Презентация на тему «Орта ?асырларда?ы с?улет ескерткіштері»
Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарғажерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіаса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:1. Қазандық;2. Үлкен Ақсарай;3. Кіші Ақсарай;4. Құдықхана;5. Кітапхана;6. Асхана;7. Көрхана;8. Мешіт; Кесене ішіндегі Құдықхана Тайқазан (Қазандықта(Орталық зал) орналасқан) Өрнектелген жазулар Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің сызбасы Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғ. сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынанҚазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Бабаджа қатын кесенесі- ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ КЕСЕНЕСІ Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күмбезі Аякөздің оң жақ жағасында, Таңсық деген ауылдың қарсысына салынған. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу аңызы бойынша, оны тұрғызуға Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аякөзге 4 сан қол (40 мың кісі) жіберіп, ас бергізіп, ат шаптырып, той жасайды. Қозы Көрпеш – Баян Сұлудың күмбезін берік етіп тұрғызып, екеуінің кескін - келбетін тасқа түсіреді. Әсіресе Баян сұлудың өң-ажарын әдемілеп келтіреді