«?ош бол, ??тты ?ліппе!»
-665465-24162500 Қордай ауданы
№28 Ш.Уәлиханов
атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Кожаназарова Саипжамал Наужановна
Қош бол, құтты Әліппе!
Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппе!» Мақсаты: білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілік: шарлар, мақал-мәтелдер, суреттер.
Мұғалім: Құрметті ата аналар, ұстаздар, қонақтар бүгін сіздер
1 «Ә»сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Қош бол, құтты Әліппе!» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Ана тілінің ғажайып, ірі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы - Әліппе оқулығымен қоштасқалы отырмыз. Қош келдіңіздер дей отырып, мерекені бастайық.
Мирас: Армысыздар аналарБармысыздар балаларСөзіме құлақ салыңызБір серпіліп қалыңызӘліппеге арналмақБүгінгі жыр-әніміз.
Асан: Бірінші беттен елімнің Елтаңбасын таныдым. Көк байрақты қазақтын Ұрпағымын, сәнімін. Ақбота: Өтті оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат.Басқа оқулық достаспақ, Әліппемен қоштаспақ.
Мұғалім: - Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.Іші толған әріпкеБілімдегі жарық не?Оқушылар: Болашаққа жол ашқанОл сүйікті Әліппе.Мұғалім: -Олай болса бәрімізге қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.Хормен: Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Армысыздар, жас достар!Армысыздар, ата-ана !Болашаққа жол ашар , Әліппең келді ортаға.Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген.Келешегі қазақтың, Басталады сендерден.
Мұғалім: Енді сіз біздің төрімізден орын алыңыз.
Ән: «Әліппе»
Иманғали:Алфавитті біліңдер,
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Мадина: Әліппемен қош айтысып қаламызЕнді қолға басқа кітап аламыз.Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты болып шықты міне балаңыз!
Досымжан: Алғаш рет өзіңненБілім алды балаларОқу сырын өзіңненҰғым алды балалар.
Арайлым: Барлық әріп бағалыАйттық әділ бағаныӘріпсіз сөз болмайдыБуын онсыз толмайдыАдам барлық әріптіАрдақты қолдайды
Фархат: Қош бол құтты әліппеКөп нәрсені үйреттіңТаныстырып әріппенТақылдатып сөйлеттің.Молдир: Бар әріппен достасыпБала болдым, жол білдімӘліппемен қоштасып«Ана тілге ендім мен»
Рысғали: Енді біз жаза білеміз Әріпті қосып, әріпке. Риза боп саған жүреміз Сүйікті біздің Әліппе.
Мұқағали: Қолыңа тұңғыш қалам апА әрпін алғаш жазарсыңБіліп ал А-ны саралапБ-сына көзді саларсың.
Бекзат: Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Жадыра: Көлге айналған бұлақтыңҚайнар көзін көріп пе ең?Том-том қалың кітаптыңБасы болар «Әліппең».
Махабат: «Әліппем» менің «әліппем»Сені алып қолға менЕсігін аштым білімніңЕртеңгі сәуле жарықпен.
Би: Көңіл толқыны.
Мүғалім: -Балалар, осы Әліппеден не білдіңдер, не үйрендіңдер соны айтып беріңдерші?Оқушылар: Оқуды, жазуды, мақал-мәтелді , жұмбақ жасыруды үйрендік.Мұғалім: Олай болса, балалар сіздердің білімдеріңізді ойын арқылы тексеріп көрейін. Алда қандай мереке келе жатыр?Оқушылар: Жаңа жыл!Әліппе: Дұрыс айтасыңдар! Жаңа жыл әсем шыршасыз өтпейтіні белгілі ғой сондықтан қазір біздер шыршаны безендіру ойынын ойнаймыз.1. Оқуға, білімге шақырып өлең жазған қандай ақын аталарымызды білесіңдер?2. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
3. Қазақ тілінде қанша дауысты және дауыссыз дыбыстар бар?
4. Сөйлем неден құралады?
Мұғалім: - Ендеше , қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік.
(Оқушылар кезекпен мәтіннен үзінділер оқып береді)
Отан, мектеп сөздерін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.
Мұғалім: -Иә, сендер 4 ай ішінде әріптердің сырына да қанық болдыңдар. Әріптер қандай сыр шертеді екен? Олай болса , әріптерге кезек берейік.
Рысғали: А: А дегенің ана ғой, Ана деген дана ғой.Арайлым: Ә: Әжем әнге басады, Әтеш ұйқы ашады.Ақбота: Б: Б дегенің бала ғой, Жұмсаса апаң бара ғой.Асан: К: Кітап өмір айнасы
Көпке тиер пайдасы.
Досымжан: Г: Гу деп алғаш бөбектер, Гуілдейді ақырын.Молдир: Ғ: Ғалым ғылым ғасырды, Ғ білімге асырды.Мирас: Х. Хат жазамын ағама
Оқуда ғой қалада.
Хат келгенде ағамнан
Оқып берем анама.
Мадина: Д: Дүлдүл аттар баптаған, Дәркенді жұрт мақтағанМұқағали: Е: Елге есті ер керек , Ер жет өсіп ертерек.
Фархат: Л: Лашын биік самғайды, Лашын көкті шарлайды.Иманғали: Ж: Жасұланбыз, жастармызЖарқын істер бастармыз, Жерімізді түлетіп, Жайнатып –ақ тастармыз .
Жадыра: З: Зауза ұшады зыңылдап, Зымыранша зырылдап.
Анель: Ө. Өрмекшінің өрнегін
Барма сенің көргенің.
Жанарыс: И: Инелік – ау, инелік,
Қаша берме именіп.
Какимбек: Й: Ай қалықтап барады,
Көкте жүзген ол кеме
Ай қызығып қарады
Бидай өскен өлкеме.
Махабат: Қ: Қартқа қол бер, Жасқа жол бер.Мөлдір: М: Мақтанышым ұдайы, Маңғыстаудың мұнайы.Ен байлықтың қақпасы, Мақтаралдың мақтасы.
Бекзат: О: Орындықта отырып,
Оқулықты оқыдық.
Би: « Шығыс биі»
Мұғалім: Балалар, сендер Әліппемен қатар қандай пәндерді оқып үйрендіңдер?
Математика, Дүниетану, Музыка, т.б.
Ендеше келесі кезекте есептеу дағдымызды ортаға салайық.
(Карточкалардан өрнектердің мәндерін есептеп шығару).
10 санының құрамын табу, теңдіктер құр, тура, тура емес теңсіздік, тура, тура емес теңдіктер құр.
Жаңылтпаштар:
Мадина: Айта-айта жақ талды,
Қайта-қайта жатталды.
Қайта-қайта жақ талды,
Айта-айта жатталды.
Жадыра: Есет атам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар.
Мұқағали: Шеше, шеше
Неше кесе, сынды кеше.
Мақал – мәтелдер:
Жанарыс: Күш білімде
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Какимбек: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Анель: Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Бота: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Рысғали: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Көрініс: «Тапқыр қоян» ертегісі.
Әліппе:-Жарайсыңдар балалар! Құрметтеріңе рахмет. Енді меннен алған білімдеріңді «Ана тілі» пәнімен ұштайсыңдар.Міне менің досым, Ана тілінің өзі де келіп қалыпты,қарсы алыңдар!
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Қош келдіңіз, Ана тілі!
Ана тілі: Мен Ана тілі оқулығы боламын. Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын! Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Ақын- жазушылардың шығармаларын, ертегілерді ынта қойып оқыңдар.Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.
Хормен : Оқимыз, оқимыз.
Ана тілі: Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сіздер табыңдар.
Әліппе: Ал балалар, осы Әліппеден сауаттарыңды ашып, оқу мен жазуға
үйреткен кім?
Мирас: О ата-анам таянышым тірегім,
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Жадыра:Барша жұртқа сыйлаған,
Ілім- білім мұратын.
Өмірдегі сыйлы адам,
Бес әріптен тұратын.
Жаны шуақ , мейірлі,
Ұстазды кім білмейді
Әліппе: Кімдер екен балалар?
Оқушылар: Ата-аналар, ұстаздар.
Аналарға, ұстаздарға мың алғыс! хорменӘліппе: Бәрі жақсы , балалар: Енді мен сендермен қоштасайын алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата- аналарыңызды тыңдаңдар. Менің досым Ана тілін ренжітпей оқыңдар, ұқыпты ұстаңдар, онымен дос болыңдар
Хормен: Қош бол, құтты Әліппем!
(Әліппе шығып кетеді)
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Мұғалім: Қымбатты ата – ана, біздің Әліппені жақсы оқып бітіруімізге сіздердің де көмектеріңіз тиді. Сондықтан, сіздерге көп-көп рахмет айтамын.
Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы әрқашан мықты болсын. Білімдерін әрі қарай дамытатын, Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын – дей отырып бүгінгі ертегілігімізді аяқтаймыз.
Ата – аналарымыздың балаларға деген ақ тілектерін тыңдайық.
Ертеңгілікті қорытындылау.