Жаратылыстану ?МЖ Адамдар ?арышты ?алай зерттейді


Күні:
Сынып: 1 «Ә»
Мұғалімнің аты-жөні: Сыбайбаева З
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Тақырыбы Адамдар ғарышты қалай зерттейді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;
1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.
Жетістік критерийлері: Оқушылар:
ерте заманнан бері ғаламды зерттеудің негізгі әдісі бақылау болғанын біледі. Олар астрономияның өте ұзақ қашықтықта орналасқан аспан денелерін зерттейтіндігін түсінеді;
ерте заманда аспан денелерін бақылау арқылы қандай маңызды жаңалықтар ашылғанын түсінеді. Бұл үшін олар аспаннан жай көзбен нені көруге болатынын және осы білімдерінің көмегімен қан­ дай жаңалық ашуға болатынын анықтайды.
Тілдік мақсаттарОқушылар: Жер ғаламшарының ерекшеліктері, орналасуы және пішіні туралы айтып беруі. Күнтізбе, рет, жаналық
.
Құндылықтарды дарыту Еңбек және шығармашылық
Пәнаралық байланыстарДүниетану,өзін- өзі тану пәнімен байланысты
Алдыңғы меңгерілген білім
астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
РесурстарСабақтың басы
(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі «Күн шуағы» шаттық шеңбері
Терең ғылым сананың,
Тегі дөп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз,
Ғылымға кіріспе сабағын
«Ғарыш» Сөзжұмбағын шешу .
Сөзжұмбақты шешу барысында оқушылар Үйге берген тапсырманы пысықтайды
Глобус, жапсырғыштар.
Сабақтың ортасы
(МК) Аспан денелері жайлы видео көрсету
Видеоматериалды тамашалап, мазмұнын талқылау . Оқушыларға өздерін ерте замандағы адамдардың орнында елестетуін тап­ сырыңыз­. Сабақты былай бастаңыз: “Өздеріңді кең далада, түн мезгілінде жүрміз деп елестетіңдер. Айналада қазіргі замандағы биік үйлер жоқ. Барлық жерде ұшы-қиыры жоқ кеңістік. Алыста жануарлар жайылып жүр. Аспанға қараңдар. Сендер не көре аласыңдар?”
(Ұ,Қ) Дәптермен жұмыс
Алғашқы жаңалықтарды ашылуретімен белгіле және боя
Жасырған сөздерді тап
Қалыптастырушы бағалау - оқушыларды Жердің Күннен алыстығы және жердің орналасуы негізіне байланысты жағдайын талқылауды бағалаймын.
(Т) Топтық жұмыс
Тапсырма:Ежелгі , Орта , Қазіргі замандағы амадрадың ғарыш әлеміне қосқан үлесі
(Қ) Оқушылар астрономиялық жаңалықтардың адамдардың­ өмірін жақсарту үшін жасалғанын түс нетін бағамдаймын
Сергіту сәті
(Ө) «Ғарыш әлемі» сабақты қорытындылау
Самұрық құс самғады,Көктен өтіп.Айға жетіп,Жеңілдеді салмағы.                           (Ғарыш кемесі)
Глобус пен стикерлер, қарындаштар
Жұмыс дәптерлері
Сабақтың соңы «Баспалдақ» арқылы өз-өзін бағалау
-Балалар, стикерді алып, аттарыңды жазыңдар да өздеріңнің баспалдақтағы орындарыңды көрсетіңдер.
Қоштасу.Қол ұстасып тұрайық.Шеңберді біз құрайықКөріскенше күн жақсыСау саламат болайық! Қосымша ақпарат
Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз?
Аспанға қарап отырып, жұлдыздардың атауларын атап көрсетеді
Жергеқатысты сұрақтарға жауап іздеу.
Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай
жоспарлайсыз?
Суретпен жұмыс істеу барысында
Пәнара
лық байланысДенсау
лық пен қауіпсіздік Сергіту сәті сақтау шаралары
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?