Білім берудегі жа?а технологияларды тиімді пайдалану жолдары
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған
балалар мектеп-интернат-колледжі
Баяндама
Мұғалім:Уразова Арайгуль Жайжановна
Тақырып: Білім берудегі жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдары.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сонымен қатар халыққа Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі - білім саласын ешуақытта назардан тыс қалдырған емес. Білім сапасын көтеріп, мұғалім беделін арттыру, жаңа мектеп, балабақша салу сынды жұмыстар елбасының тікелей тапсырмасымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда мектеп жетіспеушілігін жойып, білім ордаларын мүмкіндігінше екі ауысымға ауыстыру керектігін алға тартты.Сондай-ақ, үлгерімі жоғары студентер мен оқушылардың қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажеттігін айтып өтті. «Мәңгілік Ел» стратегиясын қолдаушы да, жалғаушы да осы ұстаздар қауымы болмақ. Өйткені,мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт –бағдар бере отырып еліміздің болашағын қалауға атсалушы. Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда ұстаздарға артылар міндет зор.
Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесімен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Оқытудың негізгі міндеті – баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру.
Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімдердің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп курста оқыған модуль туралы қысқаша тоқталайық.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің бір тұтас кешені деп айқындалған. Бағдарламаны жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.
Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс жасау.
3.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсаты мен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой-өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.Жаңа инновациялық технологияны пайдалану
Білім беру жүйесіне жаңа инноавциялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру арқылы оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.
7.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу
Белгілі бір шарттық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психиологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктігінде ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
8.Білім беруді басқару және көшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сияды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымызда таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.
Оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін мүмкіндігі шектеулі оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық тұлғалық әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек. Арнаулы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете білу үшін, ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану. Өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп, бақылау икемділігін бойына сіңіру әлде қайда маңызды.
Шығармашылық ойлау мен өз ойын еркін жеткізе білу икемділіктерінің дамуы негізінде оқушыларының дүниетанымы мен дарындылығы жетіле түседі. Мәселен, басқа пәндермен ұштастыра отырып оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге құштарлығы басым екендігі айқын көрінеді.
Жаңа технологияларды енгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білген жөн.
Мұғалім нені білу керек? Мұғалім не істей
алуы керек? Мұғалім қандай
іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру керек? 1.Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді ;
2.Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәттижелерді;
3. Жаңа технология мәнін,алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
4.Жаңа технологияда мұғалім қолданыла- тын әдіс –тәсілдерді;
5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін; 1.Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру ;
Дамыта оқыту бағытында;
Модульдік курс үшін;
Әлеуметтендіру бағытында;
Ұжымдық жүйеде оқыту;
Басқа технологиялар үшін;
2.Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау.
3. Әр сабақты жоспарлау
4.Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
5. Оқу модулін құрастыру.
6. Оқу жобаларының мазмұның анықтау. 1. Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдану.
2. Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу.
3. Өткізілген сабақтарға талдау жасау.
4.Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйрету.
Жалпы оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, сабақтың тиімділігін арттыру. Өз алдыма қойған педагогикалық мәселем:Оқушылардың өз деңгейлеріне қарай сәндік шығармашылық сезімдерін дамыта отырып әлеуметтендіру. Шәкірттерімді «Шаштараз ісі» сабағында теория мен практиканы ұштастыра отырып, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу,үйрету,шығармашылық қабілетін дамыту. Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушыларға білім беру процесінде білім, білік, дағдыларын дамыту және оларға осы өмірде бейімделуге көмектесу. Оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған дидактикалық материалдар, дискілер, шебер кластар, тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
«Шаштараз ісі» сабағында оқушыға деген сенім, сәндік шығармашылығын сезімдерін қызығушылық мүмкіндігіне сүйеніп, дамыта оқыту, жаңа ақпараттық құралдарды қолдану, жаңалықтарды енгізу, әлеуметтендіру оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату, яғни оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету, пәнаралық байланыстарды тереңдету, қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Осы технологияларды тиімді пайдалану арқылы әр мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек.
К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.
Пайдланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж.
2. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру, бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9.
3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.
4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.
5. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007.