Ашы? саба? ?ош бол,??тты ?ліппе !


Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп
Ашық класс сағаты
Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппе !
Кл.жетекшісі:Сержанова Ж.С.
1 «Ә» класс

2015-2016 оқу жылы
Класс сағаты 19.12.2015 ж.Сабақтың тақырыбы:Қош бол, құтты Әліппе !
Сабақтың мақсаты:Әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,
шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Дамытушылық: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған
білімдерін тиянақтау. Тәрбиелік:Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Баннер,қазақ әліпбиі, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы, жеке сөздер,шарлар.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар.
Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы Әліппе: Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі,ендеше,біз бүгінгі күні:сол белестің бірінен асып отырмыз.Сондықтан бүгінгі «Қош бол, құтты Әліппе» атты ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке.Олай болса мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Әліппені бітірді,балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым,
Өзі оқып жазатын халге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың
1-жүргізуші:
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар !
Естігмеген естіңіздер
Тыңдамаған тыңдаңыздар
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталды.
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,Би биленіп,әнде бүгін шырқалар
2-жүргізуші:
Көз салып бойымыға қараңызшы.
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға
1-жүргізуші:
Іші толған әріпке,
Білімдіге жарық не ?
Хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті-Әліппе !
2-жүргізуші:
Олай болса,бәрімізге ең қымбат
Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен:
Әліппе,Әліппе,Әліппе !
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар
Армысыңдар ата-ана !
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік.
Болсын бізге қалайық.
Не уйреніп не білдік
Қане ортаға салайық !
Хор: « Әліппе »
1-оқушы:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен .
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпті,
Оқумыз қазір ертек те
Уйреткен оны Әліппе.
3-оқушы:
Бірінші бетпен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Білімге жолын бастаған
Әліппем саған мың алғыс
Оқы деп ұран татаған
Әліппе:
Балалар сендерге жазуға, оқуға үйрендіңдер
Ал қане, көпшілікке әріптердің сырын ашыңдар
Алфавиттің «А»тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші ?
4-оқушы:
«А» деген ол –аналар ғой ардақты
«Ә» деген ол- әкелер ғой салмақты
«Б» деген ол- балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Ән: «Кел, билейік » орындайтын Саматқызы Нұрайым
Науметова Аружан
Князова Шахназ
5-оқушы:
Қане бері қарайық,
Зейін қойып таңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
6-оқушы:
Елге есті ер керек,Ер жет, өсіп ертерек
7-оқушы:
Жыр алыбы – Жамбыл ата,Ардақтайды оны бала.
8-оқушы:
Қартқа қол берЖасқа жол бер.
9-оқушы:
Мектеп берген білімнен ,Марқаясың, жас ұлан..
10-оқушы:
Озат болып оқыңдар,Ойға білім тоқыңдар.
Би: Нарипап Жанасова Назым
11-оқушы:
Сыйламаған жолдасын
Сыйлай алмас өз басын
12-оқүшы:
Өсті міне, бойларың,Өсті ақыл, ойларың
13-оқүшы:
Ғажап бояу жағады,
Ғалия сурет салады.
14-оқүшы:
Жалауша мұны біл
Еліміздің туы бұл.
15-оқүшы:
Шытырмақ текше ғой
Алты қырын екшей ғой.
16-оқүшы:
Ракета зымырап
Ғарышқа оны ұшырам.
17-оқүшы:
Ұшақ ұшатын
Бұлттарды құшатын.
18-оқүшы:
Футбол ойыны
Аяқ доп дейді оны.
19-оқүшы:
Жағасында Ертістің
Семей деген қалам бар.
Туған мұнда атақты
Абай,Мұхтар,бабалар.
20-оқүшы:
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
21-оқүшы:
Зау-зау заңғар заңғарлар
Замандар бар,заңдар бар.
З-да барлық заңдылық
Заңда з мен заң болар
Әліппе:
Дұрыс-ақ, балалар, олай болса менің қолымда «Әліппе» оқулығы.Енді осы оқулықтың бірінші бетіндегі Н.Ә.Назарбаев атамыздың бізге арналған ұранын кім мәнерлеп оқып береді.(бір оқушы оқиды.)
Әліппе:
Жарайсыңдар өте жақсы оқиды екенсіңдер.Мен сендерге ризамын.
Ән: «Аяулы әнім мектебім» орындайтындар: Еркінбек Еркегүлім
Арыстанов Әділет
Тельман Диана
Кубеев Темір
1-жүргізуші:
-Балалар сендер 4 ай ішінде көп нәрсені уйрендіңдер.
-Осының бәрін уйреткен кімдер ?
Хормен:(оқушылар)
-Мектеп
-Әліппе
-Мұғалім
-Ата-ана
Мұғалім:Рахмет шәкірттерім.
2-жүргізуші:
-Міне, білімнің кілті-Әліппемен қоштасар уақытта жақындады.
Әліппе:
Білімнің көп қой саласы
Әліппе соған жолбасшы.
Ғылымның қиын жалғасын.
Басқа кітаптан табарсын,-дегендей енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілімен танысасындар.
22-оқушы:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға ана тілін аламыз.Ата-ана қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп шықты міне балаңыз!
1-жүргізуші:
Енді, балалар, біздің Әліппеден кейінгі оқитын пәніміз Ана тілін қарсы алайық.
Олай болса «Ана тілін» ортаға шақырайық.
Хормен:АНА тілі ... (ана тілі келеді)
Ана тілі:
Армысыңдар жас достар!Туған елдің тілімінАқылы мен танымын,Түсіндірер бәріңеАна тілі пәнімін.Ана тілім-елдігім,Ана тілім болмаса,Бүтінделмес кемдігім.
Әліппе:Ал енді мен сендермен қоштасамын.Қош болындар, балалар! Сабақты жаксы оқыңдар.
Хормен:
Қош бол, құтты Әліппем !
Ана тілі:Шарықтап қиялың,Зердеңе ой құямын.Бір-бір мектеп-Ыбырай,Абай, Ахмет зиялымТабыстырам бәрімен.Өлең-жыры, әніменӨрісіңді кеңейтіп,Шежіре айтып әріденҚысқы ілім-білімніңБәрі, бәрі, бәрі –мен
2-жүргізуші:
Ана тілі оқушылардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Жақсы көрем» орындайтындар Ерболатов Бекзат
Жолдығұл Ислам
Мұнарбай Бекзат
23-оқушы:
Үйреткен әр күні -Үйретіп санауды,  Көп еңбек сіңірген  Мұғалім апай ғой! 
24-оқушы:
Әліппе даңғыл жол ашты,  Жаңадан пәндер жалғасты.  Әліппе сырын ұқтырған  Барлығы хормен: -Рахмет, ұстаз алғашқы! 
Хор: «Мұғалім ол біздің»
1-жүргізуші:
Енді балалар ағылшын тілінен алған білімімізді ортаға салайық.
(ағылшын тілінен алған білімдерін көрсетеді.)
Би: «Вальс»
2-жүргізуші:
Директорының бастауыш кластар жөніндегі орынбасары Гульзия Төлемісқызына сөз беріледі.1-жүргізуші:Ендігі сөз кезегін ұстазымыз Сержанова Жанна Советқызына беріледі.
2-жүргізуші:Осымен «Қош бол, құтты Әліппе !» атты класс сағатымыз аяқталды.