«?ош бол, ??тты ?ліппе!» Т?рбиелік шара


Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппе!»
Мұғалім :Көз салып қараңызшы бойымызғаОртақ боп бүгін өскен ойымызға.Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,Әліппемен қоштасу тойымызға.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін , оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.
Әліппелерімен қимай-қимай қоштасқалы тұрған балғын бүлдіршіндердің осы кезге дейінгі қадамдарын сіздерге ертегі-жыр ғып айтып берейін.Мұғалім:Тыңда, халқым, ертегіЕртегі сыр шертедіБүгінгі мынау замандаЖер шары деген ғаламдаБалаларға білім беретінМектеп патшалығы өмір сүріпті.Патшалықты №15 орта мектеп деп атаған. Ол патшалықты өте білімді адам басқарыпты. Патшалықта оқу ісі меңгерушілері және балалардың тәрбиесімен айналысқан уәзірлер болыпты. Патшаның сарайында білім беру ісінде өз ісінің шебері атанған көптеген ұстаздар қызмет етіпті. Мектеп патшалығында іші балаларға толы шағын сарайлар болыпты. № 1 сарай балаларын Юханова Анаргул Базарбайбайқызы атты ұстазға тапсырыпты. Міне, 1 қыркүйектен бастап сол сарайдағы 16 баланы алаңсыз білім алсын деп өз бауырына басады.Күндердің күнінде сол кішкентай балалар білім жолына есік ашқан әліппе оқулығын тамамдап, Ана тілі оқулығына қол созады. Сөйтіп олар Әліппелеріне алғыстарын білдіру үшін ұстаздары мен ата-аналарын мерекелік кештеріне шақырыпты.
Жүздерінде - қуаныш,Жүрегінде жұбаныш.Келе жатқан шәкірттің,Барар жолы тым алыс.Таудай болып талабы,Үркектемей жанары.Шәкірттер келсін ортағаҚұтты болып қадамы!
Оқушылар ортаға келеді
Бүгінгі мереке иелерін ортаға шақырайық.
1.Зерек, алғыр- Бекзатпенен, Ақнұрды
2.Кіп-кішкентай бойларында, ұшқырлық бар ойларында-
Айгеріммен, Нұрдәулетті
3.Жаны жомарт  Айбекті , пәк сезімді  Салтанатты
4.Жаны нәзік  Еркеназды , мейірімді Мейіржанды
5.Талабы таудай – Нұрбекпен тиянақты   Дананы
6.Жігерлі де талапты  Нұржанменен Абылайды
7. Ақылды ерке Маликаны, білімге құштар Абылайды
8. Жаны жомарт, сымбатты Мирас пенен Айымды
ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Жақсы білім көрімдік,Болсын сізге халайық.Не үйреніп не білдік,Қане ортаға салайық!Мұғалім: Балалар мен сендерге бір сұрақ қояйын.Іші толған әріпке,Болашаққа жарық не?Балалар: Әліппе!Мұғ : Олай болса, бәрімізге ең қымбат сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.Балалар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!(Ортаға мыстан кемпір шығады.)Жүргізуші: Балалар, бұл кім келген? Әліппе қайда?Балалар: Бұл мыстан кемпір ғой!Мыстан кемпір: Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен мыстан кемпірмін. Мен әліппені тығып қойдым. Егер сендер өнерлеріңді көрсететін болсаңдар, әліппені босатамын.Малика:Әліппем, менің әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.Нұрдәулет: Таныстырған 42 әріппен,Қош бол менің қасиетті әліппем.Сенің арқаң оқып, жаза білгенімСауатты адам санатына кіргенім.
Айбек: Білімге жолды бастағанӘліппем саған мың алғысОқы деп ұран тастағанӘліппем саған мың алғыс!
Әйгерім: Көлге айналғанбұлақтың,Қайнар көзін көріппең.Том-том кітаптыңБасы болар әліппең
Мыстан кемпір: Балалар, мен сендердің өнерлеріңе таң қалдым. Осы уақытқа дейін достарың болып келген сендердің сүйікті әліппелеріңді босатайын. Ендігі өнерлеріңді әліппеге көрсетіңдер.
Мұғалім :Олай болса балалар ортаға әліппені шақырайық
Балалар: Әліппе әліппеӘліппе
Армысыңдар, жас достар!Армысыздар, ата-ана!Болашаққа жол бастарӘліппе келді ортаға.Менің атым - әліппеМені анаңдай дәріптеМені оқып, ержеткенАғаң менен әпкең де.
