Саба?та?ы кері байланыс. Рефлексия. коучинг


Бекітемін:
Коучинг тақырыбы Сабақтағы кері байланыс. Рефлексия.
Күні: 16.04.2015 жыл
Коуч: Салахитденова Гульнура Талаповна
Жалпы мақсаты: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Күтілетін нәтиже: Коучинг сабағынан соң мұғалімдер сабақтағы кері байланыстың мақсатын, бағытын түсінеді, кері байланыс ұйымдастырады.
Әдіс-тәсілдер: Диалог, топтық жұмыс
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, бейнежазба, І «Бетпе-бет» ресурстары.
Коучинг барысы: Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Күтілетін нәтиже
1.мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу, өзара тілек айту.(2 мин.)
2.Кәмпиттердің қағаздарына қарай топқа бөлу (3мин.) Мұғалімдер бір-біріне жылы тілек айтады;
Топтарға бөлінеді Ынтымақтастық ортасын орнату
2.кіріспе сөз Екінші деңгей бағдарламасының мақсат-міндеттері мен мазмұны (7 модуль) туралы қысқаша мәлімет беру (8мин.) ЕДБ туралы мәлімет алады Жаңа формадағы оқу туралы бағыт алады
3. «Данышпан мен адам» аңызы «Данышпан мен адам» аңызы арқылы коучингтің тақырыбын ашу
(7 мин.) Аңызды тыңдап диалогке түсіп, тақырыпты ашады. 4. Мұғалімдердің іс-әрекетін қадағалап үйренуіне жол ашу, ой-пікір қозғау ашық сұрақтар қойып,сол сұрақтар төңірегінде пікір алмасу
(5мин.) Мұғалімдер өздеріне берілген сұрақтарға ой-толғаныс жасайды Топтық жұмысты жүргізу мақсаттары мен ережесімен, оқушыларды топқа бөлгенде қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға тиімді болатындығы жайлы біледі.
5.Топтық жұмыс.
Постер қорғау Мұғалімдер бір сабақ таңдап алады.Осы сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер? Топтық жұмыс арқылы тақырыпты ашады (10 мин.) Топтар ақылдасып осы сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында талқылайды, параққа жазады, постер қорғайды. Ойын еркін айтуға ыңғайланады
6.Сергіту сәті Бейнероликке қарап жаттығу жасау
(3 мин.) Бойларын сергітеді Денелерін қимылдату арқылы миларын сергітеді
7.Слайд-презентация Таныстырылым жасау. (8 мин.) Теориямен танысады Қатысушылардың ойын нақтылау
8.Рефлексия «Тазалық» ойыны
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан (суреті)
қоқыс жәшігі (суреті)
еттартқыш (суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Қорытынды:
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.
Стикерге жазу
(4 мин.) Бүгінгі сабақ туралы ойларын берілген стикерлерге жазады Қатысушылардың пікірін анықтау