Презентация Коучинг сессиясы: Саба?та?ы кері байланыс
*--* 0 Сабақтағы кері байланысКоучинг тақырыбы:
• Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс : Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам») т. с. с
«Алма ағашы» әдісі • Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. • Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН • «Таңдау» әдісі. • 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. • 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. • 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. • 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым • 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. • Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
• Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)«Аяқталмаған сөйлем» әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау- “Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін” деген сияқты ой - пікірлеріңді білдіру. “Синквейн” әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетінанықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы: “Аяқталмаған сөйлемдер” * Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды.*..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.* Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім*Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім.*................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым* Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді
«Плюс, минус, қызықты»«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
Қорытынды: Рефлексия (кері байланыс)- сабақтың бір кезеңі. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сыни тұрғыдан талданып ,меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады. Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.