Саба? та?ырыбы: ?ылым мен білімні? дамуы. 7 сынып
Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы КММ
Қазақстан тарихы
7 сынып
Сабақ тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Мұғалімі: Г.Х.Изахунова
2015-2016 оқу жылы
Қазақстан тарихы 7 сынып 27.11.2015
Сабақ тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Х – ХІІ ғасырда ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерімен таныстыру;
Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену;
Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, мақал – мәтелдердің жалғасын табу, талдау, тірек – сызба, тест, сәйкестендіру тест, сематикалық карта;
Сабақтың көрнекілігі:Карта, Әл – Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұнидің портреттері, мақал – мәтелдер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, оқушыларды топқа бөлу:
топ «Ғылым»
топ «Тіл»
3- топ «Әдебиет»
ІІ. Шаттық шеңберін құру.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ – жауап әдісі.
Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алғаны жазба деректерде аңғарылады. Мұндай бейнелер немен байланысты туған? (Зоостарлық фарнға)
Өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып, қорғаушы ретінде оған табынатын тайпа: (оғыздар)
Белгілі бір діни нанымдардың шығу тегін аңмен байланыстыратын табыну белгісі: (Тотем)
Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастаған дін: (Ислам)
Исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп қашан жариялады? (960 жылы)
Х ғасырдаОңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазған кім? (Әл-Максиди)
Құйрықтөбе және Отырар қалаларын қазған кезде ХІ – ХІІ ғасырға жататын үйлерде отқа табыну әдетіне байланысты не табылды? (ошақтар)
Х ғасырдың басында Қарахандар әулетінің негізін қалаушы Сатұқ хан қай дінді қабылдады? (ислам)
Ақтөбе қала жұртын қазғанда шарап ашытатын орыннан табылған кірпіштерде қандай таңба салынған? (христиандық крест)
Арабтар көрші елдерді қандай ұранмен жаулап ала бастады? (Дін үшін соғыс)
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Мақал – мәтелдердің жалғасын тап:
Ғылым – теңіз, .............(білім – қайық).
Ақыл азбайды, ..............(білім тозбайды).
Оқу – білім азығы, .........(Білім – ырыс қазығы).
Көп оқыған білмейді, ........(Көп тоқыған біледі).
Ілім – бұлақ ...........(білім шырақ).
Ердің атын аты шығарар, .......(Ғалымның атын хаты шығарар).
Тіліңмен жүгірме, ...........(Біліммен жүгір)
Білім арзан, ............(білу қымбат).
Байлықтың кілті - .............(ғылым).
Біздің тақырыбымыз: Ғылым мен білімнің дамуы
Мақсатымыз: Х – ХІІ ғасырда ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерімен таныстыру;
1.Ғылым дегеніміз не? - Ғылым (араб (ілім); лат. — білім) — жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі.
2.Ғылымның қандай түрлерін білесіңдер?
ІҮ. Сабақ жоспарымен таныстыру:
1. Ғылымның дамуы
2. Тіл білімінің дамуы
3. Әдебиет
Мұғалім сөзі: Сабаққа жалпылама шолу жасау.
Х- ХІІ ғасырларда қала мәдениетінің дамуы, Оңтүстік Қазақстанда ислам дінінің қанат жаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал етіп, Сайрам, Отырар, Түркістан қалалары біршама гүлдене түсті.
Осы ғасырларда ғылым, білім, әдебиет даму үстінде болды. Ғылым саласына тоқталатын болсақ, Қазақстанда ғылымның дамуына үлесін қосқан, екінші Аристотель атанған - Әбу- Насыр әл – Фараби мен Әбу Райхан әл-Бируни.
Тіл білімінің даму ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, Х ғасырға дейін түркі тілдес халықтарының бірнеше қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарын бастан кешіруі тілдің дамуына кедергі болды. Ал, бұл ғасырлардағы тіл білімінің дамуына үлесін қосқан ғалымдар: Махмуд Қашқари мен Жүсіп Баласағұн.
Үшінші мәселеге келетін болсақ, жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, көзі тірісінде – ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деген атқа ие болған әйгілі ақын- Ахмет Иүгнекиді айуға болады. Сонымен қатар Қожа Ахмет Йасауи.
Ү.Оқулықпен жұмыс.
І - тапсырма. Тұлғаны таны. Постер құру.
1. «Ғылым» тобы - Әбу Насыр әл- Фараби мен Әбу Райхан әл-Бируниге ғылымдық жолына тірек- сызба жасау;
2. «Тіл » тобы – Махмуд Қашқари мен Жүсіп Баласағұнның тіл білімінің дамуына қосқан үлестері бойынша тірек – сызба құру.
3. «Әдебиет» тобы – Ахмет Иүгнеки мен Қожа Ахмет Йасауидің әдебиет саласындағы қосқан үлестері бойынша тірек – сызба жасау.
2-тапсырма Тарихи домино ойыны
Әл – Фараби ғылымды өз бетінше зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға.
бетінше жеткен Әл-Фараби тұлға өз
үлкен ғылымды зерттеп, табыстарға ұлы
Махмуд Қашғари үш кітаптан тұратын «Түрік тілдерінің сөздігі» атты мәңгі өшпес мұра қалдырды.
«Түрік тілдерінің сөздігі» қалдырды. үш тұратын мәңгі
атты М.Қашғари мұра кітаптан өшпес
Баласағұни еңбегін Баласағұнда бастап, Қашғарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан.
Қашғарда Баласағұнда Баласағұни Сүлеймен Арслан бастап,
сыйға аяқтап, тартқан. ханға еңбегін
3-тапсырма. 1 – топ. Семантикалық карта. Дұрыс жауапқа «+» белгісін қояды.
№ Ғұламалар
Туған жылдары 870-950жж. 973-1050жж. 1030-1090жж. 1021-1075жж. ХІІғ.с-ХІІІғ.б. 1103-1167жж
1 Ахмет Иүгнеки + 2 Махмуд Қашғари + 3 Әбу Насыр әл-Фараби + 4 Жүсіп Баласағұни + 5 Ахмет Йассауи +
6 Әбу Райхан әл – Бируни + 2-топ. Сәйкестендіру тесті.
1 Ахмет Иүгнеки Даналық кітабы
2 Махмуд Қашғари 11811015938500 Түрік тілдерінің сөздігі
3 Әбу Насыр әл-Фараби 11811017462400 Данышпандықтың інжу-маржаны
4 Жүсіп Баласағұни 11811020700900 Құт негізі - білік
5 Ахмет Йассауи Ақиқат сыйы
6 Әл – Бируни 4191019748400 Асыл тастар
Жалпы көптеген түрік тілдес тайпалар түрік тілінде сөйлемегенімен олардың ішінде жергілікті тіл ерекшеліктері де болған.Оғыз, қарлұқ, қыпшақ тайпалары түбі түрік тілдес тайпалар қосылып ,бірігіп кетіп отырған. Түркі тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама үш кітаптан тұратын “Түркі тілдерінің сөздігі”атты мәңгі өшпес мұра қалдырды.Бұл еңбекті жазудан бұрын ол бүкіл түріктердің елі мен жерін түгел аралап шыққан. (Махмуд Қашғари)
Ол өзінің атақты “Құт негізі-білік” атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш рет түрік тілінде жазылған. Құтадғу білік”-ХІ ғ түркі тілді халықтарының қоғамдық ой-санасын орын алған,терең мазмұнды ғылыми еңбек. Оның еңбектерінде ғылымның философия, астрономия, алгебра салаларына тоқталады.Сол сияқты аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер,шешендік сөздер көп кездеседі. (Жүсіп Баласағұни)
ҮІІ-ІХ өркендеген ауыз әдебиеті Х ғасырда қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің негізін қалады.Бұл кездегі ислам дінінің кең тарауы жазба әдебиетінің жандануына әсерін тигізді. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын. (Ахмет Иүгнеки)
ҮІ. Сабақтың бекіту:Зымыран сұрақтар. «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап береді.
Сұрақтар қою:
1. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл – Фараби шығармаларын парсы тілде жазды. Жоқ (араб)
2. Өз еңбектерінде адам дүниесі және оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен ақыл – ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым Әл – Фараби. Ия
3. Махмуд Қашғаридің шын аты: (Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед). Ия
4. Жүсіп Баласағұни дүниеге келген қала: Отырар. Жоқ (Баласағұн)
5. Ж.Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Баласағұнда бастап Түркістанда аяқтаған болатын: Жоқ (Қашғар)
6. Сүлеймен Арслан хан Ж.Баласағұни сыйлығы үшін оған Ұлы хас-хажип деген лауазым берген: Ия
7. Ахмет Иүгнекидің шын аты: Жоқ (Ибраһим Ахмет Махмұдұлы)
8. Қожа Ахмет Йасауидің әкесі, атақты ғұлама адам: (Ибраһим) Ия
9. Қожа Ахмет Йасауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата аталған Сүлеймен Бақырғани.Ия
10. Қожа Ахмет Йасауидің еңбегі Даналық кітабы. Ия
VІІ. Бағалау:
VІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау