Саба? жоспары ?ызы? тілі 3 сынып т?бір мен ?осымшаны? жазылуы


Күні:
Сабақ:қазақ тілі
Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.
Мақсатымен міндеттері:оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік:сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; түбір мен қосымшаның жазылуын ұғындыру түсініктерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық:сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; қосымшалардың ажырата білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік:ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Көрнекіліктер:кесте;,құстар суреттері, қималы карточкалар., сызбалар.
Әдіс-тәсілдер:жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру Үй тапсырмасын тексеру
Өткенді қайталау: тақтаға оқушы шығады
-түбір деген не? мысал келтір
- туынды сөз деген не? мысал келтір
-қосымшаларда ата.қандай қосымшаларды білесің?3-4 жұрнақ, 3-4 жалғау ата, олармен сөз ойла.
- түбірлес сөздерге мысал келтір.
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс
Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу.
Күй -шы, -,ге
Жыр -ла, -лер,
-дың, -ші, -лар
- тақтаға екі оқушы шығып, қосымшаларды қосып жаз.
Екі бағанға жазылған сөздерді салыстыру не байқадыңдар?
Қандай қорытынды жасауға болады?
- теріп жазу-2 оқушы- құстар суреті ілінеді.
Оқы өте қызық!
Сұңқар- жыртқыш құстар түрлеріне жатады. Олар Антрактикадан басқа жерлердің барлығында кездеседі. 58 түрі бар.Олар өздері ұя салмайды, кіші құстардың ұяларына жұмыртқа салады.
Пингвин- Антарктадада кездеседі, оның 17 түрі бар.Олар балықпен қоректенеді.Олар қыста жұмыртқалай. Суда өте жақсы жүзеді.
Қарлығаш-торғай тұқымдасына ұксас , 7 түрі кездеседі.аяғы қысқа болғандықтан көп жүре алмайды, сондықтан жерге тек ұяға керек заттар үшін қонады. Ұяларын адам жанына салады.
Бүркіт-жыртқыш құс, 9 түрі бар.ұяларын тасқа, жергеағаш басына салады. «Қызыл кітапқа енгізілген». Өзінен кіші жануарлармен қоректенеді. Ұшып келіп бас салады.

Ережемен жұмыс- оқу, қайталау, өздерінің мысалын келтіру.
жаттығу- Екі бағандағы сөздердің айырмашылығына көңіл бөл.
Бөрік-бөркі көрік-көркі
Әріп-әрпі ерін-ерні
Ереже бойынша жұмыс: 21-бет
Соңғы буындағы ы,і дыбыстары бар кейбір сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіп қалады.
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту:


-сөздерге жалғаулар жалғап жаз, сөз құрамына талда.
2-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, белгіле. Қандай өзгеріс болғанын айт.
Орнына, көркі, әрпінің, халқы.
3-жаттығу. Сөздерді сөз құрамына талда. Сол сөздерге сұрақ қой.
Дарынды, бағала, батылдық, күзгі, қайратты, өнегелі.
Екі-үш сөзбен сөйлем құрастырып жазу.
4-жаттығу. сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, өзгерген дыбыстарды белгіле.
Көлігі, күшігі, добы, қабығы.
Сабақты бекіту.
4.Үйге тапсырма: 5-жаттығу 22- бет