Санды ?рнектер. ?ріпті ?рнектер


Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер. Әріпті өрнектер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Санды өрнектер мен әріпті өрнектердің айырмашылығын
түсіндіру арқылы білімділіктерін арттыру.
ә) Дамытушылық: Тиімді әдістерді тез таңдай білуге дағдыландыра
отырып, ой-өрісін дамыту.
б) Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасауға баулу, тазалыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Деңгейлеп оқыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Рower point бағдарламасы, қима қағаздар.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру а) сәлемдесу; ә) оқушыларды түгелдеу
II. Үй жұмысын тексеру.
№ 6 есеп. Теңдеу құрыңдар және оны шешіңдер:
Асқар бір сан ойлады. Ол ойлаған санын 8-ге көбейтіп, көбейтіндіден 36-ны азайтқанда айырма 76-ға тең болды. Асқар қандай сан ойлады?
х ∙ 8 – 36 = 76
х ∙ 8 = 76+36
х ∙ 8 = 112
х = 112 : 8
х = 14
14 ∙ 8 – 36 = 76
Жауабы: Асқар 14 сан ойлады.
III. Жаңа сабақ. Санды өрнектер. Әріпті өрнектер.

1.Есеп: Бақта 12 алма ағашы бар, ал алмұрт ағашының одан 5-еуі кем. Бақта неше жеміс ағашы бар?
Шешуі: Бақтағы алмұрт ағаштарының саны 12-5. Онда бақтағы барлық жеміс ағаштарының саны 12+(12-5).
Мұндағы 12+(12-5) - санды өрнек.
Анықтама: Амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен құрастырылатын өрнек санды өрнек деп аталады.
12+(12-5) = 19
Мұндағы 19 - өрнектің мәні.
Мысалы: 127+892 сан өрнегінің мәні 1019, себебі 127+892 = 1019.

2.Есеп: Компьютерде терушілердің біреуі шығарманың 86 бетін терсе, екіншісі одан а бетті артық терді. Компьютерде терушілердің екеуі шығармның неше бетін терді?
Шешуі: Компьютерде екінші теруші шығарманың 86+а бетін терді. Компьютерде терушілердің екеуі шығарманың 86+(86+а) бетін терді.
Мұндағы 86+(86+а) - әріпті өрнек.
Анықтама: Құрамында әріпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды.
Егер а = 15 болса, онда 86+(86+а) = 86+(86+15) = 187.
Мұндағы 15 саны – а әріпінің мәні, ал 187 саны – берілген өрнектің мәні.
Санды өрнектер мен әріпті өрнектер жалпы түрде математикалық өрнектер деп аталады.
Әріпті өрнектердегі көбейткіштердің біреуі сан болса, ол әріп көбейткіштің алдына жазылады. Оны коэффициент деп атайды.

IV. Бекіту.
№ 3 есеп Өрнектің мәнін табыңдар.
(32+17)-43=6
332 : 83+9 =13
912 : 8 -111 = 3
№ 4 есеп
1) 146+а, мұндағы а =14. 146+14 =160
2) в-18, мұндағы в =21 21-18 =3
3) 125 : а+8 а=5 125 : 5+8=33
4) 9в-36 в =13 9 ·13-36=81
№ 5 есеп Өрнектің мәндерін салыстырыңдар:
29+16 ∙ 3 > 26+19 · 2
76-13 · 4 < 98-16 ∙ 4
Тест тапсырмалары:
Белгісіз шамаларды табыңдар: 3м = х дм
а) х = 20 ә) х = 40 б) х = 30
2. 4м 6 см = х см
а) х = 46 ә) х = 406 б) х = 460
3. Өрнектің мәнін табыңдар: 332 : 83+9
а) 12 ә) 13 б)14
4. 76 ∙ 14 – 1052
а) 12 ә) 13 б) 14
5. 146 + а мұндағы а = 14
а) 140 ә) 150 б) 160
6. 9в – 36 мұндағы в = 13
а) 75 ә) 81 б) 69
7. (1122 : 66 + 83) · (6216 : 74 – 81) – 298
а) 3 ә) 4 б) 2
8. Өрнектің мәндерін салыстырыңдар: 29+16 · 3 және 26+19 ∙ 2
а) > ә) < б) =
9. 108 : 6 + 17 және 19 · 11 – 159
а) > ә) < б) =


V. Қорытындылау: а) Үй жұмысы: № 3 (2,4,6)
№ 5 (3,4)
ә) Оқушыларды бағалау.