Тіл дамыту. Та?ырыбы: «К?з» Т?рбиеші: Акимжанова Б.Е.
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
«Айгөлек» естияр тобы
Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Күз»
Тәрбиеші: Акимжанова Б.Е.
Самар ауылы / 2014 – 2015 жыл/
«Айгөлек» естияр тобындағы оқұ-іс әрекетіне ұйымдастырылған технологиялық карта.(естияр тобы)
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері:Тіл дамыту.
Тақырыбы:КүзМақсаты:Күз мезгілі туралы түсініктерін бекіту. Балалардың ой-өрісін,тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорларын молайту. Сурет бойынша қысқа әңгіме құрастыруға, толықтай сұраққа жауап беруге үйрету. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Аймақтық компонент: Ағаштар
Қостілдік компонент: күз-осень, ағаштар- деревья, жапырақтар-листья, алма-яблоко, жүзім-виноград, сәбіз- морковь,картоп- картошка.
Қажетті құралдар:сурет, көкөністер мен жемістер,сиқырлы дорба.
Іс-әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық кезен Балалар шаттық шенберге тұрады
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Жүрекке жылу салайық.
Жиылған жылы шуақты
Бір-бірімізге сыйлайық.
Тәрбиеші:Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күзде ауа райы қандай болады?
-Жел соға ма?
-Қалай соғады?
Тәрбиеші балалармен бірге «у»дыбысынадыбыстық жаттығу жасайды.
Күз туралы жұмбақ жасырады:
Бұлттар төніп,
Ызғар сеүіп,
Дымқыл туман басады,
Өні тайып,
Дала сырғұлт тартады.
Топқа күз келеді. Балалармен амандасады. Тәрбиеші күз туралы сурет көрсетеді.
-Күз ханымы біздің балалар сіз туралы әңгіме құрастырып айталады. Тәббиеші сұрақтар қояды.
-1. Мына суретте жылдың қай мезгілі?
-2. Күз екенің қайдан білдіңдер?
-3. Күзде қандай өзгерістер болады?
-4. Балалар күзде қандай киім киеді?
5. Аспанымыз қандай?
Аймақтық компонент: Біздің балабақшамызда осындай ағаштар бар ма?
2-3 бала әңгіме құрастырады.
-Көрдіңдер ме балалар, қандай әңгіме құрастырып бердіңдер.
-Ал суретке қандай ат беруге болады?
Тәрбиеші және Күз балаларды мақтап, мадақтайды.
-Енді біздің құрастырып берген әңгімені тыңдандар:
-Күз келді. Күн суытты. Аспанымызда қара бұлт төніп тұр. Жаңбыр жауып тұр. Адамдар жылы киім киіп жүр. Олар жаңбырдан қолшатырмен қорғанды.
Сергіту сәті:
Күз: -Енді сендер менімен би билегілерің келе ме?
Би:Жапырақтар.
Ойын: «Дәмін татып біл»
Мақсаты: Балалар байланған көзбен көкөністер мен жемістердің дәмін ажырытып білу керек.Ойын барысында билингвальдік компонент қолданылады:сәбіз-морковь,картоп-картошка, жүзім-виноград т.б.
Күз: Мен сендерге құр қол келген жоқпын, сендерге тәтті әкелген сыйлықтарым бар.
Күз қоштасып кетеді.
Қимылмен шаттық шеңберді орындайды.
-Күз
-Суық
-Иә
-Қатты
Жаттығу жасайды.
Шешүін табады.
Балалар амандасады.
Сурақтарға жауап береді.
-Осындай әдемі ағаштар бар.
-Алтын күз.
-Күз келді
Балалар әңгімені тындады.
Би билейді
Ойынды қызыға ойнайды.
Балалар қуанады.
Қорытынды:
-Бүгін біз сабақта не істедік?
-Кі бізге қонаққа келді?
-Қай жыл мезгілі туралы әңгіме құрастырдық?
-Елдария сен бүгін сабаққа қалай қатыстың?
-Жарайсындар, балалар, осымен сабақ аяқталды. --Әңгіме құрастырдық.
-Күз
-Күз мезгілі туралы.
Балалар қуанады.
Күтілетің нәтиже:
Нені біледі:Сурет бойынша әңгіме құрастырды.
Қандай түсініктерін игерді: күз, ағаш, көкөністер мен жемістер
Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөйлем арқылы әңгіме құрастырды.Толық жауап берді.