Саба?ты? та?ырыбы: Жары?. Жары? к?зі. Жары?ты? таралуы. К?н мен Айды? т?тылуы (8 сынып)
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:
Жарық. Жарық көзі. Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы. Мектеп: НЗМ
Уақыты: Мұғалім:
Сынып: 8 Оқушы саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың оқу мақсаттары
Жарық көздері туралы түсінік алу;
жарықтың түзу сызықты таралу заңының мәнін түсіну;
Күн мен Айдың тұтылуын білу. 4
Оқыту нәтижелері Оқушылар орындай алады:
(жазық айнада алынған кескінді зерттеу жұмысында)
- алдымен терминдердің мағынасын талқылау
- одан кейін өзінің қасындағы оқушының алған
кескінін талдай отырып оның түсінігін тексеру
(қарым-қатынас жасау және тыңдау дағдылары)
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология Шағылу, жазық айна, нормаль, түсу бұрышы, шағылу бұрышы, түскен сәуле, шағылған сәуле, жалған кескін, нақты кескін.
Диалогқа/жазуға қажетті сөз
тіркестері Оптика – жарық құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі. Жарық - бұл жиілігі 7,5·1014 Гц – 4·1014 Гц (толқын ұзындығы ≈400 нм - ≈760 нм) интервалдағы адамда көру сезімін пайда ететін электромагниттік толқындар.
Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: табиғи және жасанды жарық көздері.
Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық.
Нүктелік жарық көздері (физикалық модель) – қарастырылып жатырған жағдайда өлшемдері еленбейтіндей жарық көздері.
Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада түзу сызық бойымен таралады.
Қысқаша
шолу
Бұл тарауда оқушылардың жарықтың қасиеттері туралы түсініктерін бекіту үшін айналарды, мөлдір бокалдар мен линзаларды пайдаланып жасалатын тәжірибелерге сүйенеміз. Жарық сәулесінің айналардағы, мөлдір шыны пластиналардағы және линзалардағы жарық жолы шағылу және сыну принциптерін нақты көрсетеді. Белгілі линзаларды пайдаланып, заттың қасиетін және орналасу орнын сипаттайтын кескіндерді алу, оқушылардың осы тарау бойынша білімдерін кеңейте түседі. Оқушылар өздерінің линзалардың қасиеті туралы түсініктерін және білімдерін пайдаланып линзалардың қолданылуын түсіндіріп бере алады.
Жоспарланған іс- шараларРесурстар(W) Тақырыпты көлеңке ойынымен бастауға болады. Оқушылар жарықтың сәуле деп аталатынын, оның түзу сызықпен таралатынын және соның әсерінен көлеңке пайда болатынын естеріне түсіреді. Көлеңке және Шала көлеңке анықтамаларын беру. Күн мен Айдың тұтылу схемасын пайдаланып түсіндіру.
Бұл ойын жарықтың түзу сызықпен таралатынын оқушылардың есіне түсіреді. Қараңғыланған бөлмеде сыныптың сыртында тосу үшін бір оқушыны таңдаңыздар. Содан кейін бір оқушыдан оның көлеңкесі тақтаға түсетіндей сынып бөлмесінің артқы жағына отыруын сұраңыздар. Алынған көлеңкенің контурын сызып қойыңыздар. Сыртта тұрған оқушыны шақырып, ол тақтадағы профиль кімдікі екенін анықтауы керек. Бұл ойынды келесі оқушымен де қайталауға болады.
Арнайы пәндік лексика және терминология:
СөздікЖарық сәулесіlight rayЛуч света
КөлеӊкеshadowТень
Жарты көлеӊкеpenumbraПолутень
Жарық көзіlightИсточник света
Табиғи жарық көзіnatural light sourceЕстественный источник света
Жасанды жарық көзіartificial light sourceИскусственный источник света
Күнніӊ тұтылуыsolar eclipseСолнечное затмение
Айдыӊ тұтылуыlunar eclipseЛунное затмение
Жарық
Жарық табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылады. Жарық бөлшектерін фотондар деп атайды. Жарықтың таралу жылдамдығы бұл фотондар жылдамдығы.
Күнделікті тұрмыстан жарық құбылыстарына мысалдар келтіреміз.
Жарық құбылыстарына мысалдар
Оптика – жарық құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі.
Жарық - бұл жиілігі 7,5·1014 Гц – 4·1014 Гц (толқын ұзындығы ≈400 нм - ≈760 нм) интервалдағы адамда көру сезімін пайда ететін электромагниттік толқындар.
