Рахмет са?ан ?ліппе ерте?гілік 1 — сынып
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
ГЕРАСИМОВКА ОРТА МЕКТЕБІ
«Келісемін» «Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі Мектеп директоры
жөніндегі орынбасары: Маушанов Д.Б. _______________
Дюсупова А.Ж. ______________
Рахмет саған Әліппе!
1 «Ә» сынып
Сынып жетекшісі: Бақыт Г.
2015 – 2016 оқу жылы
ШҚО Өскемен қаласы
Ұлан ауданының білім бөлімі
Герасимовка орта мектебінің
«Бастауыш сынып мұғалімі»
БАҚЫТ ГУЛЖАЗ
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Тақырып: Рахмет саған Әліппе!
Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге, Отанын, туған жерін, мектебін сүюге, Қазақстан Республиксының білімді азаматы мен азаматшасы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар.
Барысы:
Мұғалім:
Өмір берер ертеңгі бағаларынӘліппемен қоштаспақ бүгін балаларың Халқыма ұрпақ берген, өмір берген Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қонақтар, аяулы да ардақты ата-аналар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отыр.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Ендеше, бүгінгі қуаныш иелері 1 «ә» сынып оқушыларын ортаға қошеметтеп қарсы алайық! (Балалар тақпақтар арқылы өздерін таныстырып өтеді.)
Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын,
Менің атым Тимур
Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегенім тым тәтті,
Аяжан деген қыздарың
Сіздерге арнап тіл қатты.
Дарасы болар даланың
Мансур деген баламын.
Арыстандай айбатты,
Бағланмын қайратты
Болашағы қазақтың,
Атым менің Айсұлу
Жақсылықты жақтайтын
Жамандықты даттайтын
Мен боламын Диана.
Бестік алмай қайтпайтын,
Менің де атым Ақбота.
Эльдар деген баламын,
Есепті мен шағамын.
Менің атым Шакарим
Өнерлімін, дарамын.
Ата-анамның әлдиі,
Наргиз деген мен боламын
Мектептің ашқан есігін,
Айдос менің есімім.
Әліппені меңгерген,
Олжас болам мен деген.
Хормен: Біз қазақ елінің болашағымыз!Мұғалім: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын.Сендер соған жауап беріңдерші.Іші толған әріпке,Білімдегі жарық не?Хормен: Болашаққа жол ашар- Ол сүйікті Әліппе!Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.Балалар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар!Армысыздар, ата-ана!Болашаққа жол бастарӘліппе келді ортаға.Әліппені меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Таудай болса талабың!
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Аленді бүгін маған өз білімдеріңді, өнерлеріңді көрсетесіңдер.
Мұғалім:
Әліппе – білім анасыӘліппе –кітап данасы,Әліппе бетін ашпаған,Адамның бар ма баласы? дей келе 1 «Ә» сынып ұлдарының орындауында Хор: «Менің атым – Әліппе!»
Мұғалім:
Бала деген шіркін-ай балдай екен!Тәттілігі жая мен жалдай екен!Арып-ашып даладан келгеніңде,Бал иісін таттырып алдайды екен!-деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салып, тақпақтарын тыңдайық.Шакарим
Көз салып қараңызшы боймызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Айдос
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.
Наргиз
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық тойладық.
ЭльдарШаттанамын мен бүгін шаттанамын,Әріп сырын түсіндім мақтанамын.Әріп сырын үйреткен әліппем де,Түстей болып міне бүгін артта қалды.Аяжан
Таныстырған 42 әріппен Қош бол менің қасиетті әліппемСенің арқаң оқып – жаза білгенім,Сауатты адам санатына кіргенім.
Айсұлу
Әліппем, менің Әліппем,Өмірді көрем танып менҚайталап айтам мың ретӨзіңе көп-көп рахмет!Бағлан
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.Мұғалім:
Мерекеге арналады бүгін билер,Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер,Алдарыңызда қазіргі «Флэшмоб» биі.
