Ойнайы?, та ойлайы?. 6 сынып сайыс
«Ойнайық, та ойлайық» атты сайыстың іс-шара бағдармасы
Мақсаты:
1. Оқушылардың алған білім деңгейін анықтау.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым-қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту.
3. Ойды жинақтап айту мен уақытты үнемдеуге үйрету.
Көрнекіліктер: компьютер, презентация, плакат.
2-жүргізуші.
«Математика-информатика» апталығына орай ұйымдастырылып отырған «Ойнайық, та ойлайық» атты сайысымызға хош келдіңіздер!
Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика – өмір тірегі,
Математика – шәкіріт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз,
Сенсіз тарихты жаза алмаймы
МАТЕМАТИКА
Жүргізуші.
Біздің бүгінгі сайысымыз 6 «ә» сынып оқушыларының арасында өтеді.
Олай болса, топтарымызды әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Жүргізуші.
Дайын болсақ бүгінгі сайысымызды бастайық. Бүгінгі ойынымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
І. Таныстыру. (эблема, ұран)
ІІ. Бәйге
ІІІ. Полиглот
IV. Көкпар
V. Оратор
VI. Қорытынды.
Жүргізуші.
Бірінші кезең таныстыру.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық – деп сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.
Бұл кезеңде әрбір топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтуы керек. Эмблемаларын түсіндіре кетуі қажет. Жоғарғы ұпай 5 балл.
Ең бірінші болып сайысымызды І топ «Бүркіт» тобы бастайды.
ІІ топ «Достық» тобын ортаға шақырамыз
Тамаша, бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болдық. Екі топта өздерін жақсы таныстырып, бүгінгі сайысқа сақадай сай екендіктерін көрсетті.
Жүргізуші.
Сайысқа қатысушыларымыздың белсенділігі өте жоғары. Олай болса, бірден келесі кезеңге көшейік.
Бәйге. Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын-дей отырып «БӘЙГЕ» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде әрбір топқа КЕЗЕКПЕН сұрақтар қойылады. Әрбір топ жылдам жауап беруі қажет. Топ жауап бере алмаса немесе қате жауап берсе кезек келесі топқа беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 5 балл беріледі.
Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?Әріпті өрнек
Екі санның бөліндісін не деп атаймыз?Қатынас
Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы?Төртбұрыштың периметрі
24 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24
5 санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен аяқталса
Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады?Теңдеу
Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не дейміз? Масштаб
S= ab қандай фигураның формуласы? Тіктөртбұрыштың ауданы
27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3,9, 27
9 санының бөлгіштік белгісі? Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе
Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп атаймыз?Санды өрнек
Екі қатынастың теңдігі? Пропорция
V=abc қандай фигураның формуласы? Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі
32 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 4, 8, 16, 32
10 санының бөлгіштік белгісі? 0 -ден аяқталса
Центрден бірдей ара қашықтықта жатқан нүктелер жиынтығы (Шеңбер)
Жүргізуші.
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт, деп келесі кезеңімізді бастаймыз. Келесі кезең «Полиглот» деп аталады. Бұл сайыста біз сіздерге кезекпен мақал-мәтелдер айтылады, олардың жалғасын айтып құрамындағы санды үш тілде айту қажет. Әрбір тілде айтылған дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Топтарымыз дайын болса, сайысымызды бастайық.
1. Жеті жұрттың тілін біл,...(7 түрлі білім біл)
2.Білекті 1-ді жығар,...(Білімді 1000-ды жығар)
3. 2 жақсы қас болмақ,...(2 жаман дос болмақ)
4.100 сомың болғанша,...(100 досың болсын)
5.30 тістен шыққан сөз,..(30 елге тарайды)
6. 1 кісі қазған бұлақтан,... (1000 кісі су ішеді)
7. 1 жылы сөз,... (көп күнге азық)
8. 1 күндік жолға шықсаң,...(3 күндік азық ал)
9. Алтау ала болса Ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса Төбедегі келеді. 10. Білікті бірді жығар (білімді мыңды жығар) 11. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
12. Бір кісі қазған құдықтан (1000 кісі су ішеді)
Жүргізуші.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз – дей
отырып ал жас қырандар “ Бәйге “ кезеңін бастаймыз .
Бұл кезенде өздерініз көріп отырғандарыныздай, әрбір ұяшықтарға 5,10,15 ұпайлары берілген. Таңдауларыныз бойынша ашылған ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап берілсе, сол ұпай саны сіздердің қоржындарыңызға түсетін болады. Егер жауаптарыңыз қате болса, қарсылас топтың жауап беруіне болады.
Логика 5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ)
Логика 10. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
Логика 15. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
Қатынас 5. Екі санның қатынасы 3-ке тең. Оның соңғы мүшесі 7-ге тең болса, қатынастың алдыңғы мүшесі неге тең? (21)
Қатынас 10. Қорапшадағы қызыл қарындаштар санының көк қарындаштар санына қатынасы 5:3 қатынасындай. Қорапшадағы көк қарындаштардың барлық қарындаштар санына қатынасы қандай? (3:8)
Қатынас 15. Қоспадағы алтын мен күмістің массаларының қатынасы 5:3 қатынасындай. 16 г қоспада қанша алтын, қанша күміс бар? (10 г алтын, 6 г күміс)
Пропорция 5. Пропорцияның негізгі қасиеті? (Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортанғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.)
Масштаб 10. Масштаб дегеніміз не?
(Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы масштаб деп атайды.)
Пропорция 15. Пропорцияның белгісіз мүшесін тап: 4x=618 (12)
Жүргізуші. Соңғы кезеңімізге де келіп жеттік. Оратор кезеңі. Бұл кезеңде топтарға ортақ тақырып беріледі. Сол тақырыпта өз ойларын ашып көрстеулері қажет. Дайындалуға 1-3 минут. Лимит-5 минут.
Жүргізуші. Сонымен топтардың қорытынды ұпай сандары дайын болса, сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
Жүргізуші. Жеңімпаз топтарды бүгінгі жеңісімен құттықтай отырып, барлық ат салысып қатысқан оқушыларға алғыс білдіреміз. Сау болыңыздар!