Дина Н?рпейісова-?аза?ты? ?йгілі к?йші- композиторы


Дина Нұрпейісова-қазақтың әйгілі күйші- композиторыРсымбетова Шолпан Умирзаковна№4 жалпы білім беретін орта мектепАқтөбе қаласы Дина Нұрпейісова-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ. Дина - Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрінің күйшісі Ол Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде 1862 жылы туған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы Динаны арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Құрманғазы Динаны додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен Республикалық байқауына қатысып, 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен бүкілодақтық бірінші байқауда Дина жүлделі орынды жеңіп алады. 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасының өнерпаздардарының Ташкенттегі он күндігінде де жүлделі орынға ие болады. Дина жастайынан Дәулеткерей, Мүсірәлі, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі "домбырашы қыз" деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Дина өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп "Бұлбұл", "Жігер", "Байжұма" сияқты күйлерді шығарған. Үлкен ұлы Жұрымбайға арнап ол 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда «Он алтыншы жыл» атты күй шығарған. Қадірлес замандастарына сүйсінуден туған "Қосалқа" күйі немесе балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған "Әсем қоңыр" күйлері Динаның өзіндік қолтаңбасы бар біртуар күйлер. Осындай күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді. Дина жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай "Тойбастар", Отан соғысы жылдарында "Жеңіс" сияқты күйлер шығарды. Шын асылды тот баспайды! Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы болып қала бермек! Назарларыңызға рахмет!