Р?міздер к?ні ?ылыми конференция ?Р Мемлекеттік Р?міздерін ?олдану мен насихаттау.
Ғылыми конференция тақырыбы: ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қолдану мен насихаттау.
Мақсаты: Елтаңба,Ту,Гимнді қолану мен насихаттау туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды Отансүйгішке, адамгершіліккен, отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнді қастерлеп,құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Барысы: 1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ғылыми конференцияға қатысушылар мен қонақтар.
2-жүргізуші: Қарлығаш негізгі орта мектебінде ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қолдану мен насихаттау тақырыбында өткізіліп отырған ғылыми конференцияны ашық деп жариялаймыз.
«Гимн» орындалады
1-жүргізуші: Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті. Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Сонымен, бүгін өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдық ғасырынан, сонау алғашқы адамзат пайда болған ерте кездерге ауысамыз да, мемлекеттік рәміздер туралы білімімізді сарапқа саламыз.
2-жүргізуші: Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Нұрахметова Гүлжанар Құмарғалиқызына беріледі.
Келесі құттықтау сөз кезегі Екпінді ауылдық округі акімшілігі аппаратының
_____________________________________ беріледі.
1-жүргізуші: Мемлекеттік ту- елдің Тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышан.
2-жүргізуші: Баяндама «Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы» Педагог-ұйымдастырушы Көкебаев Айдос Ержанұлы
1-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
2-жүргізуші: Отан-жерім,Отан-суым,
Отан қуат,нәр береді
Отан-ұран,отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын пайдалану тәртiбiмен таныстыру үшін сөз кезегі 9-сынып оқушысы Кәрім Исламға беріледі.
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын пайдалану тәртiбiмен таныстыру. 8-сынып оқушысы Рахым Раушан
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнiн пайдалану тәртiбiмен таныстыру. 9-сынып оқушысы Төлегенова Гүлнұр
2-жүргізуші: « Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер бізнің мемлекетіміздің өткені,бүгінгі мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі».
1-жүргізуші: Қарлығаш негізгі орта мектебінде ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қолдану мен насихаттау тақырыбында өткізіліп отырған ғылыми конференцияны жабық деп жариялаймыз.
«Гимн» орындалады