Саба?та О?Б пайдалану
Тақырыбы Сабақта ОүБ пайдалану
Мақсаты: Бағалау мақсатын және бағалауды оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай қолдану керек?
Табысты оқыту мен табысты мұғалім мәнін түсіне және бағалай алуына ықпал ету. Оқыту сапасын қалайша жақсарта алатынын түсінуге көмектесу, бастама жасау.
Оқу нәтижелері: Топтасып, ынтымақтаса отырып, сапалы оқыту мен оқу үдерісі туралы пікір алмасады.
Оқыту мен оқудағы бағалаудың маңызын түсінеді.
Білім беруде оқыту үшін бағалауды пайдалануды қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы ойланады.
Дерек көздері, сілтемелер: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 109-114-б
Курсалды тапсырмалар 4-8 б
Негізгі түйінді идеялар: Модуль мұғалімдерге:
-бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;
-бағалау түрлерінің бара бар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;
-бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға;
-әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын/жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.
Оқыту әдістері: ОүБ және оқуды бағалау
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 1. Жеке жұмыс
2. Топтық жұмыс
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.
Тренинг-психологиялық ахуалды қалыптастыру «От шашу қол шапалақтау»
Көтеріңкі психологиялық ахуал тудыру мақсатында бірнеше жағымды жаңалықтар ұсынылады. Орындарынан тұрады.
Төменнен жоғары қарай қол шапалақтау
Оңынан солға қарай қол шапалақтау.
Айналып қол шапалақтап айқайлау.
Топтарға бөлу Мұғалімдерге ән атаулары ұсынылады.
Мұғалімдер бірнеше топтарға бөлінеді.
Топ атын, ұранын, әнін ұсынады.
1-тапсырма
«Төрт кейіпкер оқиғасы»
Кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерінің артуына ықпал ету.
Бірін-бірі бағалауға және өздерін-өздері бағалауға үйрету
/7 минут/ Флипчартқа «+» белгісі сызылып, төрт жағына төрт кейіпкер есімі жазылады. Төрт кейіпкердің іс-әрекеті болжалды түрде үстіртін баяндалады.
Кейін оқиғаның шынайы мазмұны ұсынылады;
Мұғалімдер оқиға кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қарай баға береді, дәлелдейді.
Ең жоғары ұпай «4».
Топтар өздері берген мінездемесімен сәйкестігін тексереді және қайта бағалау жүргізеді.
Алдыңғы баға мен соңғы бағасының сәйкестігіне қарай бірін-бірі және өздерін өздері бағалайды.
Презентациялық таныстырылым
«Оқыту үшін бағалау»
Коуч түсініктемесі
2-тапсырма:
Мұғалімдердің іс-әрекетті дұрыс бағалау үшін жіті қадағалап үйренуіне жол ашу және формативті бағалау. «Үздік сәндік киім үлгісі» топтық шығармашылық жұмыс.
Топтарға түрлі түсті және жапсырма қағаздары мен топ мүшелерінің іс-әрекеттерін бақылау, бағалау парағы қатар ұсынылады.
Ұсынылған құралдарды пайдаланып, Үздік сәндік киім үлгісінің таныстырылымын жасайды.
Топ мүшелері топта өзара бірін-бірі бағалайды.
3-тапсырма:
Жиынтық бағалау
үшін алдын-ала
қалыптастырылған өлшемдер
бойынша бағалауды
үйренуіне ықпал ету.
Үздік сәндік киім үлгісін бағалаудың талап критерийлерін/өлшемдерін шығаруды ұсынады.
Өздері шығарған критерий өлшемдері бойынша топтар бір-біріне бағалау жүргізеді.
Алған ұпай санының ортақ бағасын шығарады.
4-тапсырма:
Формативті бағалау.
Критериалды бағалауға, сыни көзқарастарының қалыптасуына көмектесу «Екі жұлдыз, бір тілек»
Ерекше ұнаған және әлі де жетілдірілуі тиіс жұмыстарды бағалауды ұсынады.
Ерекше жоғары сапалы жұмысты бағалайды.
Жетілдіруге ұсыныс-тілектер білдіреді.
Қорытындылау
Рефлексия Керібайланыс парағы ұсынылады.
1.Бүгінгі семинар мен семинар тақырыбының Сіз үшін маңыздылығы/кез келген ұсыныс, пікір, сұрақ/
2.Келесі оқу семинарына қандай тақырып ұсынар едіңіз
3.Бүгінгі семинар мен тақырыбына қатысты 1 сурет, 5сөз Бүгінгі күннің қорытынды рефлексиясын жасайды, бағалайды.