Ашы? саба? Химиялы? байланыс. Ковалентті байланыс. Полюсті ж?не полюссіз байланыстар. 8 класс


Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыс. Ковалентті байланыс. Полюсті
және полюссіз байланыстар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химиялық байланыс, кристалл торлары, тотығу-тотықсыздану жөніндегі білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау.
Дамытушылық: Химиялық формула, химиялық қосылыстар, химиялық байланысты, кристалл торларын ажырата білуге, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты ажырата білу біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу.
Тәрбиелік: Ізденімпаздылыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: кристалл торлары, компьютер, слайдтар, кестелер, деңгейлік тапсырмалары, индикатор, ерітінділер (тұз қышқылы, натрий гидроксиді, су)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
(амандасу, оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару) – 1 – 2 мин.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «сұрақ - жауап» арқылы тексеру:
«Миға шабуыл» (деңгейлік тапсырмаларды тарату, өткен тапқырыптарды еске түсіру сұрақтарын қою) – 10 мин.
Электіртерістілік дегеніміз не?
Электіртерістілік топ, период бойынша қалай өзгереді?
Электіртерістілік ең жоғарғы элемент, ең төменгі элемент?Период бойынша элементтің атом ядроларының зарядтары өскен сайын олардың сыртқы электрондық қабаттарын толтыру аяқтала бастайды. Осыған сай элементтердің бейметалдық қасиеттері күшейіп, олардың электртерістіліктері арта түседі. Бұдан электіртерістік элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерін көрсететін шама екенін байқаймыз. Элементтердің электіртерістігі туралы мәліметтер олар түзетін химиялық байланысты түзуге көмегін тигізеді.
№3 жаттығу (167 - бет)
Мына элементтерді 25- кестенің және периодтық кестенің көмегімен электртерістіктерінің өсу ретімен орналастырыңдар: фосфор, магний, бор, цезий, оттек, кремний, калий көміртек, сутек, литий, фтор, күкірт.
ІІІ. Жаңа тақырыпты оқып үйрену.
Заттың химиялық қасиеттеріне сүйіне отырып, оның молекуласының құрылысын анықтауға болады. Сонда жұптаспаған электрондар жұптасу үшін атомдар арасында химиялық байланыс түзіледі. Сыртқы валентілік электрондарын 8-ге толтыру үшін электіртерістілігі төмен элементтер беріп жіберсе, электіртерістігі жоғары элементтер қосып алуға бейім.
Бірінші рет электронды бұлттың құрылысын түсіндірген Бор жасаған атом моделінің пайда болуы химиялық байланыс және оның электронды құрылысы туралы түсініктің қалыптасуына әсер етті. Бор моделі бойынша электрондар атомда белгілі бір энергетикалық күйде, яғни энергетикалық деңгейде болады.
Сондықтан арасында байланыс түзіледі. Химиялық байланыстың 1916 жылы американ ғалымы ЛЬЮИС теориясын ұсынды.
Теорияда - 1. Атомдар молекула құрып біріккенде ортақ электрон қосағын түзу арқылы өздерінің сыртқы қабаттарын инертті газдардікіндей етуге тырысады. Химиялық байланыс әсерлесуші атомдардың екеуіне де ортақ электрон жұбы арқылы жасалады. Бір электрон жұбын түзу үшін әр атом бір - бір электроннан жұмсайды.
Бір не болмаса бірнеше электрон жұптары арқылы түзілетін химиялық байланыс коваленттік байланыс деп атайды.
Жалпы алғанда әрекеттесуші атомдардың электіртерістіктерінің азғантай болса да айырмашылықтарына байланысты, көбіне молекулалар ковалентті поюсті байланыс түзеді. Коваленттік полюсті байланыс көбіне қышқылдарға тән.
Полюсті молекуладағы электрондар ығысқан кезде атомдар қосымша зарядқа ие бола бастайды. Молекуланың бір жағы оң, бір жағы теріс зарядталады. Мұндай молекулалар полюсті деп аталады.
IV. Бекіту бөлімі
А) Өзіңді өзің тексер:
Электртерістілік - бұл …….
Ковалентті полюсті байланыс – бұл …..
Ковалентті полюссіз байланыс – бұл …..
Электртерістілігі ең жоғары элемент - …….
Ковалентті байланысы бар заттардың кристалдық торы қандай болады?
Мына заттардан ковалентті полюсті байланысты заттарды теріп жазыңдар:
HCl, O2, H2S, SO2, OF2, Br2, H2, PCl3, CH4Б) Молекулаларды құру тәртібі
Жұптаспаған электрон ē санын мына формула бойынша есептеңіз. 8 – N. (N – топ нөмірі)
Атомдарды бір бірімен жұптаспаған ē электрондары арқылы орналастырып жазу.
Молекулаларды құру тәртібі
Электронды және құрылымдық формулаларын жазу.
V. Қорытындылау, бағалау.
VI. Үйге тапсырма: §63 2- жаттығу (169 - бет).