Саба? жоспары: Компьютерлік графика. Компьютерлік графиканы? т?рлері
Күні: 28.01.2016ж
Сыныбы: 7 «А», «Ә», «Б»
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Компьютерлік графиканың түрлері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жазбаша, компьютермен жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
• оқушылармен амандасу ;• оқушылардың сабаққа қатысын тексеру ;• оқушылардың сабаққа назарын аудару ;
ІІ.Үй тапсырмасы
Өздеріңе белгілі программалық жабдықтаманы қолданып, берілген келесі есептердің шығару модельдерін жасау керек.
«Зат есімнің септелуі» ережесін қолданудың үйретуші модель блок-сұлбасын құрастырыңдар.
Орамжапырақты көшеттік әдіс арқылы өсіру алгоритміне сөздік сипаттама жасаңдар.
Графикалық редактор көмегімен отырғыш сұлбасын дайындаңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ
Компьютерлік графика- программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.
Компьютерлік графика- күрделі аппараттық технологияның бірі. Онсыз әрбір веб-парақшаны, компьютер ойынын жасау, кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес.
Компьютерлік графика – бұл ЭЕМ көмегімен модельдерді және олардың кескіндерін құруға, сақтауға және өңдеуге арналған информатиканың бір бөлімі.
Компьютерлік графиканы қолданатын аймақтар:
- Ғылыми графика, зерттеу нәтижелері;- Іс жүргізудегі графика, жоспарлық көрсеткіштер;- Конструкторлық графика, жұмыс сызбалары;
- Видеосабақтар, Мультимедиялық презентациялар;
- Компьютерлік анимация;- Компьютерлік ойындар;- Жарнамалық графика;- Интернет, WEB-парақты дайындау;
- Медицинада, Компьютерлік томография;
- Сән аймағында, Маталар мен киім үлгілерін модельдеу.
Компьютерлік графиканың жасалу принципіне қарай кескіннің 3 түрі бар:
Растрлық графика
Векторлық графика
Фрактальдік графика
Растрлік графика дайын бейнелерді өңдеу үшін және Интернетте қолданылады.
Векторлық графика көбінесе жаңа бейнелерді жасау үшін, ал кейбір жағдайларда оларды өңдеу үшін қолданылады.
Фрактальдік графика математикалық есептеулер жолымен бағдарламала құрудан тұрады.
Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады:екіөлшемді (2D, 2Dimensions-ден 2 өлшеу) және үшөлшемді (-ден 2 өлшеу) және үшөлшемді (3D, от 3Dimensions-ден – 3өлшеу).
Түйін
Компьютерлік графика – программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.
Жасалу принципіне қарай кескіннің 3 түрі бар: растрлық, векторлық, фрактальдік.
Растрлық графиканың басты элементі-нүкте, векторлық графиканың басты элементі- сызық немесе қисық, фрактальдік графиканың басты элементі- математикалық теңдеу.
IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Графикалық Paint редакторын, MS Power Point және фракталь генераторын қолданып, сурет салыңдар (43-сурет).
Әр программада сурет аумағын өзгертіп, шығарылған кескіндердің сапасын салыстырыңдар.
MS Word мәтіндік редакторын қолданып, «Компьютерлік графика түрлерін салыстыру» кестесін құрып толтырыңдар:
Растрлық Векторлық Фракталдық
Басты элемент Нүкте (пиксель) Математикалық формула
Қолданылуы Тірі және өлі табиғат нысандарын модельдеу
Масштабтау Сапасын жоғалтпайды
Реалистік реалистік V.Сабақты бекіту
Анаграмма. Бүгінгі сабаққа қатысы бар сөзді тауып сызыңыздар! В П Л Ь А Д Ж Пиксель, точка, түс, графика,Е И Е Ч К Н Т вектор , ойын, растр , фото,К К С О Р Е Ү формула, рентгенТ А П Т Е Г С О Й Н НН Т А Р А Т Ы О Ф Л Р С О Й Т О У Б Т Р Ф О Р
VІ. Бағалау
Түсіндіре сараптай отырып бағалау.
VІІ.Үйге тапсырма
§19.Компьютерлік графика. Графиканың түрлері. Шығу тарихына реферат жазып келу. Бақылау сұрақтары мен өзіңді тексерге жауап беріп келу.
VІІІ. Қорытынды
Компьютерлік графика – программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.
Жасалу принципіне қарай кескіннің 3 түрі бар: растрлық, векторлық, фрактальдік.
Растрлық графиканың басты элементі-нүкте, векторлық графиканың басты элементі- сызық немесе қисық, фрактальдік графиканың басты элементі- математикалық теңдеу.