Сканерлеген м?тіндерді редакциялау. ??жаттарды м?тіндік процессор?а экспорттау
Пәні:Информатика
Күні:13.10.14ж
Сыныбы:10б
Сабақтың тақырыбы:Сканерлеген мәтіндерді редакциялау. Құжаттарды мәтіндік процессорға экспорттау
Сабақтың мақсаты:
Жаңа тақырыптытүсіндіру,мәтінді тану ұғымдарын қалыптастыру.
Логикалық ойлау қабілеттерін,іскерлік дағдыларын дамыту.
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі:Компьютер,принтер, ABBYY FineReader программасы.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың типі:Тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе
FineReader-мәтіналғы арқылы алынған суреті бар мәтінді түрлендіретін түрлендіретін оптикалық сәйкестендіру жүйесі ОСR.Ресейдің ABBYY SoftHouse компаниясы жасаған.Бұл программа әлемнің 186 тілін қолдайды.Оның ішінде 38 тілі орфографиялық тексеру жасай алады.
Программаның терезе құрылымы:
1.Бет терезесі
2.Сурет терезесі
3.Мәтін терезесі
4.Жылдам қол жеткізу панелі
5.Басты құралдар панелі
6.Бет,сурет мәтін құралдары панелі
7.Мәтін терезесіндегі мәтін қаситеті панелі
8.Үлкейтіп көрсету
Құжатты енгізу 4 кезеңнен тұрады:Кескінді алу,сәйкестендіріп тану,құжатты тексеру,сақтау.
Бірінші құжатты мәтіналғыға саламыз
Құралдар тақтасынан сканерлеу бұйрығын таңдаймыз
Сканерленген құжат кескіндеме терезесіне келіп түседі
Сәйкестендіріп тану үшін Құралдар тақтасынан танып алу бұйрығын басамыз
Оны тексереміз
Құжатты Microsoft Word мәтіндік процессорынан экспорттаймыз.
Қорытынды кезең
ABBYY FineReader программасының қызметі қандай?
ABBYY FineReader программасының терезесінің құрылымы
ABBYY FineReader программасында құжатты енгізу неше кезеңнен тұрады?
Сәйкестендіру тану үшін қандай программа қолданылады?
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.