?лгерімі т?мен о?ушыларды? білім сапасын арттыруда сындарлы о?ытуды? тиімді жолдары коучинг жоспары 
Коучинг-сессия жоспары
Коучинг тақырыбы: 
Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыруда сындарлы оқытудың тиімді жолдары
Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа әдістерді  пайдаланудың маңыздылығын ұғындыру.
Түйінді идея: "Егер бала бұзақы , үлгермеуші  болса, онда оғанбала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі" 
А.С.Макаренко. 
Күтілетін нәтиже Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа әдістерді  пайдаланудың маңыздылығын ұғынады  және өз тәжірибелерінде қолданады.
Дерек көздері: Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А. Әлімов.  Интернет матеиалдары.
Ресурстар: Слайд, бейнекөрініс , нұсқаулық, интербелсенді тақта,  маркер, карандаш, стикер, түрлі-түсті қағаз, А4 парақтар.
Сабақтың барысы: Уақыт 
(45 минут)
Коучтың іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Ой-сергіту:
5 минут Менің  атым Қожа фильмінен үзінді
« Мынау  кім?» бейнекөріністен  кейіпкердің  есімін табу.
Бейнекөріністі  тамашалау  арқылы  коучингке  қызығушылығы артады
Топқа бөлу:
5 минут Түрлі – түсті парақтарға жазылған әріптерді құрастыру арқылы сөз құрап, топқа бөлінеді . «Қожа», «Жантас», «Жанар» атты 3 топқа бөлінеді.
Проблеманы айқындау:  5 минут
Ералаш « Опять двойка»  видеосы көрсетіледі
«Ойлан, жұптас, ой бөліс» әдісімен видеоны талдайды
Видеоны көру арқылы ойлау, көру  дағдысы қалыптасады
Проблеманы шешу: 5 минут
5 минут
9 минут
     4 минут
Сіз сабағыңызда үлгерімі төмен оқушылармен  қандай жұмыстар жүргізесіз?
Үлгерімі төмен оқушыны өз тәжірибеңіз арқылы өзгерте алдыңыз ба?
Оқушының  оқу үлгерімінің  төмендігін  көрсететін жағдай, оған сіздің бергенақыл – кеңесіңіз?
“Галларея” әдісі  
 Тапсырма
Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын қалай көтеруге болады?
Жеке жұмыс арқылы  таныстырылым жасау.
Таныстырылымды  қорғатады
«Кластер » әдісі арқылы
оқушы үлгермеушілігінің себептерін анықтау
Проблемалық  сұрақтарға  топпен ойлана , ақылдасып  жауап береді .
Таныстырылым  құрастырады
Орындаған тапсырмалары  бойынша қорғайды
Берілген тапсырмаларды барлық топ мүшелері  бірлесе орындайды.Өздігінен жұмыс жасайды.
Проблеманың шешімін қолдану: 
(рефлексия) 3 минут 1.Ұстаздарға үлгермеушілікті болдырмау үшін қандай  кеңестер берер едіңіз ?
2.Оқушылардың оқуына оң әсер ететін факторлар
3.Оқушылар үшін оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторлар  Үлгермеушілікті болдырмау туралы  ұстаздарға кеңес беріледі .
Оқушылардың оқуына оң әсер ететін мен
оқушылар үшін оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторлар айқындалады.
Кері байланыс 2 минут
2 минут Кері байланыс алады
2 жұлдыз,1 тілек  стратегиясы 
2.Талқылау парағы таратылады
2 пікір , 1 ұсыныс  жазып, «Ізгі тілектер» тақтасына  іледі.
2.Коучингті қорытындылау, талқылау  парағын толтырады