Айг?лек ша?ын орталы?ы. Кел жа?а жыл, жа?а жыл! ерте?гілік
Ақсу негізгі мектебі
«Айгөлек» шағын орталығы
(Мерекелік іс - шара)
Тәрбиеші: Клышбаева Земфира Жанмурзиевна
2016 -2017 оқу жылы
«Келе жатыр, Жаңа жыл!»
Мақсаты:Балаларға жаңа- жыл мерекесі туралы түсінік жалғасып беру.Сөздік қорын молайту. Жан- жануарға деген қамқорлық пен сүйіснепшіліктерін ояту.Мерекеге қызуғышылық ояту.Балалар өлең оқиды, ән айтады, инсценировка, қызықты ойындар көрсетеді.
Ән:«Жаңа жыл» Сөзі: Т.Молдағалиев, Муз: Ғ.Томиндаров
Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен балалар
Жаңа жалға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
Музыка ойнайды. Шыршаның артынан қоян секіріп шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп – ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян:
Амансыз ба, аю паң!
Аю:
Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайықБи билеп, ән салайық.
Би: «Ұлпа қарлар» Муз: И.Нүсіпбаев
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Ойын: «Пима».
Әли: Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа жылда – жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Адина:Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Тәрбиешіге бәрі қосылып:
Қала нұр, дала Құтты болсын Жаңа жыл!
Аружан:Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Ғазиз: Сылдырлайды моншағы
Шыршамыздың мол шамы
Бізбен бірге жайдары
Жарқырады, жайнады.
Ерасыл: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той, маскарад басталады
Аяз оны басқарды.
Дильназ: Жаңа жылды қарсы алдым
Мініп алдым күймеге.
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Әдия: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Сол кезде қуана қутындап түлкі келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю,қоян:
Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келді!
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнер жұрт көреді (жұмбақ).
Би: «Жаңа жыл» Муз: Е.Өміров
Осы кезде орталарына кірпі келеді.
Кірпі:
Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шврша алаңға
Жылға шашу шашайық ,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян:
Келші ән де салайық!
Ән: «Қыс қызығы».
Тиін кіреді.
Тиін:
Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге бір сәлем.
Бәрі:
Сәлем, тиін!
Би: «Моңшақтар» Муз: И.Нүсіпбаев
Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын!
Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәрі:
Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Би: «Полька» Муз:Т.Ломова
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!
Тәрбиеші:
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә. Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Тәрбиеші: Балалар, Аяз атаны шақырайық!
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! – деп айғалап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетсем бе екен?
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
Мыстан: Туу! Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын! (Мыстан кемпір кетіп қалады).
Сол кезде қалтасына бір таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық!
Ән: «Ақ қала».
Тақпақтар.
Есіктің сыртынан дуыстар естіліп, залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Кәнеке қызым! Қонақтардан, ұят болады, басыңды көтер. /Ақшақар басын көтермей тұрады/.
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. /Сол кезде ақшақар жылап тұрып/
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріндерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер. /тиін сиқырлы таяқты тауып алады/
Аяз Ата: Жарайсын, балапаным! Кәне бәріміз бірге шыршаны жағайық!
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
/Ортаға аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі шығады./
Ақшақар:
О, жарандар, қараңдар
Қызықтаңдар, санаңдар
Келді бізге қонаққа
Ормандағы бар аңдар!
Би: «Ақшақар».
Аяз Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсындар! Аталарынды бір қуантып, тастадыңдар.
Тәрбиеші: Аяз Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда?
Тәрбиеші: Қандай кілті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз Ата: Иә, сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз Ата: Қап, әттеген – ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
Мыстан: А-а, бәлем! Таптым, саңдық мында тұр екен ғой.
Аяз Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай – тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз Ата: Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не істесем екен.
Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілтін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз Ата! Кетпеші, беремін кілтінді, кешір!
Аяз Ата: Балалар, кешіреміз бе? - Ия!
Ән: «Жаңа жыл» Сөзі: Жұмабеков ,Муз: К.Қуатбаев
Сыйлықтар тарату.