Мұғалім:
Балалар біздің білім алатын ордамыз қалай аталады?
Мектеп
Дұрыс «Мектеп – кеме, білім – теңіз». Мектеп біздің екінші үйіміз.
Муратова Аяжан мен Қасымова Диананың орындауында ән: «Мектебім»
Мұғалім:
Мың бұрала билетін,Биді жақсы көретінҚыздарымыз бар біздің.Би «Чунга - чанга» Мырзабекова Ақбота мен Қасымова Диана
Мұғалім:
Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық.
Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?
Әріпті- көреміз, оқимыз, жазамыз, дыбысты – айтамыз, естиміз.
Рахмет, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті айтайықшы
А, Ә, Б.
Ойын: ата- аналармен
Маған 3 – 4 ата – ана қажет. Мына ( А, Қ, Ж, Т) жерде жатқан әріптердің кез келгенін таңдап алыңыздар. (ата – аналарды ортаға шағып, бір әріпті таңдап алады)
Мұғалім: Мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жауаптарыңызды таңдаған әріптен бастап жауап бересіздер. Ал ендеше бастайык...1. Сіздің атыңыз кім?2. Қай қалада тұрасыз?3. Балаңыз нені сүйіп жейді?4. Жұмысқа қандай көлікпен барасыз?5. Балаңызды қалай еркелетесіз?6. Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзі қандай?
Мұғалім:
Баланың ба тірегіДананың да тірегіШаншылмасын ешқашанАта – ананың жүрегі- дей келе әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз.
Мансур
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.Білім алып, тер төгем, еңбек етем,Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін...!
Тимур
Болашағын баланың,Талабынан білесің,Жақсы оқыса сабағын,Жақсы көріп жүресің....
Олжас
Әліппені бітірдім,Әріптерді танимын.Мен атаның баласы,Мен оқушы баламын...
Хормен: Ата-анаға мың рахмет!
Мұғалім:
Әнсіз мына өмірдің несі көктемӘн десе қазағымның есі кеткенКөтеріп ел еңсесін, ел мерейінТыңдаушының құлағын тесіп өткен Балалардың орындауында хор : «Ата – ананы тыңдаймыз»
Әліппе: Ал, балалар ойын сауықтарыңды жүргізе беріңдер! Мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып, мұғалімдеріңді, ата-аналарыңды қуанышқа бөлеп жүре беріңдер! Сау болыңдар!Мұғалім: Барлығымыз әліппеге не дейміз?Хормен: «Рахмет, саған әліппе!»
Ән: «Рахмет, саған әліппе!»(Ана тілі туралы музыка ойналады, залға ана тілі келеді)
Ана тілі:Сәлематсыздар ма, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.Мен сендердің әліппеден оқып-білгендеріңді тексергім келіп тұр. Дайынсыңдар ма?
Сұрақтар.1. Біздің Отанымых қалай аталады? (Қазақстан)2. Балалар ең алғаш «Әліппені» кім жазды? (Ахмет Байтұрсынов)
3. Ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?? (Ы. Алтынсарин)
Ана тілі:
Олай болса, сол кісілердің рухына бас иіп, өсиеттерін әркез есте сақтаңдар! Білмесбек болмай, білгішбек болыңдар! (Сахнаға бір қожалақ білмесбек жүгіріп шығады)
Білмесбек
Мыналар неге жиналған? Менің Білмесбек деп атымды атаған қайсының?
Ана тілі:
Сәлеметсің бе? Білмесбек. Бүгін «Әліппемен қоштасу мерекесі». Сен туралы айтқан мен.
Білмесбек
Әліппемен қош – та – су! Қоштасыңдар! Қоштасыңдар!Қой, мен кетейін! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалды да, жұлып аомақшы болды.)
