Поурочный план по информатике на тему Жасанды интеллект ж?йесіні? ??ымы
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________20__ ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдықVII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Ақпараттық жүйенің ұғымы деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Жасанды интеллект – бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға (мағына проблемасына) жүгіну талап етілетін үдерісте есептесу сипатындағы емес шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу бағыты.ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде.
ЖИ саласында жұмыстың басталуын ЭВМ-нің жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісін қайталауы(имитациялауы) тиіс болды.
Егер ЖИ-ді қолдану саласын жасалған үлгілер саны бойынша қарайтын болса, онда олар былайша орналасқан болар еді:
Медициналық диагностика ,оқу, кеңес беру,
ЖИ-ді жобалау.
Әртүрлі салаларда міндеттерді шешу бойынша пайдаланушыларға көмек көрсету.
Автоматтық бағдарламалау. ПО сапасына тексеру мен талдау.
Өте үлкен интегральды схемаларды жобалау.
Қондырғыларды жөндеу бойынша техникалық диагностика және ұсыныстамаларды жасау.
Әртүрлі пәндік салаларда жоспарлау және мәліметтерді талдау, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде.
Геологиялық мәліметтерді интерпретациялау және пайдалы қазбалардың табылуы бойынша ұсыныстамалар.
Үйге тапсырма
Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, лқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.