Қараңғыланған бөлме, ақ тақта, белгілеуге арналған қарындаш, өшіргіш.
Қызыл лазер / проектордың сәулесі және тальк (ақ материал ұлпасы).
Жарық сәулесінің түзу сызықпен таралуын көрсетуге арналған ішінде түтіні бар қорап.
Проекциялық экраны бар обскур-камерасы, ақ жарық көзі, мысалы, қуаты 100 Вт болатын электр шамы (шамның көрінерлік түзудің бойында орналаспауын қадағалаңыздар), бөлмені қараңғылауға арналған перде.
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/pinhole-camera-and-lens-camera
Қараңғылау пердесі; жазық айна және айнаның блоктары, сәулелі қорап; электрмен жабдықтау; protractor; қарапайым қағаз; бір нүктелік шел
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/law-reflection
Жарық көздеріӨзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: табиғи және жасанды жарық көздері.
Табиғи жарық көздері: Күн, жұлдыздар, найзағай, өзінен жарық шығарушы жәндіктер т.б.
Жасанды жарық көздері екіге бөлінеді: жылулық және люминесценцияланатын (салқын жарық көздері).
Жылулық жарық көздері:
Люминесценцияланатын жарық көздері (салқын жарық көздері): күндізгі жарық шамдары, теледидар экраныныӊ жарығы т.б.
(I) Күн, Ай немесе Жер суреттері салынған схема оқушыларға беріледі, олар тұтылу кезінде көлеңкенің пайда болуын және қандай көлеңке пайда болатынын сызулары керек.
Альтернативті эксперименттерді мына сайттан алуға болады:
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/reflection-light
Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. Жарық сәулесі толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсетеді.
Жарық шоғы және жарық сәулелеріНүктелік жарық көздері (физикалық модель) – қарастырылып жатырған жағдайда өлшемдері еленбейтіндей жарық көздері.
Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада түзу сызық бойымен таралады (көленкенің пайда болуы).
Жарықтың түзу сызықты таралу заӊын Евклид (б.э.д 325-265 ж.) тапқан.
Көлеӊкеніӊ пайда болуы жарықтыӊ түзу сызықты таралуыныӊ дәлелі болып табылдыЖарық шоқтарының тәуелсіздік заңы: жарық шоқтары ортада бір-бірінен тәуелсіз таралады.
Көлеӊке және жарты көлеӊкеКөлеӊке – жарық сәулесі жетіп бармайтын аймақ.
Егер нәрсеге нүктелік жарық көзінен шыққан жарықты бағыттасақ, онда экранда шекаралары анық болған көлеӊке пайда болады.
Жарты көлеӊкеніӊ пайда болуы
Егер нәрсеге нүктелік емес жарық көзінен шыққан жарықты бағыттасақ, онда экранда көлеӊке және жарты көлеӊке пайда болады.
Көлеӊкеніӊ және жарты көлеӊкеніӊ пайда болуыКүнніӊ және Айдыӊ тұтылуыКүнніӊ тұтылуы: Ай Күнмен Жердіӊ ортасында орналасқан кезінде Айдыӊ көлеӊкесініӊ Жерге түсу құбылысы.
Айдыӊ тұтылуы: Ай Жердіӊ көлеӊкесінде қалу құбылысы.
Тапсырмалар орындау:
Жарық сәулесі
1.Жарық дегеніміз … .
2.Жарық құбылыстары жөніндегі физиканың бөлімі … деп аталады.
3.Полярлық шұғыла, ... табиғи жарық көздеріне жатады.
4.Жасанды жарық көздері: …
5. … түзу сызықты таралады.
6. ... көлеңкенің пайда болуы, Күн мен Айдың тұтылуы мысал бола алады.
7. Жарық сәулесі деп … айтады.
8. Нүктелік жарық көздері деп … айтады.
Қосымша ақпарат Теориялық материалды оқуРефлексия W- толық сыныппен жұмыс жасау :
Нәтижені талдау және тапсырманы бәрінен де жақсы орындаған оқушыны марапаттау.
Сабақ туралы оқушылардың пікірлерін білу.
Сабақтың мақсаты /оқу мақсаты дұрыс па? Оқушылар бүгін не оқып-үйренді?
Оқу атмосферасы қандай болды?
Мен сабақ құрылымын сәтті дайындай алдым ба?
Мен уақытты сақтадым ба?
Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім?
Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін?
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға
және
үйренуге қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі
сабағыма
қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?