Баланы? ойлау ?абілетін дамытуда?ы логикалы? есептерді? ма?ызы


Баланың ойлау қабілетін дамытудағы логикалық есептердің маңызы
 
Қазіргі қоғамдағы болып жатқан саяси экономикалық мәдени әлеуметтік және тағы да басқа өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарда білім мен тәрбие беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Бұл өз кезеңінде қазақ мектебінің бастауыш буынында математикалық оқытудың қазіргі қалыптасқан дәстүрлі әдістемелік жүйесін бір жаңа жүйеде өзгертіп жетілдіре түсуді талап етеді.
Біздің заманымызда қоғамды дамыту үшін жеке тұлғаның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі қоғам құруға бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашыл қабілетті маман болу. Осы талапқа сай мамандарды дайындауды мектеп қабырғасынан бастау керектігі белгілі.
Сондықтан да әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсатты жүзеге асыруы керек.
-         Ақыл – ойды дамыту.
-         Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.
-         Алдына қойылған сауалға немесе есепті шығаруға оптимальді (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.
Осы мақсатты ескере отырып, математикаға оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында ойлау қабілетін дамыту үшін, әртүрлі логикалық есептерді шешуді жүзеге асыру жөн. Сонымен қатар бастауыш мектептегі оқытудың ең басты міндеттерінің бірі – балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Баланың логикалық ойлау қабілетін оның есеп шығару ерекшеліктерінен тез байқауға болады. Алтыжасар балалармен жұмысты ұйымдастыруда, ол шаршап қалмас үшін математика сабақтарындағы жаттығу есептерін ойын ретінде өткізген дұрыс. Ойын оқу процесін ширата түседі, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырады, мәліметтерді дұрыс қабылдауға көмектеседі. Сол себепті баланың жасы қаншалықты кіші болса, сабаққа соншалықты ойын элементтері көбірек енгізілуге  тиіс.  Сонымен бірге сабақта ұсынылатын әрбір ойынның тәрбиелік маңызының зор болуы, әр ойын оқушының қабілеті мен ой-өрісін дамытуға оң әсерін тигізетіндей болу керек.
Бастауыш класта оқушысының логикалық ойын дамытуға әртүрлі есептер, жұмбақтар, ребустар шешуге берілген дұрыс. Қызықты есептер шығару барысында оқушылар жан жақты ойланып, негізгі сұрақтарға нақты жауап қайтаруға көмектеседі. Сондықтан да әр сабақтарды түрлендіре отырып, логикалық есептерді қолданған жөн.
Логикалық есеп дегеніміз не?
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін, әрқайсысына өзінше талап жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп атаймыз.
-         Логикалық есептерлі таблицалық тәсілмен шешу.
-         Ребус түрінде шешу.
-         Сіріңке шырпысын қолданып шешу.
-         Әр түрлі есептер.
Мысалы: есеп шартында Салтанат, Ләззат, Назерке, Гүлнардың туған
күндері – 2 ақпан, 10 қазан, 2 маусым, 28 ақпан. Ләззат пен Назерке бір айда туған. Ал Салтанат пен Ләззаттың туған күндері бірдей сандар. Балалардың әрқайсысының қай айда, қай күнде туғанын анықта.
-         Ребус шешу.
Ребустар алғашқыда ақсүйектердің ермек ойыны ретінде ХVІ ғасырда
Францияда шыққан.
Ребустардың түрлері:
Арифметикалық ребус.
Әріпті ребус
Жұмбақ суретті ребус
Мысалы: жұлдызшалардың орнындағы цифрларды табыңдар:
     **
+
    8
**97
Шешуі:
Теңдік бойынша екі таңбалы санның қосындысы 200-ден кіші.
Демек, **97=179. Біздің іздеп отырған қосылғышымыз 98+98=197
Екі таяқшаны алып тастау арқылы екі шаршы шығарып ал.
 
   
   
 
Математика пәніне қызығушылықты артырудың негізгі бір жолыұлттық мазмұнды есептерді шығару. Жүйелі түрде ұлттық мазмұнды есептерді шығару ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, өткен күн мен бүгінгі күнді өмірді байланыстырып, салыстыратын асыл қазынамыз.
Ендеше ұлттық мазмұнды есептерді шығару – бұл адамның ойлауқабілетін дамытып, логикасын жетілдіріп,  тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, халқының өткен өміріне көз жібертеді. Бір ғана мысал: қазақ отбасында баланың тілі жаңа шығып, сөйлей бастағанада ата-аналар оның алақанын қытықтап, саусақтарын бүгіп-жазып саусақ ойындарын ойната бастайды. Саусақтарын біртіндеп аша отырып,  баланың алғашқы 4 натурал сандарын 4 түлік мал атауымен таныстыруға даярлық жасайды.
Қазақ халқының математикалық білімінің тамыры терең. Ол қазіргі тілмен алғанда санаудың әртүрлі жүйесін мәселен үштік, ондық, тоғыздық пайдаланылған. Тоғыздық жүйе ешбір халықта кездеспейді.
Қазақ халқының тәрбиесінің математикалық астары да түрліше.
 Олар:
-         Жұмбақ есеп-         Өлең есеп-         Ертегі есепКөлден ұшты 40 қаз
Қайтып қонды 15 қаз.
Қонбады оның нешеуіҚане кім тез шешеді?
Қорыта айтқанда мұғалім бастауыш сынып оқушыларына математикалық ұғымдарды меңгертуде ең алдымен түсініктерін қалыптастырып алып, жеңілден күрделіге қарай түсіндіріп, оқушы санасына әдіс-тәсілдерді қолдана отырып меңгерту қажет.