?аза?станны? т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына орай «ХХІ ?асыр к?шбасшысы»


ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН
Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Казбекова Г.М., физика және математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Чапаев негізгі мектебі»ММ
Мақсаты: Оқушылардың математика дамуы мен сандық үлгідегі Қазақстан Республикасының тарихынан білімдерін жүйелеу.
Міндеттері: 1) Оқушылардың кездейсоқ жағдайлардағы ұсынылған, өздігінен және сабақта алған білімдерін қайталап, бекіту;
2) Өздігінен жасалған әрекет дағдыларын қалыптастыру;
3) Математикаға деген тұрақты қызығушылық пен шығармашылық белсенділікті дамыту;
4) Математикалық сандардың көмегімен пәнаралық байланысты жетілдіру;
5) Оқушыларды қарсыласқа деген құрметке, төзімділікке, жеңіске жігерленген ерікке, тапқырлыққа, ықыластылыққа, жинақылыққа баулу;
Құрал-жабдықтар мен материалдар: интерактивті тақта, қазылар алқасына арналған жауап парақтары мен бланктар.
Біз өткір бәсекелестікке дайын болуымыз керек.
(Н.Ә.Назарбаев)
Ойын барысы.
1. Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі ойынымыз Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Алдағы уақытта дами түсу үшін елімізге кемелі келген, шығармашылық жағынан ойшыл, сауатты адамдар қажет!
Бүгінгі ойында сендер математика дамуы мен сандық үлгідегі Қазақстан Республикасының тарихынан білімдеріңді тереңдете түсесіңдер.
№1 жүргізуші. Армысыздар! Математиканы сүйіп оқитын, математиканы үйрететін, математикамен айналысатын және математикамен әуестенетін адамдардың барлығына жаппай «қош келдіңіздер!» дегіміз келеді.
№2 жүргізуші. Ал, ендеше, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынын бастайық!
а) Ойынның қатысушыларын таныстыру.
б) Қазылар алқасын таныстыру.
1-айналым. «Бәйге» (дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі)
1. Қайсысы үлкен – араб сандарының сомасы ма, әлде олардың көбейтіндісі ме? (Сомасы)
2. Қай ел араб сандарының Отаны болып табылады? (Индия)
3. 3 ондыққа 3 ондықты көбейтсек, қанша ондық шығады? (90 ондық)
4. Ең алғашқы математик әйел (С. Ковалевская)
5. Қазақстанда қанша ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады? (Жүзден аса)
6. Евклидтің сендер геометрия сабағында жиі айтатын сүйікті фразасын атаңдар (Дәлелдеу керек болғаны осы).
7. Қазақстан қай жылы ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) мүшесі атанды? (1992 жылы 2 қаңтарда)
8. Квадрат теңдеу коэффициенттері арасындағы байланысты білдіретін теорема осы кісінің атымен аталады. (Франсуа Виет).
9. 10-ды жартыға бөліңдер. (20)
10. Танымал теоремаға аты берілген б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген ежелгі грек математигі. (Пифагор)
2-айналым. «Полиглот» (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
1. Отан (Родина, Motherland)
2. Тәуелсіздік (Независимость, Independence)
3. Елбасы (Президент, President)
4. Ту (Флаг, Flag)
5. Әнұран (Гимн, Hymn)
6. Математика (Математика, mathematics)
7. Дәптер (Тетрадь, copybook)
8. Мектеп (Школа, school)
9. Демалыс (Каникулы, holidays)
10. Оқушы (Ученик, pupil)
3-айналым. «Қара жәшік»
Қара жәшікте жатқан нәрсені көзеші ұршығы мен әлемдегі ең бірінші араны ойлап тапқан дарынды бозбала шығарды. Помпей күлінің астында археологтар қоладан жасалған дәл осындай заттардың талайын тапқан. Бұл бұйым Нижний Новгород жеріндегі қазба жұмыстары кезінде табылды. Ежелгі Грекияда бұл затты пайдалану шеберліктің шыңы болса, ал тапсырмаларды орындау үшін қолдану – үлкен сана мен қоғамдағы жоғары жағдайдың нышаны саналды. Осынау нәрсенің архитектура мен құрылыста теңдесі жоқ. Жүздеген жылдар бойы оның құрылымы өзгерген жоқ. Қазіргі таңда оны кез келген оқушы қолдана алады. Сонымен, бұл жәшікте не жатыр? (Циркуль)
4-айналым. «Шешен»
«2030 жылы Қазақстанды математикалық тұрғыдан көз алдыңа қалай елестетесің?» деген тақырыпқа хабарлама дайындау..
5-айналым «Жорға»
Әр қатысушыға 5 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап үшін – 10 балл.
Бірінші қатысушыға арналған сұрақтар:
1) Ежелгі грек математигі Евклидтің басты еңбегі қалай аталады?
А) «Негіздер»;
Ә) «Бастамалар»;
Б) «Старттар»;
В) «Бастаулар».
2) Математиканың қай бөлімін гректер «сандар өнері» деп атады?
А) арифметика;
Ә) алгебра;
Б) математикалық талдау;
В) геометрия.
3) Заманауи фотоаппараттар қандай болып келеді?
А) цифрлы;
Ә) сандық;
Б) формулалық;
В) логарифмдік.
4) Барлық қабырғалары белгілі болған жағдайда үшбұрыштың ауданын қай формула арқылы табуға болады? (Герон формуласы арқылы)
5) Қостанай қаласының негізі қашан қаланды? (1879 жылы)
Екінші қатысушыға арналған сұрақтар:
1) Екі жақтың арасындағы дау-жанжалға мүдделі емес, бейтарап жақ:
А) үшінші жақ;
Ә) бесінші жақ;
Б) жетінші жақ;
В) оныншы жақ.
2) Ежелгі орыс есебінде 100 мың саны қалай аталды?
А) легион;
Ә) когорта;
Б) полк;
В) орда.
3) Математикалық теңсіздіктер қандай болады?
А) дәл емес;
Ә) қатаң емес;
Б) әдепсіз;
В) тәрбиесіз.
4) Кеңістік геометриясын кім қалыптастырды? (Лобачевский, Риман)
5) Қостанай қаласында қай батырға ескерткіш қойылды? (Қобыланды батыр)

Қорытындысын шығару. Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.
Мұғалімнің сөзі: Бүгін жастар өздерінің шығармашылық тұрғыда ойлай алатындығын, ерекше шешім таба алатындығын және ойларын сауатты түрде жеткізе алатындығын көрсетті. Менің пайымдауым бойынша, олар Тәуелсіз Қазақстанның болашақта дамуына өз үлестерін қосады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Математика сабағындағы ойындар» Данилов И.
2. Депман И., Виленкин Н. Математика кітабы. – М.: «Просвещение», 1989 ж.
3. «Математика и физика в школах Казахстана» - 2009 ж
4. «Әдіскер мұғалім» 2005