Интелектуальная игра Білімді ?аза?стан ( 8 класс)


АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«№63 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КММ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ
25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
ТАҚЫРЫБЫ:«БІЛІМДІ ҚАЗАҚСТАН»
(8 сынып арасында зияткерлік сайыс)
Өткізген: қазақ тілі пән мұғалімі
Булекпасова Б.Ш
Мақсаты: оқушыларға еліміздің ертеңі білімді жастардың қолында екенін ұғындыру, ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға танымдық қабілеттерін дамыту, оқушыларды достыққа, адамгершілікке, еліміздің білімді азаматы болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар, суреттер, кубик
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, шет тілі, математика
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аты мен мүшелерімен таныстыру.
1-ші жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Білімді Қазақстан» атты зияткерлік сайысымызға хош келдіңіздер.
2-ші жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Мен біздің жастарға сенемін. Сендердің білімдерің, сендердің күш-жігерлеріңмен, сендердің еңбектерің күшті де өркенді. Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенімдімін», - деген. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз. Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 8 - ші сынып оқушыларының арасында «Білімді Қазақстан» атты зияткерлік сайысымызды өткізгелі отырмыз.
1-ші жүргізуші:
Оқушылар зерделі зерек жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Білімімен жарысатын сайыскерлер
Заманына сай болған зерек жандар - дей келіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Бүгінгі сайыскерлер - 8 «Б» сынып оқушыларынан құралған «Білім» тобы мен 8 « В» сынып оқушыларынан құралған «Болашақ» тобы.
2-ші жүргізуші
Келешекте үмітіміз талапты,
Атақ-даңққа бөленеміз қарап тұр.
Сегіз қырлы, ойшылдар боп туғандар,
Оза шауып, бәйге атындай шауып тұр.
«Білім» тобының басшысы: Майер Анна
Топ мүшелері: Кабдуллин Алишер, Бапаев Айдос, Беликова Карина, Оралбекқызы Сәния, Сабырова Лаура
1-ші жүргізуші:
Адалдық, борыш, ар үшін,
Елдің мынау қамы үшін,
“Болашақ” үлес қосады
Болашақ елдің таңы үшін.
«Болашақ» тобының басшысы: Сайдалина Айгерим
Топ мүшелері:Драздов Руслан, Тихоненко Давид, Шпекбай Томирис, Бегалинов Ерасыл, Тлеужан Әмір
1-ші жүргізуші : Сайысқа келіп отырған оқушыларымызға сәттілік тілеп, әр топ жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-ші жүргізуші:
Баға берер топтарға ,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға .
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Сайыстың әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1-ші жүргізуші: Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасы азаматының парызы.
Бүгінгі зияткерлік сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1-ші «Кім білімді?»
2-ші «Тани біл»
3-ші «Сандар сыры»
4-ші «Полиглот»
5-ші «Ойлы болсаң, озып көр»
6-шы «Сиқырлы сандық»
2-ші жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек- деп сайысымыздың 1 – кезеңін бастаймыз.
1-ші кезең «Кім білімді?».
Әр топқа ортақ 10 сұрақ беріледі. Барлық 10 сұраққа 2 минут, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1-топ сұрақтары.
1. Қазақтың ұлы ақыны.(Абай Құнанбаев)
2. Қазақ тілінде неше септік бар?(7 септік)
3. Жүз жасаған ақын?(Жамбыл)
4. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата? (Қ. Рысқұлов,Л,)
5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қанша? неше? нешінші? нешеу?)
6. Тұрлаусыз мүшелерді ата?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
7. «Менің атым Қожа» кімнің әңгімесі? (Б. Соқпақпев)
8. Қашан мемлекеттік рәміздер бекітілді?( 1992 жыл 4 маусымда)
9. Абай Құнанбаев қай жылы дүиеге келді?
10. Қазақстан Республикасының жел көлемін ата (2,7 миллион шаршы шақырым)
2-топ сұрақтары.
1. А.Байтұрсынов кім? (ақын, ағартушы , ғалым)
2. Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т. Аубакиров, Т. Мұсабаев)?
3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?( Мәншүк пен Әлия)
4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
5. Қазақ тілінен дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
6. Қазақ валютасы қашан қабылданды және қалай аталады? ( 1993 жыл, 15 қараша күні)
7.Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанафия))
8. Ата Заңымыз қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамызда)
9. Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп кашан аталды? (1998 жыл 7 мамыр. )
10. Абайдың қанша қара сөзі бар? (45)
Әділқазы алқасы қорытынды жасап отырады.
1-щі жүргізуші:
Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
Алдағы білім шыңына ең білімді мүшелері шығады- деп “Тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста алты қалпақтың астында сурет бейнеленген. Әр топқа үш қалпақтан. Суретті не бейнеленген қалпақ киген топ мүшесі табу керек. Ол үшін топ мүшелері оны дұрыс суреттеуге тырысу керек. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
Әділқазы алқасы қорытынды жасап отырады.
2-ші жүргізуші: ІІІ – кезең «Сандар сыры». (кубизм әдісі бойынша )
Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.
7. 16. 22. 1. 4. 30. 6. 8. 31. 9. 1. 7.

