«М??алімні? шы?армашылы? ізденіс ж?мыстарын дамыту»


Мезибаева Айнур Асылгазыевна
Туған жері, күні: 04.10.1976 ж., ШҚО
Жұмыс орны: Алматы қаласы
№180 ЖББМ
Санаты: Бірінші
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – көңілдің ақындығы,
Ұстаз болу – өмірдің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ықшам сабақ: «Мұғалімнің шығармашылық ізденіс жұмыстарын дамыту»  
Мақсаты: Мұғалімдердің шыгармашылық ізденістерінің қаншадықты дамытып жүргедеріктері жайлы еске түсірту. Шығармашылық ізденістің күнделікті жүргізілуі керектігі жайлы мағлұмат беру.
Жоспары:
Кіріспе. Топқа бөлім алу/ түрлі түсті күн таңдау арқылы/
Әнгіме:Бәрі өз қолыңда
Мақсаты: Тыңдаушылардың көңілін аудару, сабаққа деген ынтасын ашу.
Қытайдың ең үлкен қалаларының бірінде бір намысқой Мандарин өмір сүріпті. Адамдар оған бағынышты болған. Күндердің күнінде Мандарин мынандай жаңалық естіпті. Ос қалада бір ақсақал бар екен. Халық жаңбыр мен қарға ақсақалдың айтқанымен жүреді екен және де қуанышымен жақсылығымен бөліседі. Мандарин сол шалды сарайына алып келуді бүйырады. Қызметшілері шалды сарайға алып келеді. Мандарин көбелекті қолына қатты қысып былай дейді, Егер де менім қолымдағы заттың өлі немесе тірі екендігін айтсаң саған өмір беремін. Сонда шал, Мандариннің көзіне қереп тұрып . Бәрі сенің қолыңда, деді.
Біздің өміріміз, армандарымыз бен мақсаттарымыз да өз қолымызда. Сондықтан біздің кәсіби шеберлігіміздің шыңдалуы және оны тиімді түрде пайдалана білуіміз де өзіміздің қолымызда.
Миға шабуыл: «Шығармашылық ізденіс» сөзін талдау, таныту.
Мақсаты: Топпен жұмыс істей отырып шығармашылық ізденіске бағыттау және жаңа ұғымды қабылдауға дайындау.
«Бейімделу жаттығуы» -
Мақсаты: Кез келген жағдайда, алдына келген жаңалықты оқушы аудиториясына бейімдеуді машықтандыру.
Әр топтағы жұптарға 2 сүрет ,біреуі ертеғі, екіншісі күрделі тақырыпта беріп оқушыларға түсінікті тілде ертегігіні күрделі түрде, күрделі тақырыпты ертегі түрінде оқушыға жеткізу.
«Күн сәулесі» жаттығуы.
Мақсаты: Оқытушылардың өздерінің шығармашылық ізденіс жұмыстарына есеп бердірте отырып ойларын, істерін жинақтау.
Күннің ортасына «МЕН» деп жазып шығармашылығымды дамыту үшін күнделікті нелер істеймін, деген сауалнамаға жауап жазу.
Қорытынды: Фалестің айтуынша: «Дұниедегі ең үлкен нәрсе – кеңістік. Бәрінен жүйрік – ой. Бәрінен дана – уақыт. Бәрінен жеңіл – басқаға ақыл айту. Бәрінен қыйыны – өзіңді – өзің тану.». Иа шынында да, біз мектептің негізін қалаушылары мұғалімдер өзімізді – өзіміз танып алуымыз қажет деп ойлаймын.