Этнопедагогика “?аза? этнопедагогикасы негізінде о?ушылар?а ?лтты? т?лім – т?рбие беру” (1-4 сыныптар бойынша)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс ауданы
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Этнопедагогика
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Байырқұм- 2012
Мазмұны
Түсініктемелер тізбегі..................................................................................................................2
І . Кіріспе
Тәрбие саласындағы этнопедагогика.......................................................................................4
ІІ. Негізгі бөлім
1. Халықтық тәлім тағылымы................................................................................................14
1.1. Баланың дүниеге келуімен байланысты туындаған отбасылық тәлімдік әдет- ғұрыптар.................................................................................................................14
1.2.Табиғат, шаруашылық және наным – сеніммен байланысты өлең – жырлар..............................................................................................................................22
1.3.Үйлену және үй болуға байланысты салт – дәстүрлер.....................................24
1.4.Діни наным – сенімдермен және өлікті жерлеу рәсімдермен байланысты туған салт - дәстүрлер...................................................................................................29
2. Қазақ халқының салт – дәстүрлері.....................................................................................34
ІІІ. Қорытынды...........................................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................................56
Түсініктемелер тізбегі
Меңді жүзі - өңді , шырайлы жүзді
Көзін сықтау – жылау
Жетілер бас кәртеді - жасына жетпей кәртейді
Кеміс үзік ірітеді – кеміс іс береке кетіреді
Тәңір – Құдай, Алла әр нәрсенің иесі
Сарын (аужар) – қыз зары
Қажылық – мұсылманның бес парызының бірі
Кешулесейін – қаралы үйге көңіл айту
Бейіт, мола – жерленген адамның орны
Оба, қорған, көшен, там, күмбез, мазар - жеке адамға арналған бейіт
Тұлдау – ер азаматтың өлімімен байланысты ырым
Жоқтау – өлген адамға арнап айтылатын өлең
Бетің тіліңгір – қарғыс түрі
Жарапазан - ораза кезінде айтылатын арнау өлең
Шек беру – құрбан айтта ата - баба аруағына арнап мал сойып, құран оқыту салты
Орхон аддин - мұсылманның бес парызы
Зәкәт – әл – фитр – жанға саулық тілеп, пітір садақа беру рәсімі
Мубәрәк – рамазан айының екінші атауы
Ауызтамыр – сүйек ұстасып, сөз байласып, бармақ ұстасып туысқан болу салты
Ата тамыр – достықтары жалғасқан тамырларды балалары
Марту - жын

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Аталған еңбектердiң маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық тәлiм-тәрбие беру iсiн бүгiнгi таңдағы мектеп оқушыларының қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдық жүйе арқылы ұйымдастыру және басқару жолдарының педагогикалық мәнi мен әдiстемелiк мүмкiндiктерiнiң толығынан ашылмағанын байқадық. Қорытындылай айтар болсақ, оқушылар ұйымының ұзақ жылдар бойы бірыңғай саяси тәртіпке негізделіп, ұйым жұмысының халықтық-демократиялық принципке сүйенген, ұлттық тәлім-тәрбие негізінде құрылған жаңа моделінің қажеттігі жөнінде арнайы зерттеу жұмыстарының жүргізілмегені “Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға ұлттық тәлім – тәрбие беру” (1-4 сыныптар бойынша) атты шығармашылық зерттеу тақырыбымның өзектілігіне айғақ болды.
Ғылыми болжам: Егер халық педагогикасындағы ұлттық тәлiм-тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері айқындалса, онда оқушы-жастардың ұлттық сана-сезімі жетіліп, тұлғалық қасиеттері жан-жақты дамиды, өйткені оқушыларға әлемдік құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерді кіріктіре меңгертуге мүмкiндiк туғызылады.

Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушыларға ұлттық тәрбие беруге негізделген жаңа моделін жасап, оны оқу-тәрбие үрдісінде іске асыру арқылы жан-жақты дамыған, ұлтжандылық қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеу.

Зерттеудің мiндеттерi:
Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерделеу;
Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін жасап, оны іске асырудың жолдарын айқындау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы сараланды;
Оқушылар ұйымы қалыптасуының ғылыми негіздері педагогикалық тұрғыда зерделенді;
Бүгінгі күн талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарға сай оқушылар ұйымын қайта құрудың жаңа моделі жасалып, оны іске асырудың ғылыми-әдістемелік жолдары айқындалды;

Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін бағдарламасы на нұсқау көрсетілді;
Бағдарламаны оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің әдістемелік кешені жасауға, мектеп тәжірибесіне пайдалану жолдары көрсетілді.
Тәрбие саласындағы этнопедагогика.
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дөстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет.
Этнопедагогика (ұлттық дәстүр) Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады.Бірақ салт-сана, дәстүр біткеннің бәрі тапжылмайтын, өзгермейтін, қатып қалған дүние деп қарауға әсте болмайды, ол дәуірден-дәуірге, ұрпақтан-ұрпаққа өткен сайын, сол өзі өмір сүрген заманның, ортаның көзқарасына, қажетіне қарай мазмұнмағына алып, байып, жаңғырып отырады, жаңа, жас сипат алады. Яғни керектісі сақталады да, тозғаны өмір кешіне ілеспей қала береді. Мұның өзі табиғи тұрғыдан алып қарағанда заңды да.Өйткені адамның тыныс-тіршілігі сол өмір сүрген қоғам өмірімен тұтасқан. Кісі өзінің жеке басының қамы үшін емес, қоғам мүддесі, ұрпақ болашағы үшін өмір сүруге, сол үшін игілік жасауы керек. Адамның, қуаныш, қайғысы да, салтанат, көргісі де, барлық байлық, ырыс-дәулеті де сол болмақ.
Қай дәстүр болмасын халықтың көз қарасынан туып, тұрмыстық қажеттілік сынынан етіп барып қалыптасады.
Алексей Максимович Горький халықтың тек материалдық байлықтарды жасаушы күш қана емес, рухани байлықтардың бірден-бір сарқылмас көзі, барлық ұлы поэмаларды, жердің барлық қайғы-қасіреті мен қуаныш-шаттығын, солардың ішінде ең ұлысы – дүние жүзілік мәдениет тарихын жасаушы, уақыт бойыншада, сулулығы мен данышпандығы бойынша да, тұңғыш философ және ақын екендігін айтқан. Ес біліп ақыл ұштауда, ой дүниесін толықтырып білім алуда ұрпақтан-ұрпаққа талай қилы кезең сындардан өтіп өз мағынасын сақтап келе жатқан халықтың жақсы салт-сана, әдет-дәстүрлерінің ұрпаққа берері мол. Әрбір даналық парасаттың өшпейтін себебі — сол халықтың рухани, мәдени мұраларын сақтап, оны жаңартып, жаңа өмір, жаңа адам, жаңа қоғам талаптарына қарай бағыттап, байытып қызмет істетіп отырғандықтан екені түсінікті. Сондықтан да оны қадірлеп-ардақтап таза ұстау, оған қиянат жасамау қай ұрпақтың болсын қасиетті борышы. Ешбір қағаз бетіне жазылып, указбен (жарлықпен) бекітілмей-ақ түтас бір халықтың рухани қажетіне айналып кеткен мұндай дәстүрлерді неміс философы Э.Канттың, біздің арымыз, ұятымыз деп есептегені де содан болуы керек. «Халық алдында ұялу деген жақсы сезім – өзіңнен өзің ұялу, бәрінен де жақсы», дейді. Л.Толстой. Халықтың, ғасырлар бойы асыл ой тамшысынан жинап, алмас казынадай сақтаған мұрасын құрмсттеу, адамгершілігін, ұяттың не екенін естен шығармау қасиетті сезім. Халық дәстүрлері жас ұрпақты өз халқының тарихын, мәдениетін, рухани, табиғи байлығын, жерін, елін сүюге, айналасын қоршаған дүниеге адамгершілікпен қарауға, құбылыс-болмысты парасатпен тапуға, әділет шапағатқа баулиды. И.Ньютон, менің басқадан алысырақ керетін себебім – алып-тариығының үстінде тұрмын деп тегін айтпаған ғой. Сол алып, даналық пен данышпандық биігі – қадірлі халық одан үйрене жүріп үйретесің, үйрете жүріп үйренесің.
Әр халықтың дәстүрі де әр түрлі. Оған себеп: сол халықтың ежелдсн келе жатқан тұрмысы, мен тіршілік еткен географиялық ортасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмірге көз қарасы, шаруашылық тіршілігі т.б. Сондықтан да халық дәстүрінің қай-қайсысы болсын ортақ ой, ортақ өмірден туған ортақ қазынаға жатады. Қазақ халқы ежелден, көшпелі, ортақшыл ел, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, басқа түскен қайғы-қасірет, куаныш-шаттық болсын бірге көтеріп келеді. Қолда барды бірден бөліп пайдаланған, өзара бір-біріне көмектесу сияқты белгілі бір коллективке тән дұрыс әдет-ғұрыпты туғызған. Сол әдет-ғұрыптар ұзақ замандарға талмай жетіп, сол халықтар өзіне тен берік дәстүрінің негізін салған.
Қазақ Халқының ұлттық дәстүрлері көп салалы «Өнер алды қызыл тіл» деп, әуелі аталы сөзді құрметтеген. Мұнысы даналықты, ақыл-парасатты, тапқырлықты құрметтегені. Не бір асыл ой, ардақты сезім тілмен айтылған ғой. «Қырдағы көшпелі халықтың шешендік тапқырлыққа бейім келетіні — алаңсыз көшпелі өмір сүргенінен шығар, әлде өз көз алдыпдағы табиғаттың көп жұлдызды ашық аспан мен ұшы қиырсыз жасыл даланың шабытты әсерінен шығар… Дала тұрғыны – қазақ мораль жағынан да, ой өрісінің қабілеттілігі жағынан да… жоғары тұрады. Поэзияға бейімділік әсіресе суырып салма шешендік барлық көшпелі нәсілдерге тән қасиет» – деген еді ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов. Расында да халқымыз-атамзаманынан бері кешірімсіз, өте ауыр жағдай деп санап келе жатқан жер дауы, қүн, дауы, жесір дауы, мал дауы т.б. сияқты оқиғаларда көбіне ақылды ұл-қызының аталы айтылған бір ауыз сөзімен ғана бітімге келтіріп шешім тапқызған. Сан-саналы ұлттық дәстүр атаулының мән-мағынасына үңіле қарасақ, онда адалдық, адамгершілік, ізеттілік, үлкенге құрмет, кішіге шапағат т.б. сияқты аса қасиетті этикалық және эстетикалық тәрбие жатқанын аңғару қиын емес.
Л.Толстой айтқандай тәрбие — бір адамның екінші адамға белгілі адамгершілік әдеттерді дарыту үшін жасайтын ықпалы. Ешбір халық өз ұрпағын жаман болсын, мұрасыз-мұратсыз болсын демейді. Жақсы ғұрпын дәстүр-өнеге етіп ұстайды. Өздерінің сезім өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамын оятқан қазақ халқының таң ғажайып әсем де әсерлі дәстүрлеріне халқымыз аса бір ілтифатпен қарап келген. Әр бір табиғат көрінісінің тұнығын бұзбай аялауды, «обал» деп сылап-сипап отырған. Туған жер, Отан, Ата мекен десе ең алдымен сол жердің өзен-көлін, тау-тасын, орман-тоғайын, ұшқан құс, жүгірген аңын есіне алған. Алыста жүріп аңсап сағынса соны жырға қосқан, қуаныш мерекссіне соны мақтан еткен. Адам бойындағы барлық асыл қасиетті сұлулықты мақтаса сол туған жер табиғатының тазалығынан теңеу тапқан. Ұшы-қиыры жоқ кең пейілді байтақ далаға, төбесі көк тіреген асқар туаға, шалқыған шалқар көлге, мөлдір бұлақ, кернелі өзенге шендестірген. Дәстүрлі той-думан, шілдеханаларда өнерпаз сөз шеберлері айтысса табиғаттың көркін, байлығын, соның құшағындағы ел тұрмысының салтанатын мақтан еткен. Адамзат болсын ерте заманнан бері табиғат-ана асырап келеді. Алғашқы қоғамнан қазіргі космос дәуіріне дейін адам баласының азық-түлік, киім-кешек, басиана, көлік, өндіріс құралы мен қорғаныс қаруы – өмір сүруге қажетті барлық мұқтажын өтеп келе жатқан жомарт табиғат қазынасы. Бертін келе адамды тұрмыс түзеу, баю мұратына жеткізген де осы табиғат байлығы. Күнделікті өміріне, экономикалық жағдайына, географиялық орналасуына, биологиялық* ерекшеліктеріне байланысты қазақ халқы табиғат қойнында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан жұрт екенін байқаймыз. Мұндай жақындық оларды табиғатқа етене бауыр, жаңашыр етіп жіберген сияқты. Халықтың табиғатқа деген көркемдік сезімін, ілтипатын, қадірлеп-қасиеттеуін көрсетілетін дәрежелерді тарихтан, ғана емес, бүгінгі өмір тағылымынан, тұрмыстың сан сала, сан тарауларынан кездестіреміз. Қай қазақтың босағасына бас сұқсаңыз да оюлы сырмақ, текемет, түс кигіз немесе айшықты ер-тоқым, тұрман, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары, я болмаса өрнекті киім-кешектің бір жұрнағын кездестіруіңіз мүмкін. Ол көзі қимай сақтаған секінің жұрнағы емес. Халық санасына терең ұялаған, туған табиғатына тән көркемдік сезімнің бүгінгі күнге қажетсінуінен туған, болашақ ұрпаққа да сол мән-мағынасымен барар даңғыл жолы бар дәстүрлі дүние. Әртүрлі бұйымдарға түсірілген ою, айшық-өрнектердің қай-қайсысы болмасын өзімізді қоршаған табиғаттың бір бөлшегін көз алдымызға тартады. Түс кигізден тау жолдары, бұлак сулары, даланың хош иісті гүл-бәйшешск жапырақтарын елестетсек, сырмақтардан малдың, аңдардың мүйіз-тұяқ үлгілерін, құстардың қанаты мен тұмсықтарының алуан суретін байқаймыз. Тұтас алғанда халықтың өзі мекен еткен тау мен даланың бай табиғаты, жыры сияқты. Демек, халық тұрмысқа керекті заттың қажетін ғана емес, рухани қажетін, творчеетволық шабыт кезін де табиғаттан тапқан.
Сүлулық пен көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі бәрі де адамға ләззат береді. Олардың жазықсыз жәбірлеуге, елтіруге, отауға арамдауға, бүлдіруге, құртуға болмайды — дейді халық дәстүрлерінде.
Ес білгеннен бастап ата-ангасынан ел ағасынан, үлкендерден ене бойы айтылатын өсиеттермен тәрбиеленген ұрпақ өзі де табиғатқа нұсқан келтірмей, келешек ұрпақтарды да сол тәрбие талабына қалыптастырып, алдындағы малы мен айналасындағы табиғаттың игілігін көруге баулиды.
Жазықсыз аң мен құсқа мейірлене қарағаннан әр замандағы махаббат сезімі де біреуден біреуге, «ақсұңқарым», «аққуым», «ақмаральш», «балапаным», «бұлбұлым», «тотым» сияқты теңеу-лермен айтылып, тарағанында да күмөн жоқ..Адамды аңға, құсқа тигізбей, олардың өз бетімен еркін тіршілік етуіне мүмкіндік беру үшін. Жануардын, қанын босқа төкпеу үшін, адам баласын жыртқыштан, қанқұмарлықтан аяусыздықтан, жаны ашымастықтан бетбақтықтан аулақ ету мақсатымен, бұндай жаман әдеттен адам баласының қоғамын аман алып қалуы үшін, халқымыздың арасына кең тараған аңыздар, дәстүрлер, ертектер көп. Олардың бәрінің де, ойлап қараған кісіге тамыры терең, мазмұны кең, тәрибелік мәні зор, үлгі, есиет аларлық парасаты мол.Халқымыз обал мен субапты, адалдық пен арамдықты ажырата біледі және бұл ұғымдар ел санасынан ерекше орын алған. Әрбір қазақ бір жұмысты істерде оны жаңағы айтқан төрт тұрғыдан қарайды. Мысалы, қазақ халқы аққуды атпайды. Кім білсін, қай заманнан қалыптасқан дәстүр екенін, қазақтар әйтеуір аққуды қадірлейді. Табиғаттың жандысы болсын, жансызы болсын, қажеттігімен ғана емес, көркімен, айналадағы өмірге сән беріп жарасуымен құнды, өз алдына сырға толы таңғажайып әсері, тарту күні бар эстетика. Бір ғажабы сонан күнбе-күн ләззат, нор алып отырғанымызды байқамаймыз да.Басқа хаиуанаттар мен құстар дүниесін былай қойғанда, бір ғана осы аққу атына байланысты біз ел аузынан, эпостардан неше түрлі аяулы сөздер естиміз. әйел қауымының жан нәзіктігін, тазалығы мен сұлулық сипатын, аяулылығын «Аққудай ару» деген бір ауыз теңеу сөздің құдіретінен түсінеміз. Адамның көңіл күйінің жығылуын суреттеген «Аққуы қайтып оралмаған құлазыған көлдсй болдым» деген сөздердің құдіретін тағы да аққу атынан табамыз.
Міне мұның бәрі табиғат пен етене бауыр болып кеткен халықтың өз айналасындағы аңдар мен құстардың психологиялық күйіне қаншама қанық болғанын, олардың сырт көрінісін қызықтаушы ғана емес, ішкі сырын, өмірін байқап, зерттеп түсінгендігін аңғартады.
Тау-тас, орман-тоғай, шеп пен су сияқты андар мен құстар да адамзаттың қажеттін өтеп, сән-салтанатын жарастырып келе жатқан ежелгі досы, сырласы. Тарихқа үңілсек, бұлардың ерте заманда адамзат мәдениетімен өнерінің тапқырлық, ақыл-парасатының өсуіне де көп әсері тигенін көреміз.
Аққу серігі мерт болған жерге өзі жанын құрбан ететін оның ұлы қасиеті халық көңіліне ұнаған. Оның аты — опалы, мейірімді, әділетті болу қиянат пен зорлыққа немқұрайды қарамау. Халыққа ұнаған бұл қасиеттің жас ұрпақты опасыздықтан жиіркендіріп, патриоттыққа тәрбиелеуде философиялық үлкен мән-мағынасы бар екені түсінікті. Әрйне аққуға тисең бақытсыздыққа ұшырайсың дегендей сез тындамас тентектерді қорқыту ( жасқандыру үшін қосылған қоспалар болуы мүмкін. Атақты ақын және халық композиторы Ыбырай Сандыбаевтың «Гәкку» атты әйгілі әнінің шығу тарихы да Көкшенің көгілдір көлінде салтанат құрған аққу әсерінен туған деседі — халық.Қазақ жалпы құс атаулыны аяиды, оларға жанашырлық білдіреді. Тұмсығы тесік құстар бәрі табиғаттың азат перзенті. Оның бостығына, өсіп көбеюіне қиянат етпеу керек, оларды жәбірлемеу керек деп түсінеді. Балалар ойнап жүріп торғайдың балапанын ұстап алса да дереу қоя бергізеді.
Құстың ұясын бұзбау, жұмыртқасын сындырмау, балапанын жәбірлемеу егде тартқан адамдардың қашаннан бергі балаларына айтып отыратын өсиет. Олар мұндай қиянатқа тиым салып отырды. Ілуде бір тентекті қөрсе жағасын ұстап жек көріп кетеді. Өзіңе зияны тимеген, аңға, жәндікке тиіспе деп үйретеді.
Табиғатта өз міндетін етемейтін басы артық ештеңе жок, бәрі де адам үшін қызмет істейді. Тырна келсе «Жыл құсы». «Қаз қайтса күз», «Қарға келсе қар қалмайды», «Ұзақ келсе қыс аяғы ұзамайды», «Көкек кслсе көктем», «Сауысқан келсе суық болады» т.б. деген қағидалар халық көңілінен мықты орнаған. Осы айтылғандардың жастарға тәлім-тәрбие беруде атқаратын ролі орасан зор.
Жылан – қазақ елінің және басқа халықтардың ұғымында ең жауыз жәндік. Кейде жайлау үстінде жыланның үйге кіріп кететін жайы да болады. Сонда оның ештеңеге зияны тимеесе, бірдеңеден қорқып келген шығар деи, мүсәпір етіп, қиянат жасамай, басына ақ құйып шығарады. «Таспен атқанды аспен ат, өзің мейірімді, жақсы болсаң өзгеге жақсылық жасасаң сағанда біреу қастық ойламайды» – деп жыланға да адамгершілік, жанашырлықпен қарайды. Бұл ең алдымен, жоғары гуманистік қасиеттен туған дәстүр, халықтың кең пейілдігін, бейбіт өмірді, жан иесінің азаттығын қасиеттеуді өздеріне парыз санап, қас-күнемдікке, қанды қолдықка, өздерін де, ұрпақтарын да, сол сияқты бүкіл замана атаулыға қиянатқа бастырмауды ниет тұтқанын көрсетеді.
Табиғат құшағындағы көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігі, ішсе асы, кисе киімі, мінсе көлігі, алдындағы малы ғана болды. Мал да табиғаттың адамға тартқан үлкен сиы. Оны ысыран етпей, тұрмыс керегіне жаратып пайдалануды, мейлінше өсіруді ежелден төл ісіміз деп санаған.
Малды қорлау, жебірлеу үлкен қиянат. Кейбір тентектердің мінген атын сабағынан көрсе ақсақалдар жерлеп, ұрысып тастайды. Тамақ-тұрмыс қажетіне мал сойса, қастерлеп, қадірлеп, жақсы сөздерімен батасын айтып таза, қинамай сояды. Қанжынына дейін кісі аяғы баспайтын таза жерлерге төгіп, көмеді. Бүл дәстүр, біріншіден, хайуанды қорламау болса, екіншіден, тазалықты сақтау, ауыл маңына, ас-суға шыбын-шіркей үймелетпеу — жалпы мәдениет этикасы болып табылады.
Аңға, құсқа деген халықтың көзқарасы, оларды жақсы көрушілікті біз күні бүгінге дейін еліміздің өмірінен, тұрмысынан көреміз. Олардың сүйкімділігін, көріктілігін, момындығы мен жәбірсіздігін жақсы көріп, солардай болсын деп перзенттерінің есімін де солардың атымен атаған. Ел ішінен Ақмарал, Құралай, Ботакөз, Бұлғын, Қарлығаш, ал ата-анасы ер жүрек, қайратты азамат болсын деген тілекпен қойған Арыстан, Бүркіт, Қаршыға деген аттарды естігенде тапқырлығына сүйсінеміз.
Бүгінгі адамзаттың асыл мұраты бостандық, тыныш өмір сүріп өсіп-өну. Сол үшін де ақ ниетті адамдар озбырлыққа, адамзат баласын жаппай қырып-жоятын қаруға, шапқыншылық соғысқа қарсы күресті өрістетіп отыр. Осының бәрі азаттык, мүддесі. Халықтың адамгершілікті жанашырлық сипаты асыл дәстүрлері міне осындай дүниенің түбегейлі мүддесімен астасып жатқанын сеземіз. Сеземіз де осындай қасиетті ойды ұрпақтан-ұрпаққа тұнық, таза қалпында жеткізуге қызмет істеуге тырысамыз.
