?ліппемен ?оштасу сценариі ?ош бол, С?йікті ?ліппе 1 сынып
Қош бол, сүйікті Әліппе!
Мақсаты: 1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен
іскерліктерін ата – аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту,талғамдарын дамыту.
3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, өзін – өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Анатілі» оқулығының макеттері, слайдтар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Музыка ойнап тұрады. Мерекелік безендірулер
Мұғалімнің сөзі.
Армысыздар, құрметті ертеңгілікке келіп отырған қонақтар, ардақты ұстаздар, қадірменді ата - аналар. Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.
Ал, қанекей, балалар, сөз кезегі өздеріңде
Бал тамған тілдеріңде
Айбат пен Бақдаулет
Қане, қане бастаңдаршы
Ертегіні еріте де, еліте!
Бақдаулет (1 уәзір): Ерте, ерте, ертеде үлкен Ө.Жолдасбеков атындағы
№50 орта мектеп шаһарында Әліппе хан билік жасапты.
Айбат (2 уәзір): Ханның 40 уәзірі және екі күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды
жинатып, жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап тақтан кететінін жарияламақшы.
Бақдаулет (1 уәзір): Уа халайық, келіңіздер көріңіздер, Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.
Айбат (2 уәзір): Уа жарандар, жарандар! Әліппе хан өз орнына ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен екі күтушісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңдар!
Хан: Менің ұлым Ана тілін шақырыңдар!
Сақшы: Айтқаныңыз болады хан ием.(жүгіріп ана тілін шақырады)
Ана тілі: Хан ием шақырыпсыз.
Хан: Ия, ұлым шақырттым. Бүгін міне күзде мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1- сынып оқушыларын 4 ай бойы басқарып, билігімді жүргіздім. Сол оқушылар осы күні менің барлық бұйрығымды орындап, біліммен сусындады. Қасымдағы уәзірлеріммен кеңесе келе, енді сол оқушыларды сен басқарсаң деп, тағымды саған бермекпін ұлым.
Ана тілі: Дат тақсыр!
Хан: Датың болса айт
Ана тілі: Уа, хан ием, маған сенім артқаныңызға өте ққуаныштымын. Бірақ мектеп шаһарының табалдырығын 4 - ақ ай болған елді мен басқара алам ба екен деген күмәнім бар, әліде менің басқарғаныма қиналып, үлгере алмайтын оқушылар болса мен қайтемін, соны ойлап қапы болып тұрмын хан ием!
Хан: Сол жағдайды мен де ойлап, уәзірлерімді мектеп шаһарын барып зерртеп қайтыңдар деп бұйырған болатынмын. Сендер не айтасыңдар уәзірлерім?
Бақдаулет (1 уәзір): Хан ием сіздің бұйрығыңыз бойынша мектеп шаһарына барып келгенбіз, оқушылар сіздің бұйрыңызды бұлжытпай орындап отырғанына куә болып қайттық
Айбат (2 уәзір): Хан ием сол елдегі 1 «Г» сынып еліндегі оқушылар мектеп тәртібі, ішкі ережесін бұзбай, талаптарды өз деңгейінде орындап жатқандарын байқап келдік хан ием..
Бақдаулет (1 уәзір): Cол елге барып, ұлыңыздың өзі куә болып, оқушылардың білім деңгейін көріп қайтса болар еді хан ием?
(әуенмен сахнаға оқушыларкеледі)
Бақдаулет (1 уәзір): Амансыңдар ма балалар? Бүгін Әліппе хан иеміз тақтан кетіп, ұлы Ана тілін таққа отырғызбақшы.
Айбат (2 уәзір):Иә, осы сендер оқитын 1 Г сынып елін ары қарай біліммен басқарса деген ойы бар.
Іңкар Қош келіпсіз Әліппе хан. Сізге деген алғысымыз шексіз.Біздің оқушылар сізге деген ілтипатын өлең жолдарымен білдірсе хан ием рұқсат етсеңіз?
1- оқушы: Ең алғаш алғанымда Әліппені, Т.Алижан
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
2- оқушы: Келгенде алғаш мектепке, Ләйлім
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе.
3- оқушы: Енді біз жаза білеміз, Диас
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүрегіміз,
Сүйікті біздің, Әліппе!
