?ндірістік т?жірибе – к?сіптік білім беруді? ма?ызды б?лігі
Өндірістік тәжірибе – кәсіптік білім берудің маңызды бөлігіШелек политехникалық колледжі үшін жұмыс сапасының басты өлшемі - бітірген түлектердің кәсіби дағдысының болуы мен жұмысқа орналасуы. Бәсекеге қабілетті маманды дайындау теориялық білімді өндірістік оқытудағы іс-тәжірибемен ұштастырғанда ғана мүмкін болмақ. Орта кәсіби оқу орнын бітірген теориялық білімді мамандардың басты артықшылығы да практикалық іс-әрекетке бейімділігі мен өндіріспен жақын таныстығы. Бұл – оқу жоспарында берілген практикалық сағат мөлшерінің жеткіліктілігінің нәтижесі.
Заман талабына сай маман дайындауда оқу орны мен жұмыс берушілердің өзара тығыз байланысы өте маңызды. Өз кезегінде жұмыс берушілер де оқу орындарында дайындалатын кадрларға мүдделі. Мамандар дайындауда осы заман сұранысы ескеріліп, жұмыс беруші мекемелермен екі жақты келісім шарттар жасалды. «Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты» ММ Еңбекшіқазақ филиалы, «Алматы облысы балалар мен жасөспірімдер туризмі және экскурсия орталығы» МКҚК, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ, Есік қалалық әкімшілігі, Еңбекшіқазақ аудандық соты, «ЕЕS Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің «Есік», ЖК «Шингожинов Ч.Б.» Алматы қонақ үйі, «Алматы облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы»РМҚК Еңбекшіқазақ аудандық филиалы, «ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы облысы бойынша салық департаментінің Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық басқармасы» ММ т.б. мекемелер болашақ маман дайындауда өз үлестерін қосуда.