Жылулы? с?улелену. Абсолют ?ара дене. Стефан – Больцман за?ы.


Сабақ тақырыбы : §47. Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. Стефан – Больцман заңы.
Күні: 15.02.2017 жыл Мұғалімнің есімі:Купжасарова А.К.
Сынып: 9 «б» Оқушылар саны: 22
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Жылулық сәулелену жайлы мағлұмат ала отырып, Стефан – Больцман заңын тұжырымдап, жылулық сәулелердің таралуын күнделікті тұрмыспен байланыстырып, формулаларды есептер шығаруда қолдануды үйрету.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
А. Жылулық сәулелену жайлы мағлұмат алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
В. Стефан – Больцман заңын тұжырымдап, жылулық сәулеленудің түстерге шағылуын ажырата алады.
Кейбір оқушылар:
С. Стефан – Больцман заңының формуласын түрлендіріп, есеп шығаруда қолдана алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Оқушы өзіндік ой түйеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Терминмен, формуламен,тәжірибемен жұмыс жасайды;
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)
Астрономия негіздері тарауын қорытындылау мақсатында тілдік сауаттылықты қолданып сәйкестендіру жұмысын екі тілде жүргізу.
Сіз неліктен .... екенін аласыз ба?(айтылым)
Абсолют қара дене сәулені жұтатыны, ал ақ дене сәулені шағылдыратыны туралы түсінік беру
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Сабақтың әдіс-тәсілдер Тренинг, «Сәйкестендіру», кеңейтілген тапсырмалар, «Есте сақта», «Алақан» әдісі, т.б.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) Формативті бағалау (ОҮБ) Ресурстар
Басталуы
(10 миқнут) Кіріспе. Таныстырылым (2мин)
Оқушылармен амандасу. Good morning children! Sit down please
1.Кім кезекші? Who is on duty today? Stand up please
2.Сабақта кім жоқ? Who is absent today? Sitdown please
3.Бүгін қандай күн? What day is it today?
4.Бүгін нешесі? What is the day today?
Психологиялық дайындық. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» мұғалім бірінші тілек. Оқушылар бүгінгі сабаққа сіздерге сәтілік тілеймін.
Жұпта бір - біріне қарап:
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестіктер» болсын!
Оқушылар тілекті бір-біріне жалғастырып, тілек айтады
Күннің суреті арқылы топқа бөлінеді.Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады.
Үй тапсырмасын тексеру (5мин)
Үйге берілген тапсырманы қайталау мақсатында және терминдерді ағылшын тілінде қайталап еске түсіру үшін төмендегі тапсырманы орындайды.
Интерактивті тақтада берілген тапсырманың қазақ тіліндегі нұсқасын ағылшын тілімен сәйкестендіру.
Қазақ тіліндегі нұсқасы: Ағылшын тіліндегі нұсқасы:
Аспан координаталары - Сelestial axials
Жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін факторлары-
Factors impacting on stellar luminosity
Аспан сферасының негізгі элементтері- Main elements of the celestial sphere
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы- Planisphere
Жұлдыздардың шарықтауы - Meridian passage
Жергілікті уақыт - Local time
Белдеулік уақытты - Zone standard time
Бүкіләлемдік уақытты - Universal time
Аспан денелерінің қозғалысы - Celestial motion
Кеплер заңы - Kepler’s law
Күнтізбе – Calendar
Тұсаукесер. (3 мин)
Сабақтың жаңа тақырыбын ашу үшін түрлі жылулық сәулеленуге байланысты суреттерді көрсетіп жаңа тақырыптың тақырыбына көшеміз. Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырады.
Мұғалім тарапынан белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, қалған оқушылар ынталандырылып отырады.
Good, жақсы, жарайсың деген мадақтаулармен мадақталады.
Сурет қиындылары, ресурс, бағалау парақтары, слайд, т.б.
Ортасы
(25 минут) Табыс критерийі
1. Жылулық сәулелену жайлы мағлұмат алады.
2. Стефан – Больцман заңын тұжырымдап, жылулық сәулеленудің түстерге шағылуын ажырата алады.
3. Стефан – Больцман заңының формуласын түрлендіріп, есеп шығаруда қолдана алады.
І топ тапсырмасы: Жылулық сәулелену құбылысын түсіндіру.
Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды.
Жылулық сәулелердің барлық түрлері электромагниттік толқынға жатады.
Денелер жылулық сәулелерді шығарумен қатар жұтады.
Тәжірибе:
Өзіне келген әр түрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.
ІІ топ тапсырмасы:Абсолют қара денені түсіндіру.
Мысалы:

