?лгерімі т?мен о?ушыларды? білім сапасын арттыруда сындарлы о?ытуды? тиімді жолдары . Коучинг презентациясы.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылы № 83А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі Тарих және құқық пәні мұғалімі: Игенбаева Динара Маратқызы
Қош келдіңіздер!
"Егер бала бұзақы болса, онда оғанбала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі" А.С.Макаренко.
Бейнежазба
Коучинг тақырыбы:Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыруда сындарлы оқытудың тиімді жолдары .
Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа әдістерді пайдаланудың маңыздылығын ұғындыру
Топ ережесі:Тәртіп сақтауӨзгелерді тыңдау және тыңдатуРегламент сақтауБірін-бірі қолдауТоптағы әр тұлғаның ойымен санасу Әділ бағалау
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата-анасын, туған-туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды, ал қоғамға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры үлгермеуші балаларға әкеп соқтырады.Әрине үлгермеуші балалардың пайда болуы көптеген үлгермеуші себептерге байланысты.
Миға шабуылСіз сабағыңызда үлгерімі төмен оқушылармен қандай жұмыстар жүргізесіз?Үлгерімі төмен оқушыны өз тәжірибеңіз арқылы өзгерте алдыңыз ба?Оқушының оқу үлгерімінің төмендігін көрсететін жағдай, оған сіздің берген ақыл – кеңесіңіз?
Оқушы үлгермеушілігінің себептері:-Жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;-Үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы;-Мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;Тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі. Мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;Бағалаудағы біржақтылық;Оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;Сабақтан жиі қалуы;Оқушының ауырып қалуы;
Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ойы жай қалыптасқан,білім қоры аз.Баладағы жақсы,жағымды қасиеттерді көре біліңіз, табыстарын дәріптеңіз.жеке жұмыс жүргізіңіз.Топтық жұмысты жиі жүргізіңізҮлгермеуші оқушыға көп тапсырма беруден сақтаныңыз.Жеңіл әрі қызықты тапсырма беріңіз Ұстаздарға кеңес
Ешқашан ондай типтегі балаларға қатты дауыс көтермеңізҮлгермеуші оқушыға жағымды көзқарас қалыптастырыңыз,үнемі кішкене ғанажетістігін мадақтап,мақтап отырыңыз,көп көңіл бөліңіз, ешқашан сәтсіздігін бетіне басып кемітпеңіз.
{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Оқушылардың оқуына оң әсер ететін факторлар Оқушылар Оқушылар үшін оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторлар • Жақсы денсаулық • Дұрыс тамақтану• Қажетті ұйқы• Тиісті киім• Талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй Әлеуметтік және физикалық факторлар• Аурулар• Аштық• Шаршағандық• Сәйкес келмейтін киім• Нашар тұрғын үй жағдайлары• Неменеге күш жұмсауға болатынын анықтау• Өз табысына сенімділік• Маңызды марапаттар• Оқу үдерісі туралы хабардар болу• Шеберлік сезімі• Ол үшін беделді болып табылатын адамдардан алған марапаттар • Бай тәжірибе және тілОқушының жеке факторлары• Күш жұмсауға тұрмайтын әрекеттерді анықтау• Сәтсіздікті мойындау, ұят • Марапаттың болмауы • Оқу үдерісін нашар түсіну• Әлсіздігін сезіну• Ілтипаттың не көтермелеудің жоқтығы• Тәжірибенің және сөздік қордың шектеулілігі