4- оқушы: Әліппені бітірдім, Дамира
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
6- оқушы: Әліппем менің Әліппем, Нұрислам
Қолыма сені алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпын
Бақдаулет Тамаша Хан ием
Айбат Бәрекелді балалар керемет, нағыз оқушы болыпсыңдар.
Іңкар: Қане, балалар ағылшын тілінде өлең айтып берейікші
Іңкар Хан ием сізге осы 4 айда үйренген, білген білімімізбен , өнерімізді көрсетіп, Ана тіліне ары қарай оқуға, біліммен, өнермен сусындауға дайын екенімізді көрсетсек деп едік. Рұқсат берсеңіз.
Хан: Мен сендермен төрт ай бойы бірге жүрдім. Бар білімімді, күш жігерімді сендерге арнап, сауаттарыңды аштым. Енді мен сендермен қоштаспақпын. Балалар, менің ұлым Ана тіліне төрт ай бойы менен не үйренгендеріңді көрсетіңдер!Сендермен бірге олда өз білімімен жүрексінбей ел басқарсын.
Бақдаулет Олай болса хан ием балалардың білімін тексерсек қайтеді?
Айбат Ия, 1 уәзір сан түрлі тапсырмалар беріп бір қызыққа батайық, қаншалықты дайын екендерін көрейік?
Ана тілі Олай болса білім жағынан сұрақтар қойып жан жақты тексерейік
Хан: Көріңдер тексергенннен қашпас деймін бұл балалар.
Іңкар Жақсы білім көрімдік,Болсын сізге халайық.Не үйрендік не білдік?Қане, ортаға салайық.
Бақдаулет 2 уәзір кел қазір жұмбақпен қатырайық балаларды, не біледі екен көрейік
Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде? Түсінші!
1- оқушы: «А» деген ол – аналар ғой ардақты, Нұрислам
«Ә» деген ол- әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол- балалар ғой көңілді,
Біздің елде үшеуі де кәделі
Айбат Әнде бар, күйде жоқ
Сәнде бар, биде жоқ
Қане тапшы қай әріп?
2- оқушы: Ә- Әдеп- тәртіп, білеміз. Нұрдаулет
Әдеппен сөйлеп, күлеміз.
Әрқашан жұрт алдында,
Әдеп сақтап жүреміз.
Бақдаулет Бетте бар, етте жоқ
Бағада бар, ағада жоқ
3- оқушы: Б- Бабаға қарт киелі, Дамира
Баласы бас иеді.
«Бала- бауыр еті» деп,
Баласын ол сүйеді.
АйбатШайда бар, шәйнекте жоқ
Сайда бар, Ләйлекте жоқ
4 – оқушы:Д- Досты сыйлау- салтымыз, Арай
Достық жасау- шартымыз.
Достық деген- ынтымақ,
Достасады халқымыз.
Бақдаулет Жазуда бар, сызуда жоқ
Жылуда бар, қызуда жоқ
5- оқушы: Ж- Жақсы көрем інімді, Айым
Жақын тартып күнімді.
Жарқын інім- білімді.
АйбатСақинаға ұқсайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
6- оқушы. О- Оқып, білім аламыз, Қарақат
Оттай болып жанамыз.
Іңкар : Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
Оқушылар бірге : Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен!
Ана тілі: Хан ием риза болып тұрмын. Балалар менің бауырым Математика ханымен қалай екен соны байқасам деп едім.Математика деген өте қиын ел ғой, оны түсінбей, білмей қалса, менімен аса дос бола қоймас балалар.
Хан Көрсек көрейік. Уәзірлер тапсырмалар барма математика елінен беріп көріңдер
Бағдаулет: Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?
1- оқушы: 1 дегенім- бесік, Д.Айым
Шықтың содан өсіп.
2- оқушы: 2 дегенім- елім, Алижан
Далам, тауым, көгім.
3- оқушы: 3 дегенім- үміт, Арай
Үміт артар жігіт.
4- оқушы: 4 дегенім- төзім, Нұрдаулет
Төзе білем өзім.
5- оқушы: 5 дегенім- бақыт, Сәбина
Бағалайтын уақыт.
6- оқушы: 6 дегенім- ақыл, Айым
Тыңдағаның мақұл.
7- оқушы: 7 дегенім- жалау, Қайсар
Жүректегі алау.
8- оқушы: 8 дегенім- сөзің, Анел
Серт беретін кезің.
