Фариза О??арсынова ?ке туралы ой,Ана махаббаты ?ле?дері


Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған) “Әке туралы ой”, ”Ана махаббаты” өлеңдері Мотивация кезеңі Фариза туралы не білеміз? Фариза Қазақстанның Халық жазушысы,лирик ақын Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда бұрынғы Гурьев облысы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген(қазіргі Атырау облысы,Исатай ауданы,Манаш ауылы). Әкесі Оңғарсын арабша сауатты,көпшіл,ел үшін жаратылғандай қолы ашық,барын жетім-жесірге,жоқ-жұқаға бөліп беріп отыратын кісі болса,анасы Халима көп сөйлемейтін,сөйлесе мақалдап сөйлейтін,ақылды,әдемі адам болған. Ауыл мектебінен білім алды. Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының “Тіл және әдебиет” факультетін бітіріп,Балықшы ауданы Еркінқала ауылындағы қазақ орта мектебінде мұғалім,директор болды. Алғашқы өлеңдері 1958 жылдан бастап шықты. 1966-1968 жылдары Гурьев облыстық “Коммунистік еңбек”газетінде әдеби қызметкер болып істеді. 1968 жылы “Сандуғаш” атты тұңғыш өлеңдер жинағы шықты.”Маңғыстау маржандары”,”Мазасыз шақ”,”Асау толқын”,”Көгершіндерім”,”Мен сенің жүрегіңдемін”,”Дауа” т.б. жинақтары жарық көрді. Очерктері,таңдамалы шығармалары,”Біздің Кәмшат” повесі және аудармалары жарық көріп отырды. Фариза Оңғарсынова 1984 жылы “Үйім-менің Отаным”,”Маңғыстау монологтары”,”Революция және мен” өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен,”Құрмет белгісі”,”Парасат” ордендерімен марапатталды.Республикамыздың мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер,қайраткер,Бірінші дәрежелі “Достық” орденінің иегері. Лирик ақын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымында (1999-2004) депутат болды. 2010 жылы қаңтарда Алматы қаласының Абай атындағы опера мен балет театрында ақынның 70 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Ақын Фариза:Адам болса сезім мен сенім іздер,Келіңіздер,бері қарай еніңіздер,Менің байтақ әлемім-планетамдыКөріңіздер аралап,келіңіздер!-деп біздерді өз әлеміне-жыр әлеміне шақырады. Даналық ой “Шын мәнінде,Фариза Оңғарсынованың “поэзия планетасы”-оны көзі де,көңілі де ұдайы сағына,сарғая іздеп тұратын халқының рухани галактикасындағы көмескі,күңгірт тартпас шамшырақтардың бірі”. Амантай Шәріп “Әке туралы ой”,”Ана махаббаты” өлеңдерін мәнерлеп оқу Топтық жұмыс Әке Ана Әке Асқар тау Абзал жан Отбасы тірегі Әкесін күткен сәби Ал қызыл алаудағы әке қаны От кешкен сұрапыл күндер Менің әкем Әбіш ғұмыр бойы жұмыс істеп өткен адам. Ол кісінің бос отырған кезін көрген емеспін. Не малды қарайды, не егін егеді, не отын жарады, не томар қопарады, әйтеуір, бір шаруаны қолға алып жатқаны. Шаршауды білмейтін адам сияқты еді. Ауыр жұмыстардан да қайтпайтын. Үшқоңырдың биігінде салынған жолда да әкемнің қолының таңбасы қалған. Әкем мен шешемнің тағдыр тоғыстыруына да еңбек себепкер болған. Анам сонау Шу жақтан келіп, салынып жатқан жолға жұмысқа тұрған екен. Анам да жұмыс десе жанып түсетін. Үйдің жұмысын тындырып тастап, көрші-қолаңның шаруасына қарасып жүретініне қайран қалатынмын. Біздің үйдің адамдары ғана емес, бүкіл ауыл негізінен еңбеккер еді. Сол тәрбиені көріп өстік. Қаршыға Ахмедияров "Қайран әке" күйі – әке бейнесін тұлғалау. Үш жасында анасынан айырылған ұлдың әкесінің аң аулап, балаларына киім-кешек, тамақ тауып, рухани да тоқтықта өсіргені әр кез көз алдында, есінде. Атағы шығып, ауызға ілініп, ел елеулісі болып жүргені - әкенің тәлімді тәрбиесінің арқасы. Сұм ажал жеңіп, әкесі өмірден өткенде Мәскеу қаласында оқуда болатын. Күйдің орта тұсында өзегіңді суыра күңіренген құлаққа келетін жоқтау сарыны сол сәттегі әкеден айырылған ұлдың қоштасу, жоқтау күйі. (Әбіш Кекілбаев «Әке») Әкем жоқ ақыл айтар, жөн көрсетер, Амалсыз көрші шалға жүгіремін.Амалсыз әркімге бір жүгіремін, Амалсыз әркімге бір жүгінемін. Қайтейін қайран әкем қасымда жоқ, Амалсыз өткен күнге үңілемін.Үңілсем қайран жүрек сызды өбеді, Жанымның жарқ етпейді іздегені. Сонымен құладың ба, тас қамалым? Қалмады күйініштен басқа амалым.Зиратың аяқ асты болмасын деп,Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.Шынымен құладың ба, шым қорғаным, Шынымен өртендің бе, нулы орманым? Әке, сенің өмірінді жалғамасам,Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным. Мұқағали Мақатаев “ӘКЕМЕ” Поэзияминуты АнаАялы алақанАдалдыққа тәрбиелегенЖығылғанда демеуТағдырдың ауыр жүгін арқалағанКүн шуағын шуақ қылыпҚияға қанаттандыру Поэзиялық шығарманы талдау1.Саяси-әлеуметтік лирика Ата-анаға деген махаббат2.Идеясы:ата-ананы құрметтеу3.Өлең жанры:элегия-мұңды өлең.Адам көңілінің жабырқау күйін танытатын мұңлы,сырлы лирикалық өлең.4.Шумақ 5.Тармақ 6.Бунақ7.Буын саны 8.Өлең ұйқасы Әдебиет теориясы Элегия туралы түсінік Элегия деп өзінің өмірімен байланысты,басында болған күйініш-сүйініштерді(сүйіспендік,табиғат күйін,т.б.)суреттеген шығармаларды айтады.Элегияда көңілдің қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды.Сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік те бар.Қазақ әдебиетінде Шәңгерей ақынның көп өлеңдері элегияға жатады.Элегияны танытатын ерекше белгі-ондағы мұңды эмоция болып табылады. Өлең шумақтарының мағынасын ашу Шумақ Шумақта берілген ой Менің түсінуім Тапсырмалар:-Ана,әке тақырыбына арналған қандай шығармаларды білесіңдер?-Ата-ана туралы қандай мақал-мәтелдерді айта аласыңдар?-Мұқағали Мақатаевтың “Фариза,Фаризажан,Фариза қыз!” деген өлеңі туралы не білесіңдер? Қорыту “Әке туралы ой” өлеңі-Өлең атауына назар аударыңдар,ақын әке туралы қандай ой толғайды?-Адам үшін әке орнының маңыздылығын өлең жолдары арқылы көрсетіңдер. “Ана махаббаты” өлеңі Адам үшін ананың күші,орны қандай?Өлеңде қандай жолдар арқылы берілген?Аналарыңа,әкелеріңе,жандарыңдағы жақын адамдарыңа қандай жолдар арнар едіңдер? Рефлексия Қандай жаңа білім алдың? Алған біліміңді қолдана аласың ба? Саған қиындық тудырған түсініктер Сөзмаржан “Фариза-поэзияға тән көркемдік нәзік өрнектерін жете меңгерген,ішкі сыры мен иірімдері мол ақын.Оның өлеңдері өмір сүрген ортасынан,айналасындағы тіршілік құбылыстарынан,адамдарымен қарым-қатынасынан туған әсерлер негізінде құралады”. Серік Қирабаев БағалауҮйге тапсырма:Фариза Оңғарсынованың өмірі мен өлеңдері“Әке- ер, ана- жігер, бір үйде екі кемеңгер” тақырыбында ойтолғау жазу.