Басқа бір елдің рухани байлығына, мәдениетіне, салт-санасына, дәстүрлеріне, материалдық қазынасына, табиғат байлықтарына сырттан келген келімсектердің жаны ашымайды. Қайта сол басып кірген жерінің бар байлығын қайтсе де көбірек тартып алуды меншіктенуді көксейді. Тегін жатқан байлық, көлденең олжа жаулап алушылардың көкейтесті арманы. Олар сол жердің негізгі иссінің, сол жерді ежелден пайдаланушы халықтың қамын ойлаған емес. Оны қазақ халқының өмірінен жақсы көруге болады. Келімсектер тек өз пайдасын көздейді, қалтасын толтырып, керегін алып, болмаса ежелгі жерін, суын тартып алып өз пайдасына жаратып отырады. Ауыртпашылықтың нешс түрлі тауқыметін тартатын сол жерлерде ежелден тұрып келе жатқан халық болады. Тұрмыстың неше түрлі тауқыметін біздің қазақ елі тартты ғой. Жерді отарлау басып алу, зорлық, зомбылық жасау, басьш кіру, тартып алу, халықтың ежелден келе жатқан тыныштығын бұзу, асу, ату, өлтіру сияқты жыртқыштық тәсілдерін бәрін қазақ халқы’басынан өткізді.Бір кезде патшалық Россия үкіметі де қазақ даласын, оның байлығын, елдің өзіне тиісті мол қазынасын әр түрлі әдіс-айламен, кейде күшпен қорқыту, ығыстырумен ала беруге кешкені белгілі.
Сонау он сегізінші ғасырдың аяқ кезінің езінде қазақ ауылдарына (руларына), Ертістің оң жағындағы ата мекеніне көшіп баруға, ол жерлерді пайдалауға, мал бағуға патша үкіметі тиім салған болатын. Бұл тәсіл күні бүгінге дейін, өз тәуелсіздігімізді алғанға дейін бір күнде толастаған емес. Тегін жатқан мол жайылым мен шабындықты, үйір-үйірімен ен далаға симай жатқан құлан мен тағы жылқының бір түрі – тарпанды, сол кезде-ақ ақ патшаның әскерлері меншіктеніп алған болатын.
Әуелде «бейбіт» жолмен келіп, кейбір аға сұлтандарға атақ-дәреже беріп, өктем күшін мықтап орнықтырып алған ақ патша аға сұлтандардың өз мекендерінен қуып жіберіп отырды. Міне осындай, дала өміріне енген зорлық-зомбылық күштері, ежелден келе жатқан салт-сана мен дәстүрлерді мүлде жойып жіберді. Халық өз тілінен мәдениетінен айырыльш қалғанын қазақ елі жақсы біледі.
Адам дүниедегі ең ақылды жаратьшған Биосфера перзені. Оның қолынан жақсылық та, зұлымдық та келеді. Қолында малы көп болып, не ішейін, не киейін деп ойламаған кезде андар мен құстарға, жалпы биосфера компонентгеріне (жерге, суға, өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесінс) адамгершілік, қайырымдылық, жақсылық ойлаған. Қазақ елі жайлауы мен малынан айрылып, амалсыздан амалсыз аң, балық аулаудың әр түрлі айла тәсілдерін қолданып күн көрсе де ежелгі әдет және аса бағалы ұлттық дәстүрлерінен ұлы Абайдың «ақырын жүріп андьш бас, ұстаздық еткен жалықпас» деген даналы сөзін басшылыққа алып, қазақ халқы жастарға валеологиялық білім және тәрбие беруден бірде-бір күн жалыққан емес.
Әуелде үш жүзге бөлінген қазақ халқының мекендейтін жерлері «мекендеғен жер-суына қарай олардың салт-сана, әдет-ғүрып ерекшеліктері, айырмашылықтары белгілі дөстүрлері болды. Ондайларды сөйлеген сөзден, киген киімнен, пісірілген астан, тіккен киіз үй мен жасау, ер-тоқымнан байқауға болады. Аңшы жабайы андар мен құстардың өсіп көбеюін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс-тұрысын, дағдысын білумен қатар, олардың мінезін жақсы білуге байланысты нәрсе. Осы асыл дәстүрлерді қазақ халқы балаларына атап үйретіп отырған.Ескі аңшылық дәстүр бойынша аңның көбіне еркегін атады да ұрғашысы мен балаларын атпайды. Қай заман, қай ғасырда болсын қазақ халқында табиғатқа тағылықпен қарау болған жоқ, жабайы аңдар мен құстарға дейін жанашырлықппен қарады. Өзінің қолда бар, еңбек етіп асыраған малына қанағат етті. Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдығы, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп қарады. Қазақ арасында бұрын «адам топырақтан жаралды» деген ұғым болғаны рас. Сондықтан да топыраққа, жерге, тірі жүрсең де, өлсең де менің деп ықыласпен қарады. Жерді қазу, шұқылау берекесін кетіру – бәрі де оны жаралаумен тең, оның қаһарына душар болу деген сез — деп ұқты. Осындай түсініктер жер бетінің бүтін болуына, топырақтың тозбауына, көркінің кетпеуіне үлкен себеп болды. Халықтың еңбек ері, дүние жүзіне атағы әйгілі, белгілі дикан, күріш өсіруші Ыбырай Жақаев: «Мен рахметті жерге айтар едім, – дейді – өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан», «Қасиетті Жер-ана сенсің менің ардақтым!». Міне бұл сөздер жерді ұқсатуды кәсіпеткен сол жердің қасиетін, кереметін, «тілін» түсіне білген адамның сөзі. Осындай дәстүрлі ісімен қазақ ақсақалы аумағы кішігірім совхоз орталығындай жерден жыл сайын күріштің дариясын шалқытып бір рекорттан бір рекордты туғызып дүние жүзінің күріші өсірушілеріне өнеге көрсетіп жүрген болатын. Кейіннен ол ұлы адам дүние салды. Табиғаттың ләззатті көктемін адам баласыньщ ақын жанды перзенттерінің жырламағаны жоқ деуге болады. Ақында, жазушы да, ғалым да, композитор мен суретші де табиғат көктемінің сан алуан сырлы сипатын, сұлулығымен кереметін дәріптеп, анадай аялап, сәбидей мәпелеп, көне тарих жолының басынан бері қарай із қалдырып келе жатқаны баршаға белгілі жағдай. Кол-көсір байлықтың тегі-өсімдік дүниесі екенін біздің қазақ халқы жақсы білген. «Көкті жұлма — көктей соларсың» деген нақыл сөзде көк шөпкс деген жанашырлық қамқорлық, философиялық терең мағына жатыр. Бұл нақыл сөз өсімдік қадірін білгендіктен туған.Тамақ, киім, отын, баспана, құрылыс өндіріс материалдары, дәрі-дәрімек бәрінде өсімдіктерден алатыны баршаға белгілі. Жерге, өсімдікке деген ықылас пен көзқарас әрбір ауылды белгілі бір жолмен, белгілі^ уақытта кешуге, белгілі құдықтың, немесе бұлақтың басына қонуға, малды үйренген жерге жоюға қалыптастырып үйретті. Осындай көшу, қону жағдайларына байланысты мал жайылымы қыстау, жайлдау, көктеу, күзеуге бөлініп, жылдың төрт мезгіліңце әр ауылдың қоныс ететін бслгілі жерлері болды. Бұл сияқты жерді, өрісті бөлу ұзақтан, әріден басталғандықтан атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа тараған берік қағида, дағдыға айналды. Әр жүздің, рудың, ауылдың мал баққан жерлері солардың ортақ меншіктеріне айналып кетті. Басқа біреудің айтайық бір ауылдың, екінші ауылдың жеріне мал жаюы, немесе, ұлықсатсыз келіп көшіп алуы үлкен дау-жанжалға айналатын болған. Абайдың: «Ерте барсам жерімді жеп қоямындеп, ықтырма мен күзеуде отырар бай» – деуі, бір жағынан байдың сарандығын сықақтаса, екіншіден мал жаятын жердің қатаң есептелуі екенін, жердің шөбін де тиімді пайдаланудың қажеттігін көрсетеді. Жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдікке шапағатты көзқарас халықтың қасиетті сезімі қазақ халқы ұғымында жер өртеу, үлкен кылмыс. Жер мен оның өсімдігі заласыз, зардапсыз, пөк әлем. Пісіп тұрған шалғында өртсу елге деген орны толмайтын зиян. Сол үшін де даныяшан Абай «Атың шықпаса, жер өрте» деген сөзді түйреп, «Жер өртеп шығарған атың құрысын» дейді. Көшпелі қазақ ауылдарындағы үлкендср ертеден-ақ кейінгілерге «Отпен ойнама» ден өсиет айтқан. Қадірлі өсиетпен тәрбиеленген қазақ баласы соғыс өртін ешқашанда тудырған емес. Жан иесі ғана емес, жер бетінс шығып көгеріп тұрған өсімдіктерідің дс тіршілігі бар. Кесілген ағаштың немесе жұлынған шөптің аққан сөлі – көз жасы сияқты жас ағаштың сынғанын, гүл-бәйшешектің мезгілсіз жұлынғанын көрсек аяныш білдіреміз.
«Көкті жұлма, көктей соларсың», немесе «көктей солғыр», «өспегір» деп біреуге лағынет айту да осындай ұғымынан туғаны өзінен-өзі белгілі. Әрине мұндағы негізгі философиялық мағына тіршілік еткісі келген дүниені тиіспе, залал келтірме, зақымдама деген аталы ақыл. Шынына келетін болсақ өсіп түрған «әдемі ағаштың, гүл, жеміс» ағаштарының адам баласына, түрлі жан-жануарларға, жер көркіне келтірер пайдасы сан алуан. Біреуге риза болғанда «көсегең көгерсін», «өркенің өссін» дейді. Қазақ қандай тамаша жүрекке жылы тиетін тілек. Халықтын өз туындысымен түсіндіргенде: «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» деген мағынада.Оңтүстікте «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген создер бар. Әкесінің егіп кеткен жас шыбығы кейін өсе келе жемісті, саялы баққа айналып ұрпағынан-ұрпағына дәулет болып келе жатқандар да аз еемес.Ғасырлар бойы көшіп жүріп малды жайып, бағу биосфера компоненттерігі тиімді пайдаланудың дәстүрлі жолдарын туғызды.
Ауыл ақсақалдары жұрттың шаңы шығып, тақырға айналып кетуіне жол бермегсн. Құлындар байлайтын желілерді, қозылар көгенделінетін көгендерді ауыстырып отыру әдетке айналдырған өмір тәжірибесімен істелген мұндай жұмыстардың табиғатты қорғау жөнінен ғылыми негізі бар. Шөп тамырымен жойылса, ондай жерге ендігі жылы шөп шықпай қалады. Жұртты тақырға айналдырып жіберу табиғатты орынды пайдаланбағанның, жерге жаны ашымағаның ісі.
Сондықтан да ауыл қонып отырған жұртты тоздырмай, қарайтып шаңын шығармай тұрып көшу басқа жерге жүрт аударып отыру, ел көшкен кезде қазылған жер ошақ, шұңқыр, апандарда көміп тегістеп, кететін қазақ шаруаларының ежелден келе жатқан аса бір пайдалы дәстүрі. Бұндай жаңашырлықтың бүгінгі шаруашылыққа да үлкен пайдасы тиеді.
Жайылым мен жердің жасыл шебі ғана емес, қазақ дәстүрінде орман-тоғайды қорғау мен пайдаланудың да өзіндік, қағидалары бар. «Ағаш көркі жапырақ адам көркі шүберек» деген нақыл сөзде, адам меп ағашты бірдей тіршілік ететін табиғат деп қараудан туған.Көшпелі елдің өмірі бөлек-салақ, күнделікті тұрмысқа қажеті жоқ артық заттардан аулақ болуды талап етеді. Керегі жоқ болса, ағашты кеспеу, шөпті шаппау, бүлдірмеу, жемейтін болсаң жемісті үзбеу сияқты толып жатқан «обалға» барып тірелетін өсиет кеңінен таралғанын да білеміз.
Орман-тоғай арасынан қазақ шаруалары қажеті үшін жеміс беретін ағашты әсте кеспеген. Жерімізде бар табиғат байлықтарының кейбірінің осы күндері аса мол болуы, біздерден бұрын осы жерді мекендсген адамдар еңбегінің жемісі. Әрбір ұрпақ өзінен бұрын өмір сүрген ұрпаққа сын көзімен қарайтыны, басым болады. Ол да зандылық. Ондағы мақсат – өткен қателікті қайталамау.
Қазақтың дәстүрлі өсетін – өсімдіктерді «жұлма», «өртеме», «таптама», «кеспе» деп ғасырлар бойы қолдағы барды сақтағысы келсе, ендігі ұрпақ өскелең өмірдің бар мүмкіншіліктерін қолдана отырып, табиғатты одан әрі мол да. Көрікті, сүлу да берекелі ету үшін шел даланы құлпырған орман алқаптарына айландыруда.
Табиғат қоры адам үшін тегін дүние сияқты. Бірақ табиғатта керексіз, қалай болса солай жұмсап пайдалана беретін, не ысырап қыла беретін тегін ештеңе жоқ. Бәрінің де өз міндеті керек орны бар. Қандай зәт болмасын, өзінің молшьшығымен бағалы. Молшылықты қадірлемеу, бағаламаудан тапшылықтың тақсіретін тартқан кездерде болған. Міне халық сол өмір тәжірибесінен дұрыс қорытынды шығармағандықтан «ой шырағым, байқа, ағып жатқан суды тегін деме, судың да сұрауы бар» деген даналық сөз тастаған үрпағына.
Қазақ халқының суды қадірлемеу, қорламау жөнінде де неше түрлі аталы сөздер естиміз. Талшыбықты ат қып мініп ойнап жүрген балаларға ата-анасы, үлкендер «суды сабама», «бұлақты лайлама», «көң-қоқырды су басынан аулақ төк», «суды сапырма» деп жасынан үйретеді. Осы сөздерден тегінде су тазалығын сақтауға қаншама мән берілгендігін көреміз.
Суды ылайламау, суды сабаламау, былғамау, әрбір дала тұрғының тікелей борышына айналған. Мұның өзі тек судың ғана қамы емсс, ондағы балықтардың, су бойын мекендеген құстардың қамы. Соларға тыныштық, өрісті өмір жайлы тіршілік тілегінен туған дәстүрлі сөздер.Казақ ауылдары құдық, бұлақ суларының тазалығына қатты көңіл бөлген. Қыстау, көктеу не жайлау мен күзеуде құдық болса ел көшкенде шегендеп кетіп, көшіп келгенде аршып отырған. Ал мал суаты болған бұлақ бастарын таза ұстап, оның көзін жыл сайын балдыр-батпақтан тазалап, су көзінің бітеліп қалуынан, не құрып кетуінен сақтаған.Қазақ елі қанша жасампаз болса, ол соншама өзгертуші де. Ғасырлар қатарында жатқан жер-өлкелер тарихына қарап, ежелгі географияларға зер салсақ, бір кездс жайқалып жатқан талай-талай арналы өзен, өлкелі сулардың жоқ болып ксткенін көреміз. Ал ежелден малшы жүрт көшіп,-қонып, қоныстап жүрген жерлердегі кішкентай бұлақтар мен су көздерінің сол ғасырлар бойы сақталып келе жатқанынына да куә боламыз. Мұнын себебі, қамқорлық жасамаса тозбайтын дүние жоқ. Тек адам ойы өзгерместен өмір кеше береді.
Жолаушы қазақ ат шалдырған жерінде кездестірген кішкентай тұнбаның көзін көрсе жарықтықай» деп, алақаны мен, не тастың жарқашымен болса да аршып, көзін кеңейтіп кетеді. Аға алмай жатқан туманның көзін ашып кеңейтіп қайда жүрсе өзіне борыш санайды. Мысалы, мал баққан елдің ежелгі және қазіргі мекендерін аралап жүрсеңіз осындай оқиғаларға байланысты қойылған жер-су аттарын жиі кездестіреміз. Арқада Құланбұлақ, Айнабұлақ, Құлан өтпес, «Май-құдық т.б. су аттары, Жидебай, Көкен т.б. Жер аттары санай берсек толып жатыр. Осының бәрінің де қызықты өз тарихы тәлім-тәрбиелік мәні бар.
Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны жалпы халыққа, тіршілікке, орман-тоғай өсімдіктер дүниесіне ортақ тіршілік беруші деп қараған. Су бермеу, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс саналған. Сол үшін атам заманнан бері қазақ үйіндегі су, қымыз, айран-шалап, кеже, сүт сияқты сусындар тегін. Айдалада мал бағып отырған жалғыз үй болса да белдеуіне ат байлаған жолаушыға ең алдымен сусын беріп аттандырады, қонса, не түстенсе сусынымен қоса қонақысы да тегін. Бұл тіпті сол жолаушыны үй иесінің тану-танымауына немесе оның кім, не істеп жүрген пенде екеніне байланысты емес.
Ал бір ауылда той болып, не ас беріліп жатса, басқа ауылдар сол ауылға сусын үшін, саба-саба қымызын өздері ішпей, жиып тегін артып барады. Әрине, мұндай дәстүрлер біріншіден қасиетті ел берекесі болса, екіншіден суды, сусынды қадірлеу дәстүрі,. Біздіңше мұндай аса биік адамгершілікті дәстүр, еш уақытта да берекелі ел арасынан жоғалмақ емес. Қайта халықтың әл-ауқаты, мәдениеті, тұрмыс салты өскен сайын жаңа мағына алып, тұлғаланып есе бермек.
Орыстың атақты ғалымы Нобель сыйлығын алған И.И.Мечниковтың теориясына қарағанда, әрбір халықтың, елдің цивилизацияға, мәдениетке жетуіне басты әсер етуші, мүмкіндік беруші ~ су байлығы болып саналатын көрінеді. Тереңірек алып қарағанда ең ерте замандардағы цивилизациямыздың өзі Нил, Тигр, Евфрат, Ганга, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында пайда болған. Одан ксйін Жерорта теңізі маңайындағы гректермен римдіктердің цивилизациясы, сосын Американың ашылу дәуіріне байланысты «океандық цивилизацияның пайда балғаны белгілі».
Ал біздің Қазақстан жерін, оның елін алып қарайтын болсақ сонау ертеден келіп жеткен эпикалық дастандардағы тұрмыс сурсттері, әдет-ғұрып, қақтығыс-тартыстарда Еділ мен Жайықтың, Сырдария мсн Ертістің, Аягөз бен Есілдің жағалаларында «Арал, Балхаш, Зайсан сияқты көлдер айналасындағы жерлерде өтксні байқалады. Өйткені кейбір көшпелі елдің де жайлайтын жері көшіп жүрсе дс ұзап кете алмайтын жерлері, өзендер мен көлдердің маңайы еді. Мыңғырған мал, жайқалған егін. Су бар жердің айналасынан табылған.
Дені мал бағып, азы егін егіп, көшіп – конып ен даланы жайлаған қазақ халқы үшін, әсірссе, судың қадірі қымбат еді. Бірақ олар аққан өзен мен көл, бұлақ, суларын ешкімнің меншігіне жатпайтын қасиетті дүние санаған. Әркім өз ыдысына құйып алған суды ғана қажетіне ғана айдалаға құдық қазып, қалың елді мал-жанымен шөлден аман алып қалған, немесе күн көрісіне себеп болған жекелеген адамдарды, батырларды, аңызға айналдырып, олардың бейтінің басына барып тағзым етіп бас иетін, дастан, жыр етіп айтып жүретін болған.
Қазақтың ежелгі дәстүрлерінде суға дегсн көзқарас — оны бүлдіру, былғау, ластау емес, қайта оны қадірлеу, қасиеттеу, аса жоғары бағалау болған.Табиғат қорғау және экология проблемаларын дер кезінде және тиімді шешу үшін, әрине маман кадрлар керек, Халық шаруашылығы салаларында табиғат байлықтарын пайдалану процестеріне тікелей қатысатын, басқаратын адамдардың экология және табиғатты қорғау жүйелерінен хабары, тиісті білімі болуы керек.
Табиғатқа жанашыр болу — адамзат қоғамына оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сондықтан табиғат қорғау және экология мәселелерін негізінен мектептен бастап, жоғарғы оқу орындарын бітіріп халық шаруашылығына жолдама алатын мамандардың өзі мен бірге ала жүретін төл ісіне айландыру керек.
Қазіргі кезде халықаралық табиғат қорғау және экология қоғамы жер жүзіндегі әрбір халықтың ежелден бері қарай, сонау алыс дәуірлерден бастап, өз өмірінде қолданып келе жатқан табигатты қорғау экология мәселелерін шешу дәстүрлерін жинауға кірісті. Әрбір халықтың халық болып тарихта белгілі бола бастауына, олардың географиялық орналасуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, кәсіп етіп келген шаруашылығына байланысты әр халықтың табиғатты қорғауға және экологияға деген көзқарасы бұрын да әр түрлі болғаны, қазіргі кезде әр түрлі екені белгілі бола бастады.
Жер шарында табиғи ресурстар мол болғанымен ол сарқылмайтын дүние емес. Адам өмірі үшін шикізат күннен күнге көп керек. Тіпті жекелеген адамдардың табиғатқа немқұрайлы, селқос қарауы қаншама зиянды екенін әрбір адам борышындай сезінуі керек. Қазақ жерінің биосферасын пайдалануға біздің ғана емес, кейінгі ұрпақтардың да мүмкіндігі болуға тиіс екенін ұмытпауға міндеттіміз.
Халықтың табиғатты қорғауға және экологияға деген дәстүрлерін жинақтау, оны кеңінен тарату адамдарды табиғатты сүюгс ғана емес, оны сақтауға, қорғауға тәрбиелеу — аса маңызды мәселе. Табиғатты сүю — Отанды, туған елді, жерді сүю деген сөз, оның барлық табиғатын еселендіріп көбейту, байлығын тасыту деген сөз.
Бұрынғы ата-бабаларымыз өз елінің табиғатына қалай қарады, біз ата-баба жақсы дәстүрін, қалдырған мұрасын орындап жүрміз бе, жоқ па деген сұрақты әркім өзіне ғана қоймай, басқаға да, әсіресе жастарға үйрете білсе, туған жер табиғаты бұрынғыдан да бетер жайнай түсуіне, байи түсуінде көбейе беруінде күмөн жоқ.
Саялы орман-тоғайсыз, айдынды шалқар келсіз, бітік шыққан егінсіз мыңғырған төрт түлік малсыз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да табиғи ресурстарды үнемді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.
Өмірлік тәжірибесі мол, ересек адамның жастарға үлгі-өнеге болуы занды десек, кейде керісінше, жас адамның да өзінен үлкен кісіге ықпал етуі мүмкін. Мысалы Шоқан Ф.М.Достоевскийден көп нәрсені үйренумен қатар, оған да ерекше қабілеттілігімен ықпал етті. Сондықтан да Ф.М.Достоевский Шығыс мәдениеті жөнінен Шоқанға тәнті болды. Оның «Шоқан табиғаттың өзі тудырған дара тұлға» деп бағалауы да тегін емес. Шоқан туралы Г.Потанин «біздің жасымыз одан үлкен болса да, ол білім жағынан бізге аға сияқты еді, біз оның қасында жалаңаяқ бала сияқты едік, … ол біздің жолдастарымызға және маған да білім жағынан «Европаға қарайтын терезе сияқты еді…. Деген болатын.
Адамның жан-жақты үйлесімді жетіліуіне, яғни біліміне, кәсіптік ебдейлігіне, өндірістік дағдысын дамуына, творчестволық қажеттілігінің өсуіне халық дәстүрлерінің тигізетін әсері ерекше. Кадрлар даярлауда, және олардың біліктілігін арттыруда халық дөстүрлері айрықша роль атқарады. Үздіксіз экологиялық білім беруде де қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін естен шығармауымыз керек. Сондай-ақ, жастарға белгілі бір немесе бірнеше мамандықтарға ие болуға, оларды меңгеруге, еңбек дағдыларын қалыптастыруға халық дәстүрлерінің атқаратын ролі орасан зор.
Осы айтылғандардың бәрі казақ халқының дәстүрлерінің барлық салаларын педагогикалық, психологиялық, экономикалық және философиялық тұрғыдан комплексті түрде зерттеуді қажет ететіні өзінен-өзі белгілі.

Жеке адамның үйлесімді дамуы мен қабілеттілігі, әртүрлі кәсіби мамандықтардың ебдейліктері мен дағдыларының жүйесі, өндірістік шеберлігі туралы теориялық және практикалық мәселелерді қазіргі заман талабына сай шешіп береді және халық шаруа-шылығына үлкен экономикалық пайда келтіретініне сеніміміз мол.
Демократияны жетілдіру, яғни өндіргіш күштердің өрге басуы еңбек өнімділігінің өсуі, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, қоғамдық белсенділіктің артуы, халықтың әл-ауқатының жақсаратыны т.б. ұлан-байтақ міндеттерді жүзеге асыру үшін жастарға қабілеттілік, ебдейлілік, кәсіби шеберлік сияқты іскерлік қасисттерді меңгерудің ғылыми негізі халықтық дәстүрлерінде жатқанын әрқашанда еске алып отырған жөн.
Сондықтан да осы еңбекте халық дәстүрлерінің жастардың қабілеттілік, дағды, ебдейлік және шеберлік мәселелерін жетілдіруге тигізетін пайдасын арнайы қойып, зерттеп, зерттеулердін нәтижелерін баяндауым осы тараудың (‘Теориялық жағдайы мен практикалық»), актуалдылығының негізгі мақсаты болды. Әрбір жастың жан-жақты үйлесімді дамуы мен өзінің дарындылық қасиеттерін жетілдіре түсутс қазақ елінің салт-саналары, әдст-ғұрыптары мен дәстүрлерінің педагогикалық, психологиялық, философиялық және эконоимкалық ғылым саналарының дамуына қосатын ролі орасан зор.
ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ ТАҒЫЛЫМЫ
Халықтық педагогиканың асыл арқауы ауыз әдебиеті (фольклорлық шығармалар)үлгілері болғандықтан, мен бұл шығармашылық жұмысымды тәлімдік фольклорлық шығармаларға арнадым. Бұл шығармамда ауыз әдебиетіндегі өлең үлгілерін
4 топқа бөліп топтап отырмын:
біріншісі — отбасылық тәлімдік әдет-ғурыптар немесе баланың дүниеге келуі, ер жетіп, азамат болуымен байланысты туған ырымдар мен жол-жораларды марапаттайтын өлең-жырлар;
eкіншіci — табиғатпен, шаруашылық кәсіппен және діни наным-сенімдермен байланысты туындаған өлең жырлар;
үшіншісі— үйлену және үй болу салт-дәстүрлерімен байланысты туындаған өлең-жырлар;
төртіншісі — діни наным-сенімдермен және өлікті жерлеу рәсімдермен байланысты туындаған өлең-жырлар.
Баланың дуниеге келуімен байланысты туындаған отбасылық
тәлімдік әдет-ғұрыптар
Балалы уй базар. Қазақта нәрестенің дүниеге келуімен байланысты туған ырымдар, жол-жоралар көп.Әcipece жас келіннің бойына бала біткенін сезген ене оны өз қамқорлығына алып, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтаудың шарасын істей бастайды. Абысын-ажын, ауыл әйелдерін жинап, "құрсақ тойын" өткізеді.Өзi білген ақыл-кеңестерді аямайды. Өмip тәжірибесі мол қарт аналар жас келінге бойға бала біткен соң бip жарым айда жерік басталатынын, ол кезде жүрек айну, бас айналу, құсу сиякты белгілердің болатынын айтып түсіндіреді. Сондай-ақ бойға біткеніне бес ай болған баланың қимылдап қозғала бастайтыны, ол кезде ауыр жүк көтермеу, түрлі тағамдар ішіп, бойды таза ұстау керектігі айтылады.
Түнде екіқабат келіншекті далаға, қараңғы қораға жалғыз жібермейді. Үйде жалғыз қалдырып түнетпейді.Ондай жерлерде жын-шайтан, пepi, албастылар жүреді деп ұққан. Екіқабат әйелдің басына пышақ, балта жастатып, қасқырдың азуын, бүркіттің тырнағын іліп қою ырымдары жын-шайтан сескенсін деген ұғымнан туған. Қазақ арасына кең тараған сенім бойынша екіқабат әйел түйенің етін жемеу керек. Түйе етін екіқабат кезінде жесе, әйел баланы 12 ай көтереді - міс деген сенім болған.
Толғақ жиілесімен ауылдың үлкен әйелдері жинала бастайды. Үйге арқан керіп, оған толғақ қкысқан әйелден қолтығынан асылып тұруды талап етеді. Толғак басталған кезде әйел әлсіремесін деп май салған сорпа береді. Үй ішіндегі әбдірелер ашылып, теңдер шешіледі, әдейі арнап түйреген қарынның аузы ашылады. Мұның бәpi — әйелдің тез босануына арналған ырымдар. Арша тұтатып аластау, легенді салдырлату, қызылды-жасылды, айна сияқты заттардың бетін жауып қою, т.б. ырымдар жын-шайтандар әйел бойынан аулақ болсын дегеннен шыққан. Босанатын әйелдің белін қапсыра құшактап, іштi қозғап, сылап, баланың төмен түcyiнe әрекет жасайды. Ал баланың басы қисық жатса, тәжірибелі кемпірлер оны түзеп,әйелдің ішін қойдың құйрық майымен сылайды.
Егер де бұл әрекеттер әйелдің босануына әсер етпесе, мартуды (жынды) қуу үшін қылышты қынабынан суырып, әйелдің басынан ойнатады, үкі әкеледі, үйдің белдеуіне шағыр көз айғырды байлап кісінетеді . Үлкендері аят оқып, жастар қару-жарағын салдырлатып, мылтық атып, ал әйелдер отқа тұз тастап, үйдің әлем-тапырағын шығарады. Немесе бақсылар қобыз алып сарнап, әйелге су шашып зікір салады. Осындай тағы қылықтардан шошынған әйел баласын тастап жіберуі мүмкін. Кейде мұның бipi де әсер етпей, әйел босана алмай, қиналып өлетін жағдайлар да кездескен.
Толғатқан әйелдің жанына бала таппаған әйелді жібермеуге тырысады. Бала туысымен оны жерден көтеріп алуды көп бала тапқан, мосқал әйелдердің бipiнe тапсырады. Ол әйел өзінің көңілін жақындығымен, жайдары, ақ жарқын мінезімен, мейірімділігімен сол үйге жақын адам болуы шарт. Ceбeбi баланы жерден алғаш кім көтеріп алса, бала соған тартады деп есептелген. Ол әйел баланың ұл, не қыз екенін ажыратып, сүйінші сұрайды да, кіндікті балтамен немесе пышақпен кесіп, тарамыспен буып байлайды. Кіндік шеше жас босанған ана көтерілгенше сол үйдің шаруасын icтeп, босанған әйел мен нерестені күтіп көмектеседі.
Kiндік шеше босанған әйелге қалжаға қой сойып әкеп, балаға ит көйлек кигізеді. Бip жылдан соң бала қаратабан болып журуге жараған кезде кіндік шеше бip қойын сойып, көйлегін алып келіп, баланың әке-шешесінен қалаған затын сұрап алады. Мұны қазақта "қалау" дейді.
Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-той, салтанатты жиындар мен рәсіммдер көп. Соның ең алғашқысы — жарыс қазан. Жарыс қазан атанатыны —мұндайда аяу, ірку, мөлшерлеу деген болмайды. Қазан әр үйде бірнеше жерде асылады. Келіншек аман-есен босанса, босанған әйелдің қалжасынан ауылдың үлкен- кіші, еркек-ейелі тугелдей дәм татып, ет жеп, сорпа ішеді. Жарыс қазанның арты іле-шала, не сол күні тунде, не ертеңіндегі кеште шілдеханаға жалғасады.Оны кей жерде "шілделік күзету" деп те атайды. Шілдехана алғашқыда "Жас босанған әйелді түні бойы жын-пepi жағалап жүреді, әйелдер, қыз-келіншектер жас босанған әйелді үш күн бойы жын-періден қорғап кузету керек" деген діни ұғымнан пайда болған. Шілдеханада жастар таң атқанша түрлі ұлт ойындарын ойнап, ән салып, күй шертісiп, жұмбақ, жаңылтпаш айтысып, өнер салыстырады.
Шілдехана дастарқанын басқарып жүрген әйелдер қалжаға сойылған қойдың таза мұжылған омыртқасын тобылғыға тізіп, үйдің ең жоғары жеріне (керегенің басына) іліп қояды. Бұнысы нәрестенің мойыны тез бекісін деген ырым.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін "ұл туғанға — күн туған" деп ерекше бақыт санаған. Оның ceбeбi отбасының, ұрпақтың иеci ұл бала болып есептелген. Бірнеше қыз туған әйелдің соңғы баласы ұл болса екен деген мақсатпен кейде қыз балаға "Ұлтуған", "Ұлбосын" деген сияқты аттарды ырымдап қойған.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әcipece ұл баланың өмipгe келуі отбасы мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртынa үлкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тез жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған.
Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса "Ат ұстар" деп, қыз болса "қырық жеті",деп — хабарлайтын болған. "Кейінгісі кызды калың малға беруге, "жат жұрттың адамы" деп қарауға байланысты туған ой-пікірлердің көpiніci.
Нәрестенің атасына, нағашысына немесе әкесіне көрсетіп көрімдік алу дәстүрі де — ертеден ел ішіне кең таралған салт. Баланы қолына алып қуанышына бөленген атасы:
Ақ, тілек, ал, ақ тілек!Атаң кәpi шал, білек,
Балбыраған бал білек.Отынға өзің бар, білек.
Аулың толы мал, білек,Ерте тұрып ерінбей,
Атаңның тілін ал, білек.Еңбек icтe қар күреп —
деп бата бepiп, маңдайынан иіскейді. Көрімдікке ат мінгізу, шапан кигізу — ертеден ел дәстүрі
Балаға ат қою. Бала туғаннан кейін қырық, күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересіне атын қойғызады. Кейде "Қырықтың бipi қыдыр" деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Ат қойыстың өзінен де бүкіл бip халықтың, ұлттың ерекшелігі, таным-түсінігі, ой-арманы ап-айқын көрініп тұрады.
Бесік. Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі өмipгe өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астына тақтай салып, дәрет жүретін жepдi тeciп, ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді.
Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлылығы: біріншіден, көшіп-қонғанда түйеге артып жүруге қолайлы, екіншіден, баланы eмізгенге өте ыңғайлы. Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке асылып отырып та емізе береді. Tiпті анасы емізе отырып, мызғып та алады. Үшіншіден,бесік баланың денесінің тазалығына, ұйықтауына қолайлы. Баланың нәжісі (зәрі денеге жайылмай шүмек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғак болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды. Ал бала денесінің өcyi үшін ұйқы аса қажет. Бала 40 күнге дейін 22—23 сағат, 6 айға дейін 20— 21 сағат, ал 1 жасқа дейін 18—20 сағат ұйықтайды. Ұйқысы тыныш баланың денесі тез өciп жетіледі.
Бесік тойы. Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды. Бeciктi көбінесе баланың нағашы жұрты алдын ала арнайы жасатып, бeciк тойына алып келіп тартатын болған. Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берсін, үpiм-бұтағым, өpiciм көп болсын деген ой-пiкip көзделген. Қызды өpic, жиендерді ұрпақ, жұрағат санаған.
Егер нағашы жұрты алыста болып, бeciк тойына келе алмаған жағдайда үpiм-бұтағы өскен, бала-шағалы аналардың бipi бecік тойға тарту етеді. Оның ceбeбi сәбидің өмip жасы ұзақ болсын, осы үй балалы-шағалы болсын деген ырым көзделген.
Баланың туғанына қырық күн толысымен, оның қырқынан шығару ырымын жасайды. Бip еркек қарын шашын алады, ал тұқымы өскен үбірлі - шүбірлі қария бәйбіше 40 қасық суды үстіне құйып тұрып "30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын" деген тілек айтады. Бала шомылдырғанда легеннің түбіне 40 құмалақ тас, сақина, жүзік сияқты заттар салынады. Сақиналарды бала шомылдыруға кемектескен әйелдер өзара бөледі. Қарт бәйбішеге көйлектің мата, шашын алған еркекке тақия, т.б. сыйлық береді.Қарын шашты шүберекке түйіп, баланың киімінің иығына қадап қояды.
Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжың, ұлт ойындарын ойнап көңіл кетереді. Жас нәрестеге бәйбішелер бата бepiп, немерелеріне сарқыт алып қайтады.
Бесікте бала емшектен шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре бастаған кезде баланы бесіктен мүлде шығарып, анасы қойнына алып жатады. Бесікті қазақтьң құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Қазактың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бeciктi ардақтаудан шыққан.
Бесік жыры. Балаға деген ана махаббаты "бeciк жырлары" арқылы берілген. Ана бөбегін бесікке бөлерде ең алдымен бeciк жырын айтады.
Сәбидің 1 жасқа дейінгі кезеңі. Бала кыркынан шыгы-сымен-ак уй-шпнщ улкендер1н ажырата бастайды. Әсіресе шешесі мен әкесін жазбай таниды. Баланы ермек еткен анасы
"Ата қане?", "Әже кане?", "Апа қане?" "Аға, апа қане?" деген сияқты сұрақтар бepiп, үлкендерді ажырата білуге үйретеді. Баланың өз атын білгізеді. "Ыстық", "суық", "жақсы", "жаман" деген сияқты сөздермен әр түрлі заттардың қасиеттерін сездіреді. 6—7 ай болғанда бала құйрығын басып отыруға үйренеді. Қазақтың бала "төрт айда төңіректеп отырады, бес айда белгілі отырады, алты айда анық, отырады" деген сез тіркесі бала дене бітімінің өсу дә-режесін айқындаудан шыққан түйсік. 8—10 ай болғанда еңбектеп жүре бастайды. 10—12 ай шамасында қаз тұрып, 6ip-екі аттап үстел жағалап жүруін үйренеді. Осы кезде балаға түрлі жалтырауық, сылдырмақ ойыншықтар мен үш аяқты итарба жасап бepiп, соның көмегімен жүруге үйретеді
Жас босанған аналар әр түрлі тағамдар жеуі керек. Баланың тон азығы дұрыс тамақтану арқылы берілсе, рухани жан азығы ол ес біле бастағаннан баламен сөйлесу, айналадағы қоршаған ортамен таныстыру арқылы іске асырылады.
Баланы еркелету, өлең-жыр айтып, қол аяғын ербеңдету, билету арқылы оның қуаныш сезімін оятып, жетілдіруге көңіл бөлінеді. Бала бipтe-бipте музыкалы шығармалар ойнағанда қуаныш сезіміне бөленіп, түрлі қимыл-әрекеттер жасайтын болады. Бала әрекеті айналадағы қоршаған ортаға, үлкендерің қарым-қатынасына тікелей байланысты. Үлкендердің ұрыс-тебелісі бала психикасына ерекше әсер етеді. Жиі ұрыс-кepic болатын үйдің баласының жасқаншақ, қорқақ, тілінің кекеш болатыны, тіпті мылқау баланың да осындай отбасынан шығатыны өмірден белгілі. Баламен отбасы мүшелері неғұрлым кебірек сөйлессе, оның ic-әрекетіне мән бepiп, көңіл бөліп отырса, соғұрлым оның тілi тезірек шығады, жақсы, жаманды, қуаныш я реніш сезімдерді тез сезінеді. "Бала тiлi — бал" деп қазақ текке айт-паған. Үлкендер айтқан сездерге тіл келмеген бебектер кейде әр затқа өзінше ат қойып алуға үйір келеді. Жақсы киім киген апаны "әйәй апа" деуі, қорықса "бөки" деуі содан шыққан.
Тұсау кесу. Бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Әдетте баланың туғанына 12— 14 ай толғанда жасалады. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бәйбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асык, сылдырмақ, т. б. әкеледі
Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.
Атқа мінгізу тойы. Бала 4,5—5-ке толғанша әке-шешесі ұл балаға арнайы ат, ер-тоқым даярлайды. Ерді қайыңның безінен шаптырып жасатады. Мұны ашамай ер деп атайды. Ердің тебінгі, қайыстан, үзеңгі бауларын киіз бен былғарыдан, қайыстан күмістетіп жасатады.
Атқа мінгізу тойы жаз айларында болады. Бәленшенің баласы (немересі) азамат болыпты, атқа мінгізу тойына шақырып жатыр десіп, ағайын-туыс, жекжат, нағашылары келеді. Баланың нағашысы жиенге арнайы ат әкеліп мінгізетін болған. Тойға келушілер балаға арнап қамшы, садақ, шідер, т.б. заттар жасап әкеп сыйға тартады. Бұл — бала азамат болуға жарады деген ырымдар.
Сүндет тойы. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналған. Ер баланы сүндетке 5, 7 жасында отырғызған. Баланы неғұрлым ерте сүндетке отырғызса, соғұрлым ауырсынбай, тез жазылып кететін болған. Сүндетке отырғызу көбінесе жазға салым немесе күз айларында icкe асырылған. Ceбeбi суық та, ыстық та балаға әсер етпесін деген мақсат көзделген. Кейде қожаны шақырып, 3—4 үйдің балаларын сүндетке бip-aқ отырғызған.
Тілашар тойы. Бала 7 жасқа толған кезде әке-шешесі немесе атасы, әжесі қолынан жетектеп, мектепке (медресеге) оқуға апаратын болған.
Баланың мектепке баруын ауыл-аймақ болып қуаныштап, әйелдер анасына қайырлы болсын айтып, "тілашар" тойына арнап шашу шашады. Ата-анасы арнайы мал сойып, тойға келгендерді ет, қымыз, шай бepiп сыйлайды. Қариялар кетерде оқуға барған жас балаға "Хатты тез танып, кітапты көп оқып, Лұқпандай хакім, Атымтайдай жомарт болсын, 12 ғаламның тілін білсін" деп бата бepiп, тілек тілейді.
Жеті, тоғыз, он eкi, қырық сандарына байланысты ырымдар. Қазақ халкында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті , киелі сандар деп есептелген. Оның ceбeбi орта ғасыр алхимиктері мен астрологтарының жеті күнге, жеті жұлдыз атын беруі, жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын) пайда болған күш деп жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне ат берген. Бұл күндердіің ішінде әр күнге арнайы ырымдар жасалған (мысалы, жолға сәрсенбі — сәтті күні шығуы, немесе тойды сәрсенбі күні жасауы, жұма ауыр күн деп есептеп жолға шықпай, құдайы садақа беріп, мешітке намазға баруы). Өлген адамды жұма күні жерлемеу, өлген адамдардың жетісін беріп, жеті шелпек пісіріп еске түсіру, баланың ер жетуі жеті жаспен мелшерлеп, "жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "жеті қабат жер асты" деуі, т. б. Сондай-ақ ерте кезде арабтар тоғыз санын да қасиетті деп санаған. Өлген адамның үшін, тоғызын беріп еске тусірген. Сол арабтар арқылы ислам дінінің қазақ даласына енуіне байланысты тоғыз санының ерекше құрмет тұтылуы да байқалады. "Оны тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", "тоғыз әйелдің толғағы бір күнде кепті", "тоғыз жолдың торабы", "тоғыз қабат торқа кию", т.б. деген сез тіркес-терінен аңғарамыз.
Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша (оның негізі ертедегі араб күнтізбесінде жатыр) он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттар атын беру (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, кой, мешін, тауық, ит, доңыз), оларды 12 қазына деп атау, он екі жылды адамның бір мүшелі — қатерлі жыл деп арнайы атап ету кездеседі.
Тоқым қағу тойы —7—8 жасар бала нағашы жұрты бәсіреге мінгізген құнанына ашамай ерін ерттеп мініп, бірінші рет үйінен алысқа жолаушылап шығып, нағашы жұртына барады. Сонда әке-шешесі бір малын сойып, ауыл-аймағын жинап, тоқым қағар тойын жасайды.
Біз осы "тоқым қағарға" дейінгі баланың он жас айналасындағы өмірін әңгіме еттік.
Жас мөлшері. Қазакта адамның жас мөлшерін қозы жасы, қой жасы, жылқы жасы, патша жасы деп 4-ке бөледі.
Қозы жасы — қазақта ұлды он жасқа келгенде қозы бағуға салады. Бұл – еңбекке баулудың қазақша бастауыш сыныбы іспетті. "Қозы жасы" аталуы да содан.
Қой жасы — қозы жасындағы бала "Он бесте — отау иесі" делінген жасқа келісімен, еңбектің бастауыш сатысынан өтіп, кәсібін ауыстырып, қозы бағудан қой бағуға көшеді. Сондықтан он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деп есептеген.
Жылқы жасы. Қай халықта болмасын жиырма бес — "бұғанасы бекіп, қабырғасы қатқан", "отқа салса өртенбес, мұзға салса тайсалмас" нағыз ердің жасы. Күндіз де, түнде де қақаған аяз бен қапырық ыстыққа, жауын мен желдің өтіне шыдайтын түз дүлдүлі жылқы бағуды сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға лайық кәсіп болған.
Патша жасы. Бұл жасқа келгендер атқа мініп, ел баскарады. Ақылды азаматтар хан, төре, сұлтан сықылды мансапқа ие болады. Билік айтады. Өнерімен, батырлы-ғымен, ақылдылығымен, шешендігімен жұртқа танылады. Бұған қарағанда қазақтың кезінде қырық жасты патша жасы деуі орынды сияқты.
Бастаңғы.Қазақта бастаңғы шешесі бір жаққа жолаушылап кеткенде бой жеткен қызы жасайды. Қыздың үйіне құрбы-құрдастары жиналады. Шешесі бұған рұқсат етіп асуға ет, немесе союға қой беріп кетеді. Жиналған жастар ән салады, домбыра тартады, ұлттық ойындар ойнап, әзіл-қалжың күлкімен кешті қызықты етіп өткізеді. Бастаңғының екі түрлі жағы бар. Біріншіден — анасы қызының құрбы-құрдастарымен араласып сыйласуына, танысуына мүмкіндік жасап, жол ашады. Өз бетінше қонақ күте білуге баулиды. Екіншіден, қызды келешек отау иесі деп санап, қазан ұстай білуге, асты баптап пісіруге, қонақ күте білуге үйрету көзделеді. Бірақ бастаңғы бақылаусыз болмаған. "Шешесі қыдырмашының қызы бастаңғышыл боладыға" барғызбау үшін бақылау, рұқсатсыз, орынсыз бастанғы өткізбеу қазақта заң.
Бала асырап алу. Баласы қайта-қайта өле берген қазақ жасы ұлғайған сайын мазасызданады. Қартайғанда қу бас атанбас үшін және артындағы мал-мүлкіне ие мұрагер болсын деген ниетпен баласы жоқ адам ағайын-туғандарының бірінің баласын асырап алатын болған. Ал баласын берген туыс ол баланы өмір бойы өзімдікі демейді. Ағайын араздасып, ашты-тәтті жургенде де бала туралы бір ауыз сөз айтпайды. Бала да олардың маңын баспайды. Асырап алған әке-шешесі баланы туған әке-шешесінен кем асырамайды. Барын аузына тосып, үлде мен бүлдеге бөлеп өсіреді. "Күлшелі бала сүйкімді" деген сөз содан қалған. Ал асырап алған баладан кейін анасы өз құрсағынан' бала көтере қалса, алғашқы баланы "акжолтай" атап, оның ит көйлегін екінші балаға ырымдап кигізетін болған. Ол өмірі ұзақ, болсын деген тілектен туған.
Бала асырап алудын, негізгі себебі адамның тіршілікте жиған-терген дүние мүлкіне мұрагер ету, сонымен бірге тұқымы жойылып кетуден қорқып, көбінесе әкенің атын жалғастыратын шаңырақ, иесі ету көзделген.
Тыйым сөздер. Сондай-ақ, қазақ, халқының бағзы заманнан бері балаларына жаман болады, бәле жалаға ұшырайсың, құдайдың, аруақтардың киесі соғады деп ырым етіп, тыйым салған қарекет-қылықтар көп кездеседі. Ал бір топ тыйым сөздер әдептілік мінез-құлықты сіңіруге, тазалык сақтауға арналған.
Амандасу салты. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып, "ассалаумағалейкум" деп қос қолын ұсынады, (ол "сізге алланың нұры жаусын" деген сөз) ал сәлем алушы қария "Уағалейкум ассалам!" деп жауап береді.Ол "Сізге де соны тілеймін"— деген сөз.
Ауылға келген қонақпен ауыл адамдарының амандасуында белгілі ереже бар. Мысалы, үй сыртына таяп келген үлкен адамға аттан түсіріп алғалы тұрған жасы кіші адам бұрын сәлем беруге тиісті.
Ал сырттан үйге кірген кісі кандай жастағы адам болса да уй ішінде отырғандарға өзі бұрын сәлем беруі керек.
Көріспегелі көп жыл болған тұрғылас, замандас, құрдас, ағайын-туыс адамдар қауышып амандасады. Қауышып амандасу (кеуде тиістіріп)үшін әуелі қос қолдап амандасып, сонан соң құшақтарын қайта жайып барып, бір-біріне төс қағысып, онға бір, солға бір кеуде тоғыстырып, сонан соң екеуі де артқа бір табан шегінісіп, қолдарын алақан айырмастан тағы соғысып, қос қолдап амандасады.
Ауыл адамдарының алыстан келген ағайын-жекжаттан жаңа туған жас нәрестеге, жас келінге көрімдік сұрау рәсімі — күні бүгінге дейін ел арасында сақталып келе жатқан жақсы дәстүр.
Құрбы-құрдас қариялардың бірін-бірі әдейі іздеп барып сәлемдесуі — халқымыздың бауырмалдық дәстүрлерінің белгісі. Ал ауыл аралап жүріп жастар жасы үлкен қарияның үйіне бас сұғып, амандаспай кетсе, сол азаматтың үлкенді сыйлауы кем, надан екенін бетіне басып, "Амандасуға да жарамады", "Жетесіз" деп сөгетін болған. Бұдан туатын қорытынды: қазақ халқының амандасу салты — мазмұны жағынан өте бай, ол жастарды кішіпейілділікке, ибалыққа, сыйласымдылыққа баулуды мақсат еткен ата дәстүрі екені даусыз.
Балалар жырының тәлімдік мәні.Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.
Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей , мүдірмей сөйлету үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі кқлыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың ойлау қабілетін дамытады.
Жұмбақ. Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.
Жұмбақтар, көбінесе үйлесімді ұйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады.Қара сөзбен жасалған жұмбақтар да баршылық.
Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді, тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс.
Жұмбақ айтушы неғұрлым көбірек, күрделірек жұмбақтарды тауып айтып, шешіп, жеңуге тырысады. Егер жұмбақ шешуін мүдірмей, айтылған жұмбақтарды дұрыс және толық шеше алса, оның өзі де жұмбақ айтып, жұмбақ айтысы жалғасып, айтушы мен шешуші өз білімдерін сараптайды. Кім көбірек жұмбақ айтып (көбінесе санап отырады), көбірек жұмбақ шешсе, сол жұмбақ айтысуда жеңіп шығып, білімдігін көрсетеді.
Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Әйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы күшейеді.
Жаңылтпаш, жұмбақ, санамақты айту арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады,тілін ширатады.
Тақпақ. Халық педагогикасындағы балалардың бірден жадында қалатын қысқа-қысқа тақпақтар, оларды тақпақ айтуға ынталандырады, еңбекке, адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерге тәрбиелейді.
Арнау-тілек өлеңдерді, сұрақтар мен төрт түлік туралы жырларды, тақпақтарды, көбінесе, отбасында ата-аналар балаларына үйретіп , тәрбие ісіне ондай жырларды орынды пайдалана білген.
Ойын өлеңдері. Халық педагогикасындағы ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ықыласын, бейімділігін жетілдіруді көздейді. Мысалы:
"Қуырмаш" ойыны әрі баланың көңілін көтеру үшін, әрі еңбекке тәрбиелеп, дүниетанымын арттыру үшін жүргізіледі.
"Ұшты-ұшты" ойыны қызықты өту үшін ұйқас сөздерді тез тауып, оны да бірнеше түрлендіріп айтып, ойын басшысы өзінің ақындық ауқымы арқылы ойыншыларды көңілдендіре түседі.
Ойынның бұл түрінде балаларды жанды заттар мен хайуанаттардың қасиетін ажырата білуге, аңғарымпаздылыққа тәрбиелеу де көзделеді.
"Айтыс ойыны"— өлеңдерінің де халық педагогикасында өз орны бар, халықтық, тәрбиелік мәні бар өлеңдер. Айтыс өнері — қазақ халқының ең сүйікті, есерлі ұлттық өнері. Сондықтан айтыс өнеріне жастайынан баулу үшін, халық айтыс ойынын шығарып, оның өлеңдерін құраған.
Өсиет — ата-бабаның соңғы ұрпаққа айтып қалдырған даналық мұралары. Өсиеттің әулеттік, рулық, ұлттық мәнде айтылған түрлері бар. Ата ұрпғгына "ақыл-сана, ой-еңбек — имандықты, татулықты сақтай біліңдер, әулеттік кәсіп пен дәстүрге кір келтірмеңдер" дегенді білдіреді.
Жырдың үлгі-өнеге, өсиет, насихат ретінде айтылатын түрі — терме деп аталынады. Терме айтушы оның әуенін, көбінесе домбыраға, гармоньға қосады.
Термеші адамгершілік пен зұлымдықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, жаман мінез бен жақсы мінезді салыстыра жырлап, тыңдаушыны әділдікке, достыққа, бірлікке, енңбекке, өнерпаздыққа тәрбиелейді. Терме жырлардың, оның әуенінің авторы белгілі болады. Термені жаттап алып, халыққа таратушы өнерпаз-термеші деп аталады. Термені айтушы оны әуенімен қоса жаттайды, сондықтан баланың әуенді абайлап, әсемдік ырғақтарын ажырата білу кқбілетін бағалай білуі керек.
Ата көрген оқ жонар. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек-сүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, кұсбегі — бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан. Мысалы, малды ерте өргізу, саулатып коя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай туске дейін жусатпауды тапсырған.
Қазақта қонақ кутудің де жазылмаған, бірақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесі қонақты сыйлап, ас-суға тойдырғаннан кейін, жатар алдында өзі ауылдың алты ауыз өлеңін айтып немесе күй шертіп қонағына құрмет көрсетеді де, қонақтан "қонақ кәде" сұрайды.Қонақ өлең, жыр, қисса, ертек, терме, толғау айтып беріп, немесе күй шертіп өз өнерімен үй иелеріне құрмет керсетуге міндетті болған.
Үнемі үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегі, аңыз әңгіме естіп өскен бала да жастайынан сөз өнеріне бейім,өнегелі, өнерлі болып өсуіне әсер еткен, "Қонақ кәде" мен "ауылдың алты ауызы" жастарды сөзшеңдікке, шешеңдікке, ән мен жырға баулып өсіруде белгілі рөл атқарған.
Қазақта жігіттің үш жұрты бар. Ол — өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты деп аталады. Ел азаматы осы үш жұртын (өзінің әке жағындағы туыстары мен шеше жағындағы туыстарын, алған жарының ел-жұртын) жақсы ажырата білуі заң болып саналған. Үш жұрттың жай-жапсарын ұлдың әке-шешесі жігітке айтып үйретіп, құлағына сіңіріп отыруды міндет санаған.
Қыз өссе — елдің көркі. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде балдай батып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз "Келіннің — аяғынан, қойшының — таяғынан" дегенде, жана отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ, ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.
Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген жеріне де байланысты деп карайды. Жаңа түскен жас келінге енелері қонақ, күту, ас ұстау, бала күту, т.б. мәселелерде үнемі ақыл-кеңес беріп үйретіп отырады. Сондықтан да "Жақсы ауылға келген келін — келін, жаман ауылға келген келін — келсап болады" деп текке айтпаған.
Әйел қандай биік дәрежелі жұмыс істемесін, қайда болмасын оның ең басты міндеті — өмірге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының беріктігі әйелге байланысты. Әйел сабырлылығы, кешірімділігі, сыпайылығы т.е.с. жақсы қасиеттерімен үй-ішіне береке әкеп, шаңырақ бақытын орната алады.
Тән сұлулығы. Қыздарға жан-жақты сұлулық: яғни жан сұлулығымен қоса, тән сұлулығы бірдей болғаны жарасады. Жастықтың өзі сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі. Қыз балалардың көрікті болып өсуіне ертеде аналары ерекше көңіл бөлген. "Аттың көркі — жалы, арудың көркі — шашы" деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтіп-өсіруді өнер санаған.
Бойжеткен қыздардың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Қыз балаларға қынама камзол, дүрия бешпент, кәмшат бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. "Қыздың көзі қызылда" деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін білдіреді.
Ұзатылатын қыздың аулында айтылатын "Жар-жар", "Жұбату", "Сыңсу" өлеңдерінде, келін түсіру тойында орындалатын "Беташарда" қыздың, жас келіннің басты-басты киімдері, сән-салтанаты мадақтала жырланған.
Жаным — арымның садағасы. Қазақ халқы неке тазалығына, қалыңдықтың арын сақтап, қыздың қасиетін жоғары ұстауына өте зор мән берген. "Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын" деп, ата-бабаларымыз қыздың абыройын бүкіл ауыл-аймақ болып қорғаған.
"Ақ неке түні" қазақтың дәстүрлі үйлену тойындағы— қыз үйіндегі тойдың ең маңызды, әрі жауапты сәті. Бұл түні қыз жеңгелері қалыңдық пен күйеуге арнап төсек салып, үстіне ақ шуберек (неке жаулық) төсеп, тілеуін тілеп, екі жасты жеке қалдырады. Қалыңдық ата үмітін ақтап, абыройлы боп шықса, жеңгелері шүберекті орап алып, күйеу және қыз аналарынан сүйінші сұрауға асыққан.
Ар тазалығы отбасы беріктігіне де себепкер болған. Қазан төңкерісіне дейінгі отбасында айырылысу, баланы тірі жетім ету дегеннің болмауына да осы ар тазалығы үлкен әсер еткен.
Табиғат, шаруашылық және наным-сеніммен байланысты өлең-жырлар
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілернің бір тобы табиғатты аялау, оны ерекше күш деп бағалаумен байланысты туындаған.
Тәңір сөзі — бізге ежелгі заманнан жеткен көне архаизмдердің бірі, ел арасына кең тараған ұғым. Қазақ біреуге бата бергенде: "Тәңір жарылқасын!" дейді. "Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар" деген мәтел де әр нәрсенің иесі, жебеушісі бар деген ұғымды білдіреді.
Қазақтың қариялары ай жаңа туғанда оған қарап тағзым етеді. Содан соң қолын көтере, алақанын жайып:"Ай көрдік, аман көрдік. Бақытты байлық заман көрдік. Амандықпен
осынша жасқа келдік. Ескі айда-есіркедің! Жаңа айда — жарылқа!"— деп бетін сипап, тілек етеді. Үлкендер: "Көкте тәңір бар, жерде әулие бар"— деп балалардың аяғын аспанға көтертпейді. Жазда алғаш жаңбыр жауса: "Дерт-дербезеден басымды аман сақта"— деп жалаңбастанып, жаңбырға басын төсейді. Күн күркіресе: "Ұлудың сайтан ұрған шыбыртқысының дауысы", —дейді.
Жаңа туған жас сәбиді бесікке бөлерде: "Алас, алас, әр пеледен қалас" деп бесікті отпен аластайды. Аластаған отын далаға тастамайды, күлге тастайды. Қазақтар қыстауға көшіп келгенде немесе көшерде аруақтардың мұрынына иісі барсын деп қарындағы сарымайды ашып, оның аузын майымен кесіп алып, жанып тұрған отқа салады.
Ертедегі тотемдік діни түсінік бойынша дүниедегі заттар мен құбылыстардың тектік-тұқымдық байланысы бар деп түсіндіріліп, ер заттың өз атасы мен анасы болады-мыс, олар туып-өсу арқылы дамиды дегенді уағыздап келді. Бұл пікір тұрпайы болса да, бір табан материализмге, биологиялык, өсу заңдылығына жақындай түседі.
Тірі және өлі заттарды бірдей санау, дүниені жаны бар деп білуден, кейіптендіруден (олицотворение) туған.
Қазақ, ауыз әдебиетіндегі үй хайуандарының пірлері: Шопан ата (қойдың), Зеңгі баба (сиырдың), Қамбар ата (жылқының), Ойсыл қара (түйенің), Сексек ата (ешкінің) болып келуі, малға ауру-індет келгенде әр түліктің иелеріне арнап мал сойып, тасаттық беріп, олардың иелеріне жалынып-жалбарыну — осы төтемдік ұғымның, қазақ арасындағы қалдығы. Қарапайым халық мал басының көп болуы сол түлік аталарының мал иелеріне деген көңіл күйіне байланысты деп білген. Сол себепті мал баққан халық малдың басынан ұруды әсіресе тебуді аса үлкен күнә;құт, байлық қашыратын әрекет деп санаған. Мұндай келісімсіз іс-әрекеттерге "Обал болады!", "Жаман болады!" деп тыйым салып отырған.
Ертедегі қазақтар кейбір жыртқыш аңдарды киелі деп санаған. Қасқыр, жолбарыс, бүркіт сияқты түз аңдарының тұяғын, тісі, құлағын, терісін жас нерестенің бесігіне тұмар ретінде іліп қою немесе терісін бесікке жауып қою рәсәмдері соның қалдығы болып саналады.
Әр түрлі жануарларды аулауға кей кездерде тыйым салынған. Бұл тыйым кез келген уакытта емес, дәл сол жануардың балалау кездерінде болған. "Киесі атады!", "Обал болады!" деп уағыздаған.
Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін олардың осындай аңыз-ертегілері мен мақал-мәтел, афоризм сөздерінен басқа, күнделікті тұрмыстық тұтыну заттарына түсірілген ою-өрнектерінен де көруге болады. Мысалы, түс-киіздегі өрнектер даланың хош иісті гүл бәйшешегін, бұлақ суларын, тау жоталарын бейнелесе, сырмақтарға әшекейлеп салынған қошқар мүйіз, құс тұмсықтар мен қарлығаш қанаттарын көз алдыңа елестетеді.
Табиғат құбылыстарының өзгерісін, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған астрономиялық түсініктер мен білімдер негізінде байырғы қазақ күнтізбесі жарыққа шықты.
Қазақ қауымы негізгі планеталардың жағдайын жақсы білген. Олар жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарған. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да өздерінің малшылық өмірінен алынған.
Мысалы: жетіқарақшы — қазақтардың бәріне таныс шоқжұлдыз. Ол — шөміш фигурасын қурастыратын жеті жарық жұлдыз тобы. "Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы тунде адаспас" дейді қазақтар.
Қазақтың байырғы күнтізбесі бойынша 12 айды бір жылға, 3 айды бір тоқсанға, 7 күнді бір аптаға; бір күн, бір түні бір тәулікке есептеген.
Жылдың басы кектемдегі күн мен түннің теңелуінен (наурыздың 22-сі) басталады. Бұл күні Жаңа жыл — "Наурыз" мейрамы өткізіледі.
Бұл кез қардың кетіп, малдың төлдеуі, ақтың шыға бастауына сай келеді. Тұрмыс-тіршілік малмен байланысты елдің "Наурыз береке әкелсін, ақ мол болсын!" деп тілек тілеуі де тегін емес.
Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар ертеден-ақ қазақ егіншілікпен де айналысқан. Бірақ оны кең көлемде дамыта алмады. Балық аулау да, аңшылық та қазақта бар кәсіп, бірақ олар негізгі тіршілік амалына айналмаған-ды.
Қазақ өзінің малын қой-ешкі, жылқы, түйе, сиыр деп төрт түлікке беледі.
Қазақ төрт түліктің бәрінің бағып-қағуын, шаруашылық кәсіптегі олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін аңыз, әңгіме, ертегі-жырларда, әсіресе төрт-түлік туралы ертегілер мен өлең-жырларда, мақал-мәтелдерде ерекшс суреттеп отырған.
Қамбар ата — ислам дініне дейінгі нанымдардың бірі, бабаларымыздың сыйынған пірі. Бұл нанымның өзінше поэзиясы, философиясы бар. Кезінде олар халқымыздың ұлттық мінезін қалыптастыруға зор үлес қосқаны даусыз.
Жазда болатын ас-тойлардың бір қызығы — бәйге. Жүйрік аттары барлар жорғаларын, сәйгуліктерін баптап жарататын болған. Аты бәйгеден келген қазақтың қуанғаннан тебесі көкке жеткендей болады. Бәйгені ауылдастары, туған-туысқандары, жолдас-жоралары бөлісіп алған. "Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын" деген мақалдың шығуына осы дәстур де себеп болуы мумкін.Бұл қазақтың ұлттық мінезінің бір көрінісі.
Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра — батырлық жырлар. Ол жырларды жыраулар шығарған. Оларды жыраулар мен жыршылар домбыраға қосып, өз әусндерімен айтады.
Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген суйіс-пеншілігі — шынайы патриоттығы дәріптеледі, көбінесе бірегей ұлға зар болған қарт ата-аналардың арман-тілегінің орындалуы жырланады (Алпамыс, Қобыланды, т.б.).
Батырлық жырлар жастарға тәрбиелік әсер етумен қатар, өткен замандардан мәлімет береді. Оймен бірге тілді де дамытады. Халықтың тұрмыс-салтын, ой-арманын айқындайды, жеке адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, мінез-құлықтарының қалыптасуына себепші болған.
Ғашықтық жырлар жастарды адалдыққа, мөлдір махаббатты құрметтеуге, үй болудағы үйлесімділікке тәрбиелейді.
1.3. Үйлену және үй болуға байланысты салт-дәстүрлер.
Отбасы — қоғамның бір бөлшегі. Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи салт, құбылыс. Қазақ халқында « Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақжаулық, үшінші байлық — он саулық" деген үш тармақты, бір бүтін аталы сөздің бар екені мәлім. Мұны өмір пәләсапасы деуге болады.
Мұндағы "ақжаулық" деген әйел мағынасындағы сөз екені түсінікті. Ежелден ата-аналар балаларын кезінде үйлендіріп, жақсы келін тусіруді мұрат тұтып, мұны тікелей өз қолдарына алып отырған. Оның орынды себебі де бар. Бір үйлі жанның, тіпті бір ауылдың тіршілігін алдымен келетін келін бастайды. От бар жерде өмір бар, жылу-береке бар. Сол отты жағуды халқымыз келінге сеніп тапсырған. Бүгін жас келін — ертең өмірді жалғастырушы, ұрпақ әкелетін ана. Халқымыз ананың өнегелі, өнерлі, сабырлы, салмақты, сыйласымды, тәрбиелі болуын мақсат еткен. Қандай әке-шеше болмасын бәрінен бұрын айттыратын қызының ажар-көркіне ғана емес, адамгершілігік қасиеті қандай дегенге ерекше көңіл бөліп, оның "көргенді, өнегелі" жерден шығуын қалаған. Келіннің сүйген жарына адал, ата-енесіне мейірімді, еңбексүйгіштігіне, елгезек болуына назар аударған. Сондықтан көргенді жермен құда болуды мақсат тұтқан.
Құда түсу. Қазақ халқы қоғамдық қарым-қатынастарды әдет-ғұрыптар бойынша реттеп, өздерінің достығын қыз алысып, қыз берісіп, қуда болу арқылы нығайтып келген. "Қыз бала — жат жұрттық", "Қыз — дәнекер" дейтін сөздер сол ойды білдіруден туған. Ертеде екі дос адам өзара достығын нығайту үшін бірінің әйелі — ұл, ал екіншісінің әйелі қыз тапса, оларды бір-біріне қосуға уәде байласқан. Мұны "бесік құда" деп атайды. Екі -үш жасар ұлы бар дәулетті қазақтар өзі сияқты дәулетті адамдардың қыздарына құда түсіп, "13-те отау иесі" деп қызын 13-те ұзатып, ұлын 15-те үйлендіре берген.
Қазақта жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі, яғни медициналық қан тазарту заңы қатаң сақталған.
Жігіт үйленер алдында әуелі өзіне ұнайтын теңін іздейді. Бұл дәстүр "Қыз қору", "жар таңдау" деп те аталады.
Жаушы жіберу. Жаушы — қыз айттыруға баратын өкіл. Ол жөн-жосық білгіш, сөзге шешен, әзіл-қалжыңға жүйрік адам болуы керек. Оның міндеті — қыз әкесін көндіріп, бойжеткенге құда тусіп,құдалыққа келер күнді белгілеп қайту.
Құдаларды қарсы алу. Келесі жолы құданың (қыздың әкесінің) хабарлауы бойынша құдалық сөйлесіп, калың мал жөнінен келісуге жігіттің екесі жанына 7—8 адам (сөзшең, әңгімешіл, домбырашы, әнші-жыршы, ақын, палуан жігіттерді) ертіп, құданың аулына келеді. Құда арнайы ақ үй тігіп, қой немесе тай сойдырып, құдаларды тік тұрып күтіп алады.
Құдалардың алдынан арқан керу, оларға балшық, ұн жағу, күштеп барып еркектердің басына әйелдің жаулығын кигізу, тіпті құдалардың қол-аяғын таңып егізге мінгізу сияқты сайқымазақ, әзілдер де жасалады. Қудалар үйге кіріп отырғаннан кейін де бейқам отырғаны болса шапанын тесенішке тепшіп қою, жатқанда құдалардың аяқ киімінің бір сыңарын тығып қою сияқты ойын-әзілдер болады. Түнімен өлең айтысу, домбыра тартысу, ұлт ойындарын ойнау сияқты қызықтар көрсетіледі.
Қалыңмал мәселесі шешіліп болғаннан кейін дестүр бойынша ақ жол тілеп, құдалық берік болу үшін бір мал шалады. Оның бауыздау қанына құдалар қол батыстырып, бата бұзбауға серттеседі. Бұл ырым — "қанға қан қосылды, енді туыс болдық" деген ишаратты білдіргендік. Тілдегі "ақ бата, қызыл қан" деген сөз орамында осы салттың жаңғырығы сақталған. Дәулетіне қарай күйеу жігіттің әкесі бата аяққа мал арнап, бір жылқы немесе түйе береді. Мал бауыздалғанда бата берген құда "бауыздау құда" деп аталады. Қыздың әкесі құйрық, бауырды жапырақтап туратып, құдаларға асатады. Бұл екі жақта шынымен бауыр, туыс болды деген сөз. Қазақтың "Құйрық-бауыр жескен құда едік қой" дейтін сөзі содан қалған. Ақ бата беріп, қызыл қан шығарып, құйрық-бауыр жескеннен кейін құдалар торқалы той, топырақты өлімде бастары ажырамас жақын жекжаттар болып саналады.
Осы арада оларға кәде (мұны киіт кигізу дейді) беріледі. Бірінші, ең бағалы кәде күйеудің әкесіне беріледі, екінші кәде сол ауылдың үлкеніне беріледі, содан кейін қалған құда-құдағи, құдашаларға, құда балаларға үлестіреді.
Есік-төр көрсету тойы. "Сыйға-сый, сыраға-бал" демекші, ендігі кезекте жігіт жағы құдаларын "есіктер көріп қайтындар" деп шақырады. Оның мақсаты — қыздың әке-шешесі, ағайын-туыстарымен жігіт жағының туыстарын таныстыру.
Ұрын келу немесе ілу тойы. Күйеуді қымбат кәделермен, жанына әнші, күйші, сері жігіттерді ертіп қалыңдықтың аулына жібереді. Күйеудің жақсы киінуі, ер-тұрманы, мінген аты өзіне сай болуы шарт (ер-тұрманы күмістелген болуы керек). Күйеу басына оқалы тымақ киеді. Оның себебі күйеудің беті түгел көрінбеуі керек. Күйеу жолдасқа ерген сері-сал жігіттермен бірге жөн білетін жасы үлкен, кәде үлестіретін адам болады.
Бес жақсы — түзу мылтық, берік сауыт, бәйге ат, жүк артатын атан түйе, қыздың басты киімдері (сәукеле, білезік, сырға, қамқа тон, оқалы камзол, шағи шапан, күміс ер). Бұл айтылғандар болмай қалса, олардың әрқайсысына 4 ірі қарадан төлеген.
Ілу — қызды тәрбиелегені үшін ұрын барғанда қыздың шешесіне, жеңгелеріне беретін дүние-мүлік.
Өлі - тірі — өлген аруақтарға арнап союға, етін елге үлестіруге арналған мал. Ол жылқы, қой болуы мүмкін. (Халық түсінігінде егер "өлі-тірісі" берілмесе, келін ауру болып калады-мыс).
Той малы — қыз ұзату тойына сойысқа апаратын мал. Той малы қоралы қойдан бастап, 10—15 жылқыға дейін болады.
Сүт ақы — қалыңдықтың анасына арнайы берілетін сый, 1—2 түйе.
Жігіт түйе — қыз әкесінің аталық күшіне төленетін ақы. Бұған 1—2 түйе және міндетті түрде күйеудің жақсы сырт киімі (түлкі, қасқыр ішік, шағи шапан) мен ер-тұрманы беріледі.
Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне қарайлас, ұзатылатын қызға берілетін дүние-мүлік. Жасау — жаңа отау құрған екі жас үшін ең қажетті мынадай мүліктерден тұрады: ақ отау, төсек-орын, киім-кешек, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, сойыс, сауын мал, әр түрлі — ірілі-ұсақты сыйлық заттар. Бұлардьың әрқайсысы 7 немесе 9 заттан тұрған. Мысалы: қару-жараққа: найза, айбалта, садақ, қалқан, сауыт, шоқпар, қанжар; ыдыс-аяққа: қазан-ошақ, астау, шара, шөміш, ожау, күбі, келі.
Сарын (аужар) айту — ертедегі қыз ұзатудың бір рәсімі. Ол көбінесе еріксіз, теңіне қосыла алмай кетіп бара жатқан қыздың зары болған.
Келін түсіру тойы. Ауыл әйелдері жасаулы кештің алдынан шығып, шашу шашады. Кеш бастап түйенің бұйдасын ұстап, ауылға жетектеп енген әйелді "мұрындық ана" деп атап, оған арнайы сый беріледі.
Ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып шығып, шашу шашады. Шымылдықты келіннің бетіне құрып, оның бет-жүзін үлкендерге көрсетпей, қайын атасының үйіне алып кіргізеді . Келін үлкен шаңырақтың босағасын оң, аяғымен аттап кіріп, тізе бүгіп сәлем береді Үш рет иіліп сәлем берген келінге атасы: "Көп жаса, қарағым! Бакытты бол!"— деп бата береді. Келіннің қолына бір әйел май құйған ыдысты ұсынып, отқа май құйғызады. "От Ана, май Ана, шапағатыңды жаңа түскен жас келінге тигізе көр, жарылқа!" дегізеді. Осы рәсім орындалып болған соң, келінді өзіне арнайы тігілген ақ отауға енгізіп, күйеудің шешесі тиын ақша, құрт, ірімшік аралас шашу шашып, бата беріп, оң аяғымен аттап кірген келінді сол жақтағы төсекке құрылған шымылдық ішіне кіргізіп отырғызады.Қыз шешесі келінді қарсы алған қыз-келіншектерге білезік, сақина, жүзік, сырға, алқа, түрлі маржан тастар үлестіреді.
Тамақ, ішкен соң ауыл адамдарына жаңа түскен жас келінді таныстыру, келіннің міндетін түсіндіру мақсатында ел жиналып "Беташар" жыры айтылады. Беташар айтушы ақын жігіт келіннің келген жеріндегі қайын ата, қайын енеден бастап үлкен-кішілерін жеке-жеке таныстырып, келінге олардың әрқайсысына иіліп сәлем еткізеді.
Үйлену тойының ең жауапты кезеңі — қыз бен жігіттің некесін қию. Некені молда оқиды. Неке оқылғанда сол үйге адам сыйғанынша отырады. Бұлар — екі жастың қо-сылғандығына куәгерлер. Неке суы үлкен кесеге құйылып, неке дұғасы оқыларда суға тұз, қант, сақина, жебе салынады. Су — екеуінің бір-біріне судай таза пәк болуына, тұз некеге опасыздық жасаса дәм атадыға, қант — екеуінің тату, тәтті өмір сүруіне, ал сақина мен жебе некенің ескерткіші ретінде салынған.
Түйін. Жаңа түскен жас келінге енесі өз білгендерін айтып, еңбекке, үй-ішінің жинақылығына үйрету ежелгі ел дәстүрі болған. "Жақсы ауылға келген келін — келіп, жаман ауылға келген келін—келсап" деу біреудің жас баласын тәрбиелеп адам қылу бүкіл ауылға, әсіресе енеге үлкен сын екенін білдіруден шыққан. Парасатты әжелердің «Келініңді қызыңдай көр, қызың да келін болмас па?" деуі немесе "Келіннің өнегелі болуы — енеден" деуі улкендерге де жауапкершілік артудан туған ой-пікірлер.
Төркіндеу — қазақ салты бойынша ұзатылған қыз төркініне бір жылдан кейін барады. Теркіндеу — қазақта үлкен кейде. Ол дербес шаңырақ көтеріп, күн көрудің алды. Үйден ұзап шықпаған жас келіншекке әке-шешесін, апа-сіңңлі, аға-бауырларын бір жыл бойы көрмеу үлкен сағыныш туғызған.
Қызы мен күйеу баласы келген үй жақын көршілері мен ағайын-туыстарын шақырып, мал сояды. Қыз бен күйеудің жақындары, жекжат, көрші-қолаңдары шақырып, қонақ етеді. Тіпті , жетпістегі кемпір төркініне келгенде, "қыз келді" деп шашылып-шабынып, әркім барын беріп, қонақ етуі сол бауырмалдықтың белгісі. Ай бітіп қайтар кезде қыздың үйі бұзаулы сиыр, құлынды бие, бір түйе береді. Бұл — бөлек отау тігіп шығатын екі баласына қыздың әке-шешесінің берген еншісі. Мұндай малды жакындары да беруі мүмкін. Қазақ қыз бен жиеннен ешнәрсені аямайды. Әсіресе жиеннің қолын қақпайды. Жиенге бәсіреге тай мінгізеді. "Қыздан туғанның қияғы жоқ" деп бөлмейді. "Пайғамбар да күйеуін сыйлаған" дегенді де қазақ жақсы біледі. "Нағашым бай, қайным бай, мені қайтіп кедей қыласың-ай!" дейтін күйеудің асқақ сөзі осындайдан шықса керек.
Елге қайтып оралған соң жігіттің әкесі ұлына енші бөліп беріп, бөлек отау етіп шығарады.
Енші беру, отау шығару — келіні ас-суға,кісі күтуге дағдыланып үйренген кезде, жігіттің әке-шешесі жас жұбайлардың басына отау тіктіріп, алдарына мал салып белек шығарады. Көрпе-жастық, ыдыс-аяқ береді. Жақындары да жас жұбайларға алды мал, арты дүние-мүлік беріп, отауға өз үлестерін қосады. Өз алдына дербес үй болып бөлінген екі жас елге ұнау үшін келіп-кеткен жақындарын жақсылап күтеді. Қазақтың: "Күтімді болам десең, жаңа отауға түс!" дейтіні де осыдан шыққан. Оларды көпке дейін үй иесінің атымен атамай пәленшенің отауы дейді. Отау тігушінің дұрыс шығуы, мал-басының аман болуы ата-енесіне де үлкен сын болып саналған. Сондықтан олар жас жұбайлардың шаруасын алыстан бақылап, ақыл-кеңесін үнемі беріп отырған. Қазаны, уйі, малы бөлек болғанымен, ауылдың ақсақалы бәріне қамқоршы, ақылшы болудан жалықпаған.
Қонақ келсе — құт. Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі — қонақжайлық. Қандай жағдайда да "қудайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, "қолдағы барымен"дегендей, шамасы келгенше сый-құрметін көрсетіп аттандыру әркімнің парызы болған. Қонақ болуы үшін оның таныс болуы шарт емес. Әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінен қонақ асын "бөлінбеген еншім"деп талап еткен.
Қазақ "қырықтың бірі қыдыр" дейді. Бұл қонақты қума, оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептегендіктен болса керек. "Қонақты қуа берсең құт қашады" деу де содан. Қазақтың дәстүрі бойынша қонақ үй иесінің қамқорлығында болуы керек. Қонақ болып отырған адам ол үйдің жауы болса да, өз үйінде оған өзі түгіл басқаға да қиянат жасатпайды. "Өз үйінде таудай дауыңды айтпа" дейді қазақ халқы.
Қазақ халқы қонақ кутуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан халық мәтелі "Асың барда ел таны — беріп жүріп, атың барда жер таны — желіпт жүріп" деп, ер азаматқа үйінде отыра бермей, ел көр, жер көр, көппен аралас деп, кеңес бергендей сыңай білдіреді.
Егер қонақ түскен үйдің отағасы үйде жоқ болса, ол астан дәм татып, ауыз тиген соң, түнемеге басқа орын іздестірген.
Адал ниет ақ көңілмен келгенін білдіруі үшін қонақтар үйге келмей тұрып, найза, сойыл, шоқпарын дөдегеге іледі. Қару-жарағын сыртта қалдырып, қамшысын бүктеп ұстаған күш үйге енеді. Себебі, қамшысы жүрген жерде, жын-шайтан жүрмейді.
"Қонақпен еріп құт келеді деген сенім бойынша, қонағын қарсы алған отағасы есігін өзі ашып, алдымен үйге қонағын кіргізеді. Ал шығарып саларда үй есігін қонаққа ашқызады. Себебі, үй иесі есігін өзі ашса, онда қонағын қуғанымен бірдей болып саналады.
Жалпы мейман атаулы "арнайы қонақ" (мал сойып шақырған сыйлы қонақ), "Құдайы қонақ" (кездейсоқ, бір түнеп аттанатын бейтаныс жолаушы), "қыдырма қонақ" (алыстан ағайын-туғандарын, құда-жекжаттарын іздеп келіп, жатып-жастанып, бір мал жеп кететін қонақ,), "қылғыма қонақ" (тамақтың піскенін аңдып жүріп, шақырусыз келіп, ет жеп кетер сүйкімсіз қонақ) деп бөлінеді.
Қонақты қарсы алу, күту рәсімі.Халықтық, әдет бойынша қазақ аулында сырттан келген жолаушы ат-матымен баса-көктеп кірмеген. Ауыл шетіне келе аттан түсіп, танысы болмаса, түсер үйінің ту сыртынан "Үйде кім бар? Сыртқа шықсын!" деп дауыс береді.
Егер таныс адамы болмаса, қонақасы беруден қысылмайды-ау деген ең тәуір боз үйдің бірінің белдеуіне атын байлап түседі. "Қонақ таңдап қонады" деген мәтел осыдан қалған. Аттан түсіп, үйге кіруге бет алған қонақты сол үйдің жастары сәлем беріп қарсы алып, есік ашып үйге кіргізеді.
Әдетте қақ төрге жолы үлкен бас қонақ отырады. Жолы мен жасына қарай, атағы мен дәрежесіне сай қалған қонақтар төр ағасының оңы мен солынан, орын алады. Қонақ үстіне қонақ келсе, жасы кіші қонақ жасы үлкеіне ығысып орын береді. "Бұрынғы қонақтың соңғы қонаққа орын беруі" содан қалған дәстүр.
Жөн сұрасып болған соң, үй иесі қонағына барын беріп, риза етуге тырысады. Қонақ шөлдеп келсе, қымыз беріп шөлін басады, онан кейін шай әзірлейді. Әдетте шайды бойжеткен қызға құйдырады. Оның себебі, қыз бала келешек шаңырақ иесі, ас иесі болғандықтан жастайынан қонақ күтуді үйрене берсін деген ниет болған. Екіншіден, бойжеткен қызға шай құйғыза отырып, қыздың аспазшылық өнерін елге паш ету. Бір үй толы қонаққа кесені ауыстырмай, шайды қызыл күрең етіп баптап беру — үлкен өнер. Осыны көрген жолаушы, әсіресе қариялар ойына түйіп, барған жерінде "бәленшенің үйінде бәлен деген бойжеткен қыз бар екен, шіркіннің шай құйысы, қонақ күт1ісін-ай"— деп мақтайтын болған.
Қазақ елінде кез келген уақытта қонағына мал сойып бермеген, бірақ қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Жазды күні қонаққа ең болмағанда марқа сойылса, қысты күні соғым етінен тартылған мүшелі табаққа риза болады.
Әр қонақтың өзіндік сый-сыпаты, мүше ұстау рәсімдері бар. Мысалы, бас жасы үлкен ақсақалға, алыстан келген ең сыйлы қонаққа ұсынылса, онан кейінгі отырған қонаққа асықты жілік ұстатады. Ал күйеу бала мен келінге төс тартады.
Бас тартудың да өзіндік рәсімі бар. Бастың құйқасын күйдірмей, жүнін жібермей, тазалап үйітіп, баптап пісіріп жеке табаққа салып, тұмсығын қонаққа қаратып ұсынады,
жанына пышақ, қояды. Бастың кеңсірігінің үсті ұзынша және көлденең тілінген болуы шарт. Ол ұзыннан салынған сіздің жол, көлденең түскен біздің жол, екі жол айқасып, қонақ пен үй иесі бір тілекте кездесті деген мағынаны білдіреді.
Қонақ бастың оң езуін кесіп, өзі ауыз тиеді де, сол езуін үй иесіне береді. Одан соң үйдегі отырған адамдарға түгел бастан ауыз типзеді. Балаға құлақ беру — үлкеннің ақыл-кеңесін ұғып жүр дегені, қызға таңдай беру — ісмер, кестеші бол деу, бәйбішеге көз беру — үй иесінің оң көзі бол деу. Сол сияқты қазақта ырымдап қыз балаға "шашың ұзын болсын" деп — желке, ер балаға "шешен бол" деп — тілдің ұшын, "батыр бол" деп сүбе мен жүрек жегізеді. "Әкең өліп қалады" деп жас балаға бас ұстатпайды, "су ми боласың" деп — ми, "суға кетіп қаласың" деп жұлын, "жарынан ажырасасың" деп талақ жегізбейді. Қыз балаға "қартайғанша отырып қаласың" деп — кәрі жілік, "жеңілтек боласың" деп құйыршық ұстатпайды, т.б. толып жатқан ырымдар бар.
Ет желініп, сорпа ішілгеннен кейін дастарқан жиылып, ықылас білдіріп, бата беріледі.
Қонағын аттандырар кезде, отағасы қонағынан "бұйымтай" сұрайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша қонақ үй иесінің аты, мылтығы мен итінен басқа кез келген затты сұрауына болады. Үй иесі қонағының көңілін жықпай, қалауын беріп, "Көріскенше күн жақсы, қош, сау болыңыз!" деп қоштасып, аттандырып салады.
Бата-тілек. Қазақ халқының ежелгі салт дәстүрінің бірі — бата-тілек білдіру. "Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады" деп түсінген ата-баба-ларымыз "Жаңбырменен жер кегереді, батаменен ер кегереді", "Баталы құл арымас", "Көп тілеуі — көл" деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.
Бата беру әдетте ауылдың үлкен қария, ақсақалдарының үлесіне тиген немесе құдайы қонақтың алғыс, тілек болып саналған.
Тамыр. "Туысқан, жекжат болайық" деп уәделескен екі кісі баласы шамалас қымбат заттарын сыйласып, "тамыр" болысады. Достықтары жалғасқан тамырлардың балалары "ата тамыр", құдандаласса —"сүйектамыр" болады. Сондай- ақ, сөз байласып, бармақ ұстасып туысқан болғандар — "ауызтамыр" деп аталады. Тамырлар қонақ болып түскенде, заттан, әлде малдан ұнатқан қалауын сұрайды. Әдетте, қонақтың қолын қақпай, сұраған заттың үй иесі беретін болған. Көңілдері жараскан жігіттер қылыш сүйіп, немесе құран ұстап (сүйіп) анттасып, төс түйістіре құшақтасып, "мәңгілік дос" болысады. Олар бастарына қандай да қиын күн туған сәтте бірі үшін бірі жанын да береді. Сондықтан "ақыреттік" достар деп те аталады.
1.4. Діни наным-сенімдермен және өлікті жерлеу рәсімдерімен байланысты
туған салт-дәстүрлер.
Діни мейрамдар. Наурыз мейрамы. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі — Наурыз күні. Наурыз — парсы сөзі,қазақша айтқанда "Жаңа күн" деген ұғымды білдіреді. Бұл күн — жыл сайын наурыз айының 22-сінде мерекеленіп болған. Яғни бұл күн мен түннің теңелетін, кардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген. Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы —"Ұлыстың ұлы куні" деп есептеп, зор куанышпен карсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл аралап, бірн-бірі жаңа жыл — Наурызбен кұттықтап, сағынышты көрісулер, ыстық құшақ қауышулар үстінде бір-бірне игі тілек тілесіп, адал ниетпен, ақ бата беріскен. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы білдіріскен.
Наурыз мейрамында қазақ халқы "Наурыз көже" ішіп, ән шырқап, күй шертіп, балуан күрестіріп, ойын-сауықпен өткізген.
Ораза айт. Ислам дінінің кағидасы бойынша, мұсылман дінінің ұстанушылардың бәрі отыз кұн ораза ұстауы керек. Ораза ұстау — араб күнтізбесі бойынша рамазан айында таң атпай бекітіп (сәресін сағат 4—5-терде ішеді, күн әбден батқан соң ашады. Ол кезде темекі шегу мен насыбай атуға, ойын-сауыққа, нәпсіге тыйым салады. Осы уақыттарда адамдар Алла тағалаға арнап Кұран Кәрімді, діни-шариғат заңдарын оқып, рухани тазалыққа ұмтылатын болған. Діни қағида бойынша рамазан (мүбәрәк деп те атайды) айында ораза ұстамаған мұсылмандардың күнәсі кешірілмейді деп есептелген.
Шариғат заңында ораза кезінде кұдайға кұлшылық еткен адам о дүниеде де, бұл дүниеде бақытты болады деп уағыздаған.
Мубәрәк айында күндіз ас-судан бас тарту керектігін біле тұра, аузына нәр алса, ораза бұзылады. 10 жасқа дейін бала, аяғы ауыр немесе бала емізетін әйел, денсаулығы нашар қарт, рамазан кезінде науқастанып калған адам, ұзақ жол жүретін жолаушы ораза тұтпауға құқы бар. Алайда, ауру адам мен жолаушы басқа айлардың бірінде сонша қүн ораза ұстауы керек. Ораза ұстау кезінде ағайындар бір-бірін "ауызашарға" шақырып, тәтті, дәмді тағамдар беретін болған.
Ғұрып бойынша, отыз күн оразадан соң діни мейрам — үш күн ораза айты болады. Ораза айтының алдында әрбір отбасы мүшелері кедейлер мен мүсәпірлерге пітір береді (пітір — жанға саулық тілеп садақа беру). Оны арабтар "Зәкәт-әл-фитр" деп атайды.
Ораза айтының алғашқы күнінде ата-бабалардың аруағын еске түсіріп, құран оқыту, "жұмалық" ас беру (жеті шелпек пісіру) мұсылмандарға парыз болып саналған. Үш күн айт мейрамында үлкендер де, бала-шаға да жақсы киініп, әр үйге кіріп "Айттарың қабыл болсын!" деп тілек білдіріп, айтқа дайындалған тамақтан ауыз тиіп, құран оқып шығады.
Жарапазан — ораза айтының кезінде кедей-кепшік, жоқ-жітік адамдар ауыл-ауылды аралап, әр уйден жанына келе жарапазан (арнау өлең) айтатын болған.
Кұрбан айтының шығу тарихы. Ислам дінін бүкіл араб елдерде таратушы — Мұхаммед. Ол 570 жылы Мекке қаласында туып, өмір сүреді Мұхаммед 622 жылы Меккеден басқа дінді қабылдаушылардан қуғын көріп, қашып шығып, Мәдина қаласына келеді. Ол бір құдайға құлшылық етіп сенуші мұсылмандарды Мәдина қаласы маңына жинап, Омар, Осман, Әли Бәкір, Әбу Талиб сияқты әділ халифтер-дін көмегімен бүкіл араб елдерінің басын бі-ріктіреді. Ясрит арабтары Мұхаммедті "Пайғамбар" (құдайдың жердегі өкілі) деп танып, көктен түсірілген "кұдай сүрелерінің" жиынтық кітабы (Мұхаммедтің айтуы бойынша жазылған)— Құранды қасиетті дін заңы ретінде қабылдаған. Бұл күн 622 жылға шілде айының 16-сына келеді. Яғни мұсылмандар Мұхаммед дінін шын мойындаған күні кұрметіне мал сойып, кұдай жолына кұрбандық шалатын болған. Қолында малы жоқ мұсылман қауымы кұдай жолына арнап тауық бауыздаса (қан шығарса болғаны) да бола береді деп есептелген. Міне, құрбан айты 14 ғасыр бойы бүкіл мұсылман елдерінде жыл сайын мейрамдалатын діни мейрам ретінде аталып өтіп келеді.
Кұрбан айты ораза айтынан кейін 70 күн өткен соң болады. Оның "кұрбан айт" деп аталуы — бұл күні үй басы құрбандық шалады, айтқа арнап дастарқан жаяды. Құрбан айт та таңертеңгі намаздан басталады. Айтта жұрт сәнді киініп, үйді-үйге айтшылап кіріп, құрбандық етін жейді. Осы құрбан айтынан бір күн бұрын ата-бабаларының аруағына арнап, мал сойып, құран оқытып, "шек беретін" салт болған.
Қажылық. Мұсылманның бес парызы бар. Олар — шариғат айту, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр-садақа беру, қажыға бару. Мұсылманның бұл бес парызын арабтар "орхон ад-дин" деп атайды. Алдыңғы төрт парызды өтеу көпшілікке ортақ іс болса, ал қажыға бару әр мұсылманның, шама-шарқына байланысты. Қажыға бару қазақ даласында,көбінесе, малы көп, ауқатты адамдардың ғана қолынан келген.
Жерлеу және ас беру рәсімдері.
Арыздасу, қоштасу. Әдетте дүниеден кетіп бара жатқан адам өзінің өлетінін білген соң ағайын-туғанымен, ел-жұртымен, өмірлік серігмен, өнерімен қоштасып, соңғы арыз тілегін өлең жолдарымен артта қалып бара жатқандарға сәлем ретінде жолдаған. Ағайын-туған, дос-жаранды адамдар пәленше нашар жатыр екен дегенді естісе, "көңілін сұрайын", "кешулесейін" деп іздеп келеді. Ақырғы сапарға аттанар адамның арыздасу үстінде айтқан тілек-өтініш артында қалғандар қолдан келгенше орындауға тырысқан. Сондықтан арыздасуды кейде "Ант мерзімі" деп те атайды.
Естірту, көңіл айту. Қазақтың ертедегі салты бойынша, түзде өлген адамды отбасы мүшелеріне, жақын туыстарына естіртуге адам айтатын сөзін, естірткелі отырған уақиғаны тұспалдап, жұмбақтап, ишаратпен, өлеңмен, кейде әртүрлі салыстырулармен хабарлаған. Кейде ауыр қазаны күймен де естірту дәстүрі болған.
Естірту, көңіл айту, жұбату, өлең, тақпақ, жыр түрінде айтылған. Шешендік сөз арқылы көңіл айту басы қаралы, жүрегі жаралы жандарды жақсы лебіз, жанашырлық сөзбен ойын ширатып, көзінің жасын тыяды, бойына қайрат береді, қайғысын сейілтуге тырысады. Қаза ортақ, қайғы кезек, өлім хақ екенін ескертіп, жұбатады, өткенге өкінгенше тірінің тілеуін тіле дейді.
Жоқтау. Күйеуі өліп қаралы болған әйел қайғысының ауырлығын білдіру ушін бес саусағымен бетін жыртып, қан шығарады. Тіпті, көне түркілерде әкесі өлген жігіттер өзінің жетімдігін білдіру үшін он құлағынан бастап, сол құлағына дейін пышақпен бетін тілетін дәстүр болған. Сірә, тіліміздегі "Бетің тіліңгір" деген қарғыс содан қалған болуы керек. Өлген адамның әйелі ері қайтыс болған күннен бастап, басына қара жамылады. Әйелі, қыздары, ана-қарындастары жыл бойы күн сайын таңертең ерте тұрып, беттерін керегеге қаратып, 1—2 сағат бойы дауыс салып, жоқтау айтқан. Жоқтау өлеңде өлген адамның ел-жұрт, ағайын-туысқа тигізген пайдасы, қамқорлығы, ерлігі, кісілігі туралы айтылады.
Қаралы үй. Кісі өлген үйдің түндігі түріліп, үй ішнен найза шаншылады да, ұшына қара ту немесе орамал байлайды. Егер өлген адам жас болса — қызыл, орта жастағы адамға — қара, ал қарт болса, ақ орамал байлаған. Қаралы үйде қандай адамның өлгенін осы белгі арқылы жүргінші— жолаушыға білдірген. Егер ер адам далада өлсе, мінген атына ертоқымын теріс ерттеп, қанжығаға тымағын байлап қойып, жетектеп әкеледі. Өлген адамның ер-тұрманы, киімдері, қару-жарағы үй ішінде керегеде жылы өткенше ілулі тұрған.
Өлікті жерлеу.Қазақ бейітті қыстау маңына салған. Бейіт ауыл төңірегіндегі ең биік тебенің үстінен қазылады. Қайтыс болған адамның өзі сұрап, өсиет еткен жері болмаса, ата-баба, ру бейітіне жерлейді. Ерте кезде төрт құлақты үлкен қорған салынып, бір рудың адамдары соның ішіне қойылатын. VI—X ғғ. ата-бабаларымыз атақты батыр, ел билеуші
көсем қайтыс болғанда, жер астынан кесене салып, өліктің жанына атын, сауыт-сайманын, аңшылық құралын, итін қоса жерлеген. Жанына қазан-ошағын қоса көмген, үстін орасан көп тастармен бастырып, биік оба жасаған. Бұл — адам ол дүниеге барғанда да тіршіліктегі кәсібін құрады деген діни наным-сенімнен туған. Бертін келе ер адамға жеке бейіт (күмбез) салып, еркектердің ескерткішінің төбесіне — найза, әйелдердің бейітінің үстіне — бақан немесе піспек, ал балалардың бейітінің басына бесік қойылған.
Қазақтардың мола, бейіттерді қастерлеуі соншалық бейіттің жанынан өтіп бара жатып, аттан түсіп, құран оқу, аттың қылын байлау, бейітке қарап дерет сындырмау, оны қол шошайтып керсетпеу сияқты ырымдар мұқият сақталған.
Бейіттің бірнеше түрі бар — оба, қорған (өте ертедегі түрі), кешен, там, күмбез, мазар (жеке адамға арналып салынған түрлері). Әр рудың "Ата бейіті" болған. Ал жол-жөнекей жолаушылап неғайбілден қайтыс болған адамды жеке төбеге, қорымға қойған. Сондай-ақ ерте кезде бақсыларды көп бейіттен бөлек жеке төбе басына жерлеген. Ол бақсыларды әулие санаудан туған.
Әр бейіттің басына құлпытас орнатылады. Құлпытасқа арабша өлген адамның аты-жөні, туған, өлген айы, күні, жылы, руы немесе ру таңбасы ойылып жазылады.
Тұлдау. Ежелгі дәстүр бойынша тұлдау ер азаматтар-дың өлімімен байланысты ырым. Оның ішінде жасы жетіп, ақ өліммен өлген ақсақалдардың тек мінген аты тұлданса, орта жастағы азаматтардың қару-жарағы, ер-тұрманы, киім-кешегі, баспанасы, мінген аты, асыл жары түгел тұлданады.
Иесіз, адыра қалғандықтың белгісі ретінде қаза болған адамға меншікті нәрселердің бәрі тұлданғандықтан "тұл үй", "тұл отау", "тұл қатын", "тұл ат", "тұл ер", "тұл қамшы", "тұл қару", "тұл жыртыс" секілді ұғым-түсініктер сақталған. Жаңа үйленіп жар қызығын көрмей, бала сүйіп ұрпақ қызығын көрмей, арманда кеткен азаматтың қазасы ерекше болады. Жігіттің жылы беріліп, ас өткен соң бейіт басынан "ойбай-бауырымдап" ат қойып келіп, тұл үйдің туырлық, түндігін сыпырады ("Туырлығы жоқ тұл үйге ат байласа тұрар ма?". Махамбет). Тұлымы кесіліп тұлданған жесірге өмірден өз жолын табуға рұқсат береді. Оны ағайын-туыстарының бірі әмеңгерлікке алған жағдайда, өз үйінің ақ босаға, есігінен емес, ырымдап, шаңырағынан түсіріп алады.
Ал өлген адамның тірі күнінде мінген аты да жал-құйрығы күзеліп, ер-тоқымының үстіне өлген азаматтың жақсы киімдерін жауып, ердің қасына тымағын кигізеді. Қыздары тымағын теріс қаратып киіп, тұл атты жетектеп, көш басында жүреді. Олардың соңынан түйе жетелеген әйелдер ереді. Олар жолда ауыл көрсе, яки қонар жерге келгенде дауыс қылады. Жолдағы ауылдың әйелдері алдынан шығып, бұларға сусын береді көңіл айтады.
Құйрық-жалы күзелген ат өлген азаматтың жылында асына сойылған.
Бір жылдан кейін, яғни 40 күннен бастап бұзыла бастаған мәйітті әбден ағып біткен кезде, өлген адамның о дүниедегі "шын өмірі басталады" деп санаған. Соған орай жылына арнап ас беру рәсімі жасалған. Аруаққа мұнан кейін де құрмет көрсетіліп, ораза айты мен құрбан айтында құрмалдыққа мал сойған. Оразаның соңғы күнін "шек" деп атаған. Онда шелпек пісіріп, бейіт басына барып құран оқып, пітір-садақа береді. Мұның бәрі өлген ата-бабаларды құрметтеудің, олардың аруағына деген наным-сенімнің айғағы.
Ас беру. Ежелгі дәстүр бойынша, ат жалын тартып мінген жігіттен бастап "пайғамбар жасына" (63 жас) жетпеген кісіге ас бермеген, тек жылын өткізіп атап өткен. Ас беруде ел билеген атақты адамның алыс-жақын, жекжат-құдандалы адамдардың бәріне алдын ала хабарлап сауын айтады.
Ас беру өлген адамның, ана дүниеде жүрген жанының (аруағының) құрметіне құрмалдық жасау арқылы өлілердің рухы қалған ұрпағын жебеп, қысылғанда сүйеу болып жүреді деген ұғымнан туған. Мұның өзі ислам діннен әлде-қайда бұрын қалыптасқан діни сенім. Ата-бабалар аруағының құдіретіне сенумен байланысты пайда болған. "Өлі риза болмай, тірі байымайды"— деп, асты өткізуге артында қалған бала-шағасы, ағайын-туыстары, қала берді рулы ел жұмыла көрісіп, көп шығынды бөлісіп көтеріскен, ол бүкіл рулы елге үлкен сын болған. Себебі, біріншіден, асқа қисапсыз көп адам шақырылады, екіншіден, аста міндетті түрде ақындар айтысы, балуан күресі, алтын қабақ ату, құнан бейге, ат бәйгесі болуы керек, үшішіден, сонша халықты 3—4 күн күту ушін мол тамақ, сусын, ойын-сауық, бәйгелерге беретін жүлделер т.б. есептегенде — қанша мал, қаржы, мүлік және еңбек керек.
Аруақпен байланысты ырымдар. Ш. Уәлиханов өзінің "қазақтар арасында шаман дінінің қалдығы" атты ғылыми еңбегінде ертеден қазақтардың аруақты қастерлеуін айта келіп, атақты адамдардың (батыр, би, бақсы, балгер, т.б.) бейітін көзден таса жерге көп бейіттен белек жерлеген. Ондағы мақсат аруақты шапқыншылар қорламасын деген ой болған" дейді. Тіпті, оларды жер астына терең обаға көмудің өзі осы мақсаттан тууы мүмкін.
Бақсылық құрған адамдарды әулие санап, оның моласына бала таппаған немесе ауру адамдар түнеп, қой сойып, ақсарбас айтып, ақ шүберек байлап, ақша тастайтын болған. Тіпті малға топалаң, карасан аурулары келіп кырыла бастаса да, малды айдап апарып, аруаққа арнап біреуін сойып, (соятын кой ақ болуы керек) калған малды бейітке түнеткен. Түнімен отты жағып қойып, малды отты айналдыра айдап журген. Сондай-ақ ауырып әл үстінде жатқан адамның басына шырақ жағып күзетіп отырған. Бұл — отты құдіретті күш санаудан, соған табынудан туған ырым.
Бүгінгі күннің салт-дәстүрлері. Өткен тарихымызға көз салып, еліміздің тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ, халық өміріндегі өзгерістер мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің ауысуы үлкен тарихи оқиғалардан кейін, заманның өзгеруіне байланысты болғаны байқалады.
"Заманына қарай амалы" демекші, Қазан төңкерісінен кейін көп жылдар бойы ұлт саясатының бұрмалануынан көптеген озық салттдәстүрлеріміз ұмыт бола бастады. Мәселен, дәстурлі Наурыз мейрамы 62 жыл бойы тойланбай келгені баршаға аян. Дегенмен, халық күшімен, әсіресе ауылдық жерлерде, ата дәстүрінің өміршең үлгілері сақталып, уақыт озған сайын мазмұны байып, жаңарып дамытылды.
Бүгінгі өмір салтымен байланысты қалыптасқан жаңа әдет-ғұрып, озық дәстүр түрлері сан алуан. Олардың бір бөлігі уақыт сүзгісінен өтіп, заман талабына қарай жаңаша сипат алған болса (үйлену тойы, шілдехана, балаға ат қою т.с.с), екіншілері жаңа пайда болған дәстүрлі мерекелер, той-жиындар (туған күн, мектепке бару тойы, әскерге шығарып салу, сабантой, шопандар тойы, жұбайлардың күміс, алтын тойы, қарттарды құрметтеп демалысқа шығарып салу және т.б.).
Шілдехана. Қазіргі шілдехана тойына нәрестенің ата-анасының туған-туыстары, достары, еңбектес жора-жолдастары, көршілері, жалпы көңілі жақын адамдар шақырылады. Бұл жиында дүниеге келген нәрестенің өміріне құттықтау айтылып, оның бүкіл тіршілігінің қайғысыз-уайымсыз, жақсы өмір кешуіне жүрекжарды тілектер, жылы лебіздер білдіріледі. Оның ата-анасына да ізгі тілектер айтылады. Ішкіліксіз өтетін, қазіргі тойлардың қатарына шілдехана да кіреді.
Мектепке бару тойы, әдетте, отбасында өткізеді. Ата-ана баласының білім әлеміне алғашқы қадам жасауын қуанышпен атап өтетін үлкен мереке. Жас балдырғанның жан дүниесіне жақсылық нұрын сеуіп, балапан сезімін байыта түсетін мұндай тойдың тағылымдық жағы мол. Бұл тойға ата-ананың туған-туысқандары, жора-жолдастары, көрші-қолаң, балалар бақшасындағы тәрбиешісі, тағы басқа тілектестері шақырылады. Тойды баланың әкесі немесе шешесі басқарады.
Қарт әже немесе ақсақалды ата немересінің осынау қадамына сәттілік тілеп, ақ батасын беріп ғибратты ақылын айтып, немересіне дайындаған сыйын табыс етеді. Бұдан кейін сөз кезегі баланың тәрбиешісіне, "құдайы көршінің" біреуіне, туған-туысқандарға, ата-анасының жақын жолдастарына беріледі.
Туған күнді көп жағдайда отбасы мушелері мен ең жақын достары, туыстары жиналып атап өтеді. Туыстары мен достары кеш иесін құттықтап, оған сыйлық ұсынады. Егер әлдебір жағдаймен келе алмаса жеделхат арқылы да құттықтауға болады.
Кейде бұл күнге алдын ала дайындалып, көңілдес адамдарын арнайы шақыратын да дәстүр бар. Соңғы кезде өмірге енген жақсы дәстүрдің бірі — азаматтарды туған күнімен жұмыс орнында, қызметтес жолдастарының арасында құттыктау. Мұндайда әкімшілік қоғамдық ұйымдар ұжымды жинап, той иесін құттықтап, оған игі тілек білдіріп, гул шоқтарын табыс етеді. Егер мүшел жасқа келсе, кұттықтаухат тапсырып, шапан жабуына болады, мерейтой иесін ортаға алып отырып, бүкіл ұжым суретке туседі. Қоғамдық ұйымдар арнайы қабырға газетін шығарса, тіпті жаксы.
Кәмелетке толу мерекесі, әдетте жастардың орта мектеп бітіріп, аттестат алуымен тұстас келеді. Оны өткізудің әр түрлі жолдары бар. Көбіне бұл салтанат мектепте, мәдениет сарайларында, клубтарда өткізіледі. Кәмелетке толғандарға өсиетхат тапсырылады. Бұл күні балалары кәмелетке толған ата-аналар мерекелік салтанат дастарқанын жайып, достарын, тумаларын, баласының құрбыларын шақырып, көңілді кеш өткізеді. Кей жағдайда кешкісін жастар таза ауаға, өзен жағасына шығып, мерекелік алау жағып, оның айналасында би билеп, ән шырқайды.
Үйлену тойы да қазіргі күнде жаңа заманға лайық көп жағдайда ұлттық дәстүр негізінде өткізеді.
Үйлену тойы — адам өміріндегі ең бір жауапты, ыждаһаттылықпен дайындалуды қажет ететін салтанат. Жар таңдау, тұрмыс құру, жас отау иелерінің болашақта тату-тәтті өмір кешуі, әдетте, кыз бен жігіттің бір-бірін жақсы білуін талап етеді. Мұндайда асығыстыққа, көрсе қызарлыққа жол беруге болмайды. Өйткені ол орны толмас өкінішке соқтыруы, отбасының татулығына нұқсан келтіруі мүмкін. Екі жас алдамшы сезімнің құрбаны болмай, ойы мен ниеті табысып, бірін-бірі шын сүйіп, өз болашақтарына сенген кезде ғана бас қосу керек. Сондықтан да үйлену меселесіне, отбасының берік те бақытты болуына жастар үлкен жауапкершілкпен қарауы абзал. Үйлену тойдың, ондағы айтылар тос-тілектердің басты мәні жас жұбайларға осындай маңызды өмірлік мәселелерді сезіндірер ғибраттылығына байланысты болса керек.
Некеге отыру, әдетте үйлену тойынан бірер күн бұрын кейде сол күні күндіз болады. Ол неке сарайында немесе медениет үйінде болады. Оның негізгі заңдылықтары барлық жерде дерлік бірдей. Сонымен бірге, әр жерде жеке өзгерістер болуы да, жаңа әдет, дәстүрлер енгізіп толықтырылуы да мүмкін.
Асаба әркімге жасына, той иелеріне жақын туыстық дәрежесіне қарай сөз беріп, салтанат одан әрі жалғасады. Арасында ән айтылып, күй шертіп тұруға тиіс.
Той дастарқаны да ойластырылып, ондағы тағамдар шеберлікпен қолдан тісірілген болса, тіпті жақсы. Байлық көрсетуге, басқалардан асып түсуге ұмтылып, артық шашылып-төгілудің, орынсыз дарқандыққа салынудың қажеті жоқ,- Бәрі де ретімен, қонақтардың да, жас жұбайлардың да кеңінен шығатындай болуы керек.
Соңғы кездерде үйлену тойларын ішімдіксіз (қымыз, қымыран, түрлі шырындармен) өткізу дәстүрге айналып келеді. Бұл өте құптарлық жайт. Ойын-тойды, қала берді өлікті де арақ-шараппен өткізу кешегі кеңестік дәуірдің әкелген дөрекі дәстүрі екенін ұмытпауымыз лазым.
Қоныс тойы. Жаңа пәтерге (немесе үйге) көшу — әулеттегі ең қуанышты кезең. Сондықтан көп жағдайда оны мерекелік салтанатқа айналдырып, той етіп өткізеді. Қоныстану тойына тума-туысқандарымен бірге қызметтес жолдастарын, бұрын-соңды араласып тұратын достарын, жаңа көршілерін шақырады. Әдетте қоныстану тойына шақы-рылғандар өз шамасына қарай сыйлық, көрімдік ала барады. Сыйлық үй тұрмысына, күнделікті ұстап тұтынуға қажетті заттар болғаны дұрыс. Той дастарқанында айтылатын тілек осы отбасына, жаңа пәтердің ішінің құтты болуына арналуы тиіс.
Қазақ халқының салт – дәстүрлері
Салт – дәстүрлердің түрлері.

Діни әдет- ғұрыптар
Отбасылық той – томалақтар мен жиындар

Маусымдық халықтық мерекелер


Ырымдар 1. Үйлену тойы 1. Жалпы халықтық тойлар
мен 2. Бала тәрбиелеу 2. Кәсіптік мейрамдар
нанымдар дәстүрлері
3. Жерлеу салты
Діни рәсімдер
мен мейрамдар

Ырымдар мен нанымдар.Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс – қарғыс, бақсылық және т.б.
Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.
Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт
Жалпы халықтық тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой
(мизам), Соғым басы.
Кәсіптік мейрамдар. Биебайлау (биебау), сіргежияр, сіргетағар жүн қырқар, шашыратқы, тулақшашар, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу, жүн қырқар, уызқағанақ және т. б. кәсіптік мейрамдар да маусымдық мерекеге саналады.
Құрғақ сүт, қызыл ірімшік, тасқорық, уызқағанақ, шашыратқы, сіргежияр, серне, бұлқыншақ, малма, тарамыс, талқы, тулақ деген сияқты халықнамалық ұғымдарға қатысты
Қазақтың төрт тойы.
Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды..
Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.
Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.
Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. Қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады. Наурыз тойынан басқа еңбекке байланысты туған осындай мереке тойлардың бірі – ең алғаш бие  байлағанда «қымыз мұрындық» пен «сірге мөлдіретер» беріп «жылқышы атаны» дәріптеу болса, зеңгі бабаға арнап сәуір айында «сейіл» тойын өткізу. «Сәуір болмай тәуір болмайды» деген халық мақалы да осы еңбек мерекесіне байланысты туса керек. Бұл әдет-ғұрып, еңбек процестеріне байланысты туған мереке тойлар. Қызды ұзатқанда, үйлену тойында болатын ойын-сауықтарға «алтыбақан», «жар-жар», «беташар», «той бастар», «сақина салар» және ырымға байланысты «тоқым қағар», «қына менде» т.б. осындай ойындар ойналған.
 Ал маусымдық мерекелерге жалпы халықтық тойлар – жыл басы Наурыз, жаз тойы – Қымызмұрындық, күз мейрамы – Мизам (шопандар тойы мен сабантой), қыс тойы – Соғым енеді. Сонымен қатар биебау, тулақшашар, шашыратқы, сіргетағар, сіргежияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу, жүн қырқар т.б. кәсіптік мейрамдар да маусымдық мерекеге саналады.
Дәстүрлі үйлену тойы.
Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке – шешесіне сездіреді.
Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.
Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына сыртына шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп, «қарағым көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.
Құда түсу тойы. Жігіттің туған – туысқандары құдалыққа қыз апуылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық – бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.
Есік – төр көрсету тойы. Қыздың туған – туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады
Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі.
Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу
қашырар, желі тартар, ит ырылдар,
бақан саларо, үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек
салар, қыз құшақтатар, шаш сипар,
көрпе қимылдатар кәделері алынады.
Қыз ұзату тойы. Ат байлар,құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі
қиылады.Түрлі ойын – сауық өткізіледі, жар – жар
айтылады.Қыз аттанарда «сыңсу» айтады
Келін түсіру тойы. «Беташар» айтылады. Той негізінен қыз
ұзату тойымен бірдей өткізіледі.
Қыз таңдау дәстүрі.
№ Қызға қойылатын талаптар Талапқа сай ұлттық түсінік
1 Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы Жеті атасын білмеген жетесіз.
Жеті атасын білген жігіт жеті жұрттың қамын ойлайды. Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық.
2 Қыз бен жігіт арасындағы жас үйлесімі болуы Отау тігер жас – жігеттерде 19 бен 25, ал қыздарға 16 мен 19. Жиырмаға жеткен қыз сары болар, өңі кетіп, шырайы сары болар.
(Шал ақын)
3 Қыздың ақылдылығы Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, Ол сенің ақыреттік жақың кісің. (Шал ақын)
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата – ананың қызынан қапы қалма
(Абай)
4 Қыздың тектілігі Тегіне қарап қызын ал
Соғуына қарап қау ас.
Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.
Аяғын көріп асын іш,
Шешесін көріп қызын ал.
5 Қыздың сымбаты мен көркі Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,
Махаббаттың отына күйген сұлу.
Ақылына көркі сай
6 Қыздың іскерлігі Өнерсіз қыздан без.
Өнегесіз ұлдан без
Ер жігітке қойылатын талаптар.

№ Халықтық талап
Талапқа сай түсінік
1 Кескін келбеті «Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі т.с.с»
2 Қадір – қасиеті. «Қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді т. с. с»
3 Қабілет икемі. Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын.
4 Зерде - зейіні Тылсым сырды ұға алмайтын.
5 Өнер - өрісі Өмірден әперер сыбағасын
6 Тапқырлық - ерлігі Дұшпанға найза сұға алатын
7 Қайрат - қаруы Аяқтан шалғанды жыға алатын
8 Жігер - күші Қиындықта сыналатын.
9 Білімі. Биікке бастап шыға алатын
10 Адалдығы Туған елі мен дос – жарандарына адал болатын
11 Әділеттігі Қара қылды жаратын
12 Шыншылдығы Қаймықпастан, турасын айтатан
Құдалардың түрлеріне байланысты атаулар.
№ Атауы
Түсінік
1 Құда Күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға – інілері мен туған туыстары
2 Құдағи Қарама – қарсы жақтың, әжелері, шешелері, апалары
3 Құдаша Қарама – қарсы жақтың сіңілері
4 Бел құда Туылмаған (белдегі) балаға ниет құдалар
5 Бесік құда Құданың бұл түрі ел ішінде «Қызылдай құда», «қарын құда», «құрсақ құда» деп те аталады.
6 Қарсы құда Ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар, кейбір жерде «бесік кертпе құда», «бесік кертті құда» делінеді.
7 Бас құда Бір – бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат – қабат құдалар
8 Жанама құда Екі жақтың сөзін сөйлер құдалар.
9 Бауыздау құда Мал бауыздағанда бата берген құда.
Кіндік кесу дәстүрі.
Р/с Кіндік шешенің атқаратын міндеті. Кіндік кесуге байланысты салт – дәстүрлер
1 Жүкті болған әйелді күту Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік шеше болуды қалап алатын әйелдер болады. Ол үшін алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарханынан дәм тарттырады. Осыдан кейін екі үй арасында да қарым – қатынас жиілеп,, жарастық орнайды. Жүкті әйелді күтімге алады.
2 Босану кезінде басы- қасында болу Толғақ мерзімі жақындағанда жеке үй дайындалады. От жағып, су жылытылады. Үйдің іші – сырты дүние мүлкі мұнтаздай тазаланады. Осы істердің, басы – қасында кіндік шеше ұйтқы болып, жүреді. Жүкті әйелді толғақ үстінде кіндік шеше демеп тұрады және олай – бұлай жүруіне де рұқсат етіледі.
3 Кіндігін кесу Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен байлап, түбіне күл сепкен. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қойған. Ер баланың кіндігін ырымдап «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырған. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді. Оқымысты болсын днп кітаптың, ат құлағында ойнасын деп аттың жалына байлайды.
4 Балаға қамқорлық жасау. Дүниеге келген сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырған. Бала ер жетіп ел қатарына қосылғанша кіндік шеше өз назарынан тыс қалдырмай әрдайым қамқор болып жүрген.
Балаға ат қою дәстүрі.
№ Балаға ат қоюдағы салт – дәстүрлер
Түсінік.
1 Артық саусағына қарай ат қою Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен.
2 Балаға тіл – көз тимейді деген ниетпен ат қою. Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай т. Б
3 Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
4 Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Аман, Амангүл, Есен, Жүрмін, Тұрсын, Тұрсынгүл, Тоқтар.
5 Бала – шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжаса, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.
6 Бұрын – соңды болған қару – жарақ аттарына байланысты. Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т. б
7 Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Сәкен, Сәбит, Сырым, Төлеби, Ыбырай, Махамбет, Қазыбек т. б
8 Ерекше көзге түсетін белгілеріне қарай ат қою. Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Сүндет т. б
9 Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Ғали, Жамая, Зылиха, Иса, Мұхамбет, Омар, Оспан, Хадим, Сүлеймен т. б
10 Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың қымбат металдың нәзік өсімдіктердің атын қою. Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т. б
11 Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Лекер, Шалабай, Шалабек.
12 Мұрат – мақсатыма жеттім – ау деген ниетпен. Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат
13 Соңғы балаға ат қою. Кенжебай, Кенжетай, Кенжегүл
14 Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты. Арыстан, Алабай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш.

15 Ұлы жоқ үйде қыз туғанда Болған, Тойған, Ұлболсын, Ұлжан, Ұлту, Ұлтуған т.б.
Шілдехана тойы.
№ Шілдеханада орындалатын салт – дәстүрлер. Түсінік.
1 Бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады.. Әйел аман – есен босанған күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады.
2 Өнерлі жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салып, күй тартады. Бұған өерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша көңіл көтереді.
3 Қыз – келіншектер мен бозбалалар айтысады. Қыз – келіншектер мен бозбалалар айтысып, жеңгендері тоғызын алады.
4 Әртүрлі ойындар ұйымдастырылады. Жастар түнді қуаныш қызықпен өткізеді.
5 Шілдеханаға тек қана жастар қатысады. Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әртүрлі жын – шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті.
Баланы бесікке салу дәстүрі.
№ Баланы бесікке салуда орындалатын салт – дәстүрлер. Түсінік
1 Бесіктің жабдықтарын орын – орындарына қою Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші – қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын – орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.
2 Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу. Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.
3 «Тыштыртыма» ырымын жасау. Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім.
4 Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу. 1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек.
Баланы қырқынан шығару дәстүрі.
№ Баланы қырқынан шығаруда орындалатын салт – дәстүрлер. Түсінік.
1 Ұл баланы қырқынан шығару мерзімі. Ұл баланы қырқынан 37, 39 күнде шығарады. Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетте істеледі.
2 Қыз баланы қырқынан шығару мерзімі. Қыз баланы қырық күннен асырып 42 – 44 күнде қырқынан шығарады.
3 Баланы шомылдыру. Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер салған суға баланы шомылдырады.
4 Сүт тырнағын алу Баланың тырнағын алғаннан соң адам баспайтын жерге көміп тамтайды.
5 Қарын шашын алу. Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп, тігіп, баланың оң иығына қадайды. Жалпы баланың шашын еш уақытта ашық – шашық жерге тастамайды. Адам аяғы баспайтын жерге көміп отырады. «Қарын шаштың қарғысы қатты болады» деген мақал да осы салтқа байланысты.
6 Ит көйлегін ауыстыру. Баланың қырқынан шыққанша киетін «ит көйлегіне» сәбиді қырқынан шығару үстінде түрлі тәттілерді түйіп, бір иттің мойынына байлап қоя береді. Жас балалар итті қуып жетіп, тәттілерді өзара бөлісіп алады. Бойныа бала бітпей жүрген әйелдер қалап алатын дәстүр бар. Баланың анасы ит көйлекті жыртып береді.
Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрі.
№ Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрлері. Түсінік.
1 Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрлері. Нәрестені тіл – көзден сақтау үшін нәрестенің бесігіне, киіміне тұмар ретінде, жылан басын, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қойған.
2 «Көз тиді» деп секем алу. Егер «көз тиді» деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді. Осылайша қас күштердің беті қайтады. Баланы тіл – көзден сақтайды деген сенім болған.
3 Нәресренің ата – анасы әлде біреудің нәрестеге сұқтана қарағанын, «балаң балпақтай» екен деген сөзін көңіліне алу. Егер нәрестенің ата – анасы көңіліне алған жағдайда, іле – шала оған түкірту ырымын жасатады. «Көзінде қалы бар адамның қарағаны тегін жібермейді» деп осындай белгісі бар адамның келуінен қатты сақтанады.
4 Нәресте сұлқ түсіп, қатты ауырып қалған кезде. Осының «көзі тиді - ау» деген адамды таптырып алып, оған түкіртеді. Басқа да сан түрлі ұшықтау ырымдарын жасайды.
5 Нәрестеге жұрттың назары түспеуі үшін. Нәрестені көзден тасалап, оған көбінесе жаман – жәутік, ескі – құсқы кигізіп, бет аузына әдейі күйе жағып қояды.
Жүкті болған келінді күту дәстүрі.
№ Жүкті болған келінге жасалатын салт – дәстүр. Түсінік.
1. Керегеге орамл тану. Келіннің жүкті болғанын сезген ене «Атамыздың аруаға біліп, қолдап жүрсін»деп ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады.
2. Құрсақ шашу. Келін жерік болғанда кішігірім той істейді. Бұған әйелдер өз үйлерінен бір –бір дәм пісіріп әкеледі.
3. Жуамен тамақтандыру. Келіннің тәбетін ашу үшін жуа әкеліп жегізеді.
4. Сағыз шайнату. «Іштегі бала шымыр болсын»деген ниет.
5. Саз,топырақ, қызыл ірімшік жегізу. Баланың сүйегі берік болу үшін жегізеді.
6. «Келін көңілі»бас қосуын өткізу. Келіннің көңілін көтеру үшін, жастардың бас қосуын ұйымдастыру.
7. Арқан еспеу. Бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін.
8. Теңді буу, қаптың аузын жабуға рұқсат етпеу. Керісінше жабулы заттарды алуға, буулы нәрселерді шешуге болады.
9. Түйе етін жемеу. Жүкті әйел баласын 9ай емес 12ай көтеруі мүмкін.
10. Келіннің етегін бүру, далаға жалғыз шығармау. Түсік болдырмауы үшін жасалады.
Баланы сынау дәстүрі.
№ Балада болатын қасиеттер. Баланың баламасын болжау белгілері.
1. Бақытты, жары сұлу. Ұл бала көзін ашып ұйықтайтын болса.
2. Балуан. Бетінде қалы болса.
3. Ел басқаратын көсем. Жастықтың үстінде ұйықтайтын болса.
4. Жайдары. Маңдайы кең болса.
5. Жайдары, ақкөңіл. Шалқасынан жатып ұйқтайтын болса.
6. Жалқау. Желкесінің шұқыры үлкен болса.
7. Кемеңгер. Аяқ –қолын төрт жаққа созып бей –жай ұйықтайтын болса.
8. Күйеуі көрікті. Қыз болса көзін ашып ұйықтаса.
9. Күйеуі. Баланың бір құлағынан екінші құлағы үлкен болса.
10. Қызғаншақ, кейде ойшыл. Етпетінен ұйықтайтын болса.
11. Мырза. Алақаны ашық, алсңсыз емес.
12. Өтірікші. Құлағы мен ауызының арасы жақын болса.
13. Сараң. Анасының омырауын тас қылып ұстап отырып алса.
14. Сері. Бас бармағы үлкен,сүйрік болса.
15. Уайымшыл. Бүктісіп ұйықтайтын болса.
16. Шебер. Бармағы майысқан болса.
17. Ынжық. Көрпені тұмшалап орап алып жататын болса.
Баланы: 1. Асырап алу дәстүрі.
2.Cүндетке отырғызу дәстүрі
№ Бала асырап алуда орындалатын
салт –дәстүрлер. Түсінік.
1. Міндетті түрде той жасау. Қазақ халқында негізінде өз кіндігінен ер баласы жоқ адамдар туыстарының, ағайындарының баласын асырап алатын. Көбінесе ер балаларды, ал оның реті елгенде қыз баланы да асырап ала беретін. Малды адамдар атшаптырып той жасаса, дәулеті шағындар құрмалдық жасайды.
а Ер балаға асық жілік, қыз балаға тоқпақ жілік ұстау. Баланың қолына жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә ету болса асырап алатын әке мен шешенің де жұрт алдында оларды тумады деп бөлмеу туралы беретін уәдесі, анты. Жұрт алдында жілік ұстану салтй екі жағынан да бала аяу, бала беру ісіне ризашылығын білдіру.
ә Ер баланы ашамайға мінгізу. Ер балаларды жілік ұстауға қосымша ашамайға мінгізу жорасы да бар. Өйткені баланы бауырға салу көбінесе оның 5-6жасар кезінде болады. Бұл кезде баланың атқа мініп үйренетін кезі. Әрине тым жақын туыстар арасында балалары есейіп қалған кезде де бола береді. Ал бөтен елден алғанда болса мүмкіндігінше жастау болу керек.
2. Сүндет тойды өткізетін күнді белгілеу. Қалыптасқан дәстүр бойынша ата – бабаларымыз ер балаларын 5.7-не 9-жасында сүндетке отырғызады. Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алдын – ала белгіленеді.
а. Қонақтарды тойға шақыру. Тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Оның бауырсақ пен кәмипт толтырылған қоржынынан ат басын тіреген үй иесі дәм татады да түсті матаны жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды.
ә. Сәрсенбі күні баланы сүндетке отырғызу. Сәрсенбінің сәтті күні баланы сүндетке отырғызады. Тойға келген адамдар «сүндетің қабыл болсын!»деп, баланың айналасына жеміс – жидек пен тәтті дәмдер толтырылады.
Бала тәрбиелеу дәстүрлері.
№ Бала тәрбиелеудегі
салт – дәстүрлер.
Түсінік.
1. Құрсақ шашу. Жүкті болған келіннің енсі ауыл әйелдерін шақырып қонақ етеді.олар өз үйлерінен бір –бір дәм пісірп әкеледі. Оның себебі –келіннің жерік болып жүрген асын тауып беру.
2. Жарыс қазан. Толғата бастаған келіннің енсі қыстай сақтаған жылы –жұмсағын қазанға салып, «жарыс қазан»асу қамына кіріседі. Бұл келін тез босансын деген ниеттен туған ырым.
3. Шілдехана. Жаңа туған нәрестені әртүрлі «жын -шайтан», «перілердің»салқынынан, қорғап, күзету үшін.
4. Сүйінші. Немерелері болған әже сүйінші сұратып жас балалар мен келіндерін жан –жаққа жібереді.
5. Балаға ат қою. Нәрестеге үш күннен қалмай ат қойылады.
6. Бесік тойы. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады.
7. Баланы қырқынан шығару. Қырық күн толғаннан соң нәрестенің «сүт тырнағы»мен «қарын шашы»алып, теңгелер салған су құйып, шомылдырады.
8. Тұсаукесер тойы. Сәби жүре бастаған кезде ата –анасы «балам тез жүріп кетсін»деген оймен жасалады.
9. Тілашар тойы. Бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде,шығуы үшін дәстүрлі «тілашар»тойы ырымын жасайды.
10. Атқа мінгізу тойы. Баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін -өзі ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде ашамай ерге мінгізіп үйретеді.
11. Сүндет тойы. Ер балаларды 5-7 -не 9жасында сүндетке отырғызады.
12. Тоқым қағар. Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі.
Қыз ұзату дәстүрлері.
№ Қыз ұзатуда орындалатын
салт – дәстүрлер. Түсінік.
1. Күйеу келген соң, қалыңдыққа пен жігітке арналған ақ отау тігу. Ақ отауды тігу үстінде мынадай дәстүрлі рәсімдер орындалады;
1. құдай жолы; 6. түндік жабар;
2.кереге керер; 7. үзік жабар;
3. шаңырақ көтерер; 8. бау – шу байлар;
4.уық шаншыр; 9. отау байғазысы;
5.туырлық жабар; 10.мойын ұсынар.
2. Отауға түсу. Түн ортасы ауа күйеу жігіттің ақ отауда оңаша кездесуі «отауға түсу»деп аталады. Қыз жеңгелері қалыңдыққа ен күйеуге ақ шүберек (неке жаулық)салып, тілеуін тілеп, екі жасты бөлек қалдырған. Қалыңдық пәктігін жоғалтпаса онда жеңгелері сүйінші сұраған.
3. Тойға шақыру. Той басталардан екі күн бұрын жан – жаққа шақырушылар жіберіледі, алыстағы ағайындылар екі – үш ай бұрын хабардар болады.
4. Қыздар мен жігіттер арасындағы айтыс. Жастар қараңғы түсісімен – ақ киіз үйдің іргесін түріп тастап қыздар іште, жігіттер сыртта тұрып, қызу айтысты бастаған жеңілген жақ уақ – түйекпен бір тоғыз төлеген.
5. Сыбағалы табақтарды тарту. Балуандар күресі, көкпар, ат бәйгесі, түрлі ойындар. Ең үлкен жүлде ат бәйгесіне беріледі. Бірінші бәйгеге түйе бастатқан тоғыз. Екінші бәйге ат бастатқан тоғыз.
Тілашар тойы.
№ Тілашарда орындалатын
салт – дәстүрлер. Түсінік.
1. Ауылдың ділмар, шешен ақсақал қарияларын шақыру. Бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады.
2. Балаға қойдың тілін жегізу. Олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып, «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алады.
3. Ақсақалдардың ақ батасын алу. Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.
Тұсау кесер тойы.
№ Тұсаукесер тойының
салт –дәстүрлері
Түсінік
1. Тұсаукесер күнін белгілеп, қонақтарды шақыру. Сәби «тәй –тәйлап»жүре бастағанда өткізіледі. Алдымен тұсаукесер күні белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар да тартқызып, арты думанды тойға да ұласып кетуі ғажап емес.
2. Көпшілік арасында баланың тұсауын кесетін адамды таңдап алу. Жиналған көпшілік арасынан көбінесе жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағілез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін оған тапсырады. Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланысты, арнайы «тұсаукесер»сыйлығы беріледі.
Кең дала, таза ауада жайылған дастархан жанына қазық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап қою. Тұсуакесер салты алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала –шағаға арналған дастархан жанына қазаық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап қояды.
4. Балаларда жаяу жарысқа жіберу. Тойдың негізгі жанкүйерлері балалар алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, қай озып келгені арқанды қиып, барлық дастархандағы дәмге ие болады, оған арнайы сыйлық беріледі.
5. Баланың тұсауын кесу. Бұдан соң «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектер айта отрып, екі қолынан екі адма жетектеген баланың тұсауын таңдалып алынған адам ала жіппен кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығып, тез – тез жүргізеді. Осы кезде «Тұсаукесер»жыры шырқалады.
Қыз баланы тәрбиелеу дәстүрі.
№ Тәрбиелеудегі
салт – дәстүрлер. Түсінік.
1. Қыз баланың белін 7жасқа келгенде белбеумен буып қою. Бұрынырақта қызы жетіге толысымен – ақ аналары белін белбеумен буып қоятын.
2. 12-ге келген соң қызының төсегіне дәл жуырынының астынан келетіндей етіп қос арқан керу. Аналары қызының төсегіне дәл жауырының астынан келетіндей етіп, қос арқан керіп соған ұйықтататын. Сондықтан да ежелгі қазақ қыздары бұраң бел, аршын төс, сымбатты болып өскен.
3. Қызды оң жаққа шығару. Қызды он екіге толғанда ата – анасы киіз үйдің оң босағасынан орын беріп, оның көрпе төсегін көлегейлеп шымылдық ілген. Бұл дәстүр ел ішінде «қызын оң жаққа шығару»деп аталады. Шымылдық ішінде «қыздың үйі»-«қосаға»ал осы қосағаны бүркемелеп тұрған перде «көсеге»делінеді. Қызы тұрмысқа шыққанда жасауымен бірге көсегесін де ала кетеді. «Көсегең көгерсін»деген тілек сөз осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.
4. Қыз баланы ұзатылуына 6ай қалғанда үй тігіп, бір жеңгесімен бөлек шығару. Қыз баланың ұзатылуына 6ай қалғанда жеке үй тігіліп, қызын сол отауға бір жеңгесімен бөлек шығарған. Бұл үй – «доғалаң»деп аталған. Бойжеткен осы үйде ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан – ошақ ұстап қонақ қабылдап, үй тіршілігін атқарып, отбасылық өмірге үйрене бастаған.
Қонақ күту дәстүрі
№ Қонақ күту дәстүріне байланысты аталы сөздер Түсінік
1. «Барымен базар» Бұрынырақта қызы жетіге толысымен – ақ аналары белін белбеумен буып қоятын.
2. «Бөлінбеген енші» Аналары қызының төсегіне дәл жауырының астынан келетіндей етіп, қос арқан керіп соған ұйықтататын. Сондықтан да ежелгі қазақ қыздары бұраң бел, аршын төс, сымбатты болып өскен.
3. «Қырықтың бірі қыдыр» Қызды он екіге толғанда ата – анасы киіз үйдің оң босағасынан орын беріп, оның көрпе төсегін көлегейлеп шымылдық ілген. Бұл дәстүр ел ішінде «қызын оң жаққа шығару»деп аталады. Шымылдық ішінде «қыздың үйі»-«қосаға»ал осы қосағаны бүркемелеп тұрған перде «көсеге»делінеді. Қызы тұрмысқа шыққанда жасауымен бірге көсегесін де ала кетеді. «Көсегең көгерсін»деген тілек сөз осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.
4. «Қонақты қуа берсен ,
құт қашады» Қыз баланың ұзатылуына 6ай қалғанда жеке үй тігіліп, қызын сол отауға бір жеңгесімен бөлек шығарған. Бұл үй – «доғалаң»деп аталған. Бойжеткен осы үйде ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан – ошақ ұстап қонақ қабылдап, үй тіршілігн атқарып, отбасылық өмірге үйрене бастаған.
5 «Өз үйіңде таудай дауынды айтпа» Қонақ үй иесінің қамқорлығында болу керек.Қонақ боп отырған адам ол үйдің жауы болса да, өз үйінде оған өзі түгелі,басқаға да қиянат жасатпайды
6 «Қонақ таңдап қонады» Жолаушы қонаға келіп қалғанда қонақ асы беруден қысылмайтын үйге түседі.
7 «Түскенше қонақ ұялады, түскен соң,үй иесі ұялады» Қонған қонақты күту міндеті үй иесіне түседі
8 «Қонақ қойдан да жуас ,май берсе де жей береді» Қонақ та тамақ келген кезде сыпайылық танытады
9 «Асың барда ел таны беріп жүріп,атың барда жер таны желіп жүріп» Ер азаматқа үйінде отыра бермей,ел көр,жер көр, кәсіп ет деп кеңес береді
10 «Адам болар бала қонаққа үйір» Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады.
Қой сою дәстүрі.
№ Қай союда орындалатын
салт – дәстүрлер.
Түсінік.
1. Сойылатын қойды таңдау. Сойылатын қой пышаққа жарамды семіз болуы керек. Буаз қой сойылмайды, өсімге қалдырылады. Көбіне қоңы жарамды қартаң қой таңдалады.
2. Таңдалып алынған қойды қонаққа көрсетіп, бата сұрау. Сояр қой таңдалып, іріктеліп алынғаннан кейін үй иесі ақ адал –малын қонгағына көрсетіп бата сұрайды.
3. Қысапшы пышағын, үй дайындау, құманға жылы су құю. Үй иесі малын қонағына көрсетіп, оның ризашылығын алып жатқанда қасапшы пышағын сайлап, құманға жылы су құйып, шаптасын ыңғайлап қояды.
4. Малды бауыздау. Малды бауыздау үшін қан –жын төгіліп, үйдің маңын шыбын –шіркей басып кетпеуі үшін малды аулаққа көбіне су жағасына апарып, төрт аяғын айқастыра қосып байлайды. Малдың басын құбылаға (оңтүстік батысқа) қаратып «бісмілә»деп бауыздауға кіріседі. Содан соң «сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп бауыздап жатқан малынан амалсыздан болып жатқан іс екенін айтып кешірім сұрағандай аяушылық білдіреді.
5. Қойың аяғын байлаған жібін шешу, құмандағы сумен қойдың алқымын жуып, бауыздау, қанынан тазарту, қолын, пышағын жуу. Бауыздалып жаны әбден шыққанан кейін қойдың аяғын байлаған жіп шешіліп алынады. Содан кейін қысапшы құмандағы жылы сумен қойдың алқымын жуып бауыздау қанынан тазартады, қолын, пышағын жуады.
6. Бауыздалған қойдың екі түрлі тәсілмен сою. Бауыздалған қой екі түрлі тәсілмен сойылады. Бірі – төселген шыптаның үстінде жатқызып сою да, екіншісі артқы екі тілерсектен ағаш өткізіп іліп сою (кей жерде асып сою деп аталады)
7. Қойдың терісін іреу, түю. Қойды сою үшін алдымен терісінен ірейді (түйеді). Іреу деп сыпыруға қолайлы мүмкіндік жасау үшін белгілі бір тәртіппен қойдың терісінен бауыр жағынан кесуді айтады.
8. Бас пен 4сирақты үйту. Тері сыпырылмас бұрын бөлек алынған бас пен сирақ үйтуге жіберіледі.
9. Терісі сыпырлған қойдың денесін мүшелеу. Ет мүшелерінің атаулары.
№ Мүше атауы. Төрт түлікте аталуы.
1. Бас. Ірі қарада екі шеке
2. Жақ. Қой ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.
3. Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа пайдалынылады.
4. Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға арналған табаққа салынбайды.
5. Мойын ет. Ірі қарада бөлек салынып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырылады.
6. Бұғана. Екі жақта үш талдан алты тал. Мүше орнына салынады.
7. Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді.
8. Сүбе. Етіменен алынған алты қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі.
9. Қазы. Семіз жылқыдан 20-ға жуық қазы айналдырады, кейбіреуі қабырғасыз, басқа малдың ішегіне айналдырады.
10. Төс. Қыз – күйеулер үшін таңдаулы мүше.
11. Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша айтылады. Көбінесе қуырдақ жасалады.
12. Төстік. Қойда осылай аталады. Терісеімен істікке шаншып отқа қақатап құйқасымен жейді.
13. Ауыз омыртқа. Соғым сойған күні табаққа салынады немесе мал сойған кісіге шикідей беріледі.
14. Кәрі жілік. Қолда болады,жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға берілмейді.
15. Ортан жілік. Жұмыр жілік деп те аталады.Қолда болады мүшелік жілік.
16. Асық жілік. Санда болады, соңғы таңдаулы мүше.
17. Тоқпан жілік. Санда болады, ең етті жілік.
18. Жамбас. Ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге бөліп асады. Қойдың ешкінің, жамбасы тұтас асылады. Ең таңдаулы мүше.
19. Жая. Жылқының жауыр еті, оны сүрлейді қақтап кептіруге болады.
20. Белдеме. Қой, ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ омыртқа деп аталады, таңдаулы мүше қатарына жатады.
21. Мойын омыртқа. Отбасының өзі жейді.
22. Ұзын омыртқа. Арқа омыртқа деп те аталады, сүрленеді, қонаққа салынады.
23. Жүрек. Көбінесе қыз баланың сыбағасы.
24. Үлпершек. Жүрек қабына толтырылған, шұжық тәрізді май, кесек ет.
25. Бауыр. Майлы өкпеге қосып жеуге жақсы. Оны қатырмай пісіреді, қуырады.
26. Көк бауыр. Талақ деп те аталады. Асып та, қуырып та жейді.
27. Бауыр ет. Ірі малда бөлек салынып алынады. Асып қақтап жеуге қуыруға, --------- қосуға пайдаланады.
28. Бүйрек. Балалар сыбағасы саналады.
29. Ұлтабар. Ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі.
30. Қата. Жылқы малының ең таңдаулы мүшесінің бірі.
31. Қима. Сиырдың майымен айналдырып, шумақтаған тоқ ішегі.
32. Тоқ ішек. Тоқ ішектің соңғы ұшы майлы болады, бірақ қонақтың табағына салынбайды.
33. Ащы шек. Өкпе – бауырға қосып қуырылады.
34. Желін. Шап майымен бірге алынап сүрленеді.
35. Қарын. Қойдың етімен бірге табаққа түседі, қуырылады да, жылқы қарны қарта орныныа да жүреді.
36. Өкпе. Қуырдаққа жарамды, оны пісірерде көп қайнатады, қонақтың табағына салынбайды.
37. Жал. Жылқы етінің таңдаулы мүшесі. Ол көбінесе сүрленеді.
38. Сирақ. Қой – ешкінің (кейде тайыншаның)сирағын үйтеді. Балалар сыбағасы.
39. Бүйен. Ертеректе май, ет тығып өсіп, түйрек, жұмыр дейтін тағамдар жасаған.
Қыз – келіншектер сыбағасы.
Еттен табақ тарту дәстүрі.
№ Жасалатын табақ түрлері. Табаққа салынатын ет мүшелері.
1. Бас табақ. Бас, жамбас салынады. Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір белді кісі ұстайды.
2. Сый табақ. Сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
3. Орта табақ. Асық жілік, кейде жамбас та түседі.
4. Аяқ табақ. Еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.
5. Күйеу табақ. Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс аслынады.
6. Келін табақ.(беташар табағы) Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.
7. Қыздар табағы. Қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.
8. Құдағайлар табағы. Құдағайлар табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.
9. Жерік асының табағы. Екі қабат әйелдерге арнап мал сойып, тамақ жасап жерік асын апарған. Жерік асының табағына кексе әйел болса жамбас, жас әйел болса асық жілік, төс, ұлтабар салынып үстіне жаңа соғылған болат кездік(пышақ)салып апару салты болған.
Ұлттық тағамдар.
№ Түрлері. Атауы.
І. Сүт тағамдары. 1.Айран. 5.Сүзбе.
2.Қаймақ. 6.Сүт.
3.Құрт. 7.Шұбат.
4.Қымыз. 8.Ірімшік.
ІІ. Ет тағамдары. 1.Әсіп. 11.Ет қошын.
2.Бас. 12.Қазы.
3.Борша – кіме. 13.Қарта.
4.Бұжығы. 14.Қимай.
5.Бітеу. 15. Қуырдақ.
6.Жал. 16.Қыранбөрте.
7.Жау – жұмыр. 17.Мипалау.
8.Жая. 18.Сырбаз.
9.Жөргем. 19.Үлпершек.
10.Ет. 20. Шұжық.
ІІІ. Сорпа тағамдары. 1.Жас сорпа. 2.Кәкірім.3.Қалжа.4.Тармы.5.Нарын.
IV. Ұн тағамдары. 1.Бауырсақ. 4.Быламық.
2.Бөкпен. 5.Жайма.
3.Бүкпелер. 6.Нан.
V. Дән тағамдары. 1.Боза. 5.Палау.
2.Бадырақ. 6.Сүркүріш.
3.Жарма. 7.Талқан.
4.Майсөк. 8.Тары көже.
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері.
Дәстүрлі қолөнер түрлері.
1. Ағаштан бұйымдар жасау.
2. Жүннен бұйымдар жасау.
3. Арқан жіп бесу.
4. Киіз басу.
5. Киізден бұйымдар жасау.
6. Киім тоқу.
7. Теріден бұйымдар жасау.
8. Сүйктен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау.
9. Металдан бұйымдар жасау.
10. Зергерлік.
11. Тасатан, қыштан бұйымдар жасау.
12. Ши тоқу.
13. Ер – тұрман жасау.
14. Кесте тігу.
15. Киім тігу.
16. Аяқ киім тігу.
17. Сабын жасау.
18. Бояу жасау.
Ағашатан жасалатын бұйым түрлері.
1. Киіз үй сүйегі.
2. Киіз үй жиһаздары.
3. Ыдыс – аяқтар.
4. Сазгерлік аспаптар.
5. Мал шаруашылығында қолданылатын құрал – жабдықтар.
6. Егіншілікте қолданылатын құрал – жабдықтар.
7. Аң аулауда қолданылатын құрал – жабдықтар
8. Тұрмыста қолданылатын құрал – жабдықтар
9. Ойын жабдықтары.
10. Бесік.
Киіз үй атаулары.
1. Абылайша. Керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй.
2. Ақ шаңқан үй. Сүттен ақ , аппақ киіз үй.
3. Ақтағыр. Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.
4. Жаппа үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.
5. Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
6. Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп аталады.
7. Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.
8. Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй.
9.Отау. Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.
10.Тоңқайма. бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.
11. Ұраңқай. Уық тірізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген үй.

Киіз үйдің сүйегі.
№1. 2.Сүйегінің бөліктері. 3. Құрамдас бөлшектерінің атауы.
1. Шаңырақ. 1.Бақалақ.
2. Күлдіреуіш.
3. Қаламдық.
4. Табақ.
5. Тарам.
6. Тоғын.
2. Уық. 1. Қалам.
2.Қары.
3. Иін.
4.Уық бау.
3. Кереге. 1. Балашық.
2. Ерісі.
3. Желі.
4. Көк.
5. Қанат.
6. Сағанақ.
4. Сықырлауық. 1.Босаға.
2. Жарма бет.
3. Маңдайша.
4. Табалдырық.
Киіз үй жиһаздары.
1. Абажа. Ас, та,ғам салуға, арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі.
2. Абдыра. Киім – кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.
3. Ағаш төсек. Жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы.
4. Адалбақан. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ішуге арналған жиһаз.
5. Асадал. Тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы.
6. Бөгіре. Кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін).
7. Жағылан. Былғарыдан істелген сандық.
8. Жозы. Жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.
9.Жүкаяқ. Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.
10.Кебеже. Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.
11. Сандық. Әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.
Киіз үй жабдықтары.
1.Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.
2. Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.
3.Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлапйтын ұзын арқан.
4.Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
5.Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.
6. Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.
7. Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан.
8. Дөдеге. Сән үшін үзәіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.
9. Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.
10.Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау.
11. Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.
12.Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.
13.Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.
14.Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.
15.Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз.
16.Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.
Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді.
Киіз үйдің негізгі қаңқасы – киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар: кереге, уық, шаңырақ есік немесе сықырлауық. Бұл сүйекткрі көлеңкеде кептірілген талдан, жіңішке қайыннан немесе теректен жасалады. Киіз үй жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны тек шебер – үйші жасайды.
Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі метрдей болады. Кергенің әр бөлігін – қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбйе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Ал, хан ордасының қанат саны отызға дейін жеткен.
Осыдан кейін шаңырақты көтереді. Қазақтың өмірінде шаңырақтыңмаңызызор. Шаңырақ – үй,әулет мағынасында да пайдалаылады. Оны «қра шаңырақ»
дп атайды. Ұл бала әке шаңырағының иесі,мұрагері болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе, жаңартады, ал шаңырақты жаңартпайды. Әдетте шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді. Үлкен киіз үйлердің шаңырағын ат үстінде тұрып бақанмен көтерген. Бақан – ір ұшын екі аша етіп жасаған екі сырық. Сонан соң уықтарды шаншыған. Уықтардың кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып келеді. Және сол жерді тесіп бау өткізеді., оны «уық бау» деп атайды. Осы бау арқылы уық, пен кереге басын біріктіріп байлайды. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра құмен шамалап таңады.
Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі – босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. Ал, есіктің екі жақтау ағашын «таяныш» дейді. Оған сықырлауық орнатылады.
Сықырлауық – киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл ортасынан ашылып – жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Ол екі таянышқа ілмек арқылы ұстасады, ашып – жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды.
Осыдан кейін үйдің киізін жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік. Алдымен туырлықты кереге керіп ұзын баулары арқылы уыққа бекімдеп байлайды. Сонан соң бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады. Үзік кереге басынан шаңырақ шеңбаріне дейінгі аралықты қамтиды. Атауына сай олар үзік – үзік киізден тұрады.
Түндік – шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Түндік арнаулы бояу арқылы оңай ашылып – жабылады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Ол шыршықтап түріп қоюға ыңғайлы.
Киіз үйдің іші екіге бөлінеді. Олар: төр жақ (төрдің оң жағы, сол жағы) есік жақ (оң босаға, сол босаға). Қазақ халқы киіз үйдің ішін әсемдеп безендірген. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, кереге асылады. Ол киіз үйге сәндік – жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.
Әдетте, үйдің оң жағына ағаш төсек орнатылып, оның тұсына түскиіз ұстап, шымылдық құрады. Төрге жүкаяқ, оның үстіне абдыра (сандық)қояды.
Абдыраға көрпе – жастық тағы басқа жүктерді жинайды. Үйдің сол жағына тамақ салатын кебеже, қазан – аяқ салатын аяққап, ыдыс – аяқтар (саба, торсық, ожау, кесе, тостақ және т.б.)қойылады да, осы араны шым шимен қоршап жабады. Бұл «ас-су бұрышы» деп есептелінеді.
Ал, үйдің ортасына тамақ асатын ошақ (таған)немесе темір пеш орнатып қояды. Киіз үйді осылай әр отбасы өз қалауларынша безендіріп, жабдықтаған. Жабыдқталған үйдің сәнді, әдемі болуы үй иелеріне байланысты.
Үш санындағы ұшқыр ой
Үш жұрт.
Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт 3. Қайын жұрт
Үш байлық.
Брінші байлық –денсаулық. Екінші байлық –ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық.
Үш би.
Үйсін Төле би. 2. Арғын Қаз дауысты Қазыбек би. 3. Алшын Әйтеке би.
Үш дана.
Абай 2. Шоқан 3. Ыбырай.
Үш қат.
Жоғары қат (аспан) 2. Орта қат. (жер үсті) 3. Төменгі қат (жер асты)
Үш қуат.
Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.
Үш ғайып.
1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3. Несібе ғайып.
Үш арсыз.
1.Ұйқы арсыз. 2.Тмақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.
Үш дауасыз.
Мінез. 2. Кәрілік. 3. Ажал.
Үш қадірлі.
1. Ырыс. 2. Бақ. 3. Дәулет.
Үш қадірсіз.
Адам жастық шақтың, денсаулықтың, жақсы жардың қадірін білмейді.
Үш жамандық.
1.Нақақ қан төгу. 2. Кісі малын нақақ алу. 3.Ата – бабаның көзі – ескі жұртты бұзу.,.
Үш жақын.
Жан тәтті. 2. Бала тәтті. 3. Жар тәтті.
Үш ақиқат..
1. Қымбат – шындық, арзан - өтірік, дауасыз – кәрілік.
Үш қуаныш.
Алғыс алу.2. Өзіңді көптің іздеуі. 3. Ісіңнің өшпеуі.
Үш биік.
Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.
Үш асыл.
1. Көз. 2. Тіл 3. Көңіл.
Үш артық.
Адалдық. 2. Еңбексүгіштік. 3. Өнерпаздық.
Үш ынтық.
Еркін өмір. 2. Құрметке бөлену. 3. Пайдалы еңбек ету.
Үш тұл.
Қайратсыз ашу тұл. 2. Тұрлаусыз ғашық тұл. 3. Шәкіртсіз ғалым тұл.
Үш апат.
Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. 2. Үкіметті сыйламау. 3. Асты ысырап ету.
Үш кедейлік.
Кежірлік. 2. Еріншектік. 3. Ұйқы.
Үш кемдік.
Надандық. 2. Еріншектік. 3. Зұлымдық.
Үш бақытсыздық.
1.Жаман ат 2. Жаман қатын. 3. Жаман көрші.
Үш көз.
1. Су анасы – бұлақ. 2. Жол анасы – тұяқ. 3. Сөз анасы – құлақ.
Үш тоқтам.
1.Ақыл – арқан. 2.Ой - өріс.3. Адам – қазық.
Үш қасиет.
Өліде – аруақ.
Малда – кие.
Аста – кепиет.
Үш тағлым.
1.Мейірім сауап.
2 Жақсылықтан - шарапат.
3 Жамандықтан - кесапат
Қорытынды.
Қорыта келе айтарым, қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл үлгілері арқылы өз ұрпағын еңбек сүюшілікке, ел қорғауға, өнерді бағалауға, ізгілікке, имандылыққа, бауырмалдыққа баулып, ар, ождан мәселесін қастерлеп өтуге үздіксіз тербиелеп келді. Сондықтан да халыкқ педагогикасы ғасырлар бойы ескірмей, көнермей келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы қарамағында отызға тарта ғылыми-зерттеу институты бар. Онда өздерінің ғылыми еңбектерімен әйгілі болған 133 академик, 200-ден астам ғылым докторлары, 1486 ғылым кандидаттары жумыс icтeйді.
Қазақтың блім академиясы жанында педагогика тарихы және жеке пәндерді оқытудың әдістемесі бойынша,Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогика институты мен Абай атындағы университет жанында жеке пәндер мен жалпы педагогика мәселелері бойынша құрылған кандидаттық, докторлық диссертациялық кеңестер жұмыс істейді. Тек соңғы 4—5 жылдың ішінде ғана педагогика саласында 40-тан астам докторлық диссертация, жүздеген кандидаттық диссертация қорғалды. Институттар мен университеттер жанынан аспиранттар мен ғылыми ізденушілер саны біршама көбейді .Олар әл-Фараби, Ж. Баласағүни, М. Қашғари, Қ. Жалаири, Абай, Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Міжақып, Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет, т.б. қазақ зиялыларының еңбектерін зерттеу нысаны етіп алып, қазіргі күн тұрғысынан баға бepiп, педагогика ғылымында жаңа бетбұрыс туғызды.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көп ғасырлық тербие әрекеті нөтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді. Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мөдениеті дамуындағы рөлі жайлы ашып көрсетілуі қажет болады. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен. Мұның бәрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе, этнопедагогика ұлттың өзіндік ерекшелігі. Яғни көрініс берген нақты этникалық педагогикалық дөстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің қалыптасуына ықпал етеді.
Этникалық тәрбие дәстүрлері адам әлеуметтенуінің ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасөспірімдерді қоғамда тіршілік етудің түрлі тәртіптеріне дайындауға қабілеттілігі жайлы ұғымды тереңдетеді. Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезеңдеріне тән әлеуметтік тарихи кұбылыс ретіңде қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық төртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы зандылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық зандылық этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады. Әр педагог тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптаскан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын түсінуі аса қажет. Сондықтан әрбір жасөспірім халық өміріндегі құбылыстардың педагогикалық мөнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың казіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі халыктық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, кәзіргі салттар және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын игеруі аса маңызды. Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді. Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу-тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезендерде қисынсыз алынып тасталған халыктық жөне табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екеңдігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек. Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі өніндегі қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын камтитын аса бай фактілермен танысу болашақ жасөспірімдерін оқытылатын материалға қызығушылығын, арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақгар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу, этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша сынып сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу өдістемелері жайлы бірізділікпен баяңдаудың оқушыны этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.
Сондай-ақ қазақ этнопедагогикасы ғылымын өркендету саласында біршама icтеp атқарылуда. Тек соңғы 15 жыл ішінде этнопедагогиканың проблемалары бойынша 10 ғылым докторы, елуден астам ғылым кандидаттары шықты.
Ұлттық мәдениеттің келелі проблемаларын көтеруде соңғы жылдары жарық көрген "Ұлағат" (1994), "Ұлт тағылымы" (1998) т.б. журналдар мен газеттер де елеулі қызмет атқарып келеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылы Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде жауап ретінде ұлттық тәлімнің XXX ғасырлық тарихын баяндайтын педагогикалық ойлардың 10 томдық антологиясын даярлауға кipiciп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. З.ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»
2. Ш. К. Берктбаева, К,. Б. Жарьчфаев, С. К- Калиев «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы», 2005.
3. Дала уәлаятының газеті. Құрастырушы Ү.Сүбханбергендина. Алматы : «Ғылым» баспасы, 1989.
4. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері 1- том . Алматы : «Жазушы» , 1958.
5. Шора батыр. Алматы : Жалын, 1993.
6. Ш.Уәлиханов. Бес томдық шығармалар жинағы. 1- том . Алматы . 1961.
7. Радлов В.В. Алтын сандық. Алматы: «Ана тілі», 1993.
8. Қазақ халық ауыз әдебиеті. Т.2.Дастандар. (Құрастырушы : Әзібаева Б., Шафиғов М.). Алма ты: Жазушы,1990.
9. Қазақтың тәлімдік ой – пікірлер антологиясы. І том (құрастырушылар : Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) Алматы: Рауан,1994жыл
10.Тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Контор И.М, Қоянбаев Ж.Б, Журавлев В.И, Бержанов Қ, Мусин Ж, Скатин М.Н, Мұхамбаева А.Х, Битинас Б, Сейталиев К, Подласый И.П)
11. Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С, Әбiлова З.Ә, Сарыбеков Н.Қ, Ұзақбаева С.А, Наурызбай Ж, Қожахметова К.Ж, Дүйсембiнова Р.Қ, Қабдыразақұлы Қ, Сағындықов Е, Табылдиев Ә, Мұхамбетова С.К, Сәдуақасов Ә, Қоңыратбаева Т.Ә, Ашайұлы Ә)
12.Ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ, Беркімбаева Ш.К, Оразбекова К.А)
13.Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротков И.М,Гончаров Н.К, Савин Н.В, Легенький Г.И, Новикова Л.И, Полукарев В.В, Литвак Р, Сорочинская Е, Богуславский М, Дмитриенко Е.А)
14.Ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Ильина Е.Г, Батракова И.С, Көпжасарова М.Д, Байназаров А, Белогоров В.М, Алиева Л, Буадзе А.Б, Галузинский В.М, Кирпичник А, Басов Н, Кабуш В, Титова Е.В)
15.Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К.Қ, Кузьмина М.Н, Омаров Е.О, Нұрмағамбетов С.Х, Овчинникова Р, Садықова М.К, Кудинов В, Коршунова О, Бобрышов С)
16.Оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р.Д, Лебединский В.В, Вульфов Б.З, Ходоровская З.А, Абаева Н.Б, Мұқанова Б.Ы, Бекмағанбетова Р.К, Қасенов Е.Р, Татаурова Н.Л)
17.Халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р.К, Жетпiсбаева К.Б, Ембергенова Ж, Сәдiрмекова Ж.Б, Қаплиева А.Қ, Қисымова А.Қ, Егенисова А.Қ, Арзымбетова Ш.Ж, Садықова М.К, Әбдiғаппарова У.М, Әбдiлдина С.Қ, Өтемұратова Б.С, Аманжолова А.А, Хасанова Ж.С)