9- оқушы: 9 дегенім- тоқтау, Жан
Елдің жоғын жоқтау.
10- оқушы: 10 дегенім- Отан, Ләйлім
Қорға соны ботам.
Айбат Іш пісті ғой хан ием, басқа не көрсетер балалар
Бағдаулет: Басқа пәннен не үйреніпті соны байқасақ қайтеді?
Іңкар Хан ием мектепке келгелі көп нәрсе үйрендік. Мысалы дене тәрбиесі сабағынан ұлттық ойындарды үйрендік. Сіздерге біліммен сайысатын «Қыз қуу» ойынын көрсетейік, қане достарым қыз қууға кім шығады?
Ойын «Қыз қуу» Даниал, Б.Айым Арай
Іңкар Әліппе ханы біздер осы 4 айдың ішінде көптеген біліммен сусындадық, мектепте оқып жүріп сан қызықты тапсырмалар мен ойындар ойнадық, тәрбие сағаттарында ұлтымыздың тарихы, салт-дәстүрі, құқықтық тәрбие мен қоса сыпайылық, адамгершілік, әдептілік қасиеттерін бойымызға сіңіртіп отыр ұстазымыз. Осы уақытта дейін алған білімізбен қоса, біз мектепішік байқауларға да қатысып жүрміз. Мектепішілік Күз ханшайымы байқауының бас жүлде иегері өнерлі сыныптарымыз Қарақаттың, Анелдің, Айымның, Ләйлімнің, Жадыраның орындауындағы «Өрік» биін тамашалаңыздар.
Іңкар Қыр гүліндей жайнаймыз,Ән сап билеп ойнаймыз,Бүгін бізде мереке,Қоштасуды тойлаймыз
Ән «Әліппе»
1- Сақшы
- Хан ием бүгін осы елге аттанарда сақшылардың басшысы бізге тапсырма беріп еді, балардың қайсарлығын, шапшаңдығын сынап қайтыңдар деп тапсырып еді.
2- Сақшы
- Бұл балалар елдің болаш ақ қорғаны емес пе, күш сынасып қөрсек қайтеді?
Іңкар Уаымдамаңыздар сақшылар. Біздің сыныптың ұлдары өте ержүрек. Даниал сыныптасымыз таэквондадан чемпион болса, Жандаулет акробатика үйірмесіне қатысады.
1- Сақшы
- Олай болса шапшаңдықтары мен зеректіктерін байқайық, басшы берген хаттағы тапсырмаларды орындатайық.
Сақшылар кезек- кезек тапсырмаларды оқиды. (Б.Айым оқиды)
Хан: Бәрекелді балалар, бір марқайып қалдым ғой. Ана тілі сен не айтасың балаларға?
Ана тілі: Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
Ана тілің-құралың,
Ана тілің-ұраның
Ана тілің болмаса,
Мықты болмас тұрағың- деп хан ием рұқсат етсеңіздер мен балаларға әкелген сыйлығымды берсем деймін.
Сақшылар сыйлықты ортаға әкеліп қояды
Іңкар Балалар, ана тілі ханзада бізге жап-жаңа оқулықтар сыйлыққа әкеліпті.
Бақдаулет Бір жасап қалдық хан ием.
Айбат Балалардың білімдері тәнті етті бізді хан ием
Әліппе хан: Ризамын балалар,
Меңгердің, болмадың босқа тер.
Ана тілі атты ұлым бар
Сендерді жетелеп әкетер.
Еңбекке бейімді болыңдар.
Кір шалмасын қабақты,
Ақ жол болсын балалар,
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің беске толсын.
Іңкар Сыныбымыздың әнші қызы Арайлымның орындауындағы «Жүгіріп шықтым белеске» әнін қабыл алыңыздар.
Іңкар Бітті әліппе сан сабақ,
Бүгінгі күн салтанат.
Өзге оқулық достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ – деп ортаға биші Жансая апайымыздың үйреткен «Мадагаскар» биін сыныптастарымыздың орындауында қабыл алыңыздар.
Іңкар
Әліппемен қош айтысып қаламызЕнді қолға басқа кітап аламыз.Ата - ана қуанышқа ортақ болСауатты боп шықты міне балаңыз
Бүгінгі күн тойбасы деп саналар,Балалардың есімі әулеттерге таралар.Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңындаАқ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар. (шашу)