Т?бір мен ?осымшаны? жазылуы 270 – 273 жатты?улар. 3 сынып.


№138 орта мектепАшық сабақТақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы. 270 – 273 жаттығулар. 3 – сыныпМұғалімі: Абильдаева БалжанҚызылорда қаласы Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы. 270 – 273 жаттығулар.Мақсаты: Білімділігі: Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы білімдерін тереңдету. Кейбір түбірлердің соңғы әріптерінің өзгеруін түсіндіру.Тәрбиелігі: Оқушыларды сауатты жаза білуге, ынталы болуға, ой-өрісін жетілдіруге тәрбиелеу.Дамытушылығы: Оқушылардың түбір мен қосымша жайлы білімдерін сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.Көрнекілігі: Ереже таблицасы, суреттер, ойындар, ребус.Түрі: білім мен іскерлікті игеру.Әдіс-тәсілдері: ой – қозғау, ассоциация құру, өзіндік жұмыс, ой – толғаныс. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сабаққа дайындығын ұйымдастыру. 2. Оқулықтары мен дәптерлерін дайындау.ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Сұрақтар арқылы ережелерді пысықтау. 1. Түбір деген не? 2. Жұрнақ деген не? 3. Жалғау деген не? 4. Туынды сөз деген не? 5. Түбірлес сөз деген не? ІІІ. Жаңа сабақІ. Қызығушылығын ояту.2 класта өтілген п – б, к – г, қ – ғ әріптерінің өзгеруін еске түсіру.“Миға шабуыл” әдісі Үш қатарға үш тапсырма беріледі. п – б к – г қ - ғ 2. 270 – жаттығу. (Ауызша)Өлеңді мәнерлеп оқыту.Өлеңінің мағынасын сұрау.Қарамен жазылған сөздерді салыстыру. Кітап та – алма ағашы Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы Кітабыңның әр бетін. (Н.Әлімқұлов) 3. Ережесін тұжырымдау.Қосымша жалғанғанда, кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді.доп – добы сеп - себукүрек – күрегі тақ – тағу 4. 271 – жаттығу. (жазбаша)Сөздерді оқыту.Ы, І әріптерінің тиістісін жалған жаздырту.Өзгерген әріптердің астын – бір, жалғаулардың астын 2 рет сыздырту. Астық, қонақ, бөбек, өрнек, құрақ, бұлақ, көлік, білек, жүрек, жарық, одақ, терек. 5. 272 – жаттығу. (өзіндік жұмыс)Өлеңді көшіртіп жаздырту.Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдату.Түбір сөздің соңғы әрпі неге өзгергенін анықтау. Шөп ішінен қаулаған Айырам атқұлақты. Жапырағы аумаған Ат құлағы сияқты Тілек Әр күнің ашық болсын! Жүздерің жарқын болсын! Талаптарың таудай болып, Сарқылмайтын білім болсын!IV. ҚорытындыОқушылардың білімін бағалау.Үйге: 273 – жаттығу. Ереже жаттау.