Мезозой заманында тіршілікті? дамуы
Пәні: Биология
Тақырыбы: Мезозой заманында тіршіліктің дамуы
Мақсаты:
Мезозой заманындағы тіршіліктің пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың ой-өрісін дамытып, дүниетанымын кеңейту, іздемпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың пәнаралық байланысы: география,экология.
Сабақтың әдісі: Джигсо әдісі, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын сұрау
Миға шабуыл
Палеозой заманы 6 кезеңнен тұрады (иә)
Пермьде кезеңінде сүтқоректілер пайда болды (жоқ)
Кембрийді - омыртқасыздардың даму кезеңі дейді. (иә)
Ордавик - қазба қалдықтар табылған жерді мекендеген тайпалардың аты (иә)
Ордовикте алғашқы өсімдіктер құрлыққа шықты (жоқ)
Ең алғашқы құрлыққа шыққан өсімдік псилофиттер деп аталды (иә)
Жаңа сабақ
Сынып оқушыларын түсті қағаз қиындыларына мезозой кезеңінің екі дәуірінің триас және юра атауларын жазып топқа бөлемін. Топқа бөлініп отырғансоң жаңа сабақ тақырыбын ашу мақсатында тақта арқылы «Ледниковый период» мульттоптамасынан көрініс көрсетемін. Осы көріністі тамашалап болғанда балаларға бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақ тақырыбын анықтайды.
Оқушылармен бірлесе отырып, жаңа сабақтың тақырыбы анықталып, тақырыпқа қысқаша сипаттама беремін. Содан кейін, топтарға тапсырма беріп, уақытты белгілеймін.
Мезозой заманында тіршіліктің дамуы
Оқушыларға тақырып мәтінін «Джигсо» әдісі бойынша оқып келесі топқа баяндауға дайындалуды тапсырамын. Дайын болған топтың баяндаушысы келесі топқа баяндап, өзінің орнына отырады. Топтық бағалау жүргізіледі.
Оқушылар осы тапсырманы орындап болғанда, осы тақырыпқа қатысты постерге түсіруді тапсырамын. Тапсырма орындалып болғанда топтық бағалау жүргізіледі.
Топтық тапсырманы аяқтағаннан кейін топтарға сергіп алуды ұсынамын, әдемі әнді бірге орындаймыз.
Сергіту сәті (Жаса, қазағым)
Бекіту
Палеозой мен мезозой заманындағы тіршіліктің пайда болуын салыстыру
Палеозой заманы Мезозой заманы
6 кезеңнен тұрады 3 кезеңнен тұрады
Кембрий - омыртқасыздардың даму кезеңі Климаты құрғақ және жылы болуы
Алғашқы өсімдіктердің құрлыққа шығуы Кейбір жорғалаушылардың түрлерінің жойылуы
Сауытты балықтардың пайда болуы Динозаврлардың пайда болуы
Ашық тұқымды өсімдіктердің пайда болуы Гүлді өсімдіктердің пайда болуы
Жорғалаушылардың даму кезеңі Ұшпайтын алып құстардың пайда болуы
Қорытынды
Тест сұрақтары
Мезозой заманы қанша кезеңнен тұрады?
А) 6 В) 5
С) 3 Д) 2
Е) 1
Жаңа Зеландияның аралдарында сақталып қалған нағаз “тірі қазба” деп аталатын жорғалаушы?
А) Кесіртке В) Гаттерия
С) Жылан Д) Қолтырауын
Е) Тасбақа
Динозаврлар “билеушісі “ деп аталатын кезең?
А) Юра
В) Триас
С) Бор
Д) Силур
Е) Девон
Гүлді өсімдіктердің қарқынды даму кезеңі?
А) Неоген В) Юра
С) Триас Д) Бор
Е) Пермь
Алғашқы құс қалай аталды?
А) Брахинозавр В) Триконодонтар
С) Архозаврлар Д) Архептерикс
Е) Гаттерия
Бағалау
Сабақ соңында оқышылар қорытынды бағаны шығарады. Осылайша бүгінгі сабақтағы балаларға баға қоямын.
Үйге тапсырма
§ 26 Мезозой заманында тіршіліктің дамуы