Презентация по математике на тему Занимательная математика (5-класс)


2015-2016 оқу жылы
1-наурыз Алғыс айту күніне арналған
«Алғыс айту парызым» атты апталықтың жоспары
№ Іс-шаралар мазмұны Өту формасы Қатысатын сыныптар Өтетін уақыты Жауаптылар
1 «Ата-анама
мың алғыс» Суреттер көрмесі 2-6 сыныптар 25-26 ақпан Калиева Г.К.
Сынып жетекшілері
2 «Қарттарым –
асыл қазынам» Ардагерлерге көмек көрсету 5-11 сыныптар 25.02.16 –
01.03.16 Сынып жетекшілері
3 «Алғыс жәшігі» Алғыс хаттар, эсселерді жәшікке салу. 1-11 сыныптар 25-29 ақпан Муканова Г.К., Тұрғанбаева Н.С.
4 «Мейірімділік бумерангі» Бейнеролик жасау 1-11 сыныптар 24-27 ақпан Мектеп оқушылары, мұғалімдер
5 «Жаныңда жүр жақсы адам» Кездесу кеші 7-10 сыныптар 1 наурыз Муканова Г.К.
Молжигитова А.Д. Тұрғанбаева Н.С.
6 «Мен алғыс білдіремін» Эссе, өлең, шығармалар жазу. 3-10 сыныптар 25-29 ақпан Сынып жетекшілері
7 «Алғыс –
сөздің асылы» Презента-циялар, бейнероликтер байқауы 5-10 сыныптар 29 ақпан Сынып жетекшілері,
Молжигитова А.Д.
8 «Кімге алғыс айтар едіңіз?» Сұрақ-жауап
(бейне материал) 1-11 сыныптар 25-29 ақпан Жас Ұлан ұйымы
9 БАҚ-на жариялау Ұлан таңына мақала жіберу 1-2 наурыз Жас Ұлан ұйымы, тіл мамандары

Қазақстанда 1 наурыз — «Алғыс айту күні»
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні — 1 наурыз,
( Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 қаңтар)
2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.
Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде —1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті
Елбасы 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы ассамблеясының XXIIсессиясында сөйлеген сөзінде: «Сталиндік режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды. Сөйтіп, өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлерінде қабылдады. Біздің отбасымыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыларды қабылдады», – деген болатын.
Сонымен қатар Президент: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деді.
Бүгін – Рахмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады.
Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.
Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рахмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды.
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.

