?аза? тілі п?нінен «?аза?станны? айма?тары» 8 сынып
8 сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен «Қазақстанның аймақтары» модуліне қосымша «Қасиетті Түркістан қаласы» тақырыбы бойынша құзіреттілікке бағытталған тапсырма
Тақырып: Қасиетті Түркістан қаласы
Құзіреттілік түрі : ақпараттық;
Аспект:
- алғашқы ақпараттарды өңдеу; - мәтінді түсіну арқылы ақпарат алу;
- алған біліміңді дәйектеме түрінде қолдан,
- бағала, бұл біліміңді қай жерде қолданар едің ?
Ынталандыру: егер сен бұл тапсырманы орындасаң, онда қазақ халқының тарихы мен тарихи тұлғалары туралы білесің.
Тапсырма:
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындандар
Қасиетті Түркістан қаласы
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығы ордасы болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.
Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласының келешегі зор.
І деңгейМәтінді мұқият оқып, мазмұнын қысқаша айтып берЖаңа сөздердің аудармасын табыңыз. Олармен сөз тіркестерін құрыңызҚасиетті, көне, саяси, ордасы балған, кесене, ғибадатхана, сәулет өнеріДұрыс жауабы:
Оқушылар мәтін мазмұнын қысқаша айтып бередіҚасиетті - священный,
Көне - древний, саяси - политический,
ордасы балған – был ордой, т.е. центром, столицей,
кесене - мавзолей,
ғибадатхана - место где читают молитву,т.е. молитвенный дом
сәулет өнері –архитектурное исскуствоҚасиетті мекен.
Көне тарих.
Саяси орталық.
Хан ордасы.
Үлкен кесенеҒибадатхана орныСәулет өнерінің дамуыІІ деңгейМәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз1.Түркістан қандай қала?
2. Түркістан қаласы еліміздің қай жерінде орналасқан?
3. Түркістан қаласын басқаша қалай атайды?
4. Бұл қалаға алғаш темір жол қашан келген?
5. Бұл қалада кімнің кесенесі бар?
6. Кесене неше бөлмеден тұрады?
7. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын не бар?
2. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз 3. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз Аймағында, халықтарының, орталығы, келгендерДұрыс жауабы:
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
Түркістан көне қалалардың біріТүркістан қаласы еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан.
Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
Бұл қалаға алғаш темір жол 1903 жылы келгенБұл қалада Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі бар.
Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады.
Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын ғибадатхана бар
Жоспар:
Оңтүстік аймақтағы қала
Түркістан – туристік қалаҚожа Ахмет Йасауи кесенесіҒибадатханаКелешегі үлкен қала1)АймағындаАймақ – негізгі түбір-ы – тәуелдік жалғауы ІІІ жақ жекеше түрі- нда- жатыс септігіАймағында -кейінді ықпал
2) халықтарыныңХалық – негізгі түбір-тар- көптік жалғау-ы- тәуелдік жалғауы ІІІ жақ, көпше түрі-ның – ілік септігі3) орталығыОрта- негізгі түбірОрталық – туынды түбір -лық- сөз тудырушы жұрнақ4) келгендерКел – негізгі түбірген – есімше жұрнағыдер – көптік жалғау
ІІІ деңгей Төменде берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңызБұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан.
Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.
Түркістан қаласының орнында ІҮ – Ү ғасырларда қандай қала болған?
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
Бұл өлең жолдарын кім жазған?
Дұрыс жауабы:
1) Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан(анықтауыш, бастауыш, пысықтауыш,баяндауыш)
2) Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты (бастауыш, анықтауыш, толықтауыш, баяндауыш)
2. Түркістан қаласының орнында ІҮ – Ү ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған.
3. Бұл өлең жолдарын Мағжан Жұмабаев жазған.
8 сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен «Қазақстанның аймақтары» модуліне қосымша «Ежелгі қалалар» тақырыбы бойынша құзіреттілікке бағытталған тапсырма
Тақырып: Ежелгі қалалар
Құзіреттілік түрі : ақпараттық;
Аспект: - алғашқы ақпараттарды өңдеу;
- мәтінді түсіну арқылы ақпарат алу;
- алған біліміңді дәйектеме түрінде қолдан,
- бағала, бұл біліміңді қай жерде қолданар едің ?