Бала
Тиспе, менің басымдағы ға! Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек
Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп? Мынау доңғалақтың суреті қой. Ал мына бала, мәссаған рогатканың суретін салып алыпты. Бұлардың бәрін мен әліппені оқымай ақ білем.
Ана тілі:
- Ол не дегенің Білмесбек! Бұлар О, Ү әріптері ғой. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане, ендеше әріптерге байланысты жұмбақтарды шешіп көрейік?
Қос мықынын тіреніп,
Тұрады ылғи шіреніп (Ф)
Үш шырпыдан бір есік
Құрастырып көр шешіп (П)
Сақинаға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп (О)
(Осылайша жұмбақтар айтылады, Білмесбек 1 – 2 рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріптерді білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды).
Ана тілі
- Міне Білмесбек, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі?
Білмесбек
- Ой, меннен басқа білмейтіндер де бар шығар - ау іштеріңде!
Ана тілі
- Жоқ, Білмесбек, барлық бала жақсы біледі.
Білмесбек
- Онда мен кітап оқығы келеді, мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен ...
Ана тілі
- Өте дұрыс. Тек алдымен үсті – басыңды жөнге сал! Әліппені таза, ретті бала ғана ұстайды.
Білмесбек
- Жарайды онда! Сау болып тұрыңдар! (Білмесбек жүгіріп шығып кетеді)
Мұғалім: Сіз төрге жайғасып бізбен бірге болыңыз. Төрлетіп біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Диана
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ана-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Ақбота
Аяулы жыр-әніміз
Аялайтын бәріміз.
Алу үшін сана- білім
Ардақтаймыз ана тілін.
Мұғалім:
Әліппенің тойында,Әркім құштар ойынға.Әріптер сыр ашады,Балалар биге басадыБи: «Мен жұлдызбын»
Мұғалім:
«Мен жұлдызбын» демекші қазіргі Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр біреуіңнің қиял-армандарың бар болар, сол армандарыңды айтып беріңдерші.Мансур: Мен әкім боламын. Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.Эльдар: Мен білім министрі боламын. Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.Шакарим: Мен дәрігер боламын. Кез келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.
Мұғалім:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,Би-билеп ал біреуі ән салыпты,«Өнерлі өрге жүзер» дегендейКелесі кезекті әнге беремізМырзабекова Ақботаның орындауында ән: «Әнші болғым келеді»
Ана тілі: О, жарайсыңдар! Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Ойлаған арман тілектерің орындала берсін, аңсаған армандарыңа жетіңдер!Мұғалім:
Ұстаздар-ұлттың тірегі,Ұстаздар-мектеп жүрегі.Ұрпаққа жетер ұстазбен.Халықтың ұлы тірегі, -деп мектеп директор: Маушанов Д.Б. пен оқу ісінің меңгерушісі: Чотиева А.М – ға сөз береміз.
Мұғалім:
Арманмен алыстарға аттанарда,Жас оралар іркіліп жанарларға.Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар.Сөз берейік әкелер мен аналарға.
Мұғалім: Ақ тілеу аямайтын баталарын,Өздеріңнен күш қуат бата алатын.Сынығындай асылдың ардақтысыңАқ, жүрек, қасиетті паналарым,«Аталы сөз, баталы сөз» дегендей ортаға атамызды шақырайық. Батасын берсін.
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларымӘліппеден нәр алған даналарымӨзі оқып жазатын халге жеттіҚұтты болсын қадамы балалардың.Балалардың білімі құтты болсынДенсаулығы әрқашан мықты болсынБілімдерін әрі қарай дамытатынЕрінбейтін еңбекқор мықты болсын.Қымбатты шәкірттерім сендердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті, қадамдарың құтты болсын – дей отырып сендерге диплом табыс етемін. (Сыйлықтарын тарату дипломмен бірге )
Құрметті қонақтар! Осымен 1 «ә» сыныптың «Рахмет саған Әліппе!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қымбатты уақыттарыңызды қиып келгендеріңізге көп-көп рахмет!