Сонымен, рахметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
7464425161925Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
5341620139700Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін,
Кітапханашыға - кітаптары үшін,
Ұстаздарға – білім бергені үшін...
Тақырыбы: Адал еңбек, алғысым ұстазыма!
Мақсаты: Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың еңбегін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер.
Жүрісі:
Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтау.Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Адал еңбек, алғысым ұстазыма» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық дей отырып қадірлі ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерді шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, бағыт – бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз. Дендеріңе саулық, қажымас қайрат, отбасыңызға береке мен шаттық тілейміз. Келесі сөз кезегі оқушыларда.1 - оқушы: Армысыздар ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған - ұлағатты ұстаздар. Мерекелеріңіз құтты болсын!
2 - оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.3 - оқушы: Мұғалімдік ең құрметті мамандық.
Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.Ұстаздардан адамзатқа таралған.Мол мейірім ізгілік пен адалды.4 - оқушы: Бар тәлімін беріп елдің жанына.
Бір кездері қырауланар шашы даҰстаз адам ұстаз болып қалады.
Қол соқтырып заман менен ғасыр5 - оқушы: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпегенАйтыңдаршы адам бар ма өмірде.
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген6 - оқушы: Ұстаз, ұстаз қасиетті есімің.
Құттықтайды барша халық осы күнӨзің берген біліміңе қандырып.Талай ұлан шәкірттерді өсірдің7 - оқушы: Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлерЖеңісті жерге екпеген, елге еккендерАдамзат ұрпақтарын тәрбиелепЗердесін болашақтың зерлеткендер.8 - оқушы: Ұстаздар қандай ғажап халықсыңдарШәкіртке шыңдай биік алыпсыңдарЖан біткен жанарына нұр сыйлағанКүндей боп күлімдеген жарықсыздар.Ән: Анадай асыл мектебім.
Ендігі кезекті ұстаздарға арналған нақыл сөздерге берейік.9 - оқушы: Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
10 - оқушы: Жақсы мұраттың артынан су ереді. Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді.11 - оқушы: Ұстазға қарап шәкірт өседі. Шәкіртсіз ғалым – тұл.12 - оқушы: Атпаз көрген ат таныр. Ұстаз көрген хат таныр.13 - оқушы: Ұстаз талантты болса, Шәкірт талапты болады.
14 - оқушы: Ұстаз - ұрпақ мақтанышы. Ұстаз болу жүректің асылдығы.15 - оқушы: Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді. Білімді жан тас камалды күйретеді.16 - оқушы: Жарасады сыпайылық балаға. Ұстазыңа одырайып қарама.Ән: Мұғалім – ол біздің.
Енді оқушылар жұмбақ шешейік.1. Білім дәнін тереді.
Балаға тілім береді. ( ұстаз )
2. Білімнің жолбасшысы.
Шәкірттің қолбасшысы. (Ұстаз)
3. Оқу – білім бағдары.
Заманның бағбаны. (ұстаз)
Олай болса жекелеген ұстаздарға арнау айтылады.1. Келешекті кезіндеКесіп айтар өзіңеӨнеге көп өзіндеӨсиет мол сөзіндеКөп шәкірттің досындайНұрсәуле апай осындай.2. Ақыл кеңес көп қой онда ұққанғаАрдың туын асқақ ұстап шықты алғаАна тілін ардақтауды үйреткенМың рахмет Сағыныш апайға.3. Білім өнер бәріне бар талабы.
Әрқашанда ашық – жарқын қабағы.
Қапия апайдың жаутаңдаған жанарыМәңгі есімізде қалады.
4. Көңілің болсын ақ қардай.
Жарқырап көзді тартқандай
Ел – жұртың сізді ардақтап
Жүре беріңіз Нұрсұлу апай.
5. Сүйікті біздің Клара апайымызАқжарқын сіздің мінезіңіз Күлімдеген көздеріңіз
Нұрланады жүзіңіз.
6. Білім берген, дәріс берген,
Жас ұрпаққа талмастанӘрбір жастың Гүлсім апайКөңіл сырын дәл басқан.
7. Күнім деген күлімдеген
Қамқор болған ұстазым
Жаны жайсаң жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазынҰмытпаймыз, ардақтаймыз,
Гүлзия апай сізді біз.
8. Біздер әлі өтелмеген парызбыз.
Сары далада сайрап жатқан сан ізбізАттары да аталмаған ұстаздар
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз.
Ән: Сәлем саған мектебім.
Мұғалім: Келешекке алтын бақ.
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқырап
Ұстаз атты ұлы есім - дей отырып оқушылардың сіздерге арнаған сұрақтары бар екен, оған көңіл бөлейік.
1. Сіздерді шын жүрегімізбен құттықтай отырып, бізді қызықтыратын мына сұрақтарға жауап алсақ па деп едік.
Нұрсәуле апайға: Мектептегі бар баланың мінезі, қылығы ерекше қасиеті сізді ренжітеді, қуантады, шаттандырады. Сіз үйде демалғанда шәкірттеріңіз қай қырынан көз алдыңызға елестейді. Ренжіткен сәті ме, қуантқан кезі ме?
Қапия апайға: Сіздің көп жылдық қызметіңізде қызықты оқиғасымен есіңізде сақталып қалған шәкірттеріңіз бар ма? Болса сол туралы әңгімелеп берсеңіз.
Сағыныш апайға: Сізде кішкене шәкірт болып мектеп табалдырығынан аттадыңыз. Шәкірттік шақтың қызықты кезінен әңгімелеп берсеңіз.
Сіздерге көп рахмет айта отырып мына әнді арнаймыз.
Ән: Жарқын жүзді ұстазым.
17 - оқушы: Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда.
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жанымаГүлің болып төгілдім асқарыңа
Біз дегенде ұмытып бас қамын да
Қас қағымға қасыңнан тастадың ба...
18 - оқушы: Ертіп кеттің елемей қиындықты.
Асқарына ғылымның бастадың да,
Қолым жетіп шын бақыт ұшпағына.
Аялы алақаныңнан ұшқанымда
Кім боп қайда жүрсем де қасымдасың.
Адал еңбек алғысым ұстазыма.
19 - оқушы: Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңе шығармашылық табыс тілейміз. Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер.
Мұғалім: Дария судың ағыны.
Құрметтеген шәкіртті,
Сыйымызға риза болыңыздар
Мұғалімдер қауымы.
Осымен «Адал енбек, алғысым ұстазыма» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.