Қызығушылық: егер сен бұл тапсырманы орындасаң, онда қазақ жеріндегі ежелгі қалалардың тарихы туралы білесің.
Тапсырма: Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындандар
Ежелгі қалалар
Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол ҮІ- ҮІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталды. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.
ҮІІ ғасырдан бастап Тараз деген тағы бір әйгілі қала Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған. Бұл қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар: Айша бибі кесенесі мен Бабажы қатын кесенесі. Әйгілі Тараз моншасы – Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі.
Х- ХІІ ғасырлар – қаланың ең гүлденген кезі.
ХҮІІ ғасырдан бастап бірте – бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналды.
І деңгей (11-14 ұпай)
Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын орыс тіліне аударыңыз
Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді теріп жаз, оны аударыңыз. Олармен сөз тіркестерін құрыңыз
Дұрыс жауабы:
Оқушылар мәтін мазмұнын орыс тіліне аударадыЕжелгі - древний, Орта тұсындағы – по середине, саяси - политический, шаруашылық – хозяйство, мәдени орталық – центр культуры, кесене - мавзолей, ғимарат – здание, сәулет өнері –архитектурное исскуствоЕжелгі тарих, - Орта тұсындағы белгі,- Саяси орталық.
Шаруашылық иесі, - Үлкен кесене, - Үлкен ғимарат,- Сәулет өнерінің көрінісіІІ деңгей (15-20 ұпай)
1. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз 2. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз Өзенінің, ескерткіштері, ғасырлардаДұрыс жауабы:
1.Мәтін бойынша 5 сұраққа жауап
- Ежелгі қалаларды ата?
- Қай қала және қай ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсында ірі мемлекеттің астанасы болды?
- Қай қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған?
- Қай кезді біз қаланың гүлденген кезі деп атай аламыз?
- Неліктен бұл жер шағын мекенге айналған.
1) Өзенінің
Өзен – негізгі түбір-і – тәуелдік жалғауы ІІІ жақ жекеше түрі- нің – ілік септігі2) ескерткіштеріЕскерт – негізгі түбір-кіш – сөз тудырушы жұрнақ (етістіктен зат есім)
Ескерткіш – туынды түбір-тер- көптік жалғау-і- тәуелдік жалғауы ІІІ жақ, көпше түрі3) ғасырларда
Ғасыр - негізгі түбірлар – көптік жалғау -да – жатыс септігіІІІ деңгей (21-25 ұпай)
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңізСен тұратын қала көне қалаларға жата ма?
Ол бұрын қалай аталды. Бұл қала облыс орталығы ма?
Қандай аудандары бар?
Бұл жерден шыққан қандай атақты адамдарды білесің?
Оларға арналған ескерткіш, мұражайлар бар ма?
Қалаларыңда қандай өзен, көлдер бар?
Ықтимал жауаптар:
- Мен тұратын қала көне қалаларға жатпайды, менің қаламның 300-ге жуық тарихы бар.
- Ол бұрын Кереку деп аталған. Иә , бұл Павлодар облысының орталығы.
- жалпы 12 ауданы бар. Олар: Ақсу, Аққу, Баянауыл, Ертіс, Қашыр, Успен, Железинка, Шарбақты, Екібастұз, Май, Павлодар және Ақтоғай ауданы.
- Бұл өңірден көптеген атақты адамдар шыққан. Олар: Қ.И.Сәтбаев, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов Майра, Иса, Мәшһүр – Жүсіп Көпеев тағы басқалары.
- Бұл атақты адамдар атымен көшелер, мектептер, ауылды мекендер аталған. Қаламызда ескерткіштер орнатылған. Бұқар Жырау атындағы әдеби мұражайда осы адамдар туралы көп мағлұматтар алуға болады.
- Біздің қаламыздың жанында Ертіс өзені ағып жатыр.
Бағалау критерийлері:
21-25---ұпай бағасы–«5»
15-20– ұпай бағасы-«4»
11-14 - ұпай бағасы-«3»