Кіріктірілген ашы? саба?. Жаратылыстану ?зін-?зі тану. Та?ырыбы: Адамдар ?арышты ?алай зерттейді


Сабақ тақырыбы: Адамдар ғарышты қалай зерттеді? Мектеп: №6 ОМ-Л.
Күні : 30.01.2017. Мұғалімнің есімі: Жанабаева Н.К.
Байгарина А.Б.
СЫНЫП: 1 «Ә» сыныбы Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттай біледі;
Оқушылардың басым бөлігі: ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды суреттей алады;
Кейбір оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізеді.
Ресурстар: Күнтізбелердің әртүрлі нұсқалары: қабырғаға ілетін, үстелге қоятын, аудармалы және т.б. алғашқы күнтізбелердің суреттері.
Интернет-ресурстар:
Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны туралы бейнефильм;
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар:
Ерте заманнан бері ғаламды зерттеудің негізгі әдісі бақылау болғанын біледі. Олар астрономияның өте ұзақ қашықтықта орналасқан аспан денелерін зерттейтіндігін түсінеді;
ерте заманда аспан денелерін бақылау арқылы қандай маңызды жаңалықтар ашылғанын түсінеді. Бұл үшін олар аспаннан жай көзбен нені көруге болатынын және осы білімдерінің көмегімен қандай жаңалық ашуға болатынын анықтайды.
Сабақтың мақсаты: 1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;
1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.
Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер
Адамдар әрдайым жұлдызды аспанның құпия­ сын ұғуға тырысқан. Олар бақылау барысында жұл-дыздардың өзара орналасу қалпын өзгертпейтінін және шоқжұлдыз құрайтынын байқаған. Шоқжұлдыздардың көмегімен адамдар кеңістікте бағдарлауды үйренген. Бірақ аспан жұлдыздардың суреті салынған шар сияқты Жерді айналып жүреді деп есептеген. Айды бақылағанда, ол туу әрі толу нүктелерін және өзінің пішінін өзгертіп отыра­ тындығын анықтаған. Ай күнтізбелері мен гномон аспанды игерудің алғашқы жаңалықтары болып табылады. Гномон — Күннің биіктігін көлеңке арқылы анықтайтын,күнсағаттың негізі болып табылатын құрал. Кейіннен Күн күнтізбелері құрастырылған. Оларда күн мен түннің теңелуі және Күннің тоқырау аралығы жыл болып есептелген. Әрине, қайсысы бірінші, қайсысы екінші болғанын нақты ешкім айта алмайды. Бірақ Ай күнтізбесі — Ай фазаларының ауысуын бақылағаннан кейін, Күн күнтізбесі гномонның ашылуынан кейін пайда болды деген болжамның ықтималдығы жоғары.
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға өздерін ерте замандағы адамдардың орнында елестетуін тапсырамыз: «Өздеріңді кең далада, түн мезгілінде жүрміз деп елестетіңдер. Айналада қазіргі замандағы биік үйлер жоқ. Барлық жерде ұшы-қиыры жоқ кеңістік. Алыста жануарлар жайылып жүр. Аспанға қараңдар...»
** Сендер не көре аласыңдар?
** Оқушылардың жауаптарын тыңдап, талқылау.
Топ аттары: Ай, Жұлдыз, Жер, Күн.
Алғашқы жаңалықтар. Алғаш қандай астрономиялық жаңалықтар ашылғанын ойланып көрейік. Ол үшін аспанға тағы бір рет “көз тігу керек”. Ең бірінші нені көруге болады? Барлық мүмкін болатын жауаптарды тыңдау...
Жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильмнің бас жағын дауыссыз көрсету.
**«Не көрінеді?»
Оқушылар «адамдар ең алдымен жұлдыздарды көріп, олардан шоқжұлдыздарды құрастырды»- деген қорытынды жасаулары керек.
Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильм көрсету.
** «Ол не үшін қажет еді?»
Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып, ерте замандағы адамдардың аспанның және аспан шырақтарының­ Жерді айналып қозғалатынын қалай көз алдарына елестеткендігі туралы айтып беремін.
Кейінгі жаңалықтар. Оқушыларға әлі де ерте замандағы адамдардың рөлінде бола тұруды тапсырыңыз. Оларға тіршілік ету үшін не қажет болғанын ойланып көрсін. Ерте замандағы адамдар­ дың, негізінен, диқаншылықпен және мал шаруашылығымен айналысқанын естеріне салу.
Кері байланыс:
**Ол үшін нелер қажет болды?. Оқушылар жылдың жазғы мезгілінде жаңбыр жауғанда нені білу қажет болғанын айтып бере алады. Аспан денелерін бақылау жаңбыр жауатынын анықтауға көмектесе алатынын.
Күнтізбе бойынша бейнефильм.
**Ерте замандағы адамдарға күнтізбе не үшін қажет болды?
Күнсағат бойынша бейнефильм
** Ай аттары,апта күндерін атап беру.
Нәтижесінде оқушылар “адамзаттың кейінгі ашқан жаңалығы күнсағат пен Ай күнтізбесі болды” деген қорытынды жасайды.
Күнтізбе. Әртүрлі күнтізбелер нұсқасын көрсету.Оқушыларға қазіргі күнтізбелердің көбінде мейрам күндері, Күннің тұтылуы, шығуы мен батуы жазылып тұрғанын көрсетіңіз.
Кері байланыс:
** «Ерте замандағы адамдарға күнтізбе не үшін қажет болды?» (Тіршіліктеріндегі маңызды оқиғалар: егін егу, өнімін жинау, жыл сайын болатын өзендердің арнасынан шығу уақытына дайын болу )
**Ерте кездегі күнтізбелер қазіргілерге ұқсас болуы мүмкін бе?
Ерте кездегі күнтізбелер суретін көрсету, оларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаймыз. (Алғашқы күнтізбелердің ортасында Күн және Ай бейнеленген, ал айлар айнала орналасқан. Барлық күнтізбелерде күндер мен айлар белгіленген. Әр айдың белгісі мен атауы болған.)
Пәнаралық байланыс
Қосымша тапсырмалар
Өзін-өзі тану.
Дүниетану. Оқиғалар мен нысандарды хроно­ логиялық тұрғыдан жүйелеу.
Ғарышты зерттеу... Ғарышқа саяхат жасау үшін не қажет?
Зымыран жасап көрейік...
**Кері байланыс:
** Біз әдетте қандай да бір белгісіз, бұрын көрмеген затты қалай зерттейміз? (Ұстап көреміз, мұқият қараймыз, дәмін көреміз, иіскейміз, тыңдаймыз т.б.)
— Адам аспан денелерін қалай зерттейді? (Оларды бақылайды.)
— Неге? (Олар өте алыс; жақыннан олар үлкен; олардың барлығына жақындауға болмайды, мысалы, Күн — қатты қызып тұрған шар.)
Шығармашылық іс-әрекет:
1-топ Ғарыш туралы білімдерін жинақтау (постер)
Жинақтап әкелген фотосуреттерді постерге желімдейді, білетіндерін ортаға шығып айтады.
2-топ Күн жүйесі (үнсіз көрініс) ортада топ мүшелері көрсетеді
3-топ Жыл мезгілдерінің ауысуы (үнсіз көрініс)
Оқушылар жаз, күз,қыс, көктем болып Күнді айналып көрсетеді.
4-топ Ертедегі жұлдызшылар жұлдызнамасы (көрініс)
Тауық жылы туралы жұлдызшылар жұлдызнама айтады
(басқалардан баяу жұмыс жасайтын оқушылар үшін астрономиялық жаңалықтар жазылған парақтарды алдын ала дайындап қоямыз), бояулар, түрлі түсті қарындаштар қажет болады.
Дәптермен жұмыс:
Оқушылар ерте кезде ашылған астрономиялық ­ жаңалықтар туралы білгендерін сараптайды. Әр жаңалықтың суретін бояйды. Одан кейін оқушылар жаңалықтарды хронологиялық ретпен орналастырады. Нөмірлейді.
Оқушылар астрономиялық жаңалықтардың адамдардың өмірін жақсарту үшін жасалғанын түсінетін болады. Сонымен қатар оқушылар осы тапсырманы орындау барысында өздерінің бақылағандарының­ нәтижесін ұсына алу дағдыларын жетілдіреді.
Бағалау
Астрономияда мәлімет алудың ең негізгі әдісі — бақылау екенін біледі, оның көмегімен қандай жаңалықтар ашылғанын түсінеді.
Алғашқы жаңалықтар. Оқушылар алғашқы астрономиялық жаңалықтар бейнеленген суреттерді таңбалап, белгілі ретпен нөмірлей алады. Жұмыс кезінде не себепті осындай рет сақталғанын нақтылап, олардың дәлелдерін тыңдаймыз.
Ықтимал жауаптар
Суреттерді орналастыру тәртібі бойынша: 4. Шоқжұлдыздар.
2. Күн мен түннің ауысуы.
1. Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолы.
5. Күнсағаттар.
3. Күн күнтізбесі.
Нақты хронологиялық реттілікті анықтау қиын болғандықтан, келесі нұсқаларды қабылдауға болады: 2—4—1—5—3; 4—2—1—5—3. **Маңыздысы, Күн күнтізбесінің соңғы болуы. Гномон (күнсағат) тек Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолынан кейін болуы, ал Күн күнтізбесі бірінші болуы мүмкін емес.
Кері байланыс: Сабақ ұнады... Таң қалдым... Білмеймін...
(үш түрлі стикерді сурет тұсына жапсырады)
Қорытынды бағамдау
--Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
--Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
Көкшетау қаласы білім бөлімі
№6 орта мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық практикалық семинары «Бастауыш сыныптарда ақпараттық технологияларды қолдану –
бұл білім сапасын көтеру шартының бірі»

Кіріктірілген сабақ
Жаратылыстану, Өзін-өзі тану. 1-сынып
«Адамдар ғарышты қалай зерттеді?»

Өткізгендер: Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жанабаева Н.К. ІІ-деңгейлі мұғалім.
Өзін-өзі тану мұғалімі Байгарина А.Б. ІІІ-деңгейлі.
30.01.2017 ж.