технологическая карта на среднию группу на тему: Ойыншы?тар (дошкольное образование)
4 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды №5 ортаңғы тобы үшін
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілетін күні, айы, жылы: «17» 09.2016 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ойыншықтар.
Мақсаты: Ойыншықтарды қазақша жеке, көпше түрде дұрыс атауға үйрету.
Білімділік міндеті: сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алуға жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, өткен сөздерді қайталау, бекіту.
Тәрбиелік міндеті: Ойыншықтарын таза үстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Көрнекі құралдар: ойыншықтар (доп, қуыршақ, машина) суретті сөздіктер, үлестірмелі материалдар, қоржын.
Қостілділік компоненті: ойыншық – игрушка, доп – мяч, қуыршақ – кукла.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, өлең жолдарын бірге қосылып айту.
Тақтаға балабақша, топтың ойыншықтардың суретін іліп, балалардың көңілдерін аудару.
«Ғажайып қоржын» дидактикалық ойыны.
Қоржыны бар қуыршақ Айгөлек келеді.
- Айгөлек, қолындағы не?
- Қоржын.
- Онда не бар?
- Ойыншық. Ынта қоя тындайд, қайталайды.
Суреттерде таныс заттарды тауып атап, көрсетеді.
Қуыршақтын келгеніне қуанып, онымен амандасады
Қоржыннан таныс ойыншықтарды алады, атайды.
Ұйымдастырлық – ізденістік Дыбысты жаттығулар:
Ой-ой-ой-ойыншық
Қу-ыр-шақ
До-до-доп
Мә-ши-не
Сергіту сәті:
Отырамыз!
Тұрамыз!
Бір, екі, үш.
Біз жинаймыз күш!
«Айтқанды орында» дидактикалық ойыны.
Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту мақсатында үлестірмелі материалдармен жұмыс жүргізу. Аталған сөздерге сәйкес суреттерді көрсету. Балалар бірге қосылып және жеке-жеке қайталайды.
Тақпақты қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Ойыншықтар: машина, доп, қуыршақ
Рефлексиялық – түзетушілік «Топта не бар?» дидактикалықойыны.
«Қ» дыбысы кездесетін ойыншықтын аттарын сұрау. Ойыншықтарды атайды.
Өз ойыншықтары туралы айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ, сөздерін;
Қандай түсініктерді игереді: қаз тіліне тән дыбыстарды ажырата алуды;
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: ойыншықтарына ұқыпты қарау екенін.
Қазақ тілі мұғалімі: ___________Мизгильбаева А.С.
Қолы