Саба?, Коучинг Кері байланыс


С.И.Морозов атындағы
№ 51 ОМГ Мыржикова Ажар Төлепбековна, «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тақырыбы: Кері байланыс – сабақтағы маңызды үрдістің бірі
Мақсат: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері мен оның маңыздылығы жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Үлестірмелі нұсқаулық Күтілетін нәтиже Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері мен әдістері жайлы ақпаратпен танысады.
Кері байланыстың сабақтағы маңызды үрдіс екенін түсінеді.
Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.
Түйінді идеялар: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері.
Сабақта қолданылатын материалдар:  А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам,шарлар,алты түрлі қалпақ,карточкалар.
Оқыту әдістері: АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дереккөздері: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық»
Асхат Әлімовтың кітабы,
Мұғалімге арналған нұсқаулық  Power Point
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
ТапсырмаларКоучтың іс-әрекетіМұғалімдердің іс-әрекетіІ. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу(5 минут)
  Келген әр қатысушыға шар ұсынамын және ризашылығымды білдіремін.
Коучингке қатысушы мұғалімдер орындарында отырады.
Топқа бөліну(2 минут)  Шар түстері арқылы топқа бірігеді. (қызыл, көк, жасыл).Әр топқа бір сурет беріледі.Онда
гүлдің,күннің,жемістің суреті
бейнеленген.  Шар түстерін таңдау арқылы
үш топ болып бірігеді.Топ мүшелері бір-біріне тілек айтады.
 «Миға шабуыл» (10  минут)
(жеке, жұптық, топтық жұмыс)
 
 
 
  Бастапқы кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды. (бұдан көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады) Сұрақтар бойынша жеке жұмыс:
Кері байланыс дегеніміз не?
Кері байланыстың қандай түрлері білесіз?
Кері байланыс не мақсатпен жүргізіледі?
Кері байланыс сабақтың қай кезеңінде жүргізіледі?
Рефлексия мен кері байланыс синоним сөздер ме?
Мұғалімдер сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетеді. (қызыл, көк)  Бірлескен талдау. - Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?- Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты) мақсаты не?- Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?- Қандай әдіс - тәсілдері бар? (ойларын флипчартқа түсіреді, топ мүшесі қорғайды)
Қызығушылықты  ояту (5 минут)  «Маугли» мультфильмінен үзінді.Үзіндіні көргеннен кейін мұғалімдерге сұрақтар қойылады. Мұғалімдер .мультфильмді тамашалайды.Сұрақтарға жауап береді.
Шағын дәріс
 (10 минут)
  Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері  туралы  қысқаша мәлімет беру және кері байланыс пен рефлексияның ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіремін. (слайд бойынша) Мұғалімдер түртіп алады.
Сергіту сәті(3 минут)
  «Күн сәулесі түсті» Сергіту сәті барысында мұғалімдер орындарын ауыстырып,аудиторияда қозғалыс болады.
Топтық және шығармашылық жұмыс:
жұмыс  ( 12 минут)
« Кері байланыс- сабақтағы маңызды үрдістің бірі ».
3 топ осы тақырыпта өз жұмыстарын қорғайды.
Жұмысты түрлі бағытта қорғау ұсынылады. Әрбір топ ерекше бір кері байланыс түрін ойлап табу.Ал өзім қатысушыларға «Кері байланыс бутерброды» туралы ойымды ортаға саламын.Мұғалімдермен диалог арқылы қарым-қатынас орнатамын.Ақпараттың қандай түрлері бар?Қандай ақпаратты бірінші естігілеріңіз келеді? Неліктен? және т.с.с

Әдіс ұнады ма? Несімен ұнады/ұнамады?
Бұл әдістің қандай тиімді/тиімсіз тұстары бар?
Не қиын болды? Неге?
Бұл техниканың тиімділігі/тиімсізі неде?
Топтар ақылдасып сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды. Топ ішінде бірігіп жұмыс жасайды, диалогқа түседі, талқылайды. Топ ішінде ерекше кері байланыс түрін шығарады.
Осылай бір-бірімен тәжірибе алмасады.
Қорытынды кезең. Рефлексия
(7 минут)   «Ақылдының алты қалпағы» стратегиясы бойынша қорытынды шығарады.
Ақ қалпақ-кері байланыс туралы пікір,фактілер келтіреді.
Қызыл қалпақ-Кері байланысқа деген көзқарастарың./сезім/
Сары қалпақ-Сәтті жақтары.
Қара қалпақ –Сәтсіз жақтары
Жасыл қалпақ-шығармашылықпен сипаттау.
Көк қалпақ- жалпы қорытынды шығару.
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.
Қатысушы мұғалімдердің коучингтен қандай білім алғандарын көрсетеді.
Кері байланыс  (2 минут)  «Бес саусақ»
«Бестік» кері байланыс.Қағаздың бетіне өз саусағыңыздың саусақтарын айналдыра сызыңыздар.
Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз оларыңызды айтасыздар.
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық
Сұқ саусақ – маған қиын болды
Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады
Төртінші саусақ – менің көңіл күйім
Бесінші саусақ – менің ұсынысым
left000