«Жа?а технология –Жа?а шы?армашылы? ізденіс» Эссе


Орал қаласы
КЖОББ мектебінің шағын
Орталық тәрбиешісі
Байболова Ж.Т
«Жаңа технология –Жаңа шығармашылық ізденіс»
Эссе
Қазіргі заман талабына сай,балаға саналы да сапалы білім берсе ғана, біздің болашағымыз білімді,тәрбиелі болмақ .Ғылым мен білім қарыштап дамыған заманда-Тәрбиеші кәсіби шығармашылық деңгейде өзінің жаңашылдығы, өз ісіне сергек қарауы, өзін-өзі өзгерте алуы керек әсіресе оқытудың жаңа технологияларын меңгеру оны күнделікті іс-әрекетте қолдану жаңашылдыққа жақындатары сөзсіз .Білім берудің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталады сондықтан дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп,жаңаша оқыту,жаңа технологиялар пайда болды мысалы «step by step» технологиясының элементтерін қолдана отырып орталықтарға бөліп оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырамыз сонымен қатар М.Монтессори технологиясы бойынша баланы еркіндікке баулу өз бетімен жұмыс жасауы және қол моторикасын дамытамыз.Бұл технологиялардың тиімділігі біздің балаларымыз жан жақты дамып,еркін ойлап өз беттерінше қиыншылықтарды жеңеді.Тәрбиеші кәсіби педогогикалық деңгейге ішкі ой белсенділігі мен ізденуі арқылы жететіні белгілі.Білім беру саласындағы инновациялық үрдістерді дамытуда тәрбиеші негізгі кейіпкері болады,сондықтан тұрақты ізденісті ғылымның жетістігін тәжірибеде тиімді пайдалануды қажет етеді,өз тәжірибесін қайта қарап оған өзгерістер енгізіп отырған жөн Тәрбиеші өскелең ұрпақ тәрбиелеу барысында өз білімін үнемі жетілдіріп жаңаша ойлау,әрдайым жаңа шығармашылық ізденісте болу керек.