?аза? тілі Т?бір мен ?осымшаны? жазылуы


 Сабақтың тақырыбы: 1. Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы білімдерін тексеру және бағалау.2. Оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту. Өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, әдепті болуға тәрбиелеу. Шырылдады қоңырау,Біз сабақты бастаймыз.Партамызға отырып,Өзара көз тастаймыз.Табыс тілеп көзбенен –Алға қадам аттаймыз. БҮГІНГІ САБАҒЫМЫЗДЫҢ МАҚСАТЫ: Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы білімімізді тексереміз және бағалаймыз. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: - Жаттығулар жасау.- Ойын «Гүл күлтесін жинау».Шағын тест.Шығармашылық тапсырма. СҰРАҚ-ЖАУАП 1. Сөз неден құралады?2. Дыбыс нешеге бөлінеді?3. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?4. Дауыссыз дыбыс ше?5. Сөз құрамы неден тұрады?6. Түбір сөз деген не?7. Қосымша деген не?8. Қосымша неше түрге бөлінеді?9. -нені білдіреді?10. Мысалдар келтіру (сурет көрсету) 52-ЖАТТЫҒУ (ТАҚТАМЕН ЖҰМЫС) Берілген сөздерге қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жазу.Өнерпаз, жұлдыз, шолпы, орақ.Зергер, киіз, күміс, шегіртке ұста, білезік. ШОЛПЫ – қыздардың бұрымға тағатын әшекейі. Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соғады. Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі үлкен тұмаршасының етегіне шынжырлап немесе үзбелеп соғып, сөлкебай тіркелген бірнеше салпыншақ тағылады. Зергер– алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды (сақина, сырға, білезік, қаптырма, т.б.) алтынмен аптап, күміспен күптеп, зерлеп, ажарын, сәнін кіргізіп, айшықтап жасаушы. Дәстүрлі қазақ қоғамында зергер жасайтын бұйымдардың дені қазір механикалық әдіспен шығарылады. Алайда, зергер жасаған дара бұйымдар өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Жазу жаздық шаршадық,Орнымыздан тұрайық.Қимылдатып аяқты,Шапалақты ұрайық.Отырайық, тұрайық,Соқтығысып қалмайық.Сәл демалып алған соң,Жазуды қайта жалғайық. 53 – жаттығу (ауызша) Қармен жазылған сөздерді салыстыр, түбір сөздің соңғы дыбыстарына назар аудару.Өлеңді мәнерлеп оқу.Кітап та – алма ағашы Жемісін біздер теретін.Тәтті алмаға балашыКітабыңның әр бетін. Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап- адал пейіл, асыл дос. Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең? Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем! ОЙ ҚОЗҒАУ. Сандық-сандығы Өрік-өрігі Шөп-шөбі Доп - добы Үйрек - үйрегі Құдық -құдығы ЖІКТЕУ 54 – жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жатқа жаз.Қарамен жазылған сөздердің түбірін табу және түбір сөздің соңғы дыбысының неліктен өзгергенін түсіндіру.Шидиген ұзын сирағы,Тастай керең құлағы. Сөйтіп жүріп көп жерге,Аспалы тор құрады.(Өрмекші) 55 – жаттығу. Ойын: «Гүл күлтесін жинау». Сөздерге ы,і әріптерінің тиістісін жалғап көшіріп жазу. Өзгерген әріптің астын – бір, жалғаудың астын екі рет сызу. І топ ІІ топ бұршақ кірпік күрек көбелек бүйрек құлақ жарық есіктоқылдақ жаңғақ сандық өрік КҮРЕК ЖАҢҒАҚ ӨРІК САНДЫҚ ТОҚЫЛДАҚ ЖАРЫҚ БҮЙРЕК ЕСІК БҰРШАҚ КІРПІК КӨБЕЛЕК ҚҰЛАҚ Ы,І Ы,І І топ ІІ топ Бұршақ - бұршағы кірпік - кірпігі Күрек - күрегі көбелек - көбелегі бүйрек - бүйрегі құлақ - құлағы Жарық - жарығы есік -есігітоқылдақ - тоқылдағы жаңғақ - жаңғағысандық - сандығы өрік - өрігі КҮРЕГІ ЖАҢҒАҒЫ ӨРІГІ САНДЫҒЫ ТОҚЫЛДАҒЫ ЖАРЫҒЫ БҮЙРЕГІ ЕСІГІ БҰРШАҒЫ КІРПІГІ КӨБЕЛЕГІ ҚҰЛАҒЫ Ы,І қар күреді. Балалар қар күреді,Қарды ауладан ары күреді.Күрегі бардың бәрі қар күреді. ШАҒЫН ТЕСТ. (БІРІН-БІРІ ТЕКСЕРУ) І – нұсқаСөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігіа) түбірлес сөз б) түбір сөзв) туынды сөз2. Туынды сөзді тапа) қаламб) орынв) оқушы3. Дұрыс жазылған қосымшалы сөзді тапа) өршеклершіб) өрмекшілерв) өрмекшы4. Түбір сөзді тапа) есіктіб) кесев) білімді5. Жұрнақтың белгісін көрсета) б) в) І – нұсқаТүбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөза) туынды сөзб) түбір сөзв) түбірлес сөз2. Қосымшалы сөзді тапа) ағаныңб) інів) ата3. Туынды сөзді тапа) түлкіб) іскерв) машина4. Дұрыс жазылған қосымшалы сөзді тапа) орынтардықб) орындікв) орындықтар5. Жалғаудың белгісін көрсета) б) в) Тест жауабы:І – нұсқа1 – Б2 – В3 - Б4 – Б5 - А ІІ – нұсқа1 – А2 – А3 - Б4 – В5 - Б Шығармашылық тапсырма: (суретпен жұмыс) Бағалау парағы № Оқушылар аты -жөні Ұпайы Бағасы № Оқушылар аты -жөні Ұпайы Бағасы 1. Мейірхат Алуа Аделя Махмуд Бекжан Бақыт Сырым Бекзат Нұрым Ерболат Жанна Ақерке Жанерке Аяжан Эльзат Диас Дамир Дана Бақтияр Ислам Дәурен Байдәулет 25 ұпайдан жоғары - «5»20 – 24 ұпай - «4»15-19 ұпай – «3» ІV.Үйге тапсырма беру. Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.1. 57-жаттығу2. Мақал-мәтелдер жазу.3. Ережелерді жаттау.4. Оқушылардың білімін жинаған ұпайларына байланысты бағалау.