Сәлеметсіздерме, сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер. Айтпақшы, Алматы қаласындағы мен шыққан «Алматыкітап » баспасынан хат келіпті. Сол хатты кім оқып береді?Ақнұр : «Амансыңдарма, балалар! Міне, 2 тоқсан артта қалып, Әліппеңмен қоштасып жатырған боларсыңдар. Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңе сенеміз. Әліппемен қалай дос болсаңдар, Ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз. Ана тілін ренжітпеңдер!Сәлеммен: «Алматыкітап» баспасы.»Жүргізуші: Балалар, «Әліппе» оқулығына өз өнерлерімізді көрсетейікші
Ал, балалар, осы әліппеден сауаттарыңды ашқан кім? (Ұстаз)
Дана:
Барша жұртқа сыйлағанІлім білім мұратынӨмірдегі сыйлы адамБес әріптен тұратынЖаны шуақ, мейірімді,Ұстазды кім білмейді.
Ән Ұстазым менің ұстазым
Н.Абылай: Әліппе деген-алтын жол,Апарар сені алысқа.Жеңіл емес ауыр жол,Тырмысып бақ намысқа.Нұржан: Оқуды көп ойладық,Қызығына тоймадықӘріптерді үйреніпСауат аштық, тойладық.Салтанат:Алфавитті жаттадықОнда жүйе, қалып бар,Біздің қазақ тілінде42 әріп бар.
Бекзат: Алфавиттің А тұрады басындаӘрқашанда Ә тұрады қасындаБайқадың ба Б тұрады үшіншіАл осының сыры неде?Түсінші:А деген ол - аналар ғой ардақты,Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,Б деген ол - балалар ғой әдеміБіздің елде үшеуі де кәделі.Алшақ кетпей сондықтан да, расындаТұрады олар алфавиттің басында
Айым Г әрпімен гүлденер,
Қызғалдақты қырат тау
Мирас: Ғ әрпімен бір келер,
Ғылым атты ұлы атау
Дана: Д әрпімен бастасаң
Дархан, дария, далам бар.
Еркена Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жарандар
Айгерім Ж дегенің-жөргегің,
Туып-өскенжерлерің Нұрбек И-дегенің иманың,
Адалдықтың белгісі,
Мейіржан К-дегенің күй дарын,

Домбыраның дастаны.
Айбек: Қ әрпімен құралған,
Бас аяғы қазақтың.
Жасай берсін, бір Аллам
Жасай берсін, Азат күн!
Акнұр Мектеп берген білімнен ,Марқаясың, жас ұлан.
Нұрдәулет: Ас біткеннің атасыҚасиетті «нан» осы.Қайсы әріптен басталыпАяқталғанын қарашы.
Нұржан Озат болып оқыңдар,Ойға білім тоқыңдар.Н. АбылайӨ - Өсті міне, бойларың,Өсті ақыл, ойларыңМалика Ы-дегенің ырысыңОрман-тоғай өзенің
Салтанат
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны,
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды,
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
Ән: Әліппе Таңатар Бекзат
Дана: Ең алғаш алғанымда әліппені,Қызыға қарай бердім әріптерді.Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,Ұстазым оның кілтін алып берді.
Н.Абылай:Келгенде алғаш мектепке,Білмеуші едік әріп те.Оқимыз қазір ертектіҮйреткен оны әліппе.А.Абылай: Әліппе-білім анасы,Әліппе- кітап данасы.Әліппе бетін ашпағанАдамның бар ма баласы.
Жүргізуші:Ретімен тізбелі,Әрбір санды даралап.Қайсың барсың бізге енді,Айтып берер санамақ?
Нұрдәулет: 1 дегенім – бесік,Шықтың содан өсіп.Айгерім: 2 дегенім – елім,Далам, тауым, көгім.А.Абылай: 3 дегенім – үміт,Үміт артар жігіт.Малика:4 дегенім – төзім,Төзе білем өзім.Ақнұр:5) 5 дегенім – бақыт,Бағалайтын бақыт.Мирас:6) 6 дегенім – ақыл,Тыңдағаның мақұл.Дана:7) 7 дегенім – жалау,Жүректегі алау.Нұрбек:8) 8 дегенім – сөзің,Серт беретін кезің.Еркеназ: 9 дегенім – тоқтау,Елдің жоғын жоқтау.Бекзат: 10 дегенім – Отан,Қорға еліңді ботам.
Көрініс: Әліппе мен дәптер
Би: Чунга-чанга
Мұғалім:Балалар 1 аптада неше күн бар?