ІІІ топ тапсырмасы: Стефан – Больцман заңын тұжырымдау.
Rт=σT4
Абсолют қара дененің толық сәуле шығару қабілеті оның абсолют температураның төртінші дәрежесіне тура пропорционал.
σ= 5,67•10-8 Вт/м2К4 –Стефан –Больцман тұрақтысы.
RТ-дененің сәуле шығару қабілеті.
Т-абсолют температура. Өлшем бірлігі Кельвин.

Бағалау : Бірін – бірі бағалайды
Постерлер астына топтар ақылдасып,
арқылы басқа топтарды бағалайды. Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады, ізденеді.
Оқулық, тәжірибе құралдары (шыны құты, жылу пеші, мақта), стикерлер, презентация, бейнежазба
Есте сақта
Бүгінгі танысқан термин сөздерді сөздік дәптерге түсіру.
Сәуле-screening
Жылу- warmth
Жылулық сәуле шығару- Thermal radiation
Абсолют қара дене-absalute blaсk body
Температура- temperature
Электромагниттік толқындар- electromagnetic waves
Толқын ұзындығы-the length of the wave
Толқын жиілігі-the frequency of the wave
Сәуле шығаргыштық қабілеті-the ability of emitters Оқушылар жаңа сабақтағы терминдердің ағылшын тіліндегі нұсқасын сөздік дәптерге жазады. Терминдер ағылшын тілінде интерактивті тақтада көрсетіледі
Деңгейлік тапсырмалар. Есептер шығару№1. (А) Абсолют қара дененің температурасы 400К болғанда дененің энергетикалық жарқырауы неге тең? ()
№2. (В) Қандай температурада абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауы R=459 Вт/м2-ге тең болады?() 3.(С) Балқыту пешін абсолют қара дене деп алып, оның ауданы
S=8 см2 болатын бақылау терезесінен t=5 мин-та шығатын энергиясын табыңдар. Пештің температурасы Т=1000 К.
() Есепті орындарында бірінші орындаған оқушы, тақтаға шығып орындайды. Мұғалім қолпаштау арқылы бағалайды. Аяқталуы
(10 минут) Тақырыпты түйіндеу мақсатында бейнежазба (3 мин) Оқушылар бейнежазбандан абсолют қара дененің әртүрлі жиіліктегі сәулелердің толық жұтылуын және Стефан-Больцман заңының формуласымен танысады. Бейнежазба көрсетілім
Бағалау.Оқушылар өздерін бағалау парағы бойынша бағалайды. Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Деңгейіне сәл жетпеген оқушыларды ынталандыру. Сабақтың әр кезеңіне 1балдық жүйеде бағалау жүреді.
№ Оқушы-ның аты-жөні Сәйкестен-діру Тақырыптың мәнін ашуы Топтық жұмыста өз идеялар-ын ұсына білуі Деңгей-лік тапсыр-маны орын-дауы Қоры-тынды
1 Рефлексия (кері байланыс) (1 мин)

«Алақан» әдісі арқылы
Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды!
Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.
Ортаңғы бармақ– маған................түсініксіз болды
Төртінші бармақ – бұл жерде орта...
Кішкентай бармақ– мен ............... туралы ізденгім келеді.
Үйге тапсырма: your home task §47. тақырыпты оқу.
§48 тақырыпты оқып танысу
«Жылулық сәлелену» тақырыбына ағылшын тілінде шағын эссе жазу.
Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар. Good bye! Оқушылар сабақ жоспарына сай критерий лері арқылы өз-өздерін бағалайды, Бағалау және кері байланыс парақшалары
БҚО Орал қаласы М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ- нің физика пәні мұғалімі
Купжасарова Алмагул Калымжановна