Статья по темеА?паратты? коммуникациялы? технологиялар
43815-358140
Алмабике Құдабаева
Жітіқара қаласы
№12 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі - ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпаратт ық- коммуникациялық технологиялар мұғалім қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласы мамандарының күш – жігерін жан – жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді.Олай болса:1. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар дегеніміз не?2. АКТ - ның мүмкіндіктері қандай?3. Білім беруді ақпараттандыр үрдісі қалай жүзеге асуда? – деген сауалдар әрқайсысымызды, ұстаздар қауымын толғандырмай қоймайды.Енде шебірінші сауалға: ақпараттық - ақпарат, жаңалық, коммуникациялық – байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе, технология – іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді.Бір сөзбен «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (АКТ)– жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуғаболады. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік - жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. АКТ - ның көмегімен сабақты қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа, өз іс тәжірибемде мынадай бағыттарын ұсынамын:• Илюстративті көрнекіліктер мен плакаттар дайындау,• Ақпараттық видео роликтерді құру және көрсету,• Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру,• Рефераттар, баяндамалар дайындау және презентациялар құру,• Кез – келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу,• Зертханалық жұмысқа дайындық немесе виртуалды зертханалық жұмыс жасау,• Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу.• Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану.Өзім сабақ беретін сыныптарда үнем сабақты түсіндіруде түрлендіріп отыруға тырысамын. Төмендегідей электрондық кестелер мен тірек сызбаларды пайдаланумен бірге ақпараттық видео роликтерді мультимедиялық бағдарламаның көмегімен құрып көрсетуге болады. Білімді бақылау мен талдау әдістерінің бірі – тест тапсырмаларын құрастырып оқушылар әр тарауды пысықтағанда және білімді бекітуде қолданамын.Оқушылардың жеке және топтық жұмыс тануымен бірге, сонымен қатар экранға немесе интерактивті тақтаға мультимедиалық проектор көмегімен проекцияланатын көрнекі – демонстрациялық қосымшаларды пайдаланып өткізілетін сабақ формалары қолданылады. Сынып ішіндегі жергілікті желіні пайдалану арқылы, оқушылар бір – бірінің жұмыстарын сараптап, тапсырманы орындап болған оқушының дайын қорытынды жұмысын тақта арқылы көрсетугеболады. Сонымен бірге топтық және жеке жұмыс үлгілерін сәйкестендіріп, алдын - ала дайындап қоюға да болады.«Баланыңын тасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж. Аймауытов айтқандай әрсабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды. АКТ – ны әр мұғалім өз сабақтарын пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға болады. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.