Малика: Дүйсенбі – бұл ойға алған жұмысты аяқтап тастаған жөн. осы күні тырнақ алса, ақыл – ой артады, зейін дамиды Айбек Сейсенбі – сәтсіздіктен сақтанар күн. Мүмкін болса алыс жолға шықпаған дұрыс. Еркеназ Сәрсенбі – сәтті күн. Жолға шығып, күрделі іс бастағанның жолы болады. Бекзат Бейсенбі – қасиетті күн. Бұл күні тырнақ алса, мал – жаны өсіп, дәулеті артады. Тырнақпен бірге ауру да кетеді деп ырымдайды. Бұл күні аруақты қастерлеп, шелпек пісіріп құран оқытады. Дана: Жұма – мұсылманда күн санаудың ең қасиетті күні. Аллаға сыйынады. Мешітке барып жұма намаз оқиды. Өсек өтірік, ғайбат сөз айтпайды. Бұл күні таза жүреді. Осы күні тырнақ алып, Аллаға сыйынған адамның дәулеті артып, мерейі өседі. Айгерім Сенбі – сәтті күн. Әрбір іске кірісерде « Бүгін сенбі іске сәт»,-деп бастаса іс оңайымен шешіледі. Ақнұр Жексенбі – мұсылман үшін ауыр күн. Бірақ жеміс ағашын отырғызса, жемісті болады. 
Әліппе: Құрметтеріңе рақмет! Жас достар мен сендермен қимай-қимай қоштасқалы тұрмын. Енді сендермен достасуға «Ана тілі» асығып келе жатқан шығар, қарсы алайық.Ана тілі: Сәлеметсіңдерме, менің жас достарым. Мен сендермен танысқаныма қатты қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Сонда ғана көп нәрсе үйренесіңдер.Мұғалім:-Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бой тұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол-ел, жер және тіл.Ана тілі-әр халықтың төл бесігі.Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы үйренеді Бекзат: Анам алғаш осы тілдеБесік жырын жырлағанҰзақ түндер анам айтқанЕртегілер тыңдағам.Салтанат: Ана тілің біліп қой,Бостандығың, теңдігіңАна тілің біліп қой,Мақтанышың елдігің.Әліппе: Бәрі жақсы, балалар. Енді мен сендермен қоштасайын. Алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата-аналарыңды, ұстаздарыңды тыңдаңдар. Менің досым Ана тілін ренжітпеңдер, оқыңдар.Ана тілі: Балалар әліппеге, ұстазға, ата-аналарға рақмет айтайық.Жүргізуші: Балалар әліппемен қоштасуға аз қалды.Ендеше Салтанаттың орындауындағы Рахмет саған әліппе әнін тамашалаңыздар
Нені үйрендік?
1. Ақнұр - Оқуды2 – Бекзат: Жазуды3 – Салтанат: есеп шығаруды4 - Дана: ән айтуды5 - Малика: би билеуді6 - Нұрдәулет: үлкенді сыйлауды7 - Мирас: кішіге қамқор болуды8 – Мейіржан : елімізге жақсылық жасауды
Біз нені ажырата білеміз?9 – Н.Абылай : жақсылық пен жамандықты10 - Бекзат: ақ пен қараны11 - Айгерім: арамдық пен адалдықтыБіз нені сүйеміз?
12 - Айбек: Отанды13 – А:Абылай: ата - ананы14 - Салтанат: халқымызды15 - Еркеназ: достарымызды16 - Ақнұр: ұстазымызды17 - Малика: мектебімізді
Біз кім боламыз?
18 – Мирас : адал азамат,19 - Ақнұр: ақылды ару
20 - Бекзат: Тәуелсіздіктің туын биік ұстайтын Елін сүйген ер «боламыз»
Би Буратино
Ән Дана
Би Джентельмен
Жүргізуші:
Ұстаздардың ұлағатты сөзінен
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз
Ұстаздардың мейірімді көзінен
Бізге деген жылулықты табамыз-
Мұғалім:
Ойында мейірім, ақ тілек
Бойында ақ сүт тәтті леп
Анадай пейіл қайда бар?
Бәріне тұрған бақ тілеп
Арадай балын жиятын
Ақылы дария құятын
Ана көңілі кеңістік
Бүкіл әлем сыятын
деп ақын ағаларымыз жырлағандай сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Жүргізуші: Қош болып тұр, әліппе анамдайсыңЖақсы бол деп біздерге алаңдайсыңМен үйреткен әріптің құдіретіменДейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.Мұғалім:
Жеміске құты тола ма
Бір-бірлеп теріп алмасаң
Әп-сәтте шыға қояма
Еккен дәнің ойласаң
Білім де солай қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа
Ұғып ал білім боларын
Шам- шырағың жолыңда
-деп Музафар Әлімбаев ағаларымыз жырлағандай бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.
Қош бол, құтты Әліппе! атты шарамызды аяктаймыз.