Айг?лек биі МАД топтарына арнал?ан о?у іс-?рекет


___________2017 жыл№ ___________МАД тобында ұйымдастырылған іс - әрекеттің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Би.
Тақырыбы: « Айгөлек»биі.
Мақсаты: Балаларға « Айгөлек » би элементтін үйрету.
Барысы: І.Ырғақты жүріс. 1-тактика-«Бір» дегенде-оң аяқпен алға шағын бір қадам жасалып, «екі» дегенде – қадамдаған оң аяқ серпіліңкірей,сәл бүгіледі.
2-тактика-«Бір» дегенде-сол аяқпен алға қадам жасалады: осы кезде бүгілген оң аяқтың тізесі серпіле жазылады. «Екі» дегенде-қадам жасалған сол аяқтың қадам жасалып, бүгілген сол аяқтың тізесі серпелі жазылады. Сөйтіп, ырғақты жүріс екі аяқпен кезекорындалады; тізені серпіңкірей бүгіп-жазу арқылы, бос ұстаған денені аздап селкілдетіңкіреп, ырғақты жүріс қимылын алға, артқа,екі жаққа, айналып жүріп те орындауға болады.
ІІ.Сырғанай, секірмелі жүріс.
1-тактика- «Бір» дегенде-тізені аздап бүгіп, алға оң аяқпен қадам жасалады. «Екі» дегенде-қадам жасалған аяқпен сәл алға қарай сырғанай (екпінді) секіреді.
2-тактика-Қимыл сол аяқпен орындалады.Секірмелі жүріс бір орында тұрыпта,екпіндей алға жүріп те,бір орында оңға немесе солға айналып та орындалады.
ІІІ.Әр тактіге бір рет қол шапалақтау.
V.Қолдың білегін айналдыру. Алғашқы қалпы: екі қолды екі жаққа жая, иықтың тұсына көтере ұстау.
1.такт. «Бір» дегенде-оң қолдың алақанын жоғары қаратып,басынан асыра иығының үстіне көтереді, «және» дегенде-қолдың білегін өзіне қарай бүгіп,шынашақ саусағына қарай айналдырып, «екі» дегенде-алақанды жоғары қаратып,қолдың білегін айналдырумен бітіреді.
2.такт. «Қолдың білегін айналдыру» сол қолмен орындалады. Оң қол иықтың тұсына түсіріледі.Биге 8,10,12 ұл, қыздар жұбы қатысады.
Күтілетін нәтиеже: МАД топ балаларының Айгөлек биін меңгере білуі.
Білуі керек: МАД топ балдары Айгөлек биін меңгере білді.
Қорытынды: МАД топ балдарының биге деген қызығушылығы жақсы. Сабақа жақсы қатысқан балдарды мақтау-мадақтау.