Урок 2 класс Родной язык ?ырды? жас т?легі


№ 5 М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп-лицейі


Ашық сабақ
Тақырыбы:


Сынып жетекшісі: Акынбекова Ш.Т
Талдықорған қаласы 2013 жыл
Талдықорған қаласы М.В.Ломоносов атындағы
№5 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Акынбекова Шолпан Тұрғанғазықызы
Ана тілі 4-сынып
Тақырыбы: Шоқан туралы.Қырдың жас түлегі. Сапарғали Бегалин.
Мақсаты: Оқушыларды Шоқан бейнесімен таныстыру, автордың негізгі идеясын ашуға жағдай жасау, шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену,СТО стратегиясы:екі жақты күнделік,топтастыру. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлігін тексеру.
Бүгін біздің сабаққа қонақтарымыз келіп отыр.Біздің бүгінгі сабақтағы:
Мақсатымыз- білім алу.
Міндетіміз-еңбектену.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Тест түрінде алу.Бір-бірінікін тексереді,бағалайды.
1. 1730 жылы қазақ даласын кімдер басып алды?
2.Абылай ханның шын аты кім?
3. Халық неден қатты қиналады?
4. 1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім?
5. Абылай өз өсиетінде кіммен байланысты үзбеу керек деді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Тауқымет,қонтайшы,ақ киізге көтеру,тәбәрік,дәрмен,тәңірі –сөздерінің мағанасын түсіндірту.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Өткен сабақтан Шоқан жайлы тағы не білдік? Топтастыру.
этнографТуған жері: Құсмұрын бекеті

суретші географ
Шоқан

ағартушығалым


демократ
саяхатшы
жерленген жері: Алтынемел
фольклоршы
Мұхамедханафия

Абылай ханның шөбересі
Уәли хан-атасы

Шыңғыс(аға сұлтан)-әкесі
Шоқан шын аты Мұхаммед Ханафия. Қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген. Ол тек Қазақстан бойынша ғана емес, Құлжаға (Қытай жерінде), Ыстықкөл өңіріне (Қырғыз елі) экспедицияларға қатысып, зерттеулер жүргізді.
Омбының кадет копусын бітірген (1853 ж.), Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған (1861-62 жж.). Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) – Шоқанның туған атасы.
Уәлиханов жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерге ден қойып, соларға құлақ түріп өскен. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды.
Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.
Ү. Жаңа сабақ:Балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі 1895 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,Дегелең ауылында туған.Ауыл молдасынан хат таныған.Халқымыздың асыл перзенті Шоқан Уәлиханов туралы «Шоқан асулары»дилогиясы фактілік негізден ауытқымай ,дәл бейнелеген туынды. Ол Шоқан өмірінің сәтті бір көрінісін таба білген.Бала Шоқан мен мүсінші Мысық баланың достығы- «Бала Шоқан» повесінің сюжетінің негізгі бір арқауы.
Ол туралы кітап жазған жазушы Сапарғали Бегалин: « Иә, иә сен қырдың түлегісің, қыран қырды аңсамай тұра ма?!» деп жазды.
Мұғалім тарапынан қосымша деректер беру.
Тақырыпты ашу.Суреттерге қарай отырып «қыр», «түлек»сөзінің мағанасын ашу
Оқулықпен жұмыс.Мәтінді тізбектей оқи отырып, «Екі жақты күнделік»стратегиясын пайдаланып мәтінмен жұмыс жасау.Қарындашпен түсініксіз сөздерді белгілеп отыру.
Шоқан және басқалары Ертіс жағасына келді. Қаланың тар көшелері,қым-қуыт қала тішілігінен дем алу үшін
Сеңге қарап тұрып тәтті сезімге бөленіп тұрды.Өйткені елі есіне түсіп,ауылының
Өмірі есіне түсірді.
Тәртіпкер офицер кіргенде,балалар тым-тырыс Себебі өзі мазасыз,жөн-жосықсыз
Бола қалдыұрса беретін адам
Анатолидің кенеттен офицердің соңынан жүгіріп Офицерге көрсеткен
барып жұдырығымен ұруы. наразылығы,қарсылығы.
Сыныптастары түгелдей жазаланды.Өйткені олар ешкімді сатқылары
келмеді.
Анатолийді ешкім шығарып салмады.Ол корпуста «қорқақ»деген атақтан
қорқты.
Сөздік жұмыс. Қамау көше – тұйық көше. Кадет корпусы – патша ұкіметі заманындағы әскери оқу орны. Жатақ – жатақхана.
Топқа тапсырма:
1.Мәтінді бөлімдерге бөліп,ат қою.
2.Шоқанға міздеме беру. Мәтінен табу.
3.Мәтінен Анатолиге қатысты айтылған мақалды тауып, түсіндіру,әңгімелету.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 3 - класта Шоқан туралы қандай әңгіме оқығаныңды есіңе түсір. Ертіс бойында не болады? Шоқанның тәтті сезімі қандай еді? Шоқан нені аңсады? Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады? «Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің? Анатолийдің қылығы дұрыс па?
ҮІІ. Қорыту. Егер офицердің орнында сен болсаң, не істер едің?Шағын эссе жазу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, бағалау.