Внеклассное меропиятие на тему ХХІ ?асыр к?шбасшысы ( 7 класс)
Сабақтан тыс шараның тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал - мәтелдер жазылған үлестірмелі қиықшалар, сызба, сандар.Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі– Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!Сайыстан тыс қалмаңыздар!Мұнда қызық табылар,Білім нұры шашылар.Ақыл, тілі дамыған,Үлгі алайық ұлдарменен қыздардан!
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,тіл мәртебесін көтеру,таза сөйлеуге ұйрету,өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде. Ана тіліміз-бәріміздің анамыз,өйткені ол- ұлтымыздың анасы»деген Осы мақсатпен 7- ші сынып оқушыларының арасында өткізгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны сайыс сабағымыз осы 22 –қыркүйек тілдер мерекесіне қосатын кішкене үлесіміз деп қол соғып қуанышпен
«ХХІ ғасыр көшбасшыларын» қарсы алайық.
Келді бүгін көп достар.Ұстаздар мен жолдастар,Мерекесін елімніңБірлікпенен тойлайық.Егеменді елімнің қуанышын қолдайық!Білімді де дарындыЖастары көп елімніңОзат алғыр, лидерлер
Білімдінің ең озатын алуға Төралқа отыр таразыға салуға.
Төралқа мүшелері:
Сайыс 7 бөлімнен тұрады.І бөлім – «Танысу»ІІ бөлім – “ Бәйге”.ІІІ бөлім –“Полиглот”.ІҮ бөлім – “Білімпаз”Ү бөлім – “Шығармашылық тур “ҮІ бөлім – “Тіл өнері”ҮІІ бөлім – “Жорға”деп аталады.
– Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі. Әр турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшы анықталады. Сонымен, қатысушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
1 бөлім. Танысу (гонг)Ежелгі шығыс елініңАңсаған арман ойы барКездескенде қауымменТанысу деген салты бар.
Ал енді қатысушыларға сөз береміз
2 бөлім:Бәйге
Бұл бөлімінде қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек.
Білімдерін сынауғаКүш сынасты озаттарКүтіп отыр қауым даБәйгеден озар лидерді.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)2. Қ. Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15. 11. 2003 ж)3. Басты байлық. ( денсаулық )4. 12 ай (жыл )5. Күйді орындаушы адам ( күйші )6. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)7. Қазақша жылдың басы не? ( тышқан)8. Қ. Р. мемлекеттік рәміздерін ата.9. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж. Нажмиденов, Н. Назарбаев)10. Қ. Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т. Аубакиров)11. Көру мүшесі не?12. 100 жыл ( ғасыр)13. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)14. 9 мамыр қандай күн?15. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)16. Осы жыл ненің жылы?17. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)18. Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш. Қалдаяқов)19. Қ. Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16. 12. 1991)
3 бөлім: Полиглот
Тілдерді меңгеремін, тең көремін
Полиглот сайысында күшімді сынап көремін.Полиглот - грек тілінен аударғанда көп тілді меңгеруші адам деген мағынаны білдіреді.1. Мекгеп - кеме, білім -... (теңіз, море, sеа)2. Өлімнен ұят... (күшті, сильный, stгоng)3. Денсаулық - зор... (байлық, богатство. гісһnеss)4. Ананын сүті -... (бал, мед, һоnеу)5. Білім - сандығы... (кітап, книга, Ьоок)6. Әдепті бала - арлы... (бала, ребенок, сhild)Бала тілі... (бал, мед, һопеу, здаееі)Тіл адам жанының... (тілмәші, переводчик, (гапзіаіог)7. Жақсы ат - жанға... (серік, друг, спутник, frіеnd)8. Бала тілі... (бал, мед, sweet, һоnеу)9. Тіл адам жанының... (тілмәші, переводчик, translator)10. Ашу дұшпан, ақыл -... (дос, друг, friand)
4 бөлім : БілімпазОйынға бүгін келіп тұрҒылым сүйген шәкірттерКестенің атын, санын атап сұрақтарына жауап беру..“Ақындар”.10 - Бес жақсы, бес жаман әдет туралы жазған ақынды ата.( Абай)20 - Кезінде “қазақ даласының жұлдызы” атанған ақын, жазушыны ата.( Ыбырай)30 - Төрт жасынан бастап мектепке барған ақынды ата. ( Мағжан Жұмабаев)“Ойлан, тап”10 - 2 сағат 15 минут неше минутқа тең? ( 120+15 )20 - Шанаға қосарланып жегілген екі ат 20 км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? ( 20 км)30 - Сәуле, Әсет, Батыр – туыстар. Сәуле – Әсеттің қызы; Әсет - Батырдың ұлы. Сәуле Батырға кім болады? ( немере)Табиғат10 - Ең алғашқы пайда болған өсімдікті ата ( балдырлар)20 - Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінен жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. (Қызыл кітап)30 -“құс патшасы” деп қай құсты атайды? ( аққу)
5 бөлім: Шығармашылық турӨнерлі де дарындыБолашақтың ұланыТамашалайық бар қауым,Лидерлер өнерін.(Қатысушыларға жеке өнерін көрсетуге рұқсат беріледі)
6 бөлім Тіл өнеріТаңдаған тақырып бойынша мақалдарды айту. Көп мақал айтқан ойыншыға 10 ұпай. Тақырыптары: “Отан”, “ Еңбек”, “ Білім”, “ Жақсы, жаман”.
7 бөлім . Жорға1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру.1. Облысымыз қалай аталады? ( Солтүстік Қазақстан )2. Оңтүстік астанамызды ата.(Алматы)3. Жер шарының үлгісі.( глобус)4. Қарағандыда қандай пайдалы қазба бар? ( көмір)5. Жер астынан фонтанша атқылайтын су? ( артезиан)6. Алғаш «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? ( Ыбырай )7. Атақты қазақ күйшісі? (Құрманғазы)8. Ұя салмайтын құс ( көкек)9. Есту мүшесі ( құлақ)10. Жеті күн (апта)11. Заттың сынын білдіретін сөз табы? ( сын есім)12. 30 тамыз қандай күн? (конституция күні )13. “Жақсылардың жақсысын” ата.(білім, еңбек)14. Алфавитте қанша әріп бар? ( 42 әріп)15. Қазақстан бұлбұлын ата. (Бибигүл)16. Атақты суретшіні ата. (Қастеев)
1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру.
1. Қасиетті тағам (нан)
2. Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді (15.11.2003ж)
3. Көру мүшесі (көз)
4. «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» ( француз ғалымы Жорри де Манси)
5. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)
6. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды (16.12.1991ж)
7. Абылайдың шын аты кім (Әбілмансұр)
8. Республикалық «Ана тілі»қашан газеті жарыққа шықты. (1990 ж. 22 наурыз.)9. Тілдер күні қай айда тойланады? (қыркүйек)10. Исламның қасиетті кітабы (құран)11. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)12. Ең киелі құс? (аққу)13. 100 жыл (ғасыр)14. Сөз өнері жарысы ( айтыс)15. Республикамыздың тұңғыш президенті? (Н. Ә. Назарбаев)16. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
«Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» к.м.м.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
зияткерлік ойыны
(7-сынып)
Пән мұғалімі: Баяхметова Р.Г.
2015-2016 оқу жылы