{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Оқушылардың оқуына оң әсер ететін факторлар Оқушылар Оқушылар үшін оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторлар • Отбасының белсенді қолдау көрсетуі және жоғары нәтижелер күтуі• тетелес топтардың оң бәсекелестігі мен қолдауы• әлеуметтік және отбасылық қолдау жүйесі, рөлдік үлгілер мен тиісті тәжірибеӘлеуметтік қолдау түрлері• Отбасынан шеттеуі және олардың төмен нәтижелер күтуі• Құрдастардың қабылдамауы және оқуға деген үстіртін көзқарас• Шектелген әлеуметтік қолдау, еліктеу үшін ұнамсыз үлгі мен басы артық факторлардың көптігі• ойлау деңгейіне сәйкес• эмоционалдық тұрғыдан қанағаттандырады• жеке тұлға үшін маңызды болып қабылданады• белсенді педагогика арқылы еліктіреді• пән бойынша қызықты тапсырмаларды енгізедіТапсырмалар мен берілген есептердің сапасы• өте жеңіл немесе өте ауыр • эмоционалдық тұрғыдан алаңдататын, орынсыз және мән-мағынасыз сияқты қабылданатын• оңтайлы емес оқыту әдістерінің негізіндегі немқұрайлылық • қызықсыз тапсырмалар немесе пән
Оқушылардың оқуына әсер ету Күтілетін нәтижелер Білімді жетік меңгеру үшін оқыту Үй тапсырмасы Мақсат қоюКері байланыс Мектептің мақсаты мен саясаты Қабілеттері бойынша Құрдастарының бөлу оқытуы “Мұғалім-оқушы” өзара қарым-қатынасы
«9 алмаз» тапсырмасыТобыңызбен оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін 9 факторды талдаңыз; Оларды оң әсер ететін дәрежелеріне қарай (орташа алғанда) алмаз түрінде орналастырыңыз;Олардың неліктен осылай әсер ететінін ойланыңыз.
“Жақсаруға қол жеткізудегі ең ықпалды қару – кері байланыс”Кері байланыстың саны емес, сапасы маңызды. Мұғалім берген түсініктемелердің көбін оқушылар бағаламайды және назарына алмайды. Ойлау деңгейі дамыған оқушылар кері байланысты құптайды және оны өздерінің оқу үлгерімін жақсарту үшін қолданады. Жазбашаға қарағанда, ауызша кері байланыс анағұрлым тиімдірек.Ең тиімді кері байланыс оқушыдан мұғалімге беріледі.
Бейнежазба
Тәжірибелі және білікті педагогтер арасында қандай айырмашылық бар?
Білікті Педагог бола тұрып Сіз Әріптестермен мынаны талқылау үшін үнемі жолығып тұрасыз:Олардың жеке ілгерілеуі және олардың оқушыларының ілгерілеуі туралы фактілер;Сіз қалайша оқытуды жақсарта алдыңыз; Сіз оқытуды қалай өзгерттіңіз; Сіз қазіргі уақытта жасап жатқан нәрсенің қалаулы әсері жоқ екенін есепке ала отырып, бұған қалай қол жеткізуге болады?
Оқушылар өздеріне сенгенді және құрметтегенді қалайды. Олар мұғалімнің өздеріне деген қамқорлығын сезінгісі келеді, көмектесуге деген ниетін, оларды кейін қалушы емес, үлгеруші ретінде көргісі келетінін білдіргенін қалайды. Оқушылар өздерін отбасы мүшесі ретінде сезінгісі келеді. Олар мектептің директорынан бастап барлық қатысушылар бірлесе жұмыс істей алатындай қоғамдастыққа ұқсас болғанын қалайды. Оқушылар рұқсат беруді емес, еркіндікті, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойын айту еркіндігін қалайды. Оқушылар жауапкершілік алу мүмкіндігі берілгенін қалайды; олар оқыту туралы шешім қабылдауда белсенді қатысушы болу үшін жеткілікті түрде оларға сенім білдірілгенін қалайды. Оқушылар таңдау жасағанды қалайды. Олар белгілі бір дәрежеде өз оқуын басқаруды қалайды.
Мұғалім терең білімді, жауапкершілікті жете түсінетін, сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы, тиімді қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар сабаққа зейін аударады да, басқа нәрсеге көңіл бөлмейді. оқушының әрбір тәртіпсіздігі мен шәлкем-шалыстығының себебін анықтап көз жеткізіп алып барып, шара мен жазаны соған лайықтап қолдану керек. мұғалім шыншыл, әділетті болуы керек.ұстаз кекшіл болмай, кеңпейілді, кешірімді, мейірімді, сабырлы, ұстамды болғаны жөн.
“Галерея” әдісі ТапсырмаҮлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын қалай көтеруге болады?Жеке жұмыс арқылы таныстырылым жасау.
Қорытынды