Жа?а технологияларды пайдалануда п?нге ?ызы?ушылы?тарын арттыруды? тиімді жолдары


Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары
Мақсаты: оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу.Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз иновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге қабілетті елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін. Мектеп сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы.
Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру,олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы)енгізілді. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды. Ең алдымен технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық.Сөздіктерде «Технология» деген адамдардың нақтылы күрделі үрдісті өзара байланысқан жүйелер, рәсімдер мен операцияларға жіктеу арқылы жүзеге асыру тәсілін айтады. Бұл арада рәсім деп басты үдеріс (немесе оның бір кезеңі) жүзеге асыратын, нақтылы технологияның мәнін білдіретін әрекеттер кешенін айтамыз, ал операция – осы рәсім аясындағы міндеттерді практикалық жағынан шешу жолы.
«Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.
Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты –Жаңа технологияны қолдануда:
«Мұғалім нені білу керек?»
Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.
«Не істей алу керек ?»
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
Әр сабақты жоспарлау.
Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
Оқу модулын құрастыру.
Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»
Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету.
Жаңа технологияның топтастырылуы:
І. Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізінде педагогикалық технология.
Педагогикалық қарым-қатынас технологисы.
Алтынсариннің педагогикалық технологиясы.
Амоношвилидің ізгілік технологиясы.
Ильиннің жүйесі.
ІІ. Оқушының іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі педагогикалық технология.
Ойын технологиясы.
Проблемалық оқыту технологиясы.
Жан-жақты коммуникативті оқыту технологисы.
Оқыту материалдарын тірек сызбалар, тірек конспектілері және модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы.( Шатталов)
ІІІ.Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық технология.
Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.
Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы.(Лысенкова)
Деңгейлеп оқыту технологиясы.(Қараев)
Деңгейлеп диференциялау технологиясы.
Міндетті нәтиже негізінде деңгейлі-диференциялап оқыту технологиясы.(Фарсов)
Бала қызығушылығы арқылы диференциялап оқудың тәрбиелік технологиясы.(Закатова)
Жекелей оқыту технологисы.(Инге Унг және Шадриков)
Бағдарламалық оқыту технологисы.
Ұжымдық оқыту технологиясы.(Дяченко Ривин)
Топтық оқыту технологиясы.
Компьютерлік оқыту технологиясы.
ІV.Дидактикалық білім көтеру және материалды педагогикалық технологиялар.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.(Эрдниев)
Ақыл-ой іс-әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру технологиясы.(Валович)
V.Жеке пәндік педагогикалық технологиялар.
Сауаттылыққа ерте және дамыта оқыту технологисы.(Зайцев)
Сатылай талдап оқыту технологиясы.(Оразақынова)
Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы.(Зайцев)
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалық технология.(Касаткин)
Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалық технология.(Окунив)
Жанпейісованың модульдық оқыту технологисы.
С.Т.О. технологиясы.
VІ.Альтернативті педагогикалық технология
Вольдорф педагогикасы.(Штэйнер)
Еркін еңбек технологиясы. (Ферт)
Ықтималдық білім технологиясы.(Лобок)
VІІ.Табиғи байқағыштық технологиялар.
Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу.
Өзіндік дамыту технологиясы.(Монтессори)
VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.
Дамыта оқыту жүйесі.
Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі.(Якиманская)
Дамыта оқыту технологиясы.(Давыдов, Эльконин)
Өзіндік дамыта оқыту технологиясы.(Семеко)
ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары.
«Жүректен жүрекке»
Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алады. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А. Аманашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. В.Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі. С.Н. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. М.М. Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясына сүйенсек, оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін ғылыми негізделген теорияға сүйене отырып жобалау, сұлбалау тыңдаушыларға, білім алушыларға оқу үрдісінде хабарланады.
Бүгінгі таңда қазақстандық педагог ғалымдар: Ә. Жүнісбек, Ж.А. Қараев және Жанпейісованың еңбектері білім беру үрдісінде кеңінен қолданады. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың таным қабілеттеріне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға: басқару сапасын жетілдіруге: оқушылардың дамуына бақылау жасауға: соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат. Сондай-ақ Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы; көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлімен атқаратын қызметінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып- білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялық түрлерінде, т.б.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау, сондай-ақ сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту жүйесінде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей берілуі тиіс.
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендірудің алғышарттары қарастырылмаған, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны енгізуде төмендегідей кемшіліктер орын алуда.Атап айтқанда:
білім сапасының төмендігі;
білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқыту нәтижесінің болмауы;
директивтік құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылық еңбегінің жоқтығы;
инновациялық педагогикалық технологияны пайдалануда мұғалімдердің дайындық кезеңінен аттап өтуі;
жекеленген мұғалімдердің өзіне қолайлы инновациялық педагогикалық технологияны таңдауда, пайдалануда қиындықтарға тап болуы және оны жеңе алмауы;
жаңа педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге мектеп басшыларының енжарлық танытуы;
жаңа педагогикалық технологияны меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі;
оқу –тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізуде мұғалімдерге мектеп әкімшілігі тарапынан моральдық , материалдық көмектің көрсетілуі;
жаңа педагогикалық технология негіздерін болашақ мұғалімдердің жоғары қу орнында меңгермегендіктен , жас мамандардың жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;
мектептің озат мұғалімдері инновациялық технологияны пайдаланғанымен, ғылыми тұрғыдан негіздей алмауы;
мектептің мұғалімдері қысқа арнайы курстарда оқып келген технологияны өз мектебінің , өз сыныбының, өз оқушыларының, әсіресе, әрбір жеке оқушының даралығын есепке алмай, даярлық кезеңнен өтпей, бірден өз іс - әрекетіне енгізіп, өрескел қателіктер жіберіп , өзін де оқушыларды да ығыр қылуы.
Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізудің жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, жаңа педагогикалық технологияны енгізудің алғы шарттары мен жолдарын көрсету қажет.