?арттарын ?адірлеген ел арда?ты” атты кешті? презентациясы


“Қарттарын қадірлеген ел ардақты” атты кешімізге қош келдіңіз! Prezentacii.com Мақсаты Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,Ақыл кенін арқалаған аталар.Алдарыңда жауқазындай құлпырған,Біз алаңсыз балғын шақты балаларАрмысыз, ауылымның асылдарыЖайнасын көңілдердің жасыл бағыСіздер үшін ән мен күй, өлең мен биСіздер үшін мереке шашулары Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,Зейнет емес бейнеттен арылмаған.Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,Қариялар өзіңді ел сыйлаған. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер. Құттықтаулар Тәрбие – атаның дана ойынан бастау алады Тәрбие – әженің бесік жырынан бастау алады Тәрбие – туған жер топырағынан бастау алады Тәрбие – ананың ақ сүтінен бастау алады “Үш би тағылымы” Әйтеке би Төле би Қазыбек би “Қарттар үйіндегі көрініс” оқшау ой Бақытты отбасы- келешек кепілі,Тәрбие — бұл жұмбақ шешімі.Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету-Әрқашан үлкендердің міндеті. Ұл- қызымыз көбейсін отбасында,Тірек болар бір- біріне қайда да.Үлкендері кішілерге қамқоршы,Ал кішісі үлкендерге көмекші.Көше кезіп, бостан- босқа сенделтпе,Араластыр ерте бастан еңбекке.Өз ұрпағың болсын десең бақытты,Жол көрсетіп, бірге өткіз уақытты. Біздің ата ақылгөй де асқар жанБарлық ұрпақ әкелерден басталғанАл, аталар өздеріңе арналмақБұл айтатын асқақ ән. АРНАУ АРНАУ- Әрдайым ширақ, кітапты серік еткен, әні мен сәні жарасқан, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған, өмір жолы ұрпағына қайталанбас үлгі . Қай отбасы?- Еңбектен бақытын тапқан, төрт құбыласы түгел, жомарт та, жаны жайсаң, қандай да сый-құрметке лайық отбасы кімдер?-Өмір жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, мұзтауларды жарып өткен мұзжарғыш кемедей, дара жолы бар, ауылымыздың демографиялық жағдайын жақсартқан жақсы апа?-Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағын,Жас балаға төгіп білім шуағын,Есеп танытып, жол сілтеген өмірге,Барша жұртқа құрметті ол мұғалім және өмірлік серігі- Үйретіп, өз өмір жолын үлгі етіп, өнеге көрсетіп, жүздерінен шуақ төгілген, ізгілікті өн бойларына жинаған отбасы?-Ибалы да инабатты, кешірімді де кішіпейіл, мейірімді де шуақты, ілтипатты ұл-қыз, немере тәрбиелеп, қоғамға өз үлесін қосқан нар апа, қадірлі апа?- Трактордың құлағында ойнайтын, механиканы шемішкеше шағатын атамыз бар, апамыз әрдайым дастарханы жиналмайтын қонақжай отбасы ?- Сыңғырлаған дауысы ерекше, немереге қамқорлығы ерекше, "Жан жүрегім, жарығым!" деп тебіренген, ұрпағын ата жолына баулыған ізгі отбасы кімдер? Абырой амандығың арта берсін,Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.Тыныштық елімізге бере берсін.Молшылық жерімізге ене берсін.Соғыстан ел жұртымыз аман болыпҚызығын бейбіт өмір көре берсінҚарттарым сіздерге Алла саулық берсінДенсаулық ауыз-бірлік бола берсінТап-таза абыройлы болғаныңдыҚазіргі ел билеген жастар көрсін