?ыс?а мерзімді саба? жоспары: Компьютерлік желілерді? негізгі ??ымдары. Жергілікті желі. Ау?ымды компьютерлік желілер


Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: информатика Сыныбы: 8 а сынып Уақыты: 13.04.2017Сабақтың атауы Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі.
Мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты таныстырып, компьютерлік желілер туралы ақпараттандыру, мәтінді тиянақты оқуға, берілген тапсырмаларды топпен орындауға, ойын жинақтап жеткізе білуге және өзін-өзі бағалай білуге машықтандыру.
Күтілетін нәтиже: Тақырыптың өзектілігімен танысып, өз беттерімен жаңа сабақты ашады, мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындайды, өз ойларын тиянақтап, бір-біріне және топ басшысы топ ішіне баға беруге дағдыланады.
Кіріспе
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Тренинг «Бір-бірін мадақтау» «Шаттық шеңбері» көмегімен оқушылар бір-біріне жақсы сөздер айтады.
Топқа бөлу «Кемпірқосақ» әдісі Оқушыларды «Кемпірқосақ» әдісі көмегімен екі топқа бөлу.
1-топ. Ауқымды желі
2-топ. Жергілікті желі
Тұсаукесер Тақырыпқа байланысты таныстырылым тамашалау.
«Ой түрткі» әдісі Оқушылар суретке қарап ойларымен бөліседі. Жаңа тақырып пен мақсатын айқындайды.
Жаңа сабақ «Жалған мәтін» әдісі
Шығармашылық тапсырма:
1-топ: Ауқымды желі
2-топ: Жергілікті желі Оқушылар берілген мәтіндегі қателіктерді жөндейді.
Жаңа тақырыпты бекіту: «Сәйкестікті тап!» Қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілген терминдердің арасындағы сәйкестікті табады.
Қорытындылау: «Insert» әдісі Оқушылар кестені толтырып, сабақта алған білімдерін тиянақтайды.
Үйге тапсырма: Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі.
Рефлексия Бағалау
Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі
«Чемодан. Еттартқыш. Қоқыс шелек» Берілген параққа пікір жазады.