Әділқазы алқасы қорытынды жасап отырады.
Муз.сәлем: Шевченко М гитара орындау

1-ші жүргізуші:
Келді кезек «Полиглот» шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
4-ші кезең «Полиглот» мақалдың жалғасын табу, оның баламасын үш тілде айту. 2 топқа 5 мақалдан. (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай, 5 минут уақыт беріледі.)
1. Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — ……
Cөз – слово- word
2. Тамшы тас жарады, тас жармаса …… жарады
Бас- голова- head3. Өнер алды – қызыл ………
Тіл – язык — tongue4. Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер.
Жаман – плохой- bad5. …………. жылатып айтарДұшпан күлдіртіп айтарДос- друг-friend6. Көп сөз күміс, аз сөз ……
Алтын– золото– gold7. Мектеп – кеме, білім — …….
Теңіз – море — sea8. Денсаулық – зор ……..
Байлық — богатство — rihes9. Білім сандығы — ………
Кітап–книга — book10. Асық ойнаған азады,
….. ойнаған тозадыДоп- мяч- ballЖарайсыңдар4-ші кезеңде аяқталды
Әділқазы алқасы қорытынды жасап отырады
2-ші үргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас,танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға - деп көрермен арасында « Алтын сақина» ойынын өткізейік. «Алтын сақинада» әріптер сөйлейді. Сіздер алтын сақинадан түскен сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Әр әріп бойынша сұрақ бар соған жауап берулеріңіз керек.
Ә- алғашқы оқулық. (Әліппе)
Ғ- Т.Әубәкіров кім?(Ғарышкер)
Д- «Витамин»сөзінің аудармасы.(Дәрумен)
Е- қызыл кітапқа тіркелген жануар?(Елік)
Е- «Шырша» сөзінің аудармасы.(Елка)
Ж- Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас.(Жұмбақтас)
К- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар)
Қ- атақты күйші (Құрманғазы)
Л- ешкінің төлі.(Лақ)
М- күнге ең жақын орналасқан планета? (Меркурий)
Н-ас атасы -… (Нан)
Р- Көрші мемлекеттердің бірі(Ресей)
С- тілдің негізі не?(Сөз)
Т- үш бидің бірі.(Төле би)
У- Киіз үй бөлшектерінің бірі.(Уық)
Ұ-Бұл маманды барлық балалар армандайды?(Ұшқыш)
Ү- алғашқы адамдардың баспанасы не болды(Үңгірлер)
Ш- атақты композитордың аты (Шәмші Қалдаяқов)
Ы- «посуда»сөзінің аудармасы.(Ыдыс)
І- қарға « қарқ» дегенде аузынан не түсіп кетті?(Ірімшік)
Э- Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы?(Экономика )
Ю- «Киіз үй» сөзінің аудармасы.(юрта)
1-ші жүргізуші:
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға- деп 5-ші кезең «Ойлы болсаң, озып көр!» сайысымызды бастаймыз. Есте сақтау қабілетін байланысты 30 сөз беріледі, ол қабырғада ілулі тұрады, топ басшысы шығып 2 минут ішінде қанша сөз есте қалғанын тобына келіп айту керек, топ мүшелері оны қағазға жазу керек.
2-ші жүргізуші:
6-шы кезең «Сиқырлы сандық» екі сөз берілген «Қазақстан» және «Тәуелсіздік» осы сөздермен топ кластер, «Бес жолды» немесе СЭНКВЭЙН әдісі бойынша өлең құрастыру керек.
1-ші жүргізуші:
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
2-ші жүргізуші:
Білімдіден шығады білгір маман,
Оқы - тоқы білгенің болмас жаман.
Ақпараттық ғасырың – болашағың,
Ақыл - ойды жинақта міне, соған,-дегендей сайысымыз осымен мәресіне жетті.
Муз. номер: қобызда Отарбаева Арайлым
1-ші жүргізуші
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы
Күрестерде, еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
2-ші жүргізуші
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп алдарыңыздағы лентаға осы шаңыраққа өз тілектеріңізді жазуды өтінеміз.
Хор: Жаса Қазақстан әні
 
 Бағалау парағы
Сайыс кезеңдері 1-ші «Кім білімді?» 2-ші «Тани біл» 3-ші «Сандар сыры» 4-ші «Полиглот» 5-ші «Ойлы болсаң, озып көр» 6-ші «Сиқыр
лы сандар» Барлық ұпай
8 